Дискіні дефрагментациялау
Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар-Стандарттар-Қызмет ету программалары -Дискіні дефрагментациялау (Defrag) қатарларын таңдаймыз.2- суретте көрсетілгендей экранда –Дискіні дефрагментациялау сұхбат терезесі пайда болады.
2-сурет. Дискіні дефрагментациялау терезесі
Терезенің жоғарғы бөлігінен керекті дискіні таңдау және Дефрагментациялау бсатырмасын басу керек. Ал төменгі бөлгінен талдау нәтижелері және дефрагментациялауды көрнекті бейнелеп көрсетіледі. Дискінің дефрагментациялауды
орындамас бұрын, Талдау (Анализ) батырасын басу арқылы осы операцияға қаншалықты уақыт керектігін білуге болады. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді.
Backup программасы
Архивтеу дегеніміз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшірмесін дискіде немесе дискетте (магнитті таспада) сақтау. Мәліметтерді архивтеу үшін «Мәліметтерді архивтеу» программасы қолданылады. Бұл программа ақпараттың резервті көшірмесін құру және бұрын көшіріліп қойылған ақпараттарды қалпына келтіру мақсатында да қолданылады. Программаны іске қосу үшін Бас менюде: Программалар – Стандартты – Қызмет программалары (Служебные программы) – Backup қатарын таңдаймыз. Экранда төмендегі 3-суретте көрсетілген терезе пайда болады.
3-сурет Архивтеу терезесі
Тапсырма
1. Қоржынды тексеріңізде, оны тазалаңыз.
2. Дефрагментациялау Defrag программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңызда, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз.
3. D: қатты дискіні дефрагментациялаңыз. Одан кейін қатты дискінің Қасиеттер командасы арқылы бос орынның бар екендігіне көз жеткізіңіз.
Оқушылардың өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары
1. Архивтеу программасын іске қосыңыз. Графикалық редакторда салынған сурет және WordPad программасында құрылған файлдардың көшірмесін дискетке жазыңыз.
2. Көшірмесін алған файлдардың дискіден өшіріңіз.
3. Өшірілген файлдарды дискеттен қайта қалпына келтіріңіз.
4. Менің құжаттарым бумасындағы бірнеше мәтіндік файлдың көшірмесін Архив-бума көшірмесінен өшірілген
5. С дискісіндегі Архив-бума көшірмесінен өшірілген файлдарды өз орнына қалпына келтіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютерлік вирустар деген не?
2. Компьютерлік вирустарды қандай белгілеріне қарай топтарға жіктеуге болады?
3. Желілік вирустарға түсініктеме беріңіз.
4. Резидентті, резидентті емес вирустардың айырмашылықтары неде?
5. AVP антивирус программасның қандай мүмкіндіктері,ерекшеліктері бар?
6.Дискіні тазалау қалай жүргізіледі?
7.Дефрагментациялау программасы қалай іске қосылады? Бұл программа не үшін қажет?
8.Дефрагментация жасағаннан кейін қандай өзгерістер болады? Ол компьютердің жұмыс істеуіне ықпал ете ме?
9. Архивтеу деген не? Ол не үшін қажет? Windows жүйесінде архивтеу үшін қандай программа қолданылады?
10. Архивтеу программасы қалай іске қосылады?
Зертханалық жұмыс №4.
Тақырып: Программалау алгоритмдік тілі Qbasic. Стандартты функциялар.
Сызықты құрылымды алгоритмді программалау. (2 сағат зертханалық,
1 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: Алгоритм ұғымын түсіне білу, қарапайым және әртүрлі қолданбалы есептерді шығару алгоритмін құра білу іскерлігі мен дағдысын қа- лыптастыру, алгоритмнің жазылу тәсілдерін, қасиеттерін және түрлерін ажырата білуі тиіс. Қарапайым тiл құрылымының ережелерi мен арифметикалық өрнектердің Бейсик тiлiнде жазылуын оқып үйрену.
Алгоритмдiк тiл - алгоритм мен олардың орындалу жолын бiрыңғай және реттеп жазуға арналған белгiлер мен ережелер жүйесi. Бейсик бiр жағынан табиғи ағылшын тiлiне жақын, ол әдеттегi текст тәрiздi оқылады және жазылады. Екiншi жағынан, ол математикалық таңбаларды да қамтиды. Мұнда сандар, айнымалы шамалар, функциялар, оператор сияқты ұғымдар көптеп кездеседi. Бiрақ, Бейсик тiлiнде программа жасау үшiн, алгоритмнің атқарылу жолын, қандай амалдар орындау керектiгiн, берiлген мәлiметтер мен алынатын нәтижелер тiзiмiн айқын түрде жетiк бiлу қажет. Сондықтан үйрену алгоритм құрумен, есептi шығару жолын талдаумен, программаны компьютерге енгiзу, тексеру жолдарымен қатар жүргiзiлуi тиiс.
Алгоритмнің жазылуының жалпы түрі
Алгоритм тақырыбы
// алгоритм операндаларын сипаттау
Басы
// аралық айнымалылырды сипаттау
// алгоритмдегі командалар тізбегі- командалар сериясы
Соңы
Мұндағы басы және соңы қызметші сөздері алгоритмді жазудың басын және соңын көросетеді.
Алгоритмді жазу үшін алдымен оның түрлеріне тоқталайық.
Алгоритмнің сызықтық түрде сипатталуы. Командалары сызықтық түрде бірінен соң бірі бір деңгейде жазылатын алгоритмді сызықтық деп түсінеміз. Алгоримтдік тілдік жалпы жазылу түрі төмендегідей:
алг атауы ( типтері көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)
арг аргументтер тізімі
нәт нәтижелер тізімі
басы типтері көрсетілген аралық шамалардың тізімі
серия
соңы
Алгоритмдік тілде шамалар бүт - бүтін, нақ - нақты, лит - литерлік қызметші сөздерімен белгіленеді.
мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу.
S= (P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2
алг аудан ( нақ а,в,с)
арг а,в,с
нәт S
басы нақ Р
P:=(a+b+c)/2
S:= (P*(p-a)*(p-b)*(p-c))
соңы
Тармақталған алгоритмдерді программалау
Тармақталу командасы жазылған шарттың орындалуына тәуелді оған кіретін командалардың орындалуын анықтайды.
Тармақталу командасының жалпы түрі:
Егер шарт
Онда 1- серия
әйтпесе 2- серия
бітті
Қойылған шартқа тәуелді тармақталу командасына кіретін екі командалар серияысының біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса, онда 1- серия орындалады, ал шарт сақталмаса онда екінші шарт орындалады.
Мысал
Функцияның мәнін есептейтін аогоритм құру.
алг есеп(нақ х,у)
арг х
нәт у
басы
егер Х>=0.7
онда у:=sin(x)+cos(3*x)
әйтпесе Y:=cos(x)+abs(x)+1
бітті
соңы
Достарыңызбен бөлісу: |