|
Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері Зертханалық жұмыс №3 Тақырыбы: Қатқыл дискіні тексеру
|
Дата | 28.12.2019 | өлшемі | 60,5 Kb. | | #25265 | түрі | Программа |
|
Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері
Зертханалық жұмыс №3.1.
Тақырыбы: Қатқыл дискіні тексеру
Дискіні тексеру программасын іске қосыңыз (Пуск→Программы→Стандартные→Служебные→Проверка диска).
Дискілер тізімінен С:дискісін таңдаңыз.
Қосымша (Дополнительно) батырмасын басыңыз және файлдық жүйенің логикалық құрылымын тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискіні баптаудың қосымша параметрлері сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.
Толық (Полное) ауыстырып-қосқышын→ орнатыңыз және Баптау (Настройка) батырмасын басыңыз.
Дискінің магнитті бетін тексеру кезінде программа қолданатын баптау істерімен танысыңыз. Дискінің бетін тексеру режімі (Режим проверки поверхности диска) сұхбат терезесін Болдырмау (Отмена) батырмасын шерту арқылы жабамыз.
Стандартты ауыстырып-қосқышын орнатыңыз. Қателерді автоматты түрде түзету жалаушасын алып тастаңыз.
Жіберу (Запуск) батырмасын басыңыз және тексеру істерін бақылаңыз.
Дискідегі қатені тапқан жағдайда қате туралы хабармен танысыңыз және берілген түзету нұсқаларының ішінен қатені елемей, жұмысты әрі жалғастыратын нұсқаны таңдаңыз.
Тексеру нәтижесі туралы терезені жабыңыз. Дискіні тексеру программасында Жабу (Закрыть) батырмасы арқылы жабыңыз.
Зертханалық жұмыс №3.2.
Тақырыбы: Тышқан қасиеттерін баптау
Қасиеттер: Тышқан(Свойства:Мышь) сұхбат терезесін ашыңыз (Пуск→Настройка→Панель управление→Мышь).
Тексеру аймағы (Область проверки) басқару элементіне екі рет шертіңіз. Екі рет шерткенде элемент орындалады, ал ортасында үзіліс жасап шерткенде элементтің орындалмайтындығына көзіңізді жеткізіңіз.
Екі рет басылудың жылдамдығы жылжымасын ең шеткі оң жаққа орнатыңыз. Осылайша екі рет шертудің арасындағы уақыт интервалы төмендетіліп, екі бірдей шертуді орындау қиынға түсетініне көз жеткізіңіз.
Тәжірибе жасай отырып, өзіңізге ыңғайлы жылжыма жағдайын таңдаңыз.
Қасиет: Тышқан (Свойства:Мышь) сұхбат терезесін жабыңыз.
Зертханалық жұмыс №3.3.
Тақырыбы: Жұмыс үстелінің безендірілуін баптау. Сілтеуішпен жұмыс істеу. Windows 98 жүйесімен және Себетпен жұмыс істеу.
Компьютерді қосыңыз, операциялық жүйенің толық қосылуын күтіңіз. Жұмыс үстелінің бос жеріне тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
Жанама менюден Қасиеттер (Свойства) бөлімін таңдаңыз, сонда Қасиеттер: Экран(Свойства:Экран) сұхбат терезесі ашылады. Фон қыстырмасының ашылғандығына көз жеткізіңіз.
Жұмыс үстелінің суреті тізімінен Өзен (немесе қалауыңызша басқа суретті) суретін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз. Жұмыс үстелінің фоны өзгергендігіне көз жеткізіңіз.
Ашылған Орналастыру (Перемещение) тізімінің көмегімен Фон қыстырмасындағы суреттің фонын өзгерте отырып, 1-3 бөлімдерді қайталаңыз. Экранды безендіруде Созу, Орталыққа, Жанына (Растянуть, По центру, Рядом) әдістері қалай әсер ететінін байқаңыз.
Суреттің фонынан Орнамент объектісін таңдап, орналасу әдісі Созуды (Растянуть) пайдаланып 1-3 бөлімдерді қайталаңыз.
Сілтеуіш(Проводник) программасын іске қосыңыз.
Сілтеуіштен Windows 98 іздестіру жүйесін іске қосыңыз (Сервис→Поиск→Файлы и папки)
Іздестіру жүйесінің көмегімен Жұмыс үстелінің фондық суреттері қайда сақталғанын анықтаңыз. Ол үшін Атау (Наименование) өрісіне Өзен объектісінің атын енгізіңіз. Қайдан іздеу керек (Где искать) өрісіне қатқыл диск С: таңбашасын орнатыңыз да, Енгізілген қаптамаларды қоса алғанда (Включая вложенные папки) жалаушасының орнатылғанына көз жеткізіңіз. Табу (Найти) командасын орындау арқылы іздеу процесін жүргізіңіз.
Өзен объектісі табылған соң, Іздеу нәтижесі панелінде оның орны – С: Windows қаптамасы көрсетіледі.
Іздестіру жүйесінің терезесін жауып, Сілтеуіш(Проводник) терезесіне оралыңыз. Сол жақ панельден С: Windows қаптамасын тауып, ашыңыз. Айналдыру сызғыштарын қолдана отырып, оң жақ панельден Өзен объектісін табыңыз. Жұмыс үстелінің осы және басқа да фондық суреттері мен өрнектері қай пішімде сақталғандығын көріңіз.
Жұмыс үстелінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін Себет (Корзина) таңбашасы көрініп тұратындай етіп жылжытыңыз.
Сілтеуіштің (Проводник) оң жақ панеліндегі Өзен белгісін Себет (Корзина) таңбашасына алып барыңыз. Себетке(Корзина) объектіні апарып тастау қажеттілігі жайлы сұраққа құптайтындай жауап беріңіз.
Орау батырмасын шерту арқылы Сілтеуіш (Проводник) терезесін бүктей тұрыңыз.
Қасиеттер:Экран (Свойства:Экран) сұхбат терезесінің Фон қыстырмасын ашыңыз.
Жұмыс үстелінің фондық суреті (Фоновый рисунок рабочесго стола) тізімінде Өзен сурет жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Себет(Корзина) таңбашасын екі рет шерту арқылы оны ашыңыз.
Бұрын сақталған орнына Өзен объектісін қайта қалпына келтіріңіз (объектіні ерекшелеп алып, Файл→Восстановить командасын орындау керек).
Қасиеттер:Экран (Свойства:Экран) сұхбат терезесінің Фон қыстырмасын ашыңыз. Жұмыс үстелінің фондық сурет тізімінде Өзен суреті бар екеніне көз жеткізіңіз.
Барлық ашылған терезелерді жабыңыз.
Зертханалық жұмыс №3.4.
Тақырыбы: Объектілермен жұмыс істеуді үйрену
Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасын ашыңыз (Пуск→Избранное→Мои документы).
Алынған терезені толық экранға жайыңыз.
Меню жолында Файл→Құру→Қаптаманы →(Файл→Создать→Папку) командасын орындаңыз. Терезенің жұмыс кеңістігінде Жаңа қаптама (Новая папка) деген жазумен қаптама таңбашасы шыққанына көз жеткізіңіз.
Ағымдағы қаптама терезесінің жұмыс кеңістігіндегі таңбашалардан бос орынға тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Құру→Қаптаманы (Создать→Папку) командасын таңдаңыз. Терезе кеңістігінде Жаңа қаптама (2) Новая папка(2)) деген жазумен қаптама таңбашасы шыққанына көз жеткізіңіз.
Жаңа қаптама (Новая папка) деген таңбашаға тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Қайта атау (Переименовать) командасын таңдаңыз. Қаптамағы \Тәжірибе деп ат беріңіз. Операциялық жүйе бір қаптамады аттас екі объектіні қабылдамайтынына көз жеткізіңіз. Екінші қаптамаға \Менің тәжірибем деп ат беріңіз.
Жаю батырмасын шерту арқылы Менің құжаттарым қаптамасының терезесін қалыпты мөлшерге қойыңыз.
Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашыңыз. Оның ішінен құрамында қатқыл дискісі (С:) бар терезені ашыңыз. Айналдыру сызғыштарын пайдалана отырып одан \Windows қаптамасын тауып алып, оны екі рет шерту арқылы ашыңыз. Бұл жүйелік қаптамадағы мазмұнның өзгеруі өте қауіпті екені туралы алдын-ала ескертумен танысыңыз. Файлдарды көрсету гиперсілтемесіне шерту арқылы қаптама құрамындағы бейнені қосыңыз. Ашылған терезенің құрамына \Temp қаптама таңбашасын іздеп тауып және оны ашыңыз (Бұл қаптама мәліметтерді уақытша сақтау қаптамасы болып есептеледі, оның құрамындағы файлдарды ешбір қорқынышсыз мысал үшін қолданып көруге болады).
С: \Windows\ Temp терезесін ашыңыз. Шерту арқылы \Тәжірибе қаптамасының таңбашасын ерекшелеңіз. CTRL пернесінің басулы күйінде \Менің тәжірибем қаптамасының таңбашасын ерекшелеңіз. Жұмыс кеңістігіндегі екі объектінің бірдей ерекшеленгеніне көз жеткізіңіз.
CTRL +Х пернесінің көмегімен ерекшеленген объектіні алмасу буферіне алып кетіңіз. Қаптаманың жұмыс кеңістігінде олардың белгілерінің де жоғалғандығына көз жеткізіңіз.
\Менің құжаттарым қаптамасының терезесін ашыңыз. Оған алмасу буферінде орналасқан объектілерді орналастырыңыз (CTRL +V).
\Менің құжаттарым қаптамасындағы \Менің тәжірибем және \Тәжірибе қаптамаларының таңбашаларын ерекшелеңіз. Тышқанның оң жағын басып, ашылған жанам менюден Жою (Удалить) бөлімін таңдаңыз. Ашылған сұхбаттық терезеде объектіні жою қажеттігін құптаңыз. \Менің құжаттарым қаптамасы терезесін жабыңыз.
Таңбашасын екі рет шерту арқылы Себет (Корзина) терезесін ашыңыз. Онда жойылған \Менің тәжірибем және \Тәжірибе қаптамаларының таңбашалары бар екеніне көз жеткізіңіз. Екі таңбашаны да ерекшелеңіз. Тышқанның оң жағын басу арқылы ашылған жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановить) бөлімін таңдаңыз. Себетті жабыңыз.
\Менің құжаттарым қаптамасы терезесін ашыңыз. Онда\Менің тәжірибем және \Тәжірибе қаптамаларының таңбашалары қайта орналасқандығына көз жеткізіңіз. Екі таңбашаны да ерекшелеңіз. Shift пернесін басып тұрып Delete пернесінің көмегімен оларды өшіріңіз. Ашылған сұхбат терезеде объектіні жою қажеттігін құптаңыз. \Менің құжаттарым қаптамасы терезесін жабыңыз.
Қоржын (Корзина) терезесін ашыңыз. Shift пернесін басып тұрып өшірілген объектілер Себетке түспегеніне көз жеткізіңіз. Себетті жабыңыз.
Зертханалық жұмыс №3.5.
Тақырыбы: Сілтеуіш программасындағы файлдық құрылыммен жұмыс істеу
Бас менюдің көмегімен Сілтеуіш программасын іске қосыңыз. (Пуск→Программы→Проводник). Іске қосу кезінде Сілтеуіштің сол жқ панелінде қандай қаптама ашылғандығана назар аударыңыз. Бұл жүйелік дискінің түпкі қаптамасы болуы керек.
Сол жақ панельден \Менің құжаттарым қаптамасын табыңыз және оны қаптама таңбашасының үстінен шерте отырып ашыңыз.
Сілтеуіштің оң жақ панелінде жаң \Тәжірибелік қаптамасын құрыңыз.
Сол жақ панелінде «+» белгісінің үстінен бір рет шертіп \Менің құжаттарым қаптамасын ашыңыз. Сол жақ панельдегі қаптамалардың ашылуы және аударылуы әртүрлі амалдар екеніне назар аударыңыз. Сол жақ панельде \Менің құжаттарым қаптамасында \Тәжірибелік қаптамасының құрылғанына көз жеткізіңіз.
Сілтеуіштің сол жақ панелінен \Тәжірибелік қаптамасын ашыңыз. Оң жақ панельде ештеңе болмауы керек, себебі ол бос қаптама.
Сілтеуіштің оң жақ панелінде \Тәжірибелік қаптамасының ішінен \Менің тәжірибелерім атты жаңа қаптама құрыңыз. Сол жақ панельде \Тәжірибелік қаптама таңбашасының жанында «+» белгісінің пайда болғанын көреміз, бұл белгі қаптама ішінде бағыныңқы қаптама барын айғақтайды. Сілтеуіштің сол жақ паенлінде қалыптасқан құрылымды ашып көріңіз.
Сілтеуіштің сол жақ панелінен \Windows қаптамасын табыңыз және оны ашыңыз.
Сілтеуіштің сол жақ панелінде Windows қаптамасының ішінен объектілерді уақытша сақтауға арналған \Temp қаптамасын табыңыз, бірақ оны ашпаңыз.
Сүйрету әдісі бойынша \Тәжірибелік қаптамасын Сілтеуіштің оң жақ панелінен сол жағына – С: Windows\ Temp қаптамасына орнын ауыстырсаңыз, бұл әрекетті өте дәл орындау қажет. Қабылдаушы қаптама жазбасының түсін қадағалаңыз. Тура орналасқанда түсі өзгереді – сол кезде тышқанның батырмасын жіберсе болады.
Сілтеуіштің сол жақ панелінде С:Windows \ Temp қаптамасын ашыңыз. Оң жақ панельде \Тәжірибелік қаптамасының барына көз жеткізіңіз.
Сол жақ панельден Себетті (Корзина) тауып, оның таңбашасына \Тәжірибелік қаптамасын сүйреп әкеліңіз.
Себетті ашып, онда жаңа ғана жойылған қаптаманың орналасқанын көресіз. Сілтеуіш терезесін жабыңыз.
Тапсырма
Тақырыбы: Сілтеуіш программасын іске қосудың әдістерін зерттеу.
Windows 98 операциялық жүйесіндегі көптеген операцияларды әр түрлі әдістер арқылы орындауға болады. Сілтеуіш программасының мысалында біз программаға кірудің әр түрлі жолдарын зерттегенбіз.
Іске қосу (Пуск) батырмасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз және ашылған жанаам менюге Сілтеуіш (Проводник) бөлімін қолданамыз. Жіберу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылатындығына назар аударыңыз.
Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасына тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз, ашылған жанама менюге Сілтеуіш бөлімін қолданыңыз. Жіберу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылатындығына назар аударыңыз.
Жұмыс үстелінде ашылған барлық таңбашалардың жанама менюін тексеріңіз. Қандай объектілердің жанама менюі Сілтеуішті іске қосатын құралдармен жабдықталған? Іске қосу кезінде сол жақ панельде қандай қаптама ашылғандығына назар аударыңыз.
Бас менюдің Программалар бөлімі арқылы Сілтеуішті іске қосыңыз.
Бас менюдің Орындау (Выполнить) бөлімі арқылы Сілтеуішті іске қосыңыз.
\Менің құжаттарым қаптамасының таңбашасы арқылы Сілтеуішті іске қосыңыз.
Жұмыс үстелінен Сілтеуішті іске қосыңыз. (Алдын-ала жұмыс үстелінде Сілтеуіш таңбашасын дайындап алу керек).
Есеп беру кестесін толтырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|