Ііі. Векторлық графиканы қолдану,векторлық графика файл форматтары



жүктеу 0,57 Mb.
Дата25.12.2017
өлшемі0,57 Mb.
#5912
түріПрограмма

Векторлық, растрлық графика,программалары. 1.1 Векторлық және растрлық графика 1.2 Программалары. ІІ. Corel Draw және басқалары 2.1 Corel Draw 2.2 Corel Draw 
ІІІ. Векторлық графиканы қолдану,векторлық графика файл форматтары. 
3.1.Векторлық графиканы қолдану 3.2 Компьютерлік файл форматтары 
Қолданылған әдебиеттер 
Кіріспе 
ЭЕМ-ның құрылуынан кейін оған тиісті компьютерлік графика да пайда болды, ол қазір әлемдік технологиялардың бірден-бір бөлігі болып табылады.Бастапқыда ол векторлық графика болды – бұл қағазда не болмаса экранда нүктелердің орналасу ретін анықтайтын «вектор» деп аталып кеткен функциялар арқылы кескінді құрастыру болып келеді.Мысалға графигі шеңбер, түзу сызық және т.б. болып келетін функциялар.Осындай «векторлардың» қосылуынан векторлық суреттер пайда болады. 
Компьютерлік техника мен технологиялардың дамуымен бірге графикалық объектлерді құрастырудың көптеген тәсілдері пайда болды. 
Ақпараттың әртүрлі көлемін адам көру мүшелері арқылы жақсы анықтап-зерттейді.Былай қарағанда адамға кішкентай кезінде-ақ суреті бар кітаптар ұнаған.Ақпараттың үлкен көлемін басқадай зерттеу мүмкін емес.Мысалы мемлекет бюджеті туралы үлкен таблицаны алайық.Оны оқығанша диаграммасын қарай салған жөн деп санаймын,осы диаграмма арқылы ол адам есінде қалуы мүмкін.Сондықтан кез-келген мамандар арасында графикалық мәліметтер қолдану көлемі ұлғаюда.Бұл ізденіс жұмыста компьютердің графикалық құрылысы туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Өйткені қазіргі уақытта графикалық құрастыру өте қарқынды дамуда.Және қазіргі кезде программалық құралдар нарығы графикалық суреттер арқылы жұмыста автоматизациялауды қолданып белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады.

І.Векторлық,растрлық графика,программалары.

1.1 Векторлық графика

Векторлық графика кескінің (суретті) вектор деп аталатын түзу және қисық сызықтар арқылы, түсі мен  орналасуын көрсететін параметрлер  арқылы салады.Мысалға алғанда ағаш жапырағының суреті ең алдымен нүктелер арқылы белгіленеді содан кейін  нүктелер арасы қосылып ағаш жапырағының  кескіні пайда болады. 


Векторлық графика элементтерін редактрлеу кезінде сол элементтердің кескінің белгілейтін түзулер мен қисық сызықтар параметрлерін өзгертесіз.Сіз мынадай өзгертулер еңгізе аласыз: элементтерді тасымалдау,өлшемдерін, түсін,формасын өзгерту- бірақ бұл олардың визуалдық көрсету сапасына әсер етпейді. 
Векторлық графика кескін элементтерін түсі берілген математикалық қисықтар арқылы көрсетуге негізделген.Мысалы:ақ түсті фондағы қызыл эллипс тек екі математикалық формулалар-тікбұрыш және эллипстің сәйкес түстері,өлшемі және орналасуы арқылы көрсетіледі.Бұл алдыңғы жағдайға қарағанда едәуір аз орын алады.Тағы бір артықшылығы – кез-келген бағытта сапалы масштабтау болып табылады.Объектлерді кішірейту және үлкейту үшін математикалық формуладағы коэфиценттерді сәйкесінше кішірейту немесе үлкейту керек. 
Өкінішке орай көптеген түстерден немесе кішкентай элементтерден құралған суреттерді жіберу кезінде векторлық форматтың пайдасынан гөрі зияны көп болады.(фотография және т.б.)Өйткені бұл суреттерді құрастыру кезінде күрделі болып келетін математикалық формулаларды қолдану қажет болады,және де қате кетсе оны түзетудің өзі көп уақыт алады,сондықтан бұл жағдайда векторлық формат тиімсіз болып табылады.Суретттің күрделі болуы файл көлемінің ұлғаюына әкеп соқтырады.Одан басқа суреттерді растрлық форматтан векторлыққа көшіру (мысалы Adobe Strime Line немесе Corel OCR-TRACE программалары арқылы) олардың векторлық форматтағы үлкен бағытта масштабтау мүмкіндігінен айырады. Сызықтық өлшемдер үлкеюінен бөлшектер мөлшері немесе түс қосымшалары бірлік ауданға ұлғаймайды. Бұл шектеуді еңгізу құрылғылары қойып отырады.(мысалға алғанда сканерлер, цифрлік фотокамералар және де т.б.)Векторлық формат пен растрлық формат айырмашылығына тоқталсақ: 
Векторлық форматта кескін матаематикалық жолмен жеке объектлердің біріктірілуі арқылы көрсетіледі,ал растрлық форматта болса ол кескіндеу нүктелер арқылы жүргізіледі,мозаика сияқты.

Растрлық графика



Растрлық графика кескінді торда орналасқан пикселдер деп  аталатын түсті нүктелер арқылы белгілейді.Мысалға  алғанда ағаш жапырағының суреті тордың әр нүктесінің түсін нақтылы  орналасуы арқылы белгіленеді,бұның  нәтижесі суретті мозаикадағы сияқты көрсете алады. 
Растрлық графикада редактрлеу кезінде нүктелер емес пиксельдерді редактрлеу керек.Растрлық графика өзінің көлеміне тәуелді болып келеді,өйткені бұл оның белгілі өлшемдегі торда орналасуына байланысты болып табылады.Растрлық графиканы редактрлеу кезінде оның көрсетілу сапасы өзгеруі мүмкін.Жеке қарағанда растрлық графикада көлемді өзгерту ондағы суреттің қырларының бұзылуына әкеп соқтырады, себебі пиксельдер тордағы орналасу ретін өзгертеді.Растрлық графиканы көлемі кіші құрылғылардан шығару, оның суретінің сапасының нашарлауына себепші болады.Растрлық форматта негізгі элемент болып түсі берілген нүкте,яғни пиксель болып табылады.Мысалы ақ түсті фондағы қызыл эллипсті сипаттағанда эллипс пен фонның әр нүктедегі түсін көрсету қажет.Сурет көп нүктелер түрінде көрсетіледі — олардың көп болуы суреттің визуальдік сапасының артық болуына және де файл көлемінің ұлғаюына әкеледі.Яғни бір сурет нүктелердің санына байланысты жақсы не болмаса нашар сапалы түрде көрсетілуі мүмкін.Одан басқа суреттің сапасы әр нүктедегі түстердің мөлшеріне де байланысты. 
Растрлық графиканы көп бөлшектреден және түстерден тұратын фотографиялық типті суреттерді көрсетуде қолданады.Бұндай суреттерді масштабтау көп жағдайда сапаны төмендетеді.Нүктелердің азаюы кезінде кішкентай бөлшектері жоғалып,жазулар деформациялануы мүмкін.Пикселдерді еңгізу суреттің нашарлауына әкеледі,өйткені жаңа нүктелер қосымша түс береді.Кең таралған форматтар: .tif,.gif,.jpg,.png,.bmp,.pcx және т.б.Қосымша плагиндерсіз ең көп таралған броузерлер .gif,.jpg,.png растрлық форматтарын ғана түсіне алады.Векторлық редакторды қолдану көп сұранысқа ие болмай тұр,бірақ жаңадан бастау алған суретшілерге векторлық ортада оңайлау болып келеді.Мұндағы элемент оңай түзетіледі.Растрлық режимде сурет салғанда түзете алмайтын қателер кетуі мүмкін.Растрлық және векторлық графиканың ұқсастықтары да бар —файлдарды әртүрі форматтарда ашу мүмкіндітері,бірдей құрал-саймандар мен функциялардың қолданылуы.(қарындаш,қалам;бөліп алу,орын ауыстыру,масштабтау т.б.),керек түсті таңдау.Бірақ та редактрлеу мен сурет салуды іске асыруда айырмашылықтар болады. 
Мысалы растрлық редактордағы бөіп алу десек— күрделі форма облысы түрінде нүктелер бірігуі айтылады.Бөліп алу өте қиын да,көп уақыт алатын іс болып табылады.Векторлық редакторда объект графикалық примитивтердің бірігуі болып келеді,және оны бөліп алу үшін әрқайсысын тышқанмен шерту жеткілікті. 
Осыған қарамастан олардың ұқсас болып және де бір-бірімен сәйкес болуына көптеген жағдайлар әсер етеді.Жаңа заманға сай көптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде қолдана алады,ал кей жағдайларда олар растрлық суреттер бөлігін векторлық форматқа ауыстыруы да мүмкін.(трассировка)Алынған фондық кескінді редактрлеу үшін орнатылған немесе еңгізілген арнайы құрылғы фильтрлердің көмегі болуы мүмкін.Illustrator’дың 8-ші бөлімі Photoshop’тың psd-дің файлдарын еңгізуі мүмкін және де алынған қабаттарды пайдалана алады.Ал кейбір растрлық редакторлар векторлық редакторлардың кей файлдарын алуы мүмкін не болмаса оларды редактрлеу мүмкіндігі болуы үшін растрға ауыстыра алады.

• Векторлық форматта–басы  мен соңы координаттары,түсі жіне қалыңдығы  берілген. 


• Растрлық форматта — кескінге тиісті әр нүкте координаты мен түсі берілген.

1.2. Программалары

Интернет желісінде өз бетін ашуға көмектесетін материалдарды  баспаға дайындау кезінде көмектесетін векторлық графиканың күшті де дамыған  құрал-саймандары бар иллюстрациялық графика пакеттері қазіргі кезде  көп шығарылған,және де олар қолданыста қарапайым болып келеді,яғни оны  қолдануда жеңіл болуы үшін барлық жағдай жасалған. 
Графикалық объект салу үшін иллюстрациялық веторклық графика программасы керек болады.Векторлық құралдардың пайдалылығы мен сапасы ең бастысы масштабтау мүмкіндіктері арқылы анықталады. 
Объектлердің контурларын салуға, одан кейін оны бояп ішін өрнектерге толықтыруға көп көңіл бөліп пысықтау негізінде векторлық және иллюстрациялық графика пакеттері құрылған. Растрлық суреттер сияқты (пиксельдермен толтырылған торлар) емес, нүктелер мен қисықтардан құралған математикалық модельдер арқылы құрастырылғандықтан векторлық графикада контурларға әртүрлі өлшем беріп оны нақты түрде көрсетуге болады.Бұл категориядағы жабдықтар арасында жаңа мүмкіндіктер беретіндерге көптүсті градиенттік бояғышты жатқызуға болады.Жұлдыздар,көпбұрыштар,спиральдар сияқты примитивтер бұнда жәй құралдар ретінде қарастырылады.Байланыстағы түстер мысалға алғанда раушангүлінің түсін қызыл түстен сары түске ауыстыра алады,ал қосымша түс берушілер болса автоматты түрде өзгеріп отырады.Көпқабатты интерактивті түстік “диапозитивтер” суреттің анықтылығын қамтамасыз етеді,осының арқасында векторлық кескіндерді растрлыққа ауыстыруға болады.Соңғы кездерде шығарылған пакеттерге жатқызылатын принциптер векторлық графика туралы көзқарасты өзгертеді.CorelXara 1.5 визуализациялауға жаңа бір жақтан қарайды, GIF., JPEG файлдарын құрастыруда көмек болатын керемет құралдарға ие,және де векторлық графикамен жұмыста пайдаланатын браузердің жедел сыртқы модульімен қамтамасыздандырылған. Fractal Design фирмасының Expression 1.0 пакеті басқа да күрделі векторлық графикалық суреттерден контурлар құрастыруға мүмкіндік береді,және басқа программалар бере алмайтын,қолданушыға визуальді мүмкіндіктердің шексіз түрлерін пайдалануға береді. 
Ал графикалық жұмысты өзіне жаңадан ашып жатқан қолданушыларға арнайы программалар да бар,олар ең жеңілден бастайды,диаграммалар құру не болмса техникалық сызу.Ал күрделі болып келетін Безье қисығын еркін салу өз істерінің мамандарына да қиын болып табылады,сол сияқты машиналды сызуды да меңгеру қиын.Көптеген жаңадан бастап отырған қолданушылар векторлық графика мен растрлық графика айырмашылығын сезінбей қандай пакеттерді қолданатынын білмейді.Сондықтан да жаңадан келгендер өздерінің мүмкіндіктерін алды-ала біліп толық түрде сурет салуға дайын болған кезінде ғана кірісуі керек.

Көптеген жағдайларда  жаңадан бастағандарға сурет,кескін салу үшін өздері білетін программаларды қолдануы қажет.Microsoft,Corel және Lotus графика  және мәтіндік процессор модульінде сурет салу құралдарын иемденеді.Одан басқа AutoShape функциясының көмегі арқылы диаграммалар құрастыру үшін стандарттық  формада үлкен сандар жазуға болады,WordArt галереясы болса мәтіннің түсінің  қызықты стилдерін бере алады. Техникалық жақтан болатын тапсырмалар үшін мына программаларды қолдануға болады: Micrografx фирмасының FlowCharter 7 пограммасы диаграммалар құрастыруға арналған не болмаса Visio Professional 4.5 программасы Visio Corparation фирмасынан.Ал егер де САПР аймағындағы жұмыс болса  ол үшін арнаулы бірнеше пакеттер бар,оған AutoCAD LT пакетін де жатқызуға  болады Autodesk фирмасынан шыққан, немесе Design CAD 97 программасы ViaGrafx фирмасы жасап  шығарған.Мына пакеттер құрылыста және оны жоспарлауда пайдаланылады: Planix және Draftix пакеттері SoftDesk фирмасынан, Visual Home пакеті Books that Work фирмасы,3D Home Architect және Edition 2 пакеттері Broderdund Software фимрмасында  шығарылған. 


Барлық жаңа технологиялардан ең көп қызығушылықты қазіргі кезде Web-тің желіні векторлық графика құралдары және басқа да элементерімен толықтыратын фирмалық сыртқы модульдері тартып отыр.Енді осының арқасында URL-ді (ресурстың унифицияланған бағыттаушысы)кез-келген объектіге орнатуға мүмкіншілік пайда болды.

II Corel Draw және басқалары.

2.1 Corel Draw 8-9

Corel Draw пакеті әрқашанда мықты әсер қалдырады.Бұл жолы олар өз құрамына көптеген программалар қосты, оның қатарнына Corel Photo-Paint еңеді.Бұл пакет мықты құрал-саймандармен қамтылған,одан соң пакеттің бұл жаңа бөлімінде интерфейсі жақсартылған,және сурет салу құралдары қолданыста ыңғайлы болып отыр.Ал жұмыс Web-қа қатысты болса онда бұл жағдайда Corel Draw CorelXara-дан қалып қояды,бұл кезде екіншісінің мүмкіндіктері артық болып келеді. 


Corel Draw графикалық редакторында мәтінді өңдеуге арналған құралдары бар.Оның мүмкіндіктер басқа да мықты редакторларға қарағанда үлкен болмаса да көптеген тапсырмаларды орындауға қабілетті. .″Лупа″ құралы болса көптеген эффектлер жасай алады. Photoshop-тың екі және үшөлшемді эффектлерін қолдана отырып суретте алуан түрлі өзгерістерді іске асыруға болады.Пиксельдерді редактрлеу кезінде Corel Draw Corel Photo Paint-қа автоматты түрде ауысып отырады.Онымен қатар ол масштабтаудың базалық мүмкіндіктері мен өлшемнің динамикалық орнату құралдарымен қамтылған.Ол екі типті мәтіндік объектлер, яғни Corel Draw мәтіндік объектлерінің 2 түрін шығара алады: қалыпты мәтін (Paragraph) және артистикалық мәтін (Artistic). 
Артистикалық мәтін негізінен әдемілеп,көркемдеп жазу үшін арналған.Оның режимінде жұмыс істеу үшін құрал-саймандар тақтасындағы пиктограмманы шерту керек.Ал егерде мәтінге көп жазу жазылатын болса онда Paragraph форматын қолданған жөн.Мәтін объектісіне әртүрлі эффектлерді қолдануға болады:масштабтау,созу,қысу,айналдыру. Corel Draw экранға болып жатқан өзгерістердің бәрін көрсетіп отырады. 
СМҮК модельдерімен жұмыс барысында Corel Draw көптеген келеңсіз жағдайларға келіп тіреледі,яғни ол бұл модельмен жұмыс жасауға әлі толық түрде дайын емес.Оған қарамастан программа түсті басқару жүйесі Kodak CMS-пен жұмыс істей алады.Өзінің мықты құрал-саймандарына қарамастан оның беттердің баспаға сәйкессіздігі себебінен мүмкіндіктері шектеліп отырады.Ал енді Corel Xara программасының жұмыс барысы жайында айта кетелік.

Corel Xara 1.5

Corel Xara 1.5 — жаңа заманның технологиялары қарастыратын прграммалардың бірі болып табылады.Онымен жұмыс істеу өте қарапайым болып табылады. Ол ең біріншіден парақ бетінде графикалық кескін салуға пайдаланылады.Бұл программа суреттермен қазіргі заман талаптарына сай болып келетін көптеген эффектлер жасай алады.Бұл программа Corel Draw 7 редакторынан озып отыр.Векторлық графиканы масштабтау арқасында растрлық мәтіндердің екіөлшемді түрлері үшөлшемді сияқты болып көрінеді.Оның интерфейсі өте әдемі де қарапайым.Үстінгі қатардағы пиктограммалары әрқашан қолданысқа ыңғайлы болатын түрде орналасқан.Corel Draw редакторына қарағанда бұл программа ыңғайырырақ болып отыр.Бірақ та біріншісінің де артықшылықтары бар. 
Web графикасы үшін қазір ең мықты құралдармен жабдықталған редакторлар ретінде Corel Xara болып табылады,ол Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer үшін браузердің ішінде болса да сурет масштабын 25000 %-ға үлкейтуге мүмкіндік береді.Ол бүкіл өзгерістерді тез арада экран бетіне көрсетіп отырады.Файлдың ыңғайлылығы мен жеделдігінің арқасында векторлық графика үшін Web-парақтарында жұмыс істеу мүмкіндіктері кеңейтілді. 
Corel Xara пакетіне Web палитрасы да қосылған оның көмегімен ол анимациялық файлдар жасай алады.Анимациялық суретті Greate Bitmap Copy және Arrange құралдары арқылы бірнеше рет өзгертумен жасап шығаруға болады.GIF анимациялық файлдары сыртқы программалық модульдің болуын қажет етпейді ол автоматты түрде броузердің өзінде іске қосылады. 
Corel Xara программасының мүмкіндігі шектелген болса да, басқа жағдайларды алып қарасақ бұл программа өзіне тең дәрежедегі программалар жоқтығына күмән келтірмеуге болады.Егерде қиын оригинал-макеттерін жасау қажет болса,не болмаса адам сурет салу пакеттерімен жұмыс жасауда жаңадан келсе онда бұл редактор өте жақсы толықтыру құралы ретінде роль атқара алады.

Canvas 5


Сурет салу мүмкіндіктері,растрлық суреттерді құрастыруды,бір программада бетті редактрлеуді біріктіргісі келіп Deneba Systems фирмасы Canvas 5 пакетін жасап шығарды,ол программа болса көптеген функцияларға ие болса да оны дұрыс қолдана алмайды.Canvas 5 пакетінің мүмкіндіктері көп десек те онымен жұмыс барысының басында сіз жасағыңыз келетін құжат типін таңдау тура келеді.Таңдаған типке байланысты – Presentation, Publication, Illustration-сізде әртүрлі мүмкіндіктер мен шектеулер болады,ал бұл пакет біреуінен екіншісіне ауысуға мүкіндік береді,бірақ бұл өте баяу іске асадыы. Illustration құжаты бір бет ішінде ғана орналаса алады,бірақ соған қарамастан бірнеше қабаттан болуы мүмкін, Publication құжаты болса бірнеше парақтардан тұрып бір ғана қабаттан тұрады.Және егер де сіз Publication жұмыс режимінен Illustration жұмыс барысына ауыссаңыз, онда тек Publication құжатының бірінші бетін ғана көре аласыз. Canvas 5 пакеті LOGO.EPS. файлын импорттай алмайды,ал басқа пакеттер болса оны импорттай алады.Бірақ онда сурет салу жеңіл және ыңғайлы.Ал егер программада қателер кетсе онда ол экран бетіне суретті бұзылған күйінде көрсетеді.Техникалық иллюстрациялар жасаған кезде оның құралдары өте ыңғайлы.Бұл пакет растрлық кескіндерді пикселдер деңгейінде ең бірінші болып салған болатын.Ол қазіргі кезде жаңадан мықты құрал-саймандармен толықтырылды.Енді бұл редакторда сурет фильтрлері бар,және де түс арнасын жөндейтін құралдары бар.Бірақ FreeHand-тен айырмашылығы мұнда Photoshop-тың сыртқы модульдері жоқ,бірақ та бұл пакет оның кей бөліктерін қолдана алады.Және де Corel Draw-дағы сияқты арнайы эффектлері болмайды. 
Canvas-тың Web-браузерлері үшін сыртқы модульдері болмайды,бірақ ол GIF және JPEG файлдарын экспорттай алады.Ең соңғы айта кетер жәйт-егер де техникалық кескіндерді,сызбалар салу керек болса Canvas редакторын өте ыңғайлы пакет ретінде қолдануға болады,өйткені ол мұндай суреттерді безендіруде өте қолайлы болып табылып отыр.
2.2 Corel Draw 10

Corel Draw-дің соңғы бөлімдерінің ерекшелігі деп олардың жоғарғы интерактивтілігін айтуға болады. Интерфейсі болса жағдайға қарасты өзгеріп отырады ,сондықтан кез-келген операция істеу кезінде минимальді түрде қозғалыстар жасалынады.Осы редактордың әр жаңа бөлімдері өзіне векторлық графикамен жұмыс жасау үшін әртүрлі құралдар және материалдарды қосып отырады.Сонымен бірге оның интерфейсі де жақсартылған болып отырады.Барлық командаларды меню ішінде орналастырып немесе батырмалар панеліне еңгізіп қайта алып тастауға болады.Жәй фигуралардан басқа бұл пакеттің жаңа бөлімінде автофигуралар жасап шығаруға болады.Иллюстрацияға еңгізілген растрлық объектлермен пышақ және өшіргіштің жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.Көпсанды тілдер қолданылады,мәтінді форматтау мүмкіндігі де бар.Түспен жұмыс барысындағы қолданушы интерфейсі түбегейлі өзгерді.Енді алуан түсті суреттермен жұмыс одан әрі жеңіл болады,және де одан әрі сапалы суреттер алуға болады.Интернет үшін сурет салу мүмкіндіктері де жақсартылған. 


Векторлықорлық форматтағы кез-келген сурет көптеген құрамдас бөлшектерден тұрады,олар бір-бірінен тәуелсіз түрде редактрленеді.Осы суреттің басты бөлшектері объект деп аталады.Объект туралы түсінік Corel Draw-да негізгі түсінік болып табылдаы.Объектіге мысал ретінде:тік бұрыш, дөңгелек, түзу,қисық сызық,көпбұрыш және т.б. 
Кез-келген объект түзу немесе қисық сызытқармен қосылған(сегменттер)нүктелердің бірнеше санынан тұруы мүмкін. 

Осы пакеттің жұмысының көп бөлігі объектлермен жүргізіледі.Сондықтан үстінде атлған объектлер көп кездеседі.Осы объектледің құрамдарын өзгерту арқылы векторлық графикада керек суретті салуға ықпал етеді. Corel Draw-дің басты бір элементі ретінде кез-келген контур салуға көмектесетін қисықтар болып табылады.Бұл қисықтар Бизье қисығы деп аталады.Атақты математик Пьер Безье екі векторлар арқылы қисық сызуды салуға болатынын дәлелдеген.Оның осы тұжырымдамасы осы пакетте қисық салу негізіне жатьқызылады.Қисықтық мөлшері қисықтылығының манипуляторының ұзындығы арқылы анықталады. Осылайша манипуляторлар Безье қичығының түрінің негізі болып табылады.Егер де қисықтық манипуляторы сегменттің екі жағында 0-ге тең болса онда ол түзу боладжы.Ал егре оны ұзартса онда түзу сегмент қисыққа айналады.

Безье қисығының көп мөлшерінен кез-келген бір қисық салуға болады.Corel Draw 10-бөлімінде растрлық суреттерді қолдануға болады.Және де растрлық сурет жеке бір объект ретінде қарастырылады,сондықтан оны басқа объектлерге қарамай редактрлеуге болады. Corel Draw 10-бөлімі векторлық графикаға арналса да ондағы растрлық суреттер салуға арналған құралдары кейбір растрлық редакторлардан кем түспейді.

Иллюстрациямен жұмыс объектлерді құрудан,оны редактрлеуден және де орналасуынан негізін аладыЕң басында объектінің болжамы өлшемдерін салу керек, одан соң кескіні біріктіру арқылы анықталып,оны өшіру немесе толықтыру арқылы қалыптасады.Керек затты салғаннан соң оған түс беріледі және бояу объектісі таңдалынады.Редакторда стандартты фигуралар(тікбұрыштар,эллипстар,көпбұрыштар,автофигуралар,спиралдар,торлар.) мен қисық және түзу сызықтар салуға болады.Стандартты фигуралар арасында күрделі суреттер де кездеседі.Форматтаудың көп мүмкіндіктерінің болуы редактордың өзінде суреттермен безендірілген шағын мәтіндік құжаттар шығаруға мүмкіндік береді.Керемет эффектлерді пайдалану қарапайым объектлерден көркем сурет салуға жол ашады.Редакторда салынған әр сурет бір немесе бірнеше объектлерден тұрады,олар бір-бірін жауып тұра алады.Объектлер ретінде басқа редакторларда жасап шығарылған растрлық суреттерді пайдалануға болады. 
Corel Draw 10-дакторының негізгі қасиеттеріне тоқтала кетсек: 
• Қарапайым геометриялық фигуралар мен қисықтардың салу мүмкіндігі. 
• Кез-келген объектлерді редактрлеу.түсін өзгерту,формасын өзгерту және т.б. 
Құжатта иллюстрация салу,дайын суреттерді қою. 
• Әртүрлі суреттік эффектлерді пайдалану. 
• Объектлердің барлығын керек жерде орналастыру,олардың ашылу ретігін анықтау.

Ескерту:Құрал-саймандар панелінде барлық батырмалар көрінуі үшін,жасалынып жатқан сурет жақсы көрінуі үшін,және экранда қосымша басқару элементтеріне орын жетуі үшін экран өлшемін 1024 нүктеден асатындай етіп орнатқан жөн. 


2002 жылдың тамызында Сorel Draw редакторының 11-ші бөлімі шығарылды,ол қазіргі заман техникасына сай болып келеді.Ол қазіргі әлемдегі векторлық графикадан алда келе жатқан Adobe Illustrator-дан кем түспейді,кей жақтарынан одан асып түседі де.Бұл программада жұмыс істеген мамандар бұл редакторды өзінің негізгі құралы ретінде қарастырады.Қазір бұл редактор өзіне көптеген адамдар көзқарасын тартуда.Ол өзімен 12-жылдық эволюция нәтижесін көрсетеді, оны дизайнда, жарнамада, публикациялауда, және де интернетте кеңінен қолданады.Оның интерфейсі одан әрі жетілдірілген,және егер де қолданушыға көптеген құралдар туралы ақпаррат керек емес болса ол оны пайдалнбай-ақ та жұмыс жасай алады.Редакторды нұсқаумен танып-білу негізінен қиынға соғады.

ІІІ. Векторлық графиканы  қолдану,графикалық файл форматтары.

3.1 Векторлық графика қолданылуы

CAD/CAM жүйелерін инженерлік  конструкторлыққ істің, микросхемлар  сызбаларын құрастыруда және  де тікұшақтар салудың өзінде  қолданады.Қазіргі кезде дамыған  инженерлік компаниялар Boeing сияқтылары  осы қарапайым графиканы да  өз тікұшақтарын цифрлік түрде  көру үшін қолданады. CAD/CAM жүйелерін  архитектурада да кеңінен пайдаланылады.McDonald’s  сипяқты компаниялар 1987 жылдан  бастап архитектуралық дизайн  үшін,отыратын жерлерді реттеу  үшін,бөлмелердің орналасуын жоспарлауға  машина графикасын пайдалнды.Векторлық  графиканы стадиондар салуға  немесе спорт жабдықтарын дизайнын  көрсетуге пайдаланған кездер  де болды.Мысал ретінде Балтимордағы  жаңа паркті келтіруге болады.(Baltimore Oriole’s Camden Yards Park). 


Медицина да компьютерлік графиканың қолданыс аймағы болып отыр,мысалы: инплантантарды автоматты түрде жоспарлау,анатомиялық векторлық модельдер,және де медициналық зерттеулермен хирургиялық тәжірбиеде қолданылады. 
«Классикалық» векторлық графика қазіргі кездің өзінде кәсіпкерліктің әртүрлі бөлімдерінде олданысқа ие болып отыр.Графика бизнес ортасында кеңінен жайылып келе жатыр-бүгінгі таңда графикалық элементсіз бірде-бір құжат жоқ.Әрине анимациялық графика әлемде көңіл көтеру ортасында кеңінен таралған.Стивен Спилбергтің фильмдері графикада фотореализмнің жаңа стандартын орнатты.Голлливуд графикалық суреттерді өзіне эффектттер ретінде кеңінен қолданып отыр.1994 жылдың ішінде ғана графикаға негізделген бірнеше фильмдер шығарылды:»The Lion King»,»The Mask»,»True Liness»,»Forest Gump» және т.б. 
Видеойынортасында да графика,әрине, кең қолданысқа ие.Виртуальді галерея мен көңіл көтеру парктерінің саны қарқынды түрде өсуде.Былай қарағанда бір дамыған елді алсақ онда осы ойын арқылы жылына 144 млрд. Доллар табыс түскен,және де осы пайданың өсуіне күмән жоқ.Қазіргі кезде интернет парақтарын безендіру үшін графика кеңінен қолданылады.Бірақ бұл жолда кейбір мәселелер қарастырылуы керек,яғни Web-ке арналған графикалық технологиялар басқа технологиялардан артта қалып отыр,соның салдарынан бұндағы мүмкіндіктер шектеулі болып отыр.

Шыныменде GIF және JPEG сияқты әлемге белгілі форматтар қазіргі  уақытта ескерген .Әрине оларды нашар  деп айтуға болмайды,бұған дәлел  ретінде оның шыққан мерзімін келтіруге  болады (мысалы GIF89 форматы 1989 жылдан бастап қолданыста ).Бірақ та бұл форматтар  қазіргі заманға сай емес деп  те айту дұрыс емес.GIF форматы 256-биттік түсті қабылдайды,ал JPEG форматын үлкен  көлемде қысатын болсақ онда оның сапасы төмендейді.1995 жылы GIF форматын шығарған Unisys компаниясы бұл форматтың  қолданысын тоқтата жаздаған кездер де болған.Бұл кезде Interernet-тің тәуелсіз жұмысшылары басқа бір формат шығаруға қадам жасады,олардың ойы  юойынша бұл файл бәрінен артық  болып шығуы керек болды.Соның  нәтижесінде PNG (Portable Network Graphics)атты жаңа формат жасап шығарылды.Ол 1996 жылы W3C консорциумы бойынша таратылуна жолын ашты.Бұл формат 48-биттік түрлі  түсті және 16-биттік бір түсті  суреттерді жүктей алады,ол сонымен  бірге тез жүктеледі.Оның көптеген қосымша мүмкіндіктері бар,мысалы альфа-арналар олар әр пиксельдің мөлдірлік  деңгейін қойып,гамма-коррекция жүргізеді.Бірақ  та осыған қарамастан ол алдыңғы екі  форматты ауыстыра алмады,оған кінәлі браузерлердің броузерлер жасап  шығарушылардың қолдауының болмауы  болды.Бірақ та қазіргі уақытта  көптеген броузерлер бұл форматты таратып  жатыр,және де ол болашақта кең таралады деген үміт бар.Келесі белгілі болып  келетін формат FlsashPix форматы.Оның ең негңізгі тиімділігі файлды күрделі  деңгейде өндеуі.Векторлық графика  формаларды толтырып,түзулерді салуға негізделген.

3.2 Компьютерлік графика  файлдарының форматтары

Жоғарыда айтылғандай  графика екіге бөлінеді:растрлық және векторлық. 


Векторлық графикалық объектлердің математикалық түрде құрастырылуын көрсетеді.Қарапайым сөзбен айтсақ- компьютер түзу сызықты салуы үшін екі нүкте координаттары керек және оларды қосу қажет.Осыған қарап векторлық графиканы геометриялық примитивтер жиыны деп те айтуға болады.Ратрлық формат болса жеңілдеу құрастырылған.Ол тікбұрышты матрица сияқты,ол матрица кішкентай бөліктер- пиксельдерге бөлшектелген.Пиксель көп болса оның көлемі де үлкен болады.Бұл барлық растрлық форматтарға сай келеді.Ал олар өз арасында түсі,архивациялану тәсілі бойынша,қосымша ақпарат арқыл және т.б. бөлімдер арқылы айырылады.Ал енді форматтарға толық тоқтала кетейік. 
ВМР(Windows Device Independent Bitmap) бұл формат Windows-тың негізгі форматы болып есептелінеді,ол өз қарамағындағы барлық графикалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Windows- арналған растрлық суреттерді сақтау үшін қолданылады,одан әрі ол ешнәрсеге жарамайды.Индекстік және RGB-түстерін сақтай алады. 
WMF (Windows MetaFile) Windows-тың тағы бір «туған» форматы.Векторларды айырбас буфері арқылы тасымалдау үшін қлданылады.Векторлық графикамен байланысы бар Windows-тың барлық программасына түсінікті болып келеді. 
PICT (Macintosh QuickDraw Picture Format) Macintosh айырбас буферіне арналған стандрт.Векторлы да растрлы да ақпаратты қбылдай алады.Мас’е-да барлық програаммалармен қабылданады. РС-да ріс. немесе РІСТ сияқты өлшемдері бап.Бірақ онымен жұмыс қиын да кұрделі болады. 
TIFF (Tagged Image File Format) кең таралған сенімді тәуелсіз форматтардың бірі,графикамен байланысы бар программалардың бәрі оны қолдайды.Растрлық графиканы векторлық программаларға импорттаған кезде осы форматты тандағна жөн.Оған түстің барлық қасиеттері еңгізілген,монотондыдан бастап алуан түстерге дейін.Әртүрлі программмалық көмекшілер типін сақтай алады,және оған қоса көптеген басқа да қасиеттерге ие.Ол жадынамаларына байланысты болып келеді. 
Scitex CT (PC set өлшемі) Өзінің атындағы фирмамен шығарылған ТІҒҒ-тан айырмашылығы аз,тек кей аппараттарда бұл файлдар тез шығарылады. 
PS (Adobe PostScript) Windows парақтадың бейнелеу тілі болып табылады. 
Бұндай файлдар өзінде құжат сақтай алады.Бұл формат негізінен сол іске арналған болып келеді.

EPS (Encapsulate PostScript) Eps-postscript-нің  қарапайым жеңілдетілген түрі.Бір  файлда бір парақтан артық  өлшем сақтай алмайды,принтер  үшін бірнеше орнатуларды сақтамайды.Оны  кейбір программалар жұмыс файлы  ретінде пайдаланады.Оны вектор  мен растрды баспа жүйелеріне  жіберу үшін қолданады,графикамен  жұмыс істейтін көптеген программалар  оны шыңарып отырады.Басып шығару  үшін қажетті түстердің бәрімен  қамьтамасыз етілген.Ол Macintosh-та  қолданыса болғанда эскиздерді  сақтаған жөн.Олар максимальді  сапалы және минимальді өлшемді  болады,веторда да, растрда да,бірақ  ол жеңіл болуы үшін растрлық  форматта ол шектеулі түс палитрасымен  болады.Ең басында ол векторлық  формат ретінде шығарылған еді,соңынан  оның растрлық түрі де жарыққа  шықты. 


JPEG.EPS-ФАЙЛДАРЫ Бұл осы уақытта ЕРS-файлдарын редактрлеу үшін аша алатын жалғыз программа болып келеді. 
PDF (Portable Document Format) Платформадан тәуелсіз болып келетін Adobe фирмасымен ұсынылған формат.Оның ішінде растрлық , векторлық иллюстрациялар және мәтіндер сақталына алады.Жетістіктерге жетуі үшін оның көлемң кіші болуы керек.Бұл үшін компрессия қолданылады,әр файлда өз тәсілдері бар.Бұл форматпен жұмыс жасау үшін арнайы Acrobat пакеті жасап шығарылды. 
PSD(Adobe Photoshop Document) әйгілі растрлық редактор Photoshop-тың жасап шығарылған форматы болып табылады.Осыған байланысты көпқабатты суреттер салуға,қосымша каналдар болуына мүмкіндік береді. 
AI (Adobe Illustration Document) бұл программаны американдықтар мен орыстар жақсы көреді.Бір файлда бір парақты ғана сыйдыра алады.Жұмыс алаңы өлшемі 3*3 болып келеді.Аз болса да жағымды жақтары бар:қалыпты жағдайларда тұрақтала алады,графикамен тығыз байланысты программаларды қамтиды.Векторларды бір секторлан екіншісіне жібергенде осы форматты қолданған жөн. 
FH8 (Freehand Document) Соңғы сан оның бөлімін көрсетеді.Форматты тек қана FreeHand қана қабылдай алады.Басқа ерешелітермен айқындалмайды. 
CDR (CorelDraw Document) бұл формат тұрақсыз және файлдардың сыйымдылығын реттелуін қамтамасыз етпейді.Оған қарамастан ол қолдануда ыңғайлы болып табылады.Және де ол РС платформасында көш бастаушылардың бірі болып табылады.

Графикалық объектлерді  құрастырудың негізгі принциптері.

Бұл принцип суреттің бастапқы қалпын векторлық кескін құрайтынына  негізделген.Бұл 2D және 3D суреттерімен пара-пар болып келдеі.Яғни баспаға  шығару кезінде көлеміне көп мән  берілмейді деген сөз.Растрлық сурет бұнымен мақтана алмайды.Растрдан векторға трассировка жасайтын құралдар болса да олар адм фотосуретін векторлыққа өткізе алмайды.Кез-келген жағдайда векторлық сурет растрлық сурет сияқты кескінді анық түрде саплаы қып көрсете алмайды.Векторлық форматта жаңа заманға сай течнологиялар орнатқанның өзінде де оның көлемін ауыстырсақ сурет анық болып көрсетілмейді.Ал керісінше вектордан растрға тасымалдау кезде векторлық сурет саплы күйінде болып көрсетіледі.Яғни векторлық сурет примитивті геометриялық денелерден құралған.Ал 3D форматы болса осыған кіретін үшбұрыш ретінде қарастырылуы мүмкін.Үшөлшемді гпһрафика қазіргі таңда өте кеңтаралған.Үшөлшемді векторлар арқасында күрделі көрсетілімдер құрастырылады.Қандай да дарынды болсаңыз да растрлық графика арқылы үшөлшемді сурет салу мүмкін емес.Ол үшін әртүрлі компьютерлік технологиялар әртүлі программаларға арналғандығын түсіне білу керек.Ал оларды дұрыс түрде орнатуға болады және орнату керек.

Қорытынды



Компьютерлік графика  негізі ретінде веторлық және растрлық графиканы 
қарастыруға болады.Олардың екеуінің ұқсастығы да айырмашылығы да бар.Екеуінің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар.Біздің ғасырда компьютерлік графика қоғамда өзін көрсете білді.Оны көптеген ортада қолдануға болады.Әр салада оның адамға пайдасы тиіп отыр.Осы графика арқасында біз қазір теледидар экраны алдында өзіміздің жақсы көретін фильмдерімізді тамашалай аламыз.Бұл сала бізді бір орында тұрғызбай алға итермелейді,жаңадан тағы бір программалар ойлап шығаруға көмектеседі.Адамның іскерлігіне анализ жүргізгеннің өзінде көру мүшелерін ең тиімді пайдаланатын жағдай ол графикалық суреттерді қарау,және оларды шығару. 
Адамның графикалық суреттерді дыбыстан гөрі жақсы қабылдайды деуге болады,сонда графикалық ақпараттар адам сезіміне басқаларына қарағанда тез жіберіледі.Бұның себебі адамның психологиялық қасиеттерінде жатыр.Адам суреттерді қарастырғанда оны басқа нәрсемен салытырып ойына керек ақпараттар тез оралады.Және де графикадан пайда болатын адамның сезімдері басқа себепкерлерге қарағанда көп болады. 
Графикалық программалар, редактолрар, пакеттер компьютерлік технолгоияның онымен қатар экономиканың дамуына жағымды әсер етеді.Сондықтан бұл программалардың өмірдегі маңыздылығы бар деп есептеймін. 
Қазіргі таңда Corel Draw редакторының 12-ші бөлімі шыққан. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1. Ким.Ю “Графический редактор Corel Draw”-2005 г. 
2. А.Зиновьев «Введение ввекторную графику»-2003г. 
3. Ф.Клобурн «Эффективная работа с Corel Draw 10»
жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау