Заместителю Руководителя



жүктеу 106,08 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі106,08 Kb.
#15723

Батыс Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 1620,1 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 98,8% құрады, оның ішінде:

тау-кен өндірісі саласында – 1437,5 млрд. теңге, 98,5%;

өңдеу саласында – 128,8 млрд. теңге, 102,5%;

электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 47,9 млрд. теңге, 100,6%;

сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау саласында – 5,9 млрд. теңге, 115,3%.

Газ өндіру көлемі 19204,1 млн. текше метр құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,5%-ға аз, газ конденсаты – 12103,1 мың тонна немесе 3,3%-ға аз.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 13543,0 млн. теңге құрады, бұл 4,9%-ға көп. Газойльдер өндірісі 0,1%-ға көбейді.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 11344,7 млн. теңге құрады, бұл 3,4%-ға көп. Түрлі диаметрдегі құбырлар өндірісі 5,3%-ға көбейді.

Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісі 6,1%-ға өсті және 11550,1 млн. теңге құрады. Тауарлы бетон өндірісі 19,4%-ға көбейді.

Машина жасау саласында 31265,1 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2,3%-ға көп.

Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 5715,1 млн. теңге құрады, бұл 15,9%-ға аз.

Тамақ өнімдері 42196,2 млн. теңгеге өндірілді, бұл 4,3%-ға аз.

Ірімшік және сүзбе өнімдері – 2,6 есеге, шұжық өнімдері – 19,5%-ға, дайындалған және консервіленген балық өнімдері – 6,2%-ға, макарондар, кеспелер және ұннан жасалған ұқсас өнімдер – 5,1%-ға, ұн – 2,7%-ға, жаңа піскен нан – 2,8%-ға, ет және тағамдық қосымша өнімдері – 1,6%-ға, өңделген сұйық сүт және кілегей 0,4%-ға өсті. Еттен жасалған консервілер 39,6%-ға төмендеді.

2016 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 522 жұмыс орын құрылумен 56,4 млрд.теңгеге 10 жоба іске қосылды:

К5 экологиялық дәрежелі мотор отындарын өндіру зауытын салу («Конденсат» АҚ), жобаның құны 45,3 млрд. теңге, қуаттылығы - жылына 600 мың тонна, жұмыс орны – 28;

Бөтелкедегі ауыз суды өндіретін кешен құрылысы («Родник фирмасы» ЖШС), жобаның құны 978 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 11,4 млн. дана, жұмыс орны – 121;

Етті қайта өңдеу кешенінің құрылысы («Батыс-Нык» ЖШС). Жобаның құны – 380,9 млн.теңге. Қуаттылығы жылына 14,4 мың бас мүйізді ірі қара малы. Жұмыс орны – 22.

Ұсақ бетон бұйымдар шығаратын зауыт құрылысы («СпецстройСервис» ЖШС), жобаның құны 700 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 40000 текше метр ұсақ бетон бұйымдары, жұмыс орны – 25;

Етті қайта өңдеу кешенінің құрылысы («Кублей» ЖШС), жобаның құны – 878 млн.теңге, қуаттылығы – ауысымына 250 ІҚМ бас, 300 ҰҚМ бас, жұмыс орны – 45;

Қара уылдырық және тауарлық бекіре өндіру бойынша су дақылдары кешенін құру («Су дақылдары тәжірибелік-өнеркәсіп өндірісінің оқу-ғылыми кешені» ЖШС), жобаның құны 4,4 млрд. теңге, қуаттылығы – жылына 131 тонна балық еті, 10 тонна уылдырық, жұмыс орны – 42;

Темір-бетон бос кеңестікті жабын плиталар шығаратын зауыт құрылысы («Орал-Полимер» ЖШС), жобаның құны 210 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 12408 текше метр темір-бетон бос кеңестікті жабын плиталары, жұмыс орны – 25;

Әр түрлі бағыттағы противогаздарды жинақтау/өндіруді ұйымдастыру өнеркәсібі («Гузу Алматы» ЖШС), жоба құны – 859,2 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 50 мың дана, жұмыс орны – 100;

Құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін жаңа сыныпты кемелерді игеру үшін теңіз құрылысын дамыту («Орал «Зенит» зауыты» АҚ), жобаның құны 458,8 млн. теңге, қуаттылығы – 4 жылға 1 дана, жұмыс орны – 30;

ІҚМ және ҰҚМ-дың терісін өндейтін өнеркәсіп («ПОШ РУНО» ЖШС), жобаның құны – 2,3 млрд.теңге, қуаттылығы – жылына ІҚМ 182 мың терісі, ҰҚМ 624 мың терісі, жұмыс орны – 84.



Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 394,3 млрд. теңге құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 3,6%-ға көп.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 19,3 млрд. теңге құрады немесе 2015 жылғы деңгейіне 72,1%.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 10,1 млрд. теңге құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 7,4%-ға аз.

Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 89,1% тиесілі немесе 351,3 млрд. теңге, бұл 2015 жылдың деңгейінен 9,7%-ға көп.

Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 4,5 млрд. теңге (2015 жылдың деңгейіне 41,7%), қарыздар есебінен 9,1 млрд.теңге (2015 жылдың деңгейіне 76,4%) құрады.

275,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2015 жылғы деңгейіне 105,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 96,3 млрд. теңге құрады немесе 2015 жылғы деңгейінен 5,5%-ға көп.

Көлік. 39,5 млн. тонна жүк және 433,9 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2015 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 100,0% және 99,4%.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 123,4 млрд. теңге немесе 2015 жылдың деңгейіне 117,4% құрады.

80,6 мың тонна ет (тірі салмағында) өндірілді немесе 2015 жылдың деңгейіне 104,0% құрады, сүт – 227,3 мың тонна (100,6%), жұмыртқа – 153,6 млн. дана (102,6%).

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мүйізді ірі қара мал саны -5,5%-ға (оның ішінде сиыр – 11,4%-ға), қой – 2,5%-ға, жылқы 11,5%-ға көбейді.

Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 253,0 млрд. теңге, 2015 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 99,4% құрады.

Бағаның өсуіне байланысты халықтың тұтыну белсенділігінің төмендеуінен бөлшек тауар айналымының көлемі азайды. Бөлшек сауда құрылымында тұтынушылар сұранысы азық-түлік тауарлары сұранысының ұлғаю жағына ауысты.



Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 108,7% құрады (республикалық көрсеткіш – 108,5%).

Азық-түлік тауарларының бағасы 9,6%-ға өсті, (республикалық көрсеткіш – 9,7%-ға). Құс етінің бағасы – 7,0%-ға, ұн – 7,2%-ға, сиыр еті – 7,4%-ға, кондитер өнімдері – 10,2%-ға, жемістер – 10,9%-ға, май және тоң май – 11,7%-ға, алкогольсіз ішімдіктер – 20,5%-ға, тұқым – 22,1%-ға, жарма - 26,2%-ға, нан 34,2%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 108,2% құрады (республикалық көрсеткіш – 109,5%). Тұрмыстық құралдар – 7,6%-ға, киім мен аяқ киім – 8,4%-ға, автомобильдер – 9,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар – 11,2%-ға, фармацевтикалық өнімдер 17,6%-ға қымбаттады. Бензин – 4,9%-ға, дизель отыны 38,5%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 8,3%-ға өсті (республикалық көрсеткіш – 6,1%-ға). Салқын су тарифтері – 17,2%-ға, ыстық су, орталықтандырылған жылыту – 27,7%-ға, кәріз 40,7%-ға өсті. Амбулаториялық қызметтер – 9,0%-ға, білім беру – 11,1%-ға, стоматологиялық қызметтер – 14,5%-ға, байланыс қызметтері – 1,1%-ға, соның ішінде халықаралық қоңыраулар қызметінің бағасы 32,5%-ға қымбаттады. Жолаушылардың темір жол көлігінің қызметтері – 11,1%-ға, жолаушылардың әуе көлігі 6,6%-ға қымбаттады.

Шағын және орта кәсіпкерлік. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 40,4 мың бірлікті құрады, бұл 2016 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,2%-ға көп.

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 97,3 мың адамды құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезең деңгейінен 10,0%-ға аз.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 847,5 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өндірілді, бұл 2015 жылғы тиісті кезең деңгейіне 99,5%.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 1,5 млрд. теңге бағытталды.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда БҚО бойынша Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен жалпы сомасы 22,1 млрд. теңгеге 130 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 919,0 млн. теңге, моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 152,1 млн. теңге кредиттер бөлінді.



Қаржылар. Мемлекеттік бюджетке 254,2 млрд. теңге жиналды (болжамға 111,2%), бұл 2015 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 36,5%-ға көп.

Республикалық бюджетке түсімдер 180,8 млрд. теңгені құрады (болжамға 108,7%), бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен 45,0%-ға көп.

Жергілікті бюджетке 73,4 млрд. теңге түсті (болжамға 117,9%), бұл 22,8%-ға көп.

Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2016 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 1503,8 млн. теңгеге көбейді және 4400,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша – 3697,8 млн. теңге (1287,9 млн. теңгеге көп), жергілікті – 702,6млн. теңге (215,9 млн. теңгеге көп).

Еңбек нарығы. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 1772 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,5% құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезең деңгейінде.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12046 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 998, өнеркәсіпте – 272, құрылыста – 1106, көлік және қоймалауда – 293, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 1804, білім беру – 209, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 142, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 1260, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 5962. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 6897-і (57,3%) – ауылдық жерде.



13888 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде жұмыспен қамту бөлімдері арқылы – 9914 адам, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы аясында – 3974 адам. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлікте 5385 адам жұмысқа орналасты.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 7185 адам жіберілді.

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1326 адам жолданды, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының аясында - 628 адам.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1015 адам орналастырылды, соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының аясында – 454 адам.

Кедей отбасылардың саны 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 566 отбасыны құрады және 2016 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 163 отбасыға азайды.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық еңбекақы 134660 теңге құрады, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен 19,2%-ға көп.



Білім беру. Облыстың білім беру мекемелерінің саны 395 мектепті құрады (95518 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 391 (95438 оқушы), мемлекеттік емес – 4 (80 оқушы). 384 күндізгі мектеп (94369 оқушы), 4 кешкі ауысымды мектеп (485 оқушы), 3 арнайы мамандандырылған мектеп (584 оқушы) жұмыс істейді.

Облыста 166 балабақша, 52 «мектеп-балабақша» кешені және 256 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 29,3 мың бала немесе 63,6%-ын 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 99,7%-ын 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.

58 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 57,7 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 61,2%-ын құрайды.

3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 11 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда 121 отбасында 159 бала патронаттық тәрбие алуда.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 19,9 мың адам оқитын 38 бірлік құрайды, соның ішінде 27 мемлекеттік, 11 мемлекеттік емес колледждер.

Білім беру саласының 2016 жылғы бюджеті 54,6 млрд. теңгені құрады.

Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 13102 компьютер бар немесе бір компьютерге 7 оқушыдан келеді.

2015-2016 жылы 4514 мектеп бітірушісінің ҰБТ түрінде өткен орта мектеп курсының қорытынды аттестациясынан 3322 оқушы өтті, бұл жалпы мектеп бітірушілердің 73,59%-ды құрады. ҰБТ-дың орташа баллы 82,11 құрады.

«Алтын белгіге» 192 үміткер болса, олардың 90-сы немесе 46,87% өз білімдерін қорғады.

«Үздік аттестатқа» 77 үміткерден 24-і немесе 31,16 % өз бағаларын қорғады. 100-ден жоғары балл жинаған түлектер саны - 586 немесе жалпы ҰБТ-ға қатысушылардың 17,64%-ы .

Денсаулық сақтау. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 46 заңды нысанды құрайды.

Облыста 1577 дәрігер және 5671 орта медицина қызметкері (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді.

3574 бюджеттік кереует орын, соның ішінде БҰДСЖ (бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі) аясында 2476 кереует орын жұмыс істейді.

Облыста дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 442 дәріхана ұйымдары арқылы жүзеге асырылады, соның ішінде ауылдық жерде – 215.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулез аурушаңдылығы (100 мың тұрғынға) – 17,3%-ға, қатерлі ісік ауруларынан өлім (100 мың тұрғынға) – 0,3%-ға, бала өлімі (1000 тірі туылғанға) 8,4%-ға төмендеді. 2 ана өлімі оқиғасы тіркелді.

Денсаулық сақтау саласының 2016 жылғы бюджеті 27,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер – 17,9 млрд. теңге. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемінің қаражаттары 24,8 млрд. теңгені құрады.



Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 744 нысан құрайды, соның ішінде 391 кітапхана, 275 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 33 киноқондырғы, 19 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 8 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығырмашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.

Мәдениет саласының 2016 жылғы бюджеті 7,1 млрд. теңге құрады.

Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1545 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 5 жүзу бассейні, 11 спорт кешені, 276 спорт залы, спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 101 ату тирі, 964 жазықтық ғимарат, 152 бейімделген спорт залы, 20 теннис корты, 3 хоккей корты.

Облыста 24 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 11 спорт клубы, соның ішінде 3 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.



Дене шынықтыру және спорт саласының 2016 жылғы бюджеті 4,1 млрд. теңге құрады.


жүктеу 106,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау