соңында бауыры мен көкбауыры ұлғаяды, холурия, терінің қышуы, нәжісінің түссізденуі сияқты
белгілер пайда бола бастайды.
Лабораториялық зерттеулер жүргізген кезде зәрде уробилиноген анықталады. Қанда АЛТ-
ң белсенділігі жоғарылап, HВsAg, HВeAg және анти HBc IgM табылады.
Сарғаю кезеңі көбіне 3-4 аптаға созылады да клиникалық белгілердің тұрақтылығымен
сипатталады. Сарғаю кезеңінің өзінде клиникалық белгілердің айқындалуы, максималды дамуы
және бәсеңдеуі болады.
Сарғаю ең алғаш ауыздың шырышты қабатында (таңдайда, тілдің астында) және көздің
ағында байқалады да, кейіннен бетіне, денесіне және аяқ - қолына тез жайылады. Сарғаюдың
басталуымен холурия және нәжіс ахолиясы үдей түседі.
В гепатиті кезінде, А гепатитінен айырмашылығы, сарғаю кезеңінде улану белгілері:
әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, басының ауыруы, ұйқысының бұзылуы, жүрегі айну, құсу
сияқтылар өрши түседі. Бауыр ұлғайған, беті тегіс, пальпациялағанда аздап ауырады,
консистенциясы жұмсақ. Аурулардың 1/3 бөлігінде көк бауыры ұлғайған болады.
Жүрек және қан тамырлар жүйесі жағынан артериалды гипотензия, брадикардия, жүрек
үнінің бәсеңдеуі, систоликалық шу байқалады. Бұл өт қышқылдарының ваготоникалық әсеріне
байланысты дамиды.
Нерв жүйесінің зақымдалуы бас аурумен, күндізгі ұйқышылдықпен, түнде
ұйқысыздықпен, эйфориямен, ашуланғыштықпен көрінеді.
Сарғаюдың басылу кезеңінде улану белгілерінің азаюы байқалады. Жазылу кезеңі 2-12
айға созылады да, клиникалық белгілердің біртіндеп жойылуымен жүреді. Кейде бауырлық
тесттердің жоғарылауы, астения белгілері, вегетативті бұзылыстар, оң жақ қабырға астындағы
жағымсыз сезімнің ұзаққа созылуы мүмкін.
Қанда лейкопения, лимфо-моноцитоз анықталады. ЭТЖ 2-4 мм/сағ дейін төмендейді,
жазылу кезеңінде 18-24 мм/сағ дейін көтеріліп, кейін қалпына келеді.
Гипербилирубинемия А гепатитімен салыстырғанда әсіресе сарғаюдың 2-3-і аптасында
жоғары және тұрақты болады. АЛТ-ң белсенділігі тұрақты түрде жоғары болады. Ал тимол
сынамасының жоғарылауы сирек кездеседі.
Клиникалық-функционалды өзгерістердің дәрежесі аурудың ауырлық дәрежесімен сәйкес
келеді.
В гепатитінің жеңіл түрінде улану белгілерінің көрінуі ұзақ емес, сарғаю қысқа (1-2 апта)
болады да, АЛТ белсенділігі аздап көтеріліп, аздаған диспротеинемия байқалады, билирубиннің
мөлшері 85-100 мкмоль/л.
Орташа түрінде улану белгілері айқындала түседі, сарғаю айқын білініп, ұзағырақ
созылады (билирубинемия 200-250 мкмоль/л) бауырдың функционалды проборларының жоғары
болуы байқалады.
Ауыр түрдегі гепатит кезінде бауырлық улану белгілері айқын болады да әлсіздікпен,
адинамиямен, тамаққа зауқы соқпай тамақтың иісінен жүрегінің айнуымен, құсумен сипатталады.
Науқастар ашуланғыш болып келеді, кейде еске сақтау қабілеті төмендейді. Гепатиттің
ауыр түрде өтіп жатқанының белгісі – геморрагиялық синдром. Көбіне мұрыннан қан кетумен,
теріде петехиялардың пайда болуымен, инъекция жасаған жерлердегі қан құюлулармен
сипатталады. Кей жағдайларда асқазан-ішек жолдарынан, әйелдерде - метрорагия дамуы мүмкін.
Бауырдың қызметін көрсететін зерттеулердің нәтижелері өте қатты өзгереді
(билирубинемия, диспротеинемия мен ферментемия дәрежелері жоғарылайды), қан ұйыту
факторларының деңгейі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: