Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру



жүктеу 169,38 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі169,38 Kb.
#2995

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы « 17» шілдедегі
№ 256/7 қаулысымен
бекітілген

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті:

1) ветеринариялық мақсаттарға арналған ветеринариялық препараттарды өндіруге лицензия беру – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет);

2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасына лицензия беру – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан


әрі – ЖАО) көрсетеді.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Комитет пен ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) кеңселері, сондай-ақ www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген


кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын берген кезде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, оны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берген кезде лицензиялық алым 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 10 %, бірақ 4 АЕК-тен артық емес құрайды;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлемеден 100 % құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Жұмыс кестесі:

1) Комитет – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі жұма аралығында сағат
13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) ЖАО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі жұма аралығында сағат


13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) лицензияны алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;



2) лицензиясы бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

қызметтің кіші түріне қойылатын, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

3) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

еркін нысандағы өтініш;

лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжаттың көшірмесі.

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;

4) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалту, бүлдіру туралы еркін нысандағы өтінішті;

лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымды бюджетке төлеуді растайтын құжатты ұсына отырып жүгінеді.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.



Жеке басын куәландыратын құжаттарды, лицензия туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушілерден талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі және оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:



1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

10. Мыналар:



  1. Қазақстан Республикасының заңдарында осы санат субъектілері үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

  2. қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

  3. көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

  4. келісуші мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге келіспеуі;

  5. көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

  6. сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензиялар алуға тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым:

1) Комитет басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15 не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63;

2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша ЖАО басшысының атына беріледі.



Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не Комитеттің, Министрліктің және ЖАО кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, Комитеттің, Министрліктің және ЖАО кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін Комитеттің, Министрліктің және ЖАО басшысына жолданады.

Комитеттің, Министрліктің және ЖАО атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не Комитеттің, Министрліктің және ЖАО кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеті» арқылы қолжетімді болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.


_____________________
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға
заңды/жеке тұлғаның
өтініші
____________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, БСН/жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің


тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
____________________________________________________________________

(қызмет түрін және (немесе) қызметтің кіші түрін көрсетіңіз)

___________________________________________________________________________________________________________________________қызмет түрімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын.
Мекенжайы __________________________________________________________

(индекс, облыс, аудан, қала, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)

____________________________________________________________________

Банктік шот_________________________________________________________

(банктің атауы және орналасқан жері, шот нөмірі)

Филиалдары (өкілдіктері, объектілері, пункттері, учаскелері)________________

____________________________________________________________________

(орналасқан жері және деректемелері)


Қоса беріліп отырған құжаттар:_________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________
Басшы____________________________________________________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))


Мөр орны 20__ жылғы ______________

Өтініш 20__ жылғы _____________ қарауға қабылданды

_________________________________________________________________

(жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))



__________________




«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша



Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары


Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1.

Заңды тұлғаның штатында «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімі бар мамандар (кемінде бір ветеринар дәрігер немесе фельдшер) (тегін, атын, әкесінің атын қамтитын, бірінші басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген жиынтық кесте);

Мамандардың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, оларда дипломның, диплом бойынша мамандығының болуы, оқу орнының атауы, бітірген жылы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны




2.

Жеке тұлғаның «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімі;

Дипломның, диплом бойынша мамандығының болуы, оқу орнының атауы, бітірген жылы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны




3.

Меншік нысанында немесе өзге заңды негізде өндірістік үй-жайлар (өндірістік үй-жайларға құқық белгілеу құжаттарының көшірмелері немесе жалға алу шарты, салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелері).

Мыналардың:

  1. меншік құқығында өндірістік үй-жайлардың;

  2. үй-жайды жалға алу шартының немесе меншік иесінің үй-жайға меншік құқығын растайтын құжаттың болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

Деректерді «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасынан алу мүмкіндігі болған жағдайда жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамасы туралы ақпарат ұсынылмайды

Ветеринариялық мақсаттарға арналған препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде

4.

Ветеринариялық препараттар өндіруді регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттама (өндірушінің басшысы бекіткен, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган тіркеген ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі нұсқаулықтар, өндірілетін немесе өткізілетін ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттар, ветеринариялық препараттарды қолдану жөніндегі нұсқау, микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штамдарына арналған паспорт);

Нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны




5.

Өндірілетін ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттарға сәйкес ветеринариялық препарат өндіру үшін «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен технологиялық, өлшеу және сынақ жабдықтары;

Тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен технологиялық, өлшеу және сынақ жабдықтарының болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны




Жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы бойынша ветеринария саласындағы қызметтің кіші түрін жүзеге асыру кезінде

6.

Сынақтар әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттар (стандарттар, әдістемелік нұсқаулар), сондай-ақ жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын өткізу үшін «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен өлшеу, сынақ жабдықтары;


Нормативтік құжаттардың, тексеруден және (немесе) калибрлеуден өткен сынақ жабдықтарының болуы туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны





_______________________
жүктеу 169,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау