Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет21/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99

44 
 
Олардың  тағдыры  мен  рухани  қызығушылықтарының  бір-біріне  ӛте  ұқсастығы 
адамды  таң  қалдырады.  Әр  түрлі  экспедициялардың,  этнографиялық  кӛрмелердің, 
мұражайлардың  тапсырмасын  орындай  жүріп,  жинастырушылық  әрекет,  кейде  хоббиге 
айналып,  бұл  адамдар  ӛз  ісіне  берілгендіктің  нағыз  үлгісін  кӛрсетті.  Бір  ӛкініштісі, 
осындай  қазақтың  кӛне  мұраларын  талмай  іздестіріп,  жинастырғандар  жайында  ӛте  аз 
білеміз, ӛйткені олардың есімі Кеңестік ӛкіметтің оларды тап жауы, пайдакүнем, ауқатты 
бӛлігінен  шықты  делінген  қӛзқарасына  қарай  жазықсыз  ұзақ  уақытқа  ұмыт  болғандығы. 
Міне, осындай тұлғалардың: Жәңгір ханды, сұлтан Шыңғыс Уәлихановты немесе далалық 
ӛлкеде  зор  беделге  ие  болған  Мұса  Шормановты,  Мұхамед-Салық  Бабажановты  –  шын 
ниетімен патшаға қызмет еткендерімен, басқалардан бұрынырақ ӛз халқының мәдениетін, 
оқу-ағартуын  кӛтерудің  қажеттігін  түсінгенін  айтуымыз  керек.  Осы  мақсатқа  жету  үшін 
қызметке  ұмтылуын  және  де  басқа  күналарын  іздестіріп,  оларды  айыптау  шын  мәнінде 
дұрыс емес. 
Міне,  сондықтан  да  этнографиялық  ізденістердің  революцияға  дейінгі  кезеңдегі 
басында тұрғандардың еңбегі нақты бағасына ие болуға тиіс.  
Ал,  қазіргі  кезеңге  келер  болсақ,  ӛскелең  ұрпақтың  ақыл-ойы  мен  жүрегіне 
бұқаралық  мәдениеттің  ықпалының  күшейуі  кезінде,  алдыңғы  шепке  тарихи -мәдени 
мұраларымызды  сақтап  қалу  мәселесі  шығады.  Оның  бірнеше  себептерін  кӛрсетсек: 
ұлттық  құндылықтарға  әр  түрлі  қатерлі  қаупі  бар  әлеуметтік  саладағы  жаһандық 
ӛзгерістердің  стандарты,  жаңа  мәнге  айналуы  (модернизация),  қалаландырылуы 
(урбанизация) тұрғындар ӛмірінде кӛрініс беруде. Бұны есепке алу қажет, алдын алу керек
бәрін  жойып,  жоқ  қылып  жіберетін  уақыттың  қуатты  құралына  айналмауына  күш  салу 
қажет.  
Кезінде  қазақтың  оқыған,  білімді  азаматтары  отарлық  езгінің  құрбаны  болып 
кетпеудің бір жолы ата-бабалар дәстүрін, тілін, дінін және ділін сақтап қалу деп түсінген 
еді.  Алаштың  туын  кӛтерген  қазақтың  интеллектуалды  элитасы  да  ӛткен  тарихты,  тілді, 
әдебиетті  насихаттап,  ӛз  қаржыларына  шығарған  мерзімдік  баспасӛз  беттерінде  ӛткір 
мақалалар  жариялаған  еді.  Олар  қай  жерден  кемістік  кӛрсе  соны  бүтіндеуге  ұмтылды, 
қандай  мамандықтар  жетіспесе  соның  орнын  толтыруға  бар  күштерін  салды.  Бірде 
тарихшы, бірде этнограф,  керек  кезінде оқулық жазушы педагог, ағартушы-ғалым,  кейде 
публицист-ақын,  жазушы.  Әйтеуір,  қазақтың  жаны  мен  малы,  дәстүр-салты  мен  тілі, 
тарихы  мен  әдебиеті  қалай  сақталып,  дамиды  деген  іс-әрекеттің  белсенді  жетекшілері 
болды.  Солардың  ішінде  этнографиялық  арнайы  ізденістер  жүргізбесе  де,  оның 
қажеттілігін  түйсігімен  сезінген  қазақ  зиялылары,  атап  айтқанда  Ә.Бӛкейханов, 
А.Байтұрсынов,  Х.Досмұхамедов  және  т.б.  20-шы  жылдардың  басында  «Қазақстанды 
зерттеу  қоғамының»  құрылуына  [1]  қолдау  кӛрсетіп,  оның  сан-түрлі  қызметіне  белсене 
араласып,  талқылар,  дәрістер  ӛткізіп,  зерттеулер  жүргізген.  Олардың  Кеңестік  кезеңдегі 
Қазақстан  ғылымының  дамуына  қосқан  үлесі  де  бар.  Алғашқы  этнографиялық  ізденіс-
талпыныстардың  ұшқыны  сол  кезден  кӛрініс  берген  еді.  Міне,  сондықтан  да  ата-баба 
мұраларын,  кӛздің  қарашығындай  сақтап,  жинастырып  келесі  ұрпаққа  аман-сау  жеткізу 
ӛзекті мәселе болып табылады. Бұл жерде этнографияның кӛтерер жүгі зор болмақ.  
Жоғарыда  аталғандармен  қатар  этнографияның  дамуына  үлес  қосқандардың  бірі  – 
Сырдария  әскери  губернаторының  кеңсесіндегі  ерекше  тапсырмалар  бойынша  шенеунік, 
тілмаш,  ал  кеңестік  кезеңде  –  Ташкенттегі  САУ  профессоры  Әбубәкір  Диваев  болды. 
Оның  шығармашылық  мұрасы  –  қазақ  ауылының  маңызды  кӛріністерін,  бала  тәрбиесін, 
жастардың ойын-сауығын ұйымдастырылуын, үйлену тойы, жерлеу рәсімдерін жан-жақты 
және толығымен қамтыған. Шығыстанушы, түркітанушы ретінде ол қазақтардың дәстүрлі 
салттары мен жоралғыларының мәселелерімен айналысқан [2].  
Сонымен біз,  қазақ жеріндегі этнографиялық  ізденістердің бастауларына шолу жасай 
келе,  оның  кеңестік  кезеңге  дейін,  тіпті  кеңес  ӛкіметінің  Ұлы  Отан  соғысына  дейінгі 
кезінде  этнографиялық  зерттеулердің  кәсіби  деңгейде  арнайы  ғылыми  мекемелер  жүйесі 
арқылы  жүргізілмегеніне  кӛз  жеткіздік.  Оған  деген  мүмкіндіктер  кеңес  ӛкіметінің 


45 
 
Қазақстандағы  ғылыми  мекемелердің  ашылуына  жағдай  жасап,  этнограф  ғалым-
кадрларды  дайындауынан  басталды  десек  те  болады.  Алғашқы  этнографиялық 
ізденістердің  басында  Мәскеу,  Ленинград  ғалымдарынан  тәлім  алған  Н.Сәбитов  тұрды. 
Қазақстандағы  этнографиялық  жұмыстарды  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  Тарих, 
археология және этнография институтының этнография секторы атқаруға тиіс болды [3].  
Кеңестер  Одағындағы  этнограф  кадрларының  жетіспеушілігін  және  олардың  кәсіби 
мамандығын  жетілдіру  туралы  профессор  С.П.  Толстов  ӛз  кезінде  ерекше  айтып  ӛткен 
болатын:  «Подготовка  этнографических  кадров,  особенно  национальных,  находится  в 
неудовлетворительном  состоянии.  Организованная  подготовка  этнографических  кадров 
через  специальные  кафедры  университетов  отсутствует,  за  исключением  Московского  и 
Тбилисского университетов» [4]. 
Кадрлардың  тапшылығы  кезінде  осындай  үлкен  істі  басқару  Н.Сәбитовке  жүктелді. 
Этнография секторы ӛз жұмысын 1946 ж. қаңтарынан бастады. Оның құрамы үш адамнан 
-  бӛлім  меңгерушісі  мен  екі  кіші  ғылыми  қызметкерден  тұратын.  Сектордың  бӛлім 
меңгерушілігіне  филология  ғылымының  кандидаты  Н.Сәбитов  тағайындалды.  Ол  ӛз 
жұмысы  барысында  екі  этнографиялық  экспедиция  ұйымдастырды.  Оның  бірі  Шығыс 
Қазақстан  мен  Семейге  (1946  ж.),  екіншісі  Алматы  мен  Талдықорған  облыстарына  (1947 
ж.). 
Алматы  мен  Талдықорған  облыстарына  жасалған  этнографиялық  экспедиция, 
Кеңестер  Одағының  Ғылым  академиясының  Этнография  институты  ұйымдастырған, 
кешенді антропологиялық-этнографиялық экспедициясының құрамында әрекет етті, оның 
жетекшісі тарих ғылымының докторы Н.Н. Чебоксаров болды.   
Н.Сәбитовтың  бӛлім  меңгерушісі  және  этнограф-ғалым  ретіндегі  қызу  еңбегі 
басталып  кетті.  Жаңа  ашылған  этнография  секторына  қазақтың  ұжымшарлық(колхозды) 
ауылының  мәдениеті  мен  тұрмысын  жүйелі  түрде  зерттеу  жүктелді.  Бұл  кезде  жалпы 
Орталық  Комитеттің  қаулысы  бойынша  1946-1950  жылдарға  арналған  халық 
шаруашылығын  қалпына  келтіру  және  дамуының  бесжылдық  жоспары  қабылданған 
болатын.  Соғыстан  кейінгі  қираған  шаруашылықты  қалпына  келтіру  барысында  партия 
басшыларына жаппай саяси жұмыстарды жүргізе отырып, ұжымшарлардағы үгіт-насихат 
жұмысын да жүргізу кең ауқымда қолға алынған болатын [5].  
1946  ж.  Қазақстан  Ғылым  Академиясы  Президиумының  шешіміне  сәйкес  Шығыс 
Қазақстан мен Семей облысына құрамында екі  қызметкері бар (М.Оралов  – жетекші және 
Д.Рахметов)  этнографиялық  экспедиция  ұйымдастырылды.  Экспедицияның  мақсаты 
зерттеуге  алынған  аудандарда  қазақтардың  кӛшпенді  шаруашылығы  мен  тұрмысын, 
рулық  құрылысын  (рулық  және  тайпалық  бӛлінісі)  және  соларға  байланысты  әдет-
ғұрыптарын  зерттеу  болатын.  Н.Сәбитовтың  этнографиялық  экспедицияның  жұмысы 
жайында  жазған  есептік  баяндамасында  экспедиция  мақсатына  тоқтала  келіп,  ол  алға 
қойылған мәселе бойынша толық мәлімет жинауды емес, оның бағыт-бағдарын айқындап
үлкен зерттеуге жол ашуды мақсат етті дейді [6]. 
Экспедиция  аталған  облыстардағы  қазақтардың  шаруашылығы  мен  ӛмір-тіршілігін 
зерттей  отырып,  олардың  кӛрші  халықтармен  мәдени-тарихи  байланысын  қарастырды. 
Сонымен  қатар  халық  ауыз  әдебиетіндегі  (аңыздар,  мысалдар,  мақал-мәтелдер  т.б.) 
бұрынғы  және  қазіргі  жергілікті  халықтың  зерттеліп  отырған  облыстардағы  тұрмыс-
тіршілігі жӛніндегі мәліметтерді жинастырды.  
Далалық экспедиция жұмыстары үш ауданда: Зайсан, Тарбағатай (Шығыс Қазақстан 
облысы)  және  Ақсуатта  (Семей  облысы)  жүргізілді.  Негізгі  жұмыс  екі  айға  созылды 
(шілде-тамыз). Экспедиция мүшелері Махмұд Оралов пен Дүйсен Рахметовтар жергілікті 
тұрғындардың шаруашылығы мен тұрмысы жайында мәліметтер жинады. Сонымен қатар 
қазақтардағы  ою-ӛрнектердің  кӛптеген  үлгілерін  алып,  ауыз  әдебиеті  бойынша  кӛп 
мәліметтерді жазып алды. Н.Сәбитов жинақталған мәліметтерді талдап, оларға сипаттама 
беріп, мақала жариялады [7].  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау