46
Жоғарыда айтылғандай экспедицияның негізгі қамтыған аудандары шығыс және
оңтүстік-шығыс болды. Мұндай таңдау кездейсоқ емес еді. Қазақстанның шығыс және
оңтүстік-шығыс облыстары этнографиялық жағынан ешқашан зерттелмеген деп айтуға
болады. Бұған дейін 1927 ж. этнолог С.И. Руденконың Зайсанға барғанын ғана айтуға
болады. Атап кеткен облыстардың тұрғындары басқа облыстармен салыстырғанда
шаруашылығы жағынан да, мәдени-тұрмыстық жағынан да ӛз ерекшелігімен кӛрінеді [8].
Сонымен қатар Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс облыстары Алтай ӛлкесімен,
Батыс Моңғолиямен және Шыңжанмен шекаралас болып, тұрғындары бұрыннан ӛзара
қарым-қатынаста болған.
Бұл облыстардың кӛптеген аудандарында орыстар, украиндар, ұйғырлар мен
дүнгендер тұрады, олардан қазақтар кейбір шарушылық жүргізу тәсілдері мен мәдени-
тұрмыстық дәстүрлерді қабылдаған. Егер де мәселенің географиялық жағдайына келетін
болсақ, территориясы тау жоталары мен суға бай, кӛкорай-шалғынды, хайуанаттар
дүниесі де аса кӛп, бұл ӛз кезінде жергілікті тұрғындардың шаруашылығы мен тұрмыс-
тіршілігінің қалыптасуына әсер еткен.
1947 ж. кешенді экспедиция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан этнографтарымен
қатар Мәскеу, Ленинград этнографтары мен антропологтары қатысты: белгілі ғалымдар
Н.Н. Чебоксаров (экспедиция жетекшісі), В.В. Гинзбург және т.б.
Экспедицияның далалық жұмыстары екі отрядпен: Шелек, Кеген және Нарынқол
(Алматы обл.), Панфилов және Октябрь (Талдықорған обл.) аудандарында ӛтіп, тамыз-
қыркүйек айларын қамтыды. Мәліметтер жинау этнографиялық бағдарламаға сәйкес
жүргізілді. Қазақстан этнографтары негізінен рухани мәдениетпен айналысса, Мәскеу,
Ленинград этнографтары материалдық мәдениетпен айналысты [9].
Экспедицияның негізгі мақсаты қазақтар мен ұйғырлардың мәдениеті мен тұрмысын
жан-жақты зерттеу. Экспедицияның басты қарастырған мәселесі аталған халықтардың
этногенезі және жеке бір мәдени-тұрмыстық құбылыстардың дамуына байланысты және
олардың
кеңестік
құрылыс
жылдарындағы
трансформациялануының
тарихи-
этнографиялық мәселелері. Сонымен қатар экспедиция қазақтар мен ұйғырлардың
этникалық антропологиясы бойынша аса бай мәліметтерді жинақтады.
Экспедицияның
жұмысы
жайында
мынадай
мақалалар
жарияланды:
Н.Н. Чебоксаровтың «Комплексная антрополого-этнографическая экспедиция в
Казахстане»[10]және Н.Сәбитовтың «Этнографическая работа в Казахстане» [11].
Н.Н. Чебоксаровтың мақаласында зерттеуге алынған аудандардың материалдық мәдениеті
сипатталса, Н.Сәбитовтың мақалаларында рухани мәдениеті кӛрсетілген. Сонымен қатар
Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының
мұрағаты қорында этнография секторының меңгерушісі Н.Сәбитовтың баяндамасының
мәтіні сақталған [12]. Онда екі іс тіркелінген, негізгі мазмұны сол кездегі
экспедициялардың нәтижелері жайында айтылған: «Отчет о работе этнографической
экспедиции 1946 года Института истории, археологии и этнографии АН КазССР. Общие
замечание. Зав. сектором этнографии Н.Сабитов. 20. ХІІ. 1946 », «Доклад об итогах работы
этнографической экспедиции 1946 года Института истории, археологии и этнографии АН
КазССР. Зав. сектором этнографии Института истории, археологии и этнографии АН
КазССР Н.Сабитов. 15.V. 1947» [13].
Кеңестік кезеңдегі қазақ ұжымшарының шаруалары, тұрмысы мен мәдениеті тіпті
зерттелмеген «терро инкогнита» деп айта алмаймыз. 20-30 жылдардың ӛзінде-ақ
Қазақстан жерінде Мәскеу, Ленинград, Ташкенттен келген кӛптеген этнографиялық
экспедициялар мен этнографиялық отрядтардағы ғалымдар жұмыс істеді. Сонымен қатар
жергілікті ӛлкетанушылар мен этнографтар да кӛптеген жұмыстар атқарды. Бірақ та сол
жылдары жинақталып зерттелген, қорытындылары шығарылған дүниелердің кӛбі ең
алдымен ескіріп қалды, екіншіден олар ұлтшылдық және шовинистік идеялардың
ықпалына түсті, сонымен қате пікірлерге – қазақ шаруаларының кӛшпенді тұрмысының
мәңгілігі, яғни қазақ шаруасы кӛшпелі және жартылай кӛшпелі, экстенсивті
47
шаруашылықты сақтауға тиіс, оларды отырықшыға айналдыруға, егін шаруашылығына
кӛшіру қажет емес, тіпті қауіпті делінеді.
Шындығында сол кездегі этнографиялық шолулар біржақтылығымен, қазақ
халқының тарихын алдын ала ойластырған жалған мәліметтермен баяндауларға толы
болды. Егіншіліктің дамуы, қолӛнер, тұрақты мекен-жайлар, қалалар мен сәулет ӛнерінің
Жетісуда, оңтүстік және басқа да Қазақстанның түпкір-түпкірлерінде дами бастағанын
мүлдем ауызға алмады. Кӛшпелі қазақтар тапсыз қоғамның, алғашқы қоғамның тағылық
кезіндегі жабайы немесе жартылай жабайы деңгейіндегі адамдар ретінде кӛрсетілді [14].
30-шы ж. екінші жартысы мен 40-шы жылдардағы этнографиялық зерттеулер
Қазақстанда мүлдем тоқтап қалды. Бұған жеке басқа табынушылық әсер етті, дәл осы
кезде әлеуметтік және этнографиялық зерттеулер «буржуазиялық объективизмнің» яғни
буржуазиялық ғылымның сарқыншағына жатқызылған еді.
Жекелеген этнографтардың еңбектері кӛркемделіп, ӛмір шындығы тұмшаланып, аса
маңызды деген мәселелер қарастырылмады, мемлекеттің алдындағы ауыл шаруашылығын
дамыту мәселесі, ұжымшар мүшелерінің тұрмысын түзеу шараларын айналып ӛтті.
Әрине, сол кездегі ұжымшарлардың тұрмысы, материалдық жағдайы ӛте ауыр
болғандығы, ұжымшарларды құрудағы аса зор қателіктер мен асыра сілтеулердің орын
алғандығы шындық. Ұжымшар мүшелерінің тұрмысын жақсартуға, мәдениетін кӛтеруге
бағытталған іс-шаралар әдейі кӛзге ілінбеген де болатын. Этнография саласы бойынша
маман-кадрлар дайындау ісі де әлсіз еді. Мысалы, Қазақстанда сол жылдары маманданған
этнограф ғалымдар жоқ еді.
Қазақстандағы этнография ғылымы саласындағы елеулі ӛзгерістердің орын алуы мен
дамуы тек соғыстан кейінгі жылдары жүзеге асты. Бұл ең алдымен мамандардың, ғалым-
кадрлардың ӛсуінен ҚазССР ҒА Тарих институты жанындағы этнография бӛлімінің
ашылуынан кӛрінді.
Бұл мекеменің қызметкерлері аз ғана уақыттың ішінде қазақ халқының этногенезі,
рулық тарала орналасуы, мәдениеті, тұрмысы жӛнінде кең зерттеулер жүргізіп, кӛптеген
мақалалар, очерктер, монографиялар жариялады [14.6]. Біраз мақалалар мен
этнографиялық очерктер соның ішінде Н.Сәбитовтың аяқталмаған докторлық
диссертациясы Қазақстандағы ұжымшарлар тұрмысы мен мәдениетіндегі оңды
ӛзгерістерді зерттеуге алған.
Этнографиялық зерттеу нысанасын анықтау мен нақтылау ӛте ауыр және жауапты
нәрсе. Оның неғұрлым ғылыми негізделгендігінен және дұрыс шешімнің қабылдануынан,
соңғы нәтижесінің тиімділігі мен құндылығы, оны орындаушылардың ойға алған
жоспарды табысты аяқтап шығуына, этнография мен тарихтағы қордаланған мәселелерді
шешуге күшті әсері барын айта аламыз [14.8].
Зерттеу негізіне алынған қазіргі ұжымшарлардың территориясы, экономикасы мен
мәдениеті, тұрғындарының саяси және әлеуметтік жағдайының тарихы туралы мәліметтер
тым мардымсыз, үзік-үзік. Тіпті кеңестік кезеңнің 20-шы жылдары тарихи мұрағат
қорларындағы немесе жарияланған деректерде мүлдем қарастырылмаған. Бұлар
жайындағы мәліметтер ұжымшардағы кӛне кӛз ақсақалдар – Ақық Нұрмамбетов, Есбосын
Тынышпаев, Бибіқатыш Еркімбекованың, Боранбай Шәріпов, Сейдахмет Кебенеков,
Смағұл Қақабаев, Ашық Бесшоқпаров, Тәжібек және Жасыбай Егеубаевтар, Сағади
Жақыпбаев және т.б. естеліктерінен алынды [14.9].
Ұжымшарлардың тарихи топономикасын анықтау қиындықтар тудырады, ӛйткені
олардың атауы революцияға дейін де, одан кейін де, мекен-жайлардың аты жиі ӛзгерген
еді және жаңа поселкілер бұрынғыларынан қашықтау жерге орналастырылып, ескілері
мүлдем қараусыз қалып, ұмыт болатын. Бұл мәселеде, ескі ауылдардың кейбіреулерінің
ғана жолы болды, әсіресе Кеңес Одағының Компартиясының ХХІІ съезі атындағы
ұжымшарының орталығы Шұбарға. Осы ауылдың атының шығуы жайындағы мәліметті
Ақық Нұрмамбетов бұрын осы жерді мекендеген Таңбалы барыстар туралы аңызбен
Достарыңызбен бөлісу: |