128
сабақтар, математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктері,
математика үйірмелері, конкурстар, олимпиадалар болып табылады.
Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты
материалдар, әр түрлі қызықты тартымды есептер, математикалық софизмдер, саяхат
сабақтар мен ойындар сабақ үстінде ӛзінің орнын табуы керек. Мұндай есептер
оқушылардың математикаға деген ынта ықыласын арттырып, есептерді ӛздігінен шешуге
итермелейді, логикалық ой-ӛрісін дамытады [6].
Оқушылардың зейінін есеп шығаруға аударғанда, алға қоятын мақсат тек қана есепті
шығарып оның жауабын табу ғана емес, кез келген есепті шығара алу дағдысын
қалыптастыру болуы керек [7,8].
Сыныптан тыс жүргізілген қызықты математика сабақтарының нәтижесінде
математикалық кештер ӛткізіледі. Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың
кӛбін қамтитын жұмыс түрі. Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде ӛткізіледі.
Кеш мазмұны түрліше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сӛз жұмбақ, есеп, қысқаша
әзіл қойылым, интермедия, фокустар және т.б. болуы мүмкін [9].
Бүгінгі күні мемлекетіміздің ӛркениетке жету жолындағы ӛр талабына тұғыр
боларлықтай ұрпақ оқытуды, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық ӛзгерістер деңгейіне кӛтеруді
талап етіп отыр. Мектеп кұрылымында болып жатқан ӛзгерістер, білім беру
мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, кӛпнұсқалық
оқытуға кӛшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық,
жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Мұғалімнің негізгі мақсаты- математика және сыныптан тыс жүргізілетін қызықты
математика сабақтарында математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны
ӛздігінен оқытуға үйрету. Ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен
іздестіре отырып, ӛздері жаңадан «жаңалық» ашулары керек. Оқу процесі осылай
ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, оқушылардың сабаққа
деген ынтасы
;
артады. Жеке тұлғаны үйлесімді дамытуда, олардың шығармашылық,
белсенділік қабілеттері мен ізденістерін жетілдіруде қызықты математика сабағының
маңызы аса зор. Мұғалімнің оқушыларға математика негіздерінен білім беруі, басқа
ғылым салаларымен ұштастыруы, ӛзінің пәнге деген қызығушылығын ӛз оқушыларының
бойына сіңіре білуі қажет.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыга міндетті білім беру стандарты.-
Астана, 24 қаңтар 2014 жыл.
2. Назарбаев Н.Ә
. «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».-
«Егемен Қазақстан», 2014, 18 қаңтар.
3. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы».-«Егемен Қазақстан», 2010, 7 желтоқсан.
4.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,-«Егемен Қазақстан», 29.10.2011 ж.
5. Қосанов Б.М., Сағымбекова П. Тлеубаева Э.Ы.,
Математика курсындағы
шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. -Тараз
2014. -271 бет.
6. Сағымбекова П., Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы.
Бастауыш мектепте
математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы: практикалық және
зертханалық сабақтар.-Тараз, 2010.- 230 бет.
7. Сағымбекова П., Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы. Бастауыш сынып оқушыларын
есеп шығаруға даярлау әдістемесі. -Тараз, 2016. -85 бет
8. Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы., Тортаева А.С. Бастауыш сыныптардың
математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың әдістемесі. Жалпы білім
беретін мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдеріне арналған. - Тараз, 2013. -329 бет
9. Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы., Тортаева А.С. Бастауыш мектепте
математиканы оқыту әдістемесі. –Тараз, 2016.-234 бет