Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет63/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99

130 
 
танымдылық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  әр  студентті  оның  қабілеті  мен 
мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.  
Еліміздің барлық оқу мекемелерінде  білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы 
негізгі мақсат – жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, 
білімнің  мазмұны  да,  оған  қойылатын  талаптар  да  ӛзгереді.  Сол  себепті  қазір  жалпы 
барлық 
оқу 
орындарында 
оқытудың 
инновациялық-ақпараттық 
технологиялары  қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық 
жүйе  негізінде  оқу  орынның  оқушыларының  белсенділігін  арттыру,  ӛзіне  сенімділігін 
қалыптастыру,  танымдық-шығармашылық  қабілетін  дамыту  олардың  белсенділік-
сенімділік  сапаларын  диагностикалық  әдіс-тәсілдермен  анықтауға,  сабақта,  сабақтан  тыс 
уақытта ӛз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты 
кӛзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, белгілерін,  кӛрсеткіштерін 
анықтауға кӛмегін тигізеді. 
Кӛптеген  ғалымдардың  пікірлерін  ескере  отырып,  «болашақ  мұғалімнің  оқытудың 
қазіргі  ақпараттық  технологияларын  қолдануға  даярлығы»  ұғымын  біз  «мұғалімнің 
ақпараттық  технологияны  ӛз  іс-әрекетінде  қолдана  алуын  қамтамасыз  ететін 
педагогикалық  жеке  тұлғалық  қасиеті»,  -  деп  тұжырымдадық.  Осыдан  келіп, 
мұғалімдердің 
оқытудың 
ақпараттық 
технологияларын 
қолдануға 
даярлығын 
қалыптастыру  ынталық-қызығушылық,  мазмұндық,  процессуалдық  жєне  бағалау 
компоненттерін  біріктіретін  тұтас  интегративті  (кіріктірілген)  қызмет  болып  табылады 
деген пікірге келдік.  
Ынталық  –  қызығушылықкомпоненті  мұғалімдердің  қарастырып  отырған  мәселеге 
эмоционалдық  қатынасын,  құндылық  бағалау  кӛзқарасын,  ынта-ықыласын,  талап  -  тілегі 
мен сұранысын кӛрсетеді; 
 
Мазмұндықкомпонент  мұғалімдердің  оқытудың  ақпараттық  технологиясы,оныңмән-
мазмұны, ерекшеліктері, қолданудың әдіс-тәсілдері, амалдары туралы теориялық білімінің 
тереңдігі,  тұрақтылығымен  және  педагогикалық  талдау  жолдарын  теориялық  жағынан 
меңгеру деңгейімен сипатталады. 
 
Процессуалдықкомпонент  мұғалімнің  ӛзі  білетін  ақпараттық  технологияларын 
меңгеру әрекеттерінің тиімділігі және бағыттылығы, оны жүзеге асыру білігі мен дағдысы 
және осы мәселеде ӛзінің және ӛзгелердің дайындық дәрежесін бағалауымен анықталады;  
Технологиялық  мәдениетті  қалыптастыру  түрлі  деңгейден  және  оны  анықтайтын 
кезеңнен  тұрады.  Біздің  ойымызша,  оқытудың  қазіргі  технологияларын  қолдануға 
дайындауды  бағалау  ӛлшемдері  ынталық,  мазмұндық  және  қарым-қатынас,  іс-әрекет 
қағидаларына  негізделуі  тиіс.  Бұдан,    болашақ  мұғалімдердің  оқытудың  қазіргі 
технологияларын қолдануға дайындығын бағалаудың тӛмендегі ӛлшемдері айқындалады: 
а)  жаңа процеске тұтас эмоционалдық қатынасы (оқытудың қазіргі технологиялары 
туралы білімінің тереңдігі, тұрақтылығы); 
ә)  педагогикалық  процестің  мәнісін  түсініп,  оқытудың  қазіргі  ақпараттық 
технологияларының мазмұнын білуі; 
б) 
оқытудың 
қазіргі 
технологияларын 
меңгеру 
әрекеттерінің 
тиімділігін бағалап, педагогикалық  талдау   жолдарын   меңгеру деңгейі    (педагогикалық 
технология  элементтерін    -  жетекші  идеясын,  тұжырымдамасын,    нақты  әдіс-тәсілдерін 
білу); 
в)  мұғалімнің  оқытудың  қазіргі  ақпараттық  технологияларын  қолдана  білуі, 
қарастырып отырған мәселеге байланысты педагогикалық талдау іс-әрекеті. 
Болашақ  мұғалімдердің  технологиялық  мәдениетінің  орта  деңгейіне  -  оқыту 
барысында  қазіргі  ақпараттық  технологиянықолдануға  ынталы,  олардың  оқушыларға 
білім  берудегі  қажеттілігін,  маңызын  түсінетін,  алайда  ақпараттық  технологияларды 
сабақтың  ерекшелігіне  қарай  іріктеу,  қолдану  дағдысы  тұрақты  емес,  теориялық 
білімдерін тәжірибеде және ғылыми - әдістемелік жұмыстарда пайдалана алмайтынтындар 
жатады. 


131 
 
Жеткілікті  деңгейіне  –  оқытудың  қазіргі  ақпараттық  технологиясының  даярлығы 
жеткілікті,  оларды  оқу-тәрбие  процесінде  қолдана  білетін,  теориялық  білімі  мен 
практикалық дағдысын ғылыми – әдістемелік жұмыстарында мүмкіндігінше пайдалануға 
талпынатындар жатады. 
Жоғары деңгейіне - оқытудың ақпараттық  технологияларының теориялық негіздерін 
толық     меңгерген,      оларды оқу – тәрбие процесінде қолданудың маңызын, қажеттігін 
терең  түсініп,  шеберлікпен  жүзеге  асыра  алатын,  ӛзінің  және  ӛзгенің  іс-әрекетіне  сын 
кӛзбен  қарап,  бағалай  білетін,  ақпараттық  технологияны  сыныптағы  жағдайға  қарай 
икемдеп,  мүмкіндігінше  ӛзгертіп,  жаңалық  енгізіп,  мұғалімдердің  ақпараттық 
технологияларданқаншалықты  хабардарлығын,  ынтасын,  қолдану  дәрежесін  анықтауға 
пайдалана алатындар. 
Жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдерінің  оқу-тәрбие  процесінде  ақпараттық 
технологияларды  қолдануға  дайындығын  зерттеп,  анықтау  барысында  біз  алға  қойған 
міндеттерді  әңгімелесу,  сауалнама,  байқау,  бақылау,  эқсперимент,  іс  -әрекет  нәтижесін 
талдау, тест тағы басқа әдістерді пайдалана отырып шешуге тырыстық. 
Экономикалық  күшті  дамыған  елдердің  тәжірибесі  білім  беру  жүйесін 
ақпараттандыру  экономика,  ғылым  және  мәдениеттің  қарқынды  дамуының  негізгі  кілті 
екендігін  кӛрсетіп  отыр.  Ендеше  қазіргі  заманның  ақпараттық  технологиясын  игеру 
міндетіміз. Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғары оқу орындары тӛмендегідей 
жұмыстар атқаруға тиіс: 
1)  Мұғалімдерді    ақпаратты  қоғам  жағдайында  оқып  білім  алуға,  ӛмір  сүруге 
бейімдеу; 
2)  Жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияға  бейімделген  білім    
берудің  ғылыми-әдістемелік  базасын  жасау,  білім  саласын  басқарудың  жаңа  формалары 
мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту; 
3)  Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру 
жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру; 
4)  Білім    берудің  иллюстративтік  түсіндірмелі  жүйесінен  дамыта  оқыту  жүйесіне 
кӛшу.  Оқыту  үрдісінде  оқушы  шығармашылығына  негізделген  оқытуәдістерін 
пайдалануға түбегейлі кӛшу. 
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктер: 
•  білім сапасының тӛмендігі; 
•  білім  саласына  мемлекет  тарапынан  реформалар  жүргізілгенімен  оқудың 
нәтижесінің болмауы; 
•  директивтік   құжаттар   кӛптеп   шығарылғанымен оның мардымсыздығы; 
•  оқушылардың   ӛздігінен   білім   алу  дағдысының болмауы; 
•  оқушылардың  және  оқытушылардың  бірлескен  шығармашылық  еңбегінің 
болмауы [4,51б]. 
Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай ӛзгерістер білім 
беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл ӛзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана 
қоймай,оқыту  әдістемесінің  де  ӛзін  ӛзгерту  қажеттігін  туғызды.  Біздің  еліміздің 
дамуының  демократиялық  жолын  таңдап  алғандықтан  қазіргі  кезде  шешім  қабылдауға 
халықты  тартудың  да  маңызы  зор.  Бұл  аудиториядағы  жұмысқа  да  қатысты:  оқушылар 
сабақ кезінде мейілінше белсенділік  кӛрсетуге тиіс. Сонымен қатар сабақ үстінде оқушы 
мен  мұғалімнің  арасында  тығыз  қарым-қатынас  байқалса,  бұл  оқытуды  интерактивті  деп 
атауға  болады.  Әдетте  мұндай  қарым-қатынаста    оқушылар  әлдебір  мәселені  талқылап 
соның  шешімін  табуға  талпынған  маңызды.  Себебі  интерактивті  оқытудың  басты 
мақсатының ӛзі-оқушылардың ӛз бетінше ой қорытып жауап табуға үйрету.  Интерактивті 
технология ӛзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Сабақ барысында оқушының 
топпен  жұмыс  жасауға  қатыспауы  мүмкін  емес,  топтық  жұмыс  бірін-бірі  толықтыратын, 
сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын  ұйымдастыратын оқыту әдісі[5, 55б]. 
Интерактивті оқыту әдісімен оқытқанда оқушының: 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау