179
жағдайында гүлдеп, тұқым бере алмайды. Тіпті үй жағдайында гүлдейтін ӛсімдіктердін
кейбірі қолдан тозаңдандырылмаса ӛз бетімен ұрыктанып, жеміс бай-ламайды.
Гүл әуесқойлары ӛсімдіктерді тұқым арқылы кӛбейту әдісін негізінен жаңа сорттар
шығару үшін қолданады. Мұның себебі мынада: еркін тозаңданатын ӛсімдікдіктердің
тозандарын қабылдауы мүмкін. Олай болса тозаңдану нәтижесінде пайда болған тұқымнан
ӛнген ӛсімдіктің табиғаты ӛзара тозаңданған бұл екі ӛсімдіктің табиғаттарының біріне
немесе екеуіне де ұқсас болуы шарт. Сонда бірнеше жыл бойы осылай тозаңданудың
нәтижесінде ӛсімдік ӛзінің бастапқы қасиеттерінен азды-кӛпті айырылып, жаңа қасиетке ие
болады. Кейде вегетативтік жолмен кӛбейту үшін қажетті материалдар оңай табыла
бермейді. Немесе вегетативтік жолмен ӛсірілетін ӛсімдіктің қажетті саны жүздеген,
мыңдаған дана болуы мүмкін. Бұл жағдайда амалсыздан тұқым арқылы кӛбейтуге тура
келеді. Тұқымнан ӛсірілген ӛсімдікке қарағанда, қалемшеден ӛсірілген ӛсімдік тез ӛсіп
жетіледі.
Вегетативтік жолмен кӛбейту әдісінің кӛптеген түрлері бар. Солардың ішінде үй
жағдайында кӛбірек қолданылатындары: қалемшелеу, жуашық арқылы кӛбейту.
Қалемшелеп кӛбейту әдісі. Қалемше деп ұзындығын 3—8 см етіп кесіп алынған 2—3
жапырағы (не 2—3 бүршігі) бар сабақтың немесе тамырдың кесіндісін айтады. Сондай-ақ
кейбір ӛсімдіктердің жапырақтарын да қалемшелеуге болады. Қолайлы жағдай жасалса,
қалемшелер тамыр жайып, ӛсе бастайды.
Ӛсімдіктерді кӛктем айларында, олар ӛсе бастаған кезде калемшелейді. Қылқан
жапырақтыларды ағаш ӛсімдіктерін қалемшелеудің ең тиімді кезі — жаз айлары. Ылғи
кӛгеріп тұратын ӛсімдіктерді күз айларында да қалемшелеуге болады. Қысқы суық түскенше
мұндай қалемшелер тамыр жайып, ӛсіп үлгіреді. Басқа ӛсімдіктерді де осы кезде
қалемшелеуге болады. Бірақ олар күтімді кӛп керек етеді. Сондықтан оларға кӛбірек уақыт
пен еңбек жұмсауға тура келеді. Ӛсімдіктің қайсы бӛлігінен алынғанына қарай қалемшелер
орталық қалемше және ұштық қалемше болып бӛлінеді. Қалемшелердің осылайша екіге
бӛлінуінің себебі олардың сапасы түрліше болады. Сабақтың ұшынан алынған қалемше
сабақтың орта шенінен алынған қалемшеге қарағанда тез ӛсіп, ӛнеді. Қылқан жапырақты
ӛсім-діктердің калемшесі сабақтың ұшынан ғана алынады. Мұның себебі, сабақтың
ұшынан алынған қалемше біріншіден тез ӛседі, екіншіден, сырт пішіні басқаларынан гӛрі
жақсы болады. Қалемшенің тамырлануына қажетті бірінші шарт — ондағы тіршілік
процестерінің бәсеңдемеуі. Ол үшін қалемше жапырақты болуы керек. Бірақ қалемшедегі
жапырақ саны шамадан тыс кӛп болмауы тиіс, тым кӛп болса кері әсер етеді. Сондықтан,
кейбір үлкен
:
жапырақты үй ӛсімдіктерінің (фикус, монстера) жапы-рақтарының жартысын
кесіп тастайды немесе оларды бұрап жіппен буады. Бұл да жапырақтың кӛлемін кішірейту
әдісіне жатады. Қалай болса да қалемшедегі жапырақ саны 2—3 жапырақтан аспауы
қажет. Әйтпесе жақсы ӛспейді.
Қалемшені шеткі бүршіктерге таяу жерден қиғаштап кеседі. Қалемше кесетіи аспап
мүлтіксіз ӛткір болу керек. Ӛтпейтін аспап қалемшенің жаншылып, кесілген орнының тегіс
болмауына әкеп соқтырады. Зақымданған қалемше жерде шіріп кетеді. Ӛсірілетін
қалемшенің санына байланысты оған қажетті ыдыстын. да кӛлемі әр түрлі болады. Қандай
ыдыс болмасын оның түбінен артық су үнемі ағып кетуі үшін бір немесе бірнеше тесік
жасалады. Мүндай тесіктер ұсақ таспен не құмыраның сынықтарымен бітеледі. Қалемшені
әдетте уақытша ірі түйіршікті құмда ӛсіреді. Ол үшін алдымен ыдыс әзірлейді. Қалемше
отырғызуға арналған таза ыдыстың түбіне дренаж жасап, оның үстінен бір қабат кұм тӛсейді.
Келесі бір қабатына бақтың құнарлы топырағын тӛсеп, оның үстіне тағы бір қабат құм
салады.
Фикус сияқты үлкен жапырақты ӛсімдіктер қалемшесі топырақта ылғалдың артық
болғанын кӛтере береді. Тіпті олар судың ішінде тұрып та ӛсе алады. Сондықтан оларға
арналып әзірленген ыдыстағы топырақта құмның мӛлшері аз, ал ыдыстын түбі бітеу болса да
жарай береді. Отырғызар алдында қалемшенің кедергі жасайды-ау деп есептелген тӛменгі
бір немесе екі жапырағын түбіне таяп кесіп тастайды. Қалемше орнықты болу үшін
180
жапырақтарды байлап қоятын тіреу жасайды. Ол тіреуді құмырадағы жапыраққа енгізіп
бекітеді. Қалемшенің жапырағы тым үлкен болса, оны ықшамдап ұшынан кеседі.т
Отырғызарда оның тӛменгі бӛлігі сиятындай етіп, ыдыстағы құмның бетін шұқырлайды.
Шұңқырдың тереңдігі 1—2 см шамасынан аспайды. Ӛйткені құмырадағы кұмның бұдан
тӛменірек қабатында ауа әрдайым жеткіліксіз болады, сондықтан онда тамырдың пайда
болып қалыптасуы қиынға соғады. Мұны ӛсімдікті отырғызарда ескерген жӛн.
Қалемше отырғызған ыдысты қозғалмайтындай етіп, жарық жерге апарып қояды. Бірақ
құмыра қойылған орында жабынды әйнекке күн сәулесі тікелей түспеуі керек. Қалемше
жақсы ӛсуіне керекті температура + 25° шамасындай болады.
Ӛсірілетін қалемше біреу болса, оны түпкілікті ӛсетін ыдысқа бірден отырғызуға
болады. Ол үшін ыдыстағы топырақ мӛлшерін ересек ӛсімдікке керекті топырақтай етіп
дайындау керек. Қалемшенің оңай тамырлануына жағдай туғызу үшін оның орта шенін
шұқырлап қалыңдығы 2—3 см (жоғарыда аталғандай жолмен) құм себіледі. Сӛйтіп мұндай
ыдыста филлокактус, фуксия, хош иісті герань ӛсімдіктерін ӛсіруге болады.
Жапырақ қалемшелері мен тамыр қалемшелерін де осындай жолмен күтіп ӛсіреді. Бірақ
олардың қалемшелерін дайындау әдістері басқаша. Жапырақ қалемшесі. Кӛп жағдайларда
ӛсімдікті жапырақтарын қалемшелеу арқылы ӛсіру оларды басқа әдіспен ӛсіруге
қарағанда оңай да, тиімді де. Сондықтан да бүл әдіс — гүл ӛсіруші әуесқойларға кӛптен
мәлім әдістің бірі. Дегенмен, әрбір ӛсімдіктің ерекшелігіне карай жапырақ арқылы
калемшелеу әдісі де әр түрлі болып келеді. Мысалы, қалың жапырақты алоэ, бегония,
сондай-ақ гортензия, үй жүзімі және басқаларды қалемшелеудің ӛздеріне тән
ерекшеліктері бар. Олардың бұл ерекшеліктері әр ӛсімдікті жеке-жеке талдаған кезде
толық сипатталып, баяндалады
Басқа ӛсімдіктерге қарағанда, жапырағы арқылы оңай қалемшеленетін ӛсімдіктердің
бірі — бегония туыстарына жататын мәдени ӛсімдіктер түрлер_ Егер қажетті ӛсімдіктердің
саны онша кӛп болмаса, әрбір қалемшеде бір-бір негізгі жүйкеден қалатындай етіп, олардың
айырылатын жерінен ұзынынан ұсақ (пунктир сызықпен кӛрсетілген) етіп бірнеше тілімге
бӛледі де біржола құмыраға немесе уақытша басқа ыдысқа отырғызады. Егерде қажетті
ӛсімдіктің саны кӛп болса, онда жапырақтың алақанын жоғары қаратып, ылғалды құм
салынған кең ыдысқа отырғызады. Тамырлана бастаған жапырақ қозғалып, оның әлсіз
тамырлары зақымданбас үшін жапырақты әр жерінен топыраққа бастырып қояды. Кейде
жапырақты қолтық бүршігімен қоса қалемшелеп те ӛсіреді. Бұл әдіс аукуба, жүзім,
гортензия, раушан, цитрус ӛсімдіктеріне қолданылады. Осылай қалемшеленген кезде
сабақты да шағындап жапырақпен қоса кеседі. Мұндай қалемшелерді маусым, шілде
айларында ӛсімдіктер әбден жетілген кезде әзірлейді. Мұндай қалемшелер қатар аралығы 5
см, тереңдігі 2 см әдейі жасалған құм салған жәшікке отырғызылады. Жәшікті жылы орынға
қойып, үстін әйнекпен жабады. Бір айдың ішінде қалемше орнығып үлгіреді.
Бұл тәсілдің ең тиімді жері — қалемшелік материал аз жұмсалады, қанша жапырақ
болса, сонша қалемше алуға болады. Бұтақ қалемшелері арқылы кӛбейтуге келмейтін
ӛсімдіктерді де осы әдіспен оңай кӛбейтуге болады. Есте болатын бір жағдай — бұл әдіс
үшін қолтық бүршігі аса ескі де, жас та болмауға тиіс. Тамыр қалемшесі. Бұл әдіс тамырлары
бунақталған аралия, драцена, раушан ӛсімдіктерін кӛбейтуде колданылады. Ол үшін жеке
тамырды ұзындығы 4—6 см шамасындай етіп, бірнеше бӛлікке бӛледі де, тереңдігі 1—2 см
құмға кӛміп, парниктің ішіне орналастырады. Бұл ӛсімдік әбден тамыр жайып ӛсе бастағанан
кейін оларды жекелеп ыдысқа отырғызады. Кӛптен бері үйде ӛсіп тұрған ӛсімдіктер кейде
ыдысқа симай, ӛркен кӛк шығара бастайды. Мұндай ӛркен ӛсімдіктер тамырдың және кӛген
тамырдың жанама бүршіктерінен пайда болады. Оларға қорек жеткілікті болу үшін үдайы
ыдысты үлғайтып, топырақты молайтып тұр бір ыдыста бірнеше ӛсімдіктің ӛсіп тұруы аса
сәнді емес және оған қорек кӛп керек. Сондықтан ондай ӛсімдіктерді бӛліп жеке-жеке
отырғызады. Ӛркен ӛсімдіктерді бӛлуді ӛсімдіктерді кӛктемгі кӛшіріп отырғызу кезінде
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |