Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет90/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99

181 
 
Атпа  тамырларды  ажырату.  Кливия,  филлодендрон,  агапантус,  калла,  кордилина, 
камнеломка, хлорофитум сияқты ӛсімдіктердің тамырларындағы қосымша бүршіктерден жас 
ӛсімдіктер  ӛсіп  шығады.  Олар  тамыры  арқылы  аналық  ӛсімдікпен  байланысып,  одан  қорек 
алып  ӛсіп  нығаяды.  Осылай  ӛсіп  шыққан,  жас  ӛсімдіктерді  тамырына  зақым  келтірмей, 
аналық  ӛсімдіктен  бӛліп  алып,  басқа  ыдысқа 
отырғызуға  болады.  Түйін  тамырды  бӛлу.  Түйін 
тамырлы  бегония,  каладиум  сияқты  ӛсімдіктерді 
кӛбейту үшін олардың тамырын бірнеше бӛлікке бӛледі. 
Әр бӛлікте кем дегенде бір бүршіктен болуы керек. 
Тамырды  бӛлмес  бүрын  оларды  жылы  жерде 
тұрған топыраққа орналастырып ұдайы жылы су бүркіп 
тұрады.  Осыдан  кейін  тамыр  бүршіктері  ӛсе  бастайды. 
Ӛркеннің мӛлшері  әжептәуір  болғаннан кейін тамырды 
жоғарыда  айтылғандай  етіп  ӛткір  пышақпен  бӛліп, 
кесілген жеріне кӛмір ұнтағын себеді. 
Тұқымнан  ӛсіру.  Үй  ӛсімдіктерін  тұқымнан  ӛсіру  кӛктем  айларының  басынан 
басталады.  Күннің  ұзақтығы,    жылу  мен  жарықтың  молая  бастауы  тұқымнан  ӛнген  жас 
ӛсімдікке қажетті жағдайды жаксартып, еркін ӛсу мүмкіндігінше арттыра түседі. 
Тұқымнан  ӛсіріп  алынатын  ӛсімдіктің  қажет  мӛлшеріне  байланысты  тұқым  ӛсірілетін 
ыдыс та әр түрлі болады. Бұл үшін кӛбінесе ұзындығы 60 см, ені 30 см биіктігі 5 см түбінде 
су  сорығатьн  саңлауы  бар    ағаш  жәшік  пайдаланылады.  Мұндай  жәшік  қажетті  кӛшеттің  
саны кӛп болса ғана колданылады. Ал кӛшетті шағын мӛлшерде алу үшін  тұқымды кішірек 
ыдыска ӛсіруге болады.  
Тұқым ӛсіру үшін қажетті топырақтың құрамы мынадай  болады: бірдей мӛлшерде шым 
топырақ,  жапырақ  топырақ  және  құм    алынады  да,  олар  әбден  араластырылады.  Аралас 
қосынды  тұқымның  тез  ӛсіп,  та-  мырлануы  үшін  қолайлы  келеді.  Тұқым  себуге  арналған 
ыдысты алдын ала сабындап,  жылы сумен жуады. 
Кейіннен  іші-сыртын  ыстық  сумен   
шаяды. Түбіндегі саңылауды құмыраның сынығымен (дӛңес жағын жоғары қаратып жабады. 
Оның үстіне бір қабат ірі түйірлі құм тӛсейді де,  жәшікті  дайындалған топырақ қоспасымен 
толтырады.  Ептеп  тығыздап  артық  топырақты  тегіс  тақтаймен  сырып  тастайды.  Осыдан 
кейін топырақ толты-рылған жәшіктің үстіне бір қабат еленген топырақ салынады. Тұқымды 
себер  алдында топырақты мейлінше ылғалдандырады. 
Телу әдісі -бір ӛсімдіктің бүршікті бӛлігін екінші ӛсімдіктің денесіне ұластыру. Телуді 
кейде  трансплантация  деп  те  атайды.  Ӛз  тамырында  ӛсіп  тұрған  ӛсімдікті  телітуші  деп,  ал 
оған әкеліп ұластырылатын бүршігі бар бӛлікті  телінуші  деп атайды. Телу үшін ӛсімдіктер 
таңдап  алынады  да  бірнеше  мынадай  талаптар  орындалуы  қажет:  телінушінің  ӛткен 
жылдары  жаппай  гүлдеп,  мол  жеміс  берген,  ауруға  шалдықпаған  сау  бұтақтары  алынады. 
Телітушінің  тамыр  жүйесі  жақсы  жетілуі,телінушіден  шыққан  ӛркендердіқоректі  затпен 
қамтамасыз  алатындай  қуатты  болуы  керек,  ауруға  шыдамды,  ортаның  қолайсыз  әсеріне 
тӛтеп  берерліктей  болуы  қажет.  Осындай  шарттар  орындалғанда  ғана  жақсы  нәтижеге 
жетуге болады. Мысалы, раушан гүлін итмұрынға теліп, телутішінің хош иісті, әсем гүлдерін 
алуға болады. Осы қасиеттеріне бола негізінде ғалымдар лимон, мандарин, алхоры, алманың 
мәдени сорттарын ӛзді-ӛзінің жабайы түріне теліп олардың жаңа сорттарын алды. 
Фитонцидтік  қасиетке  ие  бӛлме  ӛсімдіктері. 
Ӛсімдіктің  барлық  түрлері  мен  сорттары, 
фитонцидтік  қасиетке  ие.  Бұл  құбылыс,  барлық  ӛсімдік  әлеміне  тән.  Ұшқыш  фитонцидтер 
ӛсімдіктің жер үсті мүшелері арқылы атмосфераға, жер асты мүшелері арқылы – топыраққа, 
су ӛсімдіктері – суға бӛлінеді. 
Фитонцидтік  құбылысты  1929  жылы  Б.П.Токин  ашты.  Әр-түрлі  ӛсімдіктердің 
фитонцидтері, құрамы мен әсері бойынша ерекшеленеді. Бір ӛсімдіктердің бактериостаттық 
қасиеті бар (микроорганизмдердің кӛбеюі мен дамуын тежейді, бірақ жоймайды),үшіншілері 
бактериялардың кӛбеюі мен ӛсуін стимулдайды. Ӛсімдіктің қорғаныш қасиеті, фитонцидтік 
ерекшеліктеріне байланысты. Бір гектар жапырақты орман жаз айында 1 күнде 2 кг ұшқыш 


182 
 
фитонцидті,  қылқан  жапырақты  орман  -5  кг,  арша-30  кг,  микроорганизмдерге  кері  әсер 
тигізетін  ұшқыш  заттар  бӛледі.  Бӛлме  ӛсімдіктері  де  фитонцидтер  бӛледі.  Ауаны 
микроорганизмдерден  тазартады.Себебі,  бӛлме  ӛсімдіктері  дегеніміз  –  экзотикалық 
түрлердің  интродукциялануы.Мысалы:  циперус-59%,  хризантема  –  66%  микрофлораны 
тӛмендетеді. 
Ақгҥлді  традесканция –  Традесканция  белоцветочная  (tradescantia  albifloca),  Отаны  – 
Америка.  Традесканция  туысқанының  90-ға  жуық  түрі  бар.  Традесканция  тропикалық 
Америкадан  келген.  XVII  ғасырда  ӛмір  сүрген  ботаник  Д.Традесканттың  фамилиясымен 
аталды. Ӛте нәзік болсада күй талғамай ӛсе береді. Жапырағынан хлорофилл дәндері жақсы 
кӛрінеді. Сазды батпақты жерден шыққандықтан, суды жақсы кӛреді. 
Ақгүлді  традесканция,  жапырағы  ақшыл  –  жасыл,  пішіні  сопақша  жылтыр.Жапырақ 
тақтасы  орташа  пішінді,  мӛлшері  5-6см.  Жарық  сүйгіш  ӛсімдік,  бірақ  тікелей  күн  кӛзінде 
қалдыруға  болмайды.(Күйік  пайда  болады).  Ал  кӛлеңкелі  жерде  жапырақтары  реңін 
жоғалтады. Кӛктемнен күзге дейін мол суару керек. Қыста суаруды қысқартады.  
Батпақты  аққанат   –  Белокрыльник  болотный.  (zanfedeschia  alfhiopica)  Ароид 
тұқымдасына  жатады.  Отаны-Африка.  Ӛсімдік  бӛлмені  тек  гүлдеу  кезінде  ғана  емес,  улы 
ӛсімдік,  Солтүстік  Америка  Еуропа  мен  Азияның  батпақты  жерді  немесе  су  жағасында 
ӛседі.Қолайлы жағдайда бӛлме температурасы 15-17 С. 
Тіке  түсетін  күн  сәулесін  қаламайды,  бірақ  жарық 
жерде  орнығуы  керек.  Жаз  айларында  далада  ұстаған 
жӛн. Топырағы ылғалды болуы керек.  
Жағалы  бегония   –  Бегония  воротничковая 
(begonia  manicata).    Отаны  –  Оңтүстік  Америка,  Азия, 
Африка,  Малай  архипилагының  аралдары.  Қазір 
селекция  әдісімен  2000-ға  жуық  бақшалық  түрлері 
алынды. 
Бегония. 
Африка 
мен 
Американың 
субтропикалық  ормандарында  ӛсетін  кӛп  жылдық 
ӛсімдік.  Бегонияны  XVIIғасырда  натуралист  Шарль  Плюмье  Антиль  аралдарына  жасаған 
экспедициясында ашты. Сан – Домингоның 
губернаторы  Мишель  Бегонның  (1630-1710ж)  құрметіне  аталды.  Кӛп  түрлі  сукулиентті 
шӛптер,  бұталар.  Жапырақтары  жай  және  күрделі,  ұсақ  және  ірі  әдемі  реңді,  ашық  –қызыл 
мамықтары бар. Қыста гүлдейді, 5-ке жуық гулшоғыры бар.  
Қазтамақ  –  Герань. 
Кӛпшіліктің  сүйікті  гүліне  айналған  қазтамақ  –  қазтамақтар 
тұқымдасына  жататын  кӛпжылдық  шӛптесін  ӛсімдік.  Қазтамақ  Антарктидадан  басқа  жер 
шарының барлық аймақтарында ӛседі. Отаны – Оңтүстік Африка. Қазіргі таңда қазтамақтың 
200-ге  жуық  түрі  белгілі.  Кӛптеген  гүлпаздар  қазтамақтың  әдемі  гүлі  үшін  ғана  емес,  хош 
иісті жапырақтары мен шипалық қасиеті үшін де ӛсіреді. Гүлдері қызыл, кӛкшіл, күлгін, ақ 
түсті,  ал  жапырақтары  жасыл,  кӛгілдір  түсті  болып  келеді.  Қазтамақтың  жапырағының  ӛзі 
гүл  сияқты.  Алғашқы  кезде  қазтамақ  гүлі  ӛзінің  сұлулығымен  тек  байлардың  аулаларында 
ӛсірілетін  гүлге  айналған.  Қазтамақты  әжелеріміз  бұрыннан  ӛсіріп  келе  жатқандықтан 
«Әжелер гүлі» аталып кеткен. 
Қазтамақтың  кҥтімі. Қазтамақ  тез  ӛсетін,  ұзақ 
гүлдейтін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай 
кӛбейтілетін,  күтімі  жеңіл  гүлдерге  жатады.  Жарық 
сүйгіш,  жаз  айларында  аулаға  шығарып  қоюға  болады. 
Қыста  ауа  температурасы  100С-ден  тӛмен  болмағаны 
жӛн. Топырағының беті құрғағанда суғарып тұру қажет. 
Кӛктемнен  күзге  дейін  10-15  күнде  гүлдейтін  гүлдерге 
арналған  тыңайтқыштармен  қоректендіріп  тұру  қажет. 
Қараша  айында  жапырағы  сарғайып,  түсе  бастағанда 
сабағын тамырдан жоғары 10-15 см-дей биіктікте кесіп, 
бір-біріне  кедергі  жасап  тұрған  сабақтарын  сиретіп,  ай 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау