Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет88/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99

177 
 
Жарық  сүйгіш  өсімдіктер.  Оларға  шӛл  дала  мен  таулы  жерлерде  ӛсетін  ӛсімдіктердің 
барлығы  –  кактустар,  сүттіген,  сенеция,  стапелия,  литопса,  фаукария,  зониум  т.б.,  гүл 
жаратын ӛсімдіктердің кӛпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония); 
Жарықтың  шашырап  түсуін  қажет  ететін  өсімдіктерге  –  аспарагус,  бегония, 
глоксиния,  сенполия,  фукция,  эухарис,  пенеромия,  Американың  тропиктік  ормандарында 
ӛсетін жатаған шӛптер – маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бромелия 
тұқымдас ӛсімдіктердің кӛпшілігі –эпифиттер. 
Жылылықты  сүйетін  өсімдіктерге  тропикті  ӛсімдіктер  жатады.  Мысалы,  бегония, 
пеперомия,  ароид  тұқымдас  ӛсімдіктер  (антуриумдер,  аглаонемдер,  диффенбахия, 
сингониум),  кордилиндер,  драцендер,  бромелия  мен  геснерия  тұқымдастар.  Олардың 
барлығы қыста 20°С температурада жақсы ӛседі. 
Субтропиктік  өсімдіктердің  кӛпшілігі  –  кактустар,  суккуленттер,  хлорофитум, 
бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 
12°С  аралығында  болуы  керек.  Егер  температура  режимі  бұзылса  ӛсімдіктер  сарғайып, 
жапырағы түсіп қалады. 
Көлеңкеге  төзімді  өсімдіктер  –  қырыққұлақтар,  тікенекті  ӛсімдіктер,  монстер, 
филодендрон,  сингониум,  сциндапсус,  спатифиллюм,  руэллия,  аспидистра,  шырмауық, 
традесканция, зебрина, саркококка, фикус т.б. кӛптеген қылқан жапырақты ӛсімдіктер. 
Өсімдіктерді  орналастыру.  Қазіргі  кезде  ӛсімдіктерді  қабырға  іліп  қоятын  гүл 
ӛсіргіштерде, жұмыс  столына бекітілген ағаш не пластмасса жәшіктерде ӛсіру кең тараған. 
Ӛсімдіктерді  шоғырлап  ӛсіру  аз  орын  алады,  оларды  баптап  күту  қолайлы.  Сондықтан 
шоғырлап  отырғызылатын  ӛсімдіктерді  шамасы  мен  ӛсу  түріне  қарай  таңдап  алған  жӛн. 
Кӛшеттің  түбін  бүркеу  үшін  жайылып  ӛсетін  ампель  ӛсімдіктерін  (хельксина,  пилей, 
пеперомия,  фикус,  шырмауық)  пайдалануға  болады.  Мұндай  композицияға  ӛсімдіктердің 
табиғи  ӛсетін  жерлерін  бейнелейтін  әр  түрлі  материалдарды  –  тастар  мен  ағаштарды 
пайдаланған  жӛн.  Сонымен  бірге  шоғырланып  отырғызылатын  ӛсімдіктердің  түр-  түсінің 
сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әртүрлі болуы тиіс. Ӛсімдіктердің мұндай 
шоғырына  әсем  жапырақты  ӛсімдіктерді  қосса  тіпті  жақсы.  Мысалы,  папоротникпен  қоса 
асплениумды,  сциндапсусты,  пеперомияны,  немесе  цереус,  сүттіген,  эхинопсис,  оскулярия 
мен глотифиллюмды бірге ӛсіруге болады. Ал ірі ӛсімдіктерді ( пальма, монстерлер, фикус, 
драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу 
қажет.  Ампель  ӛсімдіктері  сӛрелерде  және  қабырғаға  ілінетін  гүл  ӛсіргіштерде  сәнді 
кӛрінеді. 
Бөлме  өсімдіктерінің  топырағы:  Әр  түрлі  ӛсімдіктер  тобы  әр  түрлі  топырақты  қажет 
етеді.  Бӛлмеде  гүл  ӛсіргенде  қорда,  қарашірік,  шымтезек,  шым  және  күлгін  құм  араласқан 
топырақ  пайдаланылады.  Қорда  топырағын  ӛімдіктердің  қалдықтарынан:  шӛптен,қурап 
түскен  жапырақтардан  т.б.дайындайды.  Оларды  бір  жерге  үйіп  не  шұңқырға  салып,  үстіне 
жуынды,  сабын  су,  кӛң  бӛкпесін  құяды.  Тез  шіруі  үшін  қорданы  күрекпен  әлсін-әлсін  (3-
5рет)  араластырып  отырады.  2-3  жылдан  кейін  қорданы  пайдалануға  болады.  Әдетте  оны 
құнарсыз топырақтың құнарлығын арттыру үшін қосады. 
Жапырақ  араласқан  топырақты  ағаштың  (еменнен  басқасы)  қурап  түсіп,  шіріген 
жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты кӛктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2-
3 рет күрекпен қопарыстырады. 2-3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды. Шымтезек 
топырағын  ми  батпақты  саз  қорысты  жерлердің  шіріген  шым  тезегінен  дайындайды. 
Топырақтың ӛсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 
1-2 жыл ашық жерде ұстайды. 
Шым  топырақты  былай  дайындайды:  Жазда  немесе  ерте  күзде  ойылған  шымды  (ені 
10-15  см  және  ұзындығы  30  -35  см)  арасына  сиыр  кӛңін  салып,  топырағын  бетіне  қаратып, 
биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. 
Жеңіл  шым  топырақтың  (онда  ӛсімдіктердің  қарашірігі  мол  болады  )  ауыр  немесе  шым 
топыраққа  (онда  саз  топырақ  мол  болады)  қарағанда  ӛзгешелігі  болады.  Ӛсімдіктердің 


178 
 
түріне,  жасына  және  ӛсу  фазасына  қарай  бұл  топырақтарды  әр  түрлі  мӛлшерде  қосып 
араластырады. 
Өсімдіктерді суару: Әдетте бӛлме ӛсімдіктерін ӛсірушілер ӛсімдікке суды кӛп құяды., 
соның салдарынан ӛсімдіктің тамыры шіриді.Ӛсімдікке құятын судың температурасы бӛлме 
температурасына  шамалас  немесе  одан  5-7°С  жоғары  болуы  керек.  Ол  үшін  ӛзен,  жаңбыр, 
қар,  тоған  немесе  құбыр  суын  пайдалануға  болады.Құбыр  суын  хлорынан  тазарту  үшін 
алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды.Ӛсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері 
жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс.  
Ӛсімдіктерді  бӛлме  температурасындағы  сумен  суару  керек.  Жазда  күн  сайын,  қыста 
сирегірек  суарады.  Құмырадағы  топырақтың  құрғап  кетпеуін  қадағалап  тұру  керек. 
Ӛсімдіктерді  тұнған  сумен  суарады.  Тамырына  ауа  жетіп  тұру  үшін  топырақты  таяқшамен 
қопсытады. Қопсытқанда таяқша ӛсімдіктің тамырын зақымдамайтын болсын. Ӛсімдіктердің 
шаңын  дымқыл  шүберекпен  тӛменнен  бастап  тазалайды.  Олардың  жапырағын  шаңнан 
тазартқанда аса ұқыпты болу керек. Ірі ӛсімдіктерді аздаған сабын араластырған жылы сумен 
жуады.  Ұсақ  ӛсімдіктерді  қол  жуғышқа  не  шылапшынға  қойып,  үстінен  су  құйғышпен 
шашыратып  жуады.  Ӛсімдіктер  тұрған  бӛлмені  үнемі  желдетіп  отыру  керек.  Қыста 
ӛсімдіктерді неғұрлым жылырақ орынға кӛшірген жӛн.  
Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу. Ӛсімдіктер қоректік 
тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, 
сондықтан оларды әлсін -әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Ӛсімдік дұрыс 
ӛсіп-ӛнбей,  жапырағы  солғанда   немесе  тамырлары  топырақтың  барлық  кесек  түйірлерін 
шырмап алғанда ғана кӛшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында кесек топырақ жібігенше, 
су құю керек. Ӛсімдікті қыш құмырадан топырағымен қоса қопарып алып, сіліккеннен кейін, 
оны  кӛшеттеп  отырғызуға  болатынын  айыруға  болады.  Егер  ӛсімдікті  кӛшеттеу  қажет 
болмаса,  оны  кең  ыдысқа  жаңа  топырақ  салып  қайта  отырғызады.  Топырағын  алмастырып 
отырғызуды  ӛсімдік  гүл  ашқан  кезде  қолға  алу  керек,  ӛйткені  бұл  кезде  ӛсімдіктің  ӛніп, 
жетілуіне зиян келмейді. 
Ӛсімдіктерді  шоғырлап  су  ағар  тесігі  жоқ  үлкен  ыдысқа  кӛшеттеп  отырғызғанда 
топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда ӛсімдікті ӛте ептілікпен суару керек. 
Ӛсімдіктерді  кӛшеттеп  немесе  топырағын  алмастырып  отырғызғаннан  кейін,  сабағының 
айналасындағы  топырақты  таяқшамен  немесе  саусақпен  нығыздап,  су  құятын  орын 
қалдырады. Одан кейін ӛсімдікке су құяды да, жел ӛтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін 
жерге қояды. 
Өсімдікті  тыңайту.  Ӛсімдіктердің  қоректік  заттар  жӛніндегі  қажетін  қанағаттандыру 
үшін  минералдық  және  органикалық  тыңайтқыштарды  жүйелі  түрде  енгізіп,  олардың 
топырақтағы  қорын  толықтырып  отыру  керек.  Тыңайтқышты  (ертілген)  бірнеше  рет  (1-2 
аптадан  кейін)  ӛсімдіктің  ӛсу  және  гүлдену  кезеңінде  енгізу  керек.  Жаңа  ғана  кӛшетелген 
немесе ауруға шалдыққан ӛсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. 
Тыңайтқыш ертіндісін қолданудан 2 сағат бұрын топырақтын түйіршіктері толық жібуі 
үшін  таза  су  құю  керек.  Минералды  тыңайтқыштар  ретінде  калий  тұзы  және  суперфосфат 
қолданылады.  Ӛну  кезінде  ӛсімдікке  аммиак  силитрасы  қоспасын  (21/2  ас  қасық) 
суперфосфат (1 ас қасық), калий силитрасын (1/2 ас қасық) 10-12 л суға ертіп құю керек. Ал 
ӛсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак силитрасы қоспасын (1/2 ас қасық), 
суперфосфат  (2  ас  қасық)  және  калий  силитрасын  10  л  суға  ертіп  құяды.  Дайындалған 
тыңайтқыш  ертіндісін  де  (оның  ережесі  ұсынылады)  қолданылған  жӛн.  Органикалық 
тыңайтқыштарды қолдану ӛсімдіктердің ӛніп ӛсуіне жақсы ықпал жасағанмен бірақ оларды 
үй жағдайында дайындау ӛте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып 
табылады. 
Ӛсімдіктер  жынысты  (тұқымдары  және  споралары  арқылы)  және  жыныссыз 
(вегетатнвтік  мүшелері  арқылы)  жолмен  кӛбейеді.  Үйде  ӛсірілетін  ӛсімдіктерді  кӛбейтуде 
бұл екі тәсілдің екеуі де колданылады. Бірақ барлық ӛсімдіктер үшін осы екі тәсілді бірдей 
қолдана  беруге  болмайды.  Оның  ең  басты  себебі  —  ӛсімдіктердін  барлығы  бірдей  үй 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау