169
су тасу жиілігін азайтып, грунт суларының деңгейін тӛмендетіп, сортаң жерлердің кӛбеюіне
және мал басының қысқаруына алып келді. Су тапшылығы экономиканың дамуына және
халықтың тұрмыс жағдайына кері әсер етті. Жабайы жануарлар мен балықтардың мекен ету
ортасы нашарлады. Солтүстік және Орталық Қазақстанда су эрозиясынан 5,6 млн. га егіндік
жер зиян тартты, астық дақылдардың ӛнімділігі 20-30 %-ға қысқарған. Каспий маңы
аймағында теңіз құнарлы жағалық жайылымдар мен пішендердің 5,6 млн. га су басқан.
Ӛнеркәсіп орталықтарының айналасындағы жерлер кәсіпорын ластағыштарымен ластанды.
Шамамен 10 млн. га жайылымдар мен пішендер әскери-ӛнеркәсіптік кешен полигонынан
айналымнан шығарылды.[4]
Шӛлдену зардабының соммасы Қазақстанда ондаған млн. АҚШ долларымен есептеледі.
Су қорларының таусылуы ӛнеркәсіптің құлдырап, жұмыс орындарын қысқартып, халықтың
тұрмыс жағдайын нашарлатты және экологиялық дағдарыс аудандарынан халықтардың
кӛшуімен себептелді.
ҚР 14 облысы ішінен тек бес облыста ғана (Ақтӛбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан,
Қарағанды және Қостанай) кері белгілер (яғни шӛлдену) жемдік жерлердің 30% құрайды.
Басқа облыстарда деградация 30-50% және одан жоғары.
Жыртылған жерлерде топырақ эрозиясы мен дегумификация үрдісі күшейген.
Қарашіріктің мӛлшері 25-30% азайған. Осыған байланысты топырақтың құнарлығы
нашарлап, астық дақылдардың ӛнімділігі тӛмендеген. 17 млн. га жыртылған жерлер
тыңайған, жайылымға шығарылды. Бірақ ұзын шӛпті арамшӛптермен қаптаған тың жерлер
егістердің зиянкестерінің санының артуына ықпал етеді. Топырақтың сортаңдануы, су және
жел эрозиясы, қарашіріктің азаюы, суарудан қалған сулардың қайтадан жібергенде
жерлердің сортаңдануы республикада топырақтық 90% астамын қамтиды.
Мал және жайылымдық шаруашылықты жүргізу барысында жерлерді ұтымсыз
пайдалану мәселелері қазіргі кезде рентабельді пайдалану, техниканы алу, тыңайтқыштар
қолдану, малдарды ветеринарлық тексеру, малдарды айдау, жем қорын қамтамасыз ету, ауыл
шаруашылығы ӛнімдерін ӛңдеуге қабілетті емес ұсақ агроӛнеркәсіптік және мал
шаруашылығын жүргізу кезінде кӛбейеді. Шаруашылыққа бағытталудың әлеуметтік-
экономикалық мәселелері туындайды. Бұл жағдайда толық табиғи жерлерді жүйесіз
пайдалану, қорларды алу кӛлемін есепке алмастан жүргізу күшейді, яғни жерлердің
деградациясы, шӛлдену дәрежесі артты.
Күшті антропогендік қысым үстінде Орталық Қазақстан аймағында орналасқан және
4220,9 мың га алып жатқан Қарағанды облысы тұр. Аймақ геоморфологиялық
сипаттамалары – Қазақстан қалқаны – Сарыарқа мен түрлі экожүйелердің бӛлінуімен
ерекшеленеді. Орталық Қазақстан ӛз алдына үш дала және екі шӛлейтті біріктіретін
зоналдылығы бойынша ерекше аумақты кӛрсетеді. Аймақ климаттық жағдайлары, жер
бедерінің зоналық-провинциялық ерекшеліктерімен белгіленетін топырақтың ірі типтері
бойынша бірден-бір аумақ, сондықтан флора, фауна және экожүйесінің әртүрлілігімен
ерекшеленеді. Орталық Қазақстанда 67 экожүйе бӛлінеді. Бұзылған аумақтар ауданы мен
экологиялық қауіп аудандары, ӛсімдіктер мен экожүйе түрлерінің мекен ету ортасын
жоғалтуды қоса алғанда 50% астам ауданды құрайды. Орталық Қазақстандағы қауіптіліктің
жоғары дәрежесі экологиялық аудандастыру мәліметтері бойынша 32 экожүйе үшін 22 457,2
мың га қамтиды .[6]
Мұндай ӛте қатты бұзылған экожүйелердің кӛптігі, олардың шӛлденуі табиғи және
антропогендік (жер жырту, мал жаю, ағаш-бұталарды кесу) әсерлермен, тасты-
қиыршықтасты топырақтардағы шӛлденудің ішкі қауіптіліктің жоғары дәрежесімен, ұзақ
жылдар бойы мал жаю әсерінен, ӛнеркәсіптік ықпалдармен, радиоактивті ауытқулармен
байланысты.
Шығыс Қазақстан облысы аумағы 283,2 мың.км
2
, жоғары Ертіс бассейнінде орналасып,
шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Алматы облысымен, солтүстік шығысында ресеймен,
батысында Қарағанды және Павлодар облыстарымен шектеседі. Экожүйелердің және
ландшафттардың алуантүрлілігімен, табиғи-климаттық зоналдылығымен сипатталады.
170
Солтүстік шығысында Қазақстандық Алтай жоталары орналасқан, оңтүстік-шығысында
Тарбағатай және Сауыр тауларымен қоршалып жатыр. Жайсан кӛлімен шектесіп жатқан
облыстың орталық бӛлігі Жайсан ойпатының аккумулятивті жазықтарымен кӛмкеріліп
жатыр. Шығыс Қазақстан облысы аймағында 75 негізгі экожүйелер ажыратылады, оның
ішінде құмды ақ селеу және бетегелі далалармен үйлесімін тапқан майқарайлы самырсынды
ормандар, қарағай ормандары, кӛктеректі қайың ормандары; таулы-шалғынды альпі және
субальпілік топырақтардағы шабындықтар; тау тундрасы; дала және шӛл ӛсімдіктерінің
бӛліктері кездеседі (3 Сур.).
Экожүйелерге үлкен әсерін тигізетін – техногендік әсерлер болып табылады. Бұл әсер
биологиялық қызметтің тоқтап, жойылуына алып келеді. Мысал ретінде, Риддер
қаласындағы реликті Риддер-бора орманының кеуіп кетуін айтуға болады. Жойылу
қаупіндегі экожүйелер категориясына бозды-бетегелі, шӛлденген далалар, жапырақты
ормандар жатады. Ертіс маңындағы жолақты ормандардың ауданы ӛрт, жыртқыштық
браконьерлік орман кесу және орман жыныстарының зиянкестермен зақымдануы
салдарынан азайған.
Кенді Алтайдың қалың қылқанды ормандарын бақылаусыз ӛнеркәсіптік ағаш кесу де
ӛзіндік ағаш кесу секілді табиғат жүйелеріне зиянын келтіреді. Жалпы, Шығыс Қазақстан
экожүйелерінің бірегей алуантүрлілігінің шамамен 10% олардың фондық жағдайына сәйкес
келеді, ал 25 % орташа трансформациямен және территорияның 4 % дағдарыс жағдайына
жақындығымен сипатталады. Облыстағы ӛте күшті техногендік әсер кен ӛндіру орындарына
сай келеді. Жолдардың кӛптігі де экологиялық жай-күйді әлсіретеді. Атмосфералық ауаға
шығатын улы заттар адамдарға, сонымен бірге қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.
Республиканың экологиялық қауіпті аймақтарына (Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық
және Шығыс) талдау жасай отырып, түрлі дәрежедегі шӛлденудің жалпы ауданы республика
ауданының 91,6 % құрайды, тек 8,4 % ауданда ғана шӛлдену үрдісі тіркелмеген. Күшті және
ӛте қарқынды шӛлдену үрдісіне (қауіп дәрежесі) 510,91 мың км
2
немесе республика
территориясының 19,1 % ұшыраған. Бұзылудың ӛте ауыр дәрежедегі қауіпті аймақтары
дағдарыс (кризис) аймағы ретінде қарастырылады. Деградацияның күшті және критикалық
дәрежелі ауданы бойынша аймақтардың ішінде Орталық және Батыс Қазақстан
аймақтарында сәйкесінше - 53,9 және 19,9 % ең үлкен кӛрсеткіші байқалған (28 Сур.).
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпті аймақтарының картасы қарқынды
антропогенді әсер ету ықпалынан қауіп дәрежесі және түрлердің, экожүйелердің, ағаш-
бұталы тоғайлардың жоғалу қатерінің кӛрсеткіштері бойынша, экожүйелердің және олардың
топырақ жамылғысының ішкі шӛлдену қаупі ойынша күрделі де алуантүрлі жағдайды
бейнелейді. Жалпы Қазақстан үшін Экологиялық аудандастыру картасына талдау жасау
бойынша шӛлдену дәрежесіне – жерлердің, экожүйелердің және әсіресе топырақ-ӛсімдік
жамылғысының деградацияға ұшырауына сай келетін бес Қауіптілік дәрежесі айқындалды.
Қазақстанның экологиялық аудандастыруы нәтижесінде экожүйелердің шӛлдену
жағдайы және қауіптілік дәрежесі қоршаған ортаның алдағы дестабилизациясы кезінде
қауіптіліктің орташа дәрежесінің – республика ауданының 42,3% басым болуын белгілейді.
Дегенмен, бұл да антропогендік әсердің шекті шекарасы және ресурстарды (әсіресе,
топырақ-ӛсімдіктер қорын) ары қарай игеру экожүйелер қатарында шектеулі болуы керек.
Пайдалану нормаларын 10-20%-ға дейін тӛмендету экожүйелердің ӛзін-ӛзі реттеуі және
қорларды қайта ӛндіруді сақтау үшін қажет. Қауіптіліктің орташа дәрежесінің шарттары
экожүйелердің антропогендік әсерлерге орнықты болу шегін кӛрсетеді. Мысалы, ӛсімдіктер
биомассасынан айырылу. Құрғақ ауа райы жылдары құрғақшылық факторлары кӛбірек
болғанда топырақ құрғап, экожүйелердің түрлік алуандығы азайып, ӛнімділігі нашарлап,
экожүйелер ауысады.[8]
Жердiң шӛлейттенуi және тозуы. Қазақстанның кӛп бӛлiгi қуаң аймақта орналасқан
және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шӛлейттену процестерiне бейiм.
Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама
тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi
Достарыңызбен бөлісу: |