163
Қазақстан жер бетінің 9/10 - дай бӛлігін жазық, 1/10 - ге жуық бӛлігін таулар алып
жатыр. Жауын-шашынның басым бӛлігі жылдың жылы маусымында түсетін Қазақстанның
солтүстігі мен солтүстік-батысындағы ойпаттар мен жазықтар және суару каналдары
салынған оңтүстіктегі тау бӛктерлері, егіншілікке пайдаланылады.
Атмосфералық жауын-шашын аз түсетін республиканың орталығы мен оңтүстік
батысындағы жазықтардың кӛп бӛлігі негізінен алғанда жайылым ретінде пайдаланылады.
Биік таулы Тянь - Шань мен Алтайдың орасан зор мұздықтары мен мәңгі қары егістерді
суару және арзан электр энергиясын ӛндіру кӛзі болып табылады, ал бетін бай әрі шырынды
шӛптесін ӛсімдіктер басқан тау беткейлері мен тауаралық аңғарлар керемет жазғы жайылым-
жайлау болып саналады [4]. Қазақстан қойнауының басты байлығы: мыс, мырыш, қорғасын,
никель, вольфрам, молибден, темір және марганец кендері, хромит секілді түсті және қара
металдар. Республикада тас кӛмір мен қоңыр кӛмір, мұнай мен газ, фосфорит, ас тұзы және
асбест те кӛп (2-кесте).
Кесте – 1 Республикадағы мұнай және газ ӛндірудің кӛлемі
Отын түрлері
1996 ж 2000 ж 2014 ж 2015ж
1. Мұнай ӛндіру (газ конденсатын қосып есептегенде
млн. тонна).
25,8
20,3
25,8
27,0
2. Табиғи газ ӛндіру (млрд текше метр)
7,2
4,5
8,2
8,4
Экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстанның мұндай қазба байлықтарының ӛте
маңызды ерекшелігі – олар кӛбіне жер бетіне жақын орналасқан, сондықтан карьерлерде
ашық әдіспен арзан ӛндіріледі. Сонымен қатар олар бірқатар жағдайларда кешенді
пайдалануға қолайлы орналасқан. Мысалы, Орталық Қазақстанда түсті және қара металдар
кендері, кокстелінетін тас кӛмір, әктастар мен отқа тӛзімді саз балшықтар бір-біріне
айтарлықтай жақын орналасқан. Пайдалы қазбалардың бұлайша ұштаса орналасуы мұнда
түсті және қара металлургияны және олармен байланысы бар химия ӛнеркәсібі мен машина
жасауды дамытуға ӛте қолайлы болып келеді (3-кесте).
Кенді Алтай, Қаратау таулары, Мұғалжар, Торғай аңғары мен Маңғыстау түбегі де
пайдалы қазбаларға бай .
Қазақстанның
табиғат
жағдайлары
айтарлықтай
қатаң
болғанымен,
ауыл
шаруашылығын дамыту үшін барынша қолайлы. Барлық жерде қоңыржай белдеуде таралған
дәнді дақылдарды, ал оңтүстікте – мақта, қант қызылшасы, күріш, сары темекі секілді жылу
сүйетін дақылдарды ӛсіруге болады. Алайда атмосфералық жауын-шашынның жетіспеуінен
Республика территориясының кӛп бӛлігінде егіншілікті солтүстікте, солтүстік-батыста және
солтүстік-шығыста ғана ӛсіруге болады, ол Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында
– қолдан суармайынша егіншілікті дамыту мүмкін емес, онда суару үшін мұздықтар мен
мәңгі қардан су алатын тау ӛзендері пайдаланылады [5].
Қазақстанның шағын бӛлігінің ӛзендері суармалы егіншілік үшін аз пайдаланылады,
ӛйткені олар қар еритін кӛктем маусымында ғана мол сулы болып келеді. Олар, негізінен
алғанда, пішендіктер мен жайылымдарды кӛлтабандап суару үшін пайдаланылады. Олардың
кейбіреулерінде – Нұрада, Есілде, Тобылда, Ембіде – бӛгендер салынып, маңайындағы
қалалар мен ӛнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етеді.
Кесте - 2ТМД елдері бойынша қазбалар қоры және ӛндірудегі Қазақстанның үлесі
Минералдың аты
Қоры
Ӛндіру
пайыз
ТМД-ғы
орны
пайыз
ТМД-ғы орны
164
Темір
3
8
3
Марганец
14
2
2
3
Хром
99
1
100
1
Мыс
28
2
30
2
Қорғасын
38
1
64
1
Мырыш
35
2
56
1
Боксит
22
2
36
2
Вольфрам
54
1
4
3
Қалайы
2
3
2
2
Кӛмір
12
3
19
3
Молибден
29
2
5
4
Фосфорит
65
1
65
1
Шикі мұнай
8
2
4
2
Республика ғалымдары Ӛскемен қорғасын-мырыш комбинатының мамандарымен бірге
Ертіс мыс балқыту зауытынан шығарылатын қалдықтардан металдарды бӛліп алудың жаңа
технологиясын жасап шығарды. Мұндай қалдықтардың құрамында, 30 пайызға дейін темір,
6-8 пайыз мырыш, 1 пайыз мыс, қорғасын және басқа металдар кездеседі. Жаңа технология
оларды түгелдей дерлік бӛліп алуға мүмкіндік береді.
1.1 Табиғат ресурстарына экономикалық-географиялық сипаттама
Табиғи ресурстарға минералды, жер, су, биологиялық және рекреациялық ресурстар
жатады. Кейбір табиғи ресурстар ӛндірісте тікелей пайдаланылып, оның шикізат және
энергетикалық базасын құрайды. Минералды ресурстар. Біздің еліміз дүние жүзінде кейбір
пайдалы қазбалардың қоры жӛнінен алдыңғы орындардың бірін алады.
Менделеев кестесіндегі 105 элементгің Қазақстан жер қойнауында 99 - ы ашылып, оның
66-сы қоры зерттеліп, ӛндіріске тартылған. Ғалымдар мен экономистердің пайымдауынша
Қазақстан Республикасы дүние жүзінде вольфрамның қорынан бірінші, хромит, фосфор
кенінен екінші, ал марганецтен АҚШ, Украинадан соң үшінші, қорғасын және молибденнен
тӛртінші, темір кенінен Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және
Украинадан кейін сегізінші орында.
Кенді Алтай полиметалл кеніне, Сарыарқа кӛмір, темір, алтын, молибден, полиметалға,
Торғай ӛңірі темір, боксит, қоңыр кӛмірге, Мұғалжар хромит пен никельге, Қаратау
фосфорит, полиметалға, Қоңырат мыс пен молибденге, Атырау, Ембі және Маңғыстау мұнай
мен газға бай. Құрылыс материалдарынан Жетіқарада асбест, Шымкент маңындағы Сазтӛбе
мен Семей маңындағы Суықбұлақ станциясында әктас, Текеліде мрамор, Қорбай мен
Қаскелеңде гранит, Маңғыстауда ұлутас кездеседі.
Жер ресурстары. Жер туралы жарлықтың 6 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасы
жер (272490,2 мың га) құрамы тӛмендегідей бӛлінген:
1) Ауыл шаруашылығына арналған жер (201099,5 мың га);
2) Халық қоныстанған елді мекендер (18914,4 мың га);
3) Ӛнеркәсіп, кӛлік, байланыс және қорғанысқа арналған жер (1800,5 мың га);
4) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (851,9 мың га);
5) Орман қорына арналған жер (10222,1 мың га);
6) Су қорына арналған жер (846,0 мың га);
7) Қосалқы жер (22149,9 мың га).
Қазақстанда жалпы жер кӛлемінің 82 пайызы ауыл шаруашылығына жарамды жер,
соның 182 млн га мал жайылымы, 15 пайызы жыртылған жер, яғни егістіктің кӛлемі 36 млн
га, оның 4 пайызы шабындық. Жыртылған жердің кӛлемі жӛнінен Қазақстан дүние жүзінде
алтыншы орында. Ең құнарлы қара, одан соң каштан топырақ орманды дала, дала
Достарыңызбен бөлісу: |