126
1. Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңы //Егеменді Қазақстан,
1999.11.06.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының жобасы // Қазақстан жоғары мектебі, 2004, №1, Б.9.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы //Егеменді Қазақстан 2014.16.10.46.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына
жолдауы // Талдықорған газеті, 2015, 25. 02, 4 б.
5. Человек как философская проблема: Восток- Запад /ответ. Ред. Н.С.Кирикбаев.
М., 1991, С.49-50.
6. Философиялық сӛздік /құрас. Нұрғалиев Р.Н. Алматы, 1996, 342 б.
Аннотация
Мақалада оқушыларды жекелеп оқыту - оқушылардың кандай ерекшеліктері, қандай дәрежеде
ескерілетініне қарамастан, оқыту процесін ұйымдастырудың барлық формалары мен әдістерінде
олардың дербес ерекшеліктерін жан-жақты жазып, тақырыпта толық ашқан.
Аннотация
В статье полностью и разносторонне рассматриваются все формы организации учебного
процесса и индивидуальные особенности методов, независимо от особенностей учащихся и уровня
их учѐта.
Annotation
In this article are fully considered all forms of organization of teaching process and some individual
peculiarities of methods which can’t depend on peculiarities of pupils and a level of their consideration.
ӘОЖ 789.45
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚТЫҚ САЛТ-ДӘСТҤР
НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Мейрманова Т.Р., Асубаева А.С.
Тасшолақ бастауыш мектебі, Жамбыл обл., Т.Рысқҧлов ауд.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтiк және саяси құндылықтардың барысында салт-дәстүр
негізінде бiлiм беру мәселесi ең негiзгi кӛкейкестi мәселеге айналып отыр. Осыған орай
оқушыларды жеке тұлға ретiнде салт-дәстүр негізінде бiлiм және үздiксiз бiлiм алудың
тиiмдi жолдарын iздестiру-ӛзектi мәселердiң бiрi екендiгi айтыс тудырмайтын шындық. Жас
ұрпақты салт-дәстүр негізінде негiзiнде тәрбиелеудi басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны
тәрбиелеуде оқу процесiнiң мол мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдаланған жӛн. Ол мұғалiмнен
педагогика-психология ғылымының соңғы жетiстiктерiн ұдайы зерделеп бiлуiн талап етедi.
Әсiресе, бастауыш сынып мұғалiмдерi оқу барысында салт-дәстүр негізінде материалды
теориялық және практикалық тұрғыда пайдалануды терең меңгеруi қажет. Себебi, жеке
тұлғаның қалыптасу негiзi де осы кезеңнен басталады.
Салт-дәстүр негізінде бiлiм беруде қазақ этнопедагогикасының тәлiмдiк тағылымдары,
құнды идеялары, әдiс-тәсiлдерi, амал-жолдары, құралдары М.Жұмабаевтың, Ә.Табылдиевтiң,
Қ.Жарықбаевтың, Ж.Наурызбаевтiң, С.Қалиевтiң, С.Ұзақбаеваның, К.Қожақметованың, т.б.
еңбектерiнде жан-жақты баяндалады [1]. Бұл мәселені әдебиет тұрғысынан зерттеушi
А.Жүнiс «Пәниден бақиға дейiн» еңбегiнде ананың құрсақ кӛтеру тойынан бастап,
нәрестенiң дүниеге келiп, ержеткен шаққа дейiнгi жасалатын тойлары мен әдет-ғұрыптары
айтылған. Ғалым А.Сейдiмбек ұл бала мен қыз баланың кiндiгiн кесуi, баланы ауыздандыру,
тұсау кесу туралы ырымдарды зерттеген.
Қоғам дамуының әр кезеңiнде жас ұрпаққа берiлетiн салт-дәстүр негізінде бiлiмнiң
құрылымы мен құрамына қойылатын жаңа талаптар мен соған енгiзiлетiн ӛзгерiстердiң
127
сипаты сыртқы және iшкi факторлардың негiзiнде айқындалады. Осы тұрғыдан жалпы салт-
дәстүр негізінде бiлiм беру жүйесiндегi бетбұрыстардың себепшiсi болып отырған сыртқы
факторларға елiмiздiң егемендiк алуына байланысты қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтiк
экономикалық ӛзгерiстер, әлемдiк деңгейдегi бiлiм берудiң жаңашыл үрдiстерi жатады. Iшкi
факторларға бiлiм берудiң жүйесiнiң ӛзiне тән iшкi жағдайы, соған сай iшкi құрылымдық
элементтер кiредi. Нақтырақ айтсақ, олар жалпы бiлiм берудегi ұстанымдар, берiлетiн бiлiм
мазмұны, оқу тәрбие үрдiсiнiң жайы, мұғалiм мен оқушының қарым-қатынасы [2].
Қазақ халқының ӛзiне тән ерте заманнан жиып-терген ұлттық тәлiм-тәрбиесiнiң асыл
қазынасы, мол тәжiрибесi бар. Ананың бесiк жырынан басталатын қарым-қатынас, iс-әрекет,
әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi-осылардың бәрi адамның
дүниетанымын, сана-сезiмiн, мiнез-құлқын қалыптастыратын тәлiмдiк мұра. Оның бүгiнгi
таңда ұрпақ тәрбиесiнiң негiзiне алынуы-халық мүддесi, ел талабы.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзгi
қасиеттерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас,
дүниетаным, ӛмiрге деген кӛзқарасын және соған сай мiнез-құлқын салт-дәстүр негізінде
бiлiм беру арқылы қалыптастыру. Тәрбиенiң негiзгi мақсаты - денi сау, ұлттық сана-сезiмi
оянған, рухани ойлау дәрежесi биiк, мәдениеттi, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, iскер,
бойында басқа да игi қасиеттерi қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу [3].
Отбасы тәрбиесiнен бастап әрбiр балаға жеке тұлға ретiнде қарап, оның ӛзiне тән
санасы, еркi, ӛзiндiк әрекет жасай алатын қабiлетi бар екенiн ескере отырып, тӛмендегi
мәлiметтер мен бағыттарды жүзеге асырылу кӛзделедi:
- ғылыми мағлұматтар мен халық тәжiрибесiне негiзделген әдiс-тәсiлдердi қолдана
отырып, қазақ ұлтының тӛл мәдениетi, салт-сенiмiн, имандылық қадiр қасиетiн
қалыптастыру;
- жалпы және кәсiби бiлiм беретiн пәндердiң тәрбиелiк мазмұнын күшейту, тәлiм-
тәрбиенi кӛздеген қошымша арнайы пәндердi, курстарды, факультативтiк оқуларды енгiзу;
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң тәжiрибе жүйесi бiрiн-бiрi толықтыратын,
сабақтастыратын негiзгi екi бӛлiмнен құрылады. Бiрiншi бӛлiм -оқу, бiлiм беру саласындағы
тәрбие, екiншiсi - арнайы тәрбие. Мектептегi тәрбиенiң мазмұны мен түрлерiн түбегейлi
жаңарту iсiн, осы негiзгi екi бӛлiмнiң мазмұнын ӛзгерту қажет. Бүгiнгi таңда мектепке
арналған тӛл оқулықтар мен бағдарламалар жасалып жатқанда қазақ халқының этникалық-
мәдениетi, ӛмiр тәжiрибесi, салт-дәстүрлерi, шаруашылық жүргiзу тәсiлдерi, рухани
байлығы, сондай-ақ республиканың табиғи, саяси-әлеуметтiк, экономикалық
ерекшелiктерi оқу жоспарында барлық пәндерден кӛрiнiс тауып отыр. Сонымен қатар,
оқытуда дүниежүзiлiк мәдениет, ғылым мен техника жетiстiктерiн, әлем халықтарының озат
тәжiрибесi мен дәстүрлерiн пайдалану қарастырылады.
Осыған орай Қазақстан Республикасының «Бiлiм беру» заңының 8 бабында
кӛрсетiлгендей:
- жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту,
адамгершiлiк пен салауатты ӛмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының
дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту;
- азаматтылық пен елжандылыққа, ӛз Отаны – Қазақстан Республикасын
сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрiн қастерлеуге,
Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген кӛрiнiстерге тӛзбеуге тәрбиелеу
қарастырылған [4].
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы салт-дәстүр негізінде бiлiм беру
тұжырымдамасында «Бiзге қажеттi – жаны да, қаны да қазақы, халықтың тiлi мен салт-
дәстүрлерiн бойына сiңiрген, туған жердi түлетудi, егемендi елiнiң еңсесiн кӛтерудi
азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» деп атап кӛрсеткендей, егенмен елiмiздiң
елдiгi мен бiрлiгiн сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу-қазiргi мектеп алдындағы негiзгi мiндеттiң
бiрi. Бұл үшiн ұрпақ тәрбиесiмен айналысатын ұстаздар қауымы халық педагогикасының
үлгi-ӛнегелерiн оқу-тәрбие үрдiсiнде тиiмдi қолдана бiлуi тиiс [5].
Достарыңызбен бөлісу: |