106
3. Оқушының жылдам оқу мақсатына беріліп жаңғалақтану салдарынан жеке сӛзді қате
оқу да жиі кездеседі. Мысалы, «азығы екен» дегенді «азық екен» немесе «аз екен» деп
оқитын сияқты.
4. Сӛз аралығында жиі кездесетін да-де, та-те, мен, бен, пен сияқты шылау сӛздердің
оқылуында қате жіберіледі. Шылауларға байланысты қатенің бір түрі – олардың алдыңғы
сӛзге қосылып оқылуында. Бұл екінші сыныптағы негізгі қате. Бұл айтылған қатенің екінші
түрі – шылаулардың беретін күшейткіш мағынасын дауыс арғағымен кӛрсете алмау үнемі
кездеседі. Соңғы айтылып отырған қате түрі бастауы сыныптың негізгі қатесі болып
саналады.
5. Сӛздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстардың дыбыстық ұқсастығын шатастырудан
туатын қате. Мысалы, ―ы‖ мен ―і‖, ―а‖-ны, ―ә‖, ―ү‖, ―ӛ‖ үшеуін, ―ә‖, ―ӛ‖, ―ү‖-ні т.с.с.
шатастыру.
Бұл қате бірінші сыныпта басымырақ та, екінші сыныпта одан аздау. Психологтардың
анықтауы бойынша бұл оқуға үйренудің бірінші сатысына жатарлық қате. Яғни, баланың әлі
мейлінше әріптердің таңбасын танып, дабысты әбден ажыратып, одан буын құрап оқи алмай
жатқан кезде жіберілетін қатесі. Ал оның одан әрі жалғасуының себебі әліппе кезінде
баланың әріпті, дыбысты кӛріп, естіп және жазып жаттығуындағы жұмыстардың
жеткіліксіздігінен болған. Ғалым-педагогтар сондықтан да ӛзінің еңбектерінде оқудың
ерекше күрделі психологиялық
процесс екендігін, оған үйренуде естудің, кӛрудің және тілдің
атқаратын қызметінің зор екендігін атап айтқан болатын.
6. Сӛйлемдердің соңындағы тыныс белгісін (хабарлы, сұраулы, лепті) қарап дауыс
ырғағымен ажырата оқуда, сӛздердің мағынасына лайық үннің құбылуында қате жібереді.
Бұл қатенің болуы,
біріншіден, мұғалімдердің практикалық жұмыс жүргізіп жаттықпауынан,
екіншіден, бастауыш мектептің екінші сыныбында қазақ тілі оқулығында сӛйлем, оның түрі
және олардың оқылуы жайлы түсініктің жеткіліксіздігінен.
7. Бастауыш мектептің екінші сынып оқушылары түгел кейде үлкен адамның оқуына
қиындық келтіретін біріккен сӛздер мен қос сӛздерді оқуда қате жіберіледі. Осындай
қателерді, оның болу себебін анықтап алған соң оның түзетілу жолдарын белгіледік. Оларды
оқу сабағында қолданып, жоғарыда кӛрсетілгендей қателерді жоюға кӛмектескен тиімділері
ретінде мыналар ұсынылады:
1) Бір буынды, не бір сӛзді қайталап оқыған оқушының неліктен қайталайтынын
ілгеріде айттық. Сондықтан оқушының қайталамауын мұғалімнің қадағалап қарап,
қайталанған жағдайда ―кітабыңа қарашы‖ немесе ―оқыған сӛзің кітапта неше рет жазылған
екен, байқап кӛрші‖ деген сияқты ескерту жасап отыруды тілейді. Мұғалім тарапынан үнемі,
үздіксіз жасаған ескертуге ұшыраған оқушы енді оны қайталамауға ұмтылады.
2) Жоғарыда кӛрсетілген қателер түрі мұғалім тарапынан, біріншіден, қадағалап қарап
отырғанда, оқушының оқып тұрған сӛз тіркестерінің соңғы сӛзіне зейін қойып қайта оқуын
талап ету арқылы түзетіледі. Екіншіден, оқушының қазақ тілі грамматикадан алған біліміне
сүйеніп, сӛйлемдегі сӛздердің қатынасы, байланысы дегендерді анықтатқызу арқылы
түзетуге болады.
3) Мәтінде кездесетін шылау сӛздердің үстеме күшейткіш мағына беріп тұрған шағын
сӛз екендігі, оның мәтін практикалық жолмен түсіндіру арқылы дұрыс оқылуын талап етуге
болады. Оған қоса мәнерлеп оқудың талабымен байланыстырып жаттығу жұмысын жүргізу
де орынды.
4) Әріптердің
дыбыстық ұқсастығын шатастыру әліппе кезіндегі жаттығу
жұмыстарының шалалығынан болғандықтан, бұл қатені болдырмау үшін әліппе кезіндегі
жұмыстың тиянақты болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл кезеңдегі оқу дағдысын
қалыптастырудың жолдары, оған арналған түрлі плакат, схема және мұғалім тарапынан
түрлендіріліп жүргізілетін жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру оқылған мәтіннің мазмұнын толық
меңгерумен тығыз байланысты екенін айттық. Олай болса оқылған мәтіннің мазмұнын
меңгерде, жалпы оқу ісін іске асыруда кӛрнекіліктің алатын орны ерекше.