101
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық мектептер ашылып, ондағы оқыту,
тәрбиелеу бағдарламасына ӛзгерістер енгені бәрімізге белгілі. Сондықтан да халықтық
педагогиканы сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолданып, оны оқушылардың
бойына сіңіру - біздің басты міндетіміз. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық мінезін
қалыптастыруда ұлттық құндылықтар жүйесін тӛмендегі тӛрт бағыт бойынша қарастыруға
болады:
Ұлттық ойындар;
Қазақ балалар фольклоры;
Салт – дәстүрлер;
Ұлттық ӛнер;
Ұлттық мінез – халықтың тарихи тәжірибесінде қалыптасқан дағды және әдеттер
жиынтығы. 5-6 жастағы бала заттарды топтастыру қасиетттерін меңгере түседі. Мысалы:
кебеже, сандық, орындық, кереует, сырмақ, түскиіз, т.б. үй жиһаздарына жатқызып, тақия,
табақ, сақина, сияқты басқа заттардан ажыратып, айыра алады. Балаға жеке тұлға ретінде
қарым – қатынас жасау, қоршаған ортаны ӛзі танып білуіне толық мүмкіндік беру, бала
материалды ӛзі таңдап, ӛздігінен дербес әрекет етіп, ӛзінің жоспарымен жұмыс жасауға
жағдай туғызып отыру керек.[4;9]
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесін қалыптастыруда мынадай
ұстанымдарды жүзеге асыру керек:
1. Ұлттық білім беру жүйесінің бағыттарын үйрену.
2. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ұсынған педагогтардың
ой - пікірлерін оқу, танысу.
3. Ұлттық тәрбиені сабақпен байланыстыру.
4. Ұлттық тәрбие беру арқылы оқушының қызығушылығын арттыру.
Осы мақсатқа жету үшін мұғалім 45 минуттық сабағында оқушыларға ұлттық тәрбиені
тақырыпқа сәйкес тиімді пайдалана алу. Бала қиялы ғажап! Баланы қызықтыра білсең
қызыға біледі. Барлығы дерлік ӛлең шығара алмас, әңгіме жазуға құмартпас. Бірақ әр бала әр
нәрсеге қызығады, әр нәрсеге икемді болады. Сондықтан оның қай іске бейім екенін танып
алып та жекелеме жұмыстар беру арқылы дамытуға болады. Мысалы, біреу сурет салғанды
жаны сүйеді, оған осы сурет салу туралы әңгіме, не ӛлең жазуға тапсырма беруге болады.
Сосын осы
сала бойынша жұмбақ, мақал-мәтел жинақта деп тапсырма берсе тіптен жақсы.
Оқушылардың ойлау дәрежесіне қарай, біліміне қарай оларға берілетін тапсырмаларды
деңгей бойынша бӛліп те беруге болады. Ұлттық әдет - ғұрыптар туралы мәліметтерді
оқушылардың ӛздеріне жинауға да тапсырма беріп, әр элементін ойын түрінде сабақта
қолданып отырса, оқушы үшін де қызғылықты болады. Қорытындылай келе, қазіргі кезде
оқушыларды демократиялық тұрғыда қоғамды құруға қатынастарын балалар және жастар
ұйымдарында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмыстарын этнопедагогика мұралары
негізінде ұйымдастырып, жүргізу қажет. Ертеңгі ел болашағын билейтін бүгінгі жас
ұрпақтың бітімі, мінез–құлқы, қасиет–сапасы ұлттық тәрбиеден бастау алуы ӛте маңызды.
Ұлттық тәрбие мұраларын қалыптасқан тәжірибелерге сүйене отырып, кеңінен пайдалану
және де оның нәтижелі сапаға айналуы бүгінгі күндегі қажеттілік.
Жасалынған қорытындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
- зерттеу барысында жасалған сабақтардың мазмұнын, тәрбие сағаттарының
бағдарламаларын бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушыларды жан-жақты
тәрбиелеу мақсатында пайдаланған орынды;
- оқушыларға ұлттық тәрбие беруде халық педагогикасы құралдарын тәрбие берудің
басқа құралдарымен ӛзара сабақтастықта және ӛзара бірлікте тиімді пайдалану қажет;
- оқу пәндерінің мазмұнына халық педагогикасы құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру
идеялары мен бағыттарын белсенді енгізген жӛн;
- бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру барысында ұлттық
психологияның ерекшеліктеріне баса назар аударған жӛн.