Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет51/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99

102 
 
Әдебиеттер тізімі:  
1.  Ахмет Байтұрсынов «Шығармалары»,  Алматы 1989ж. 
2.  В.С.Кукушин, С.Қалиев.  Этнопедагогика. Алматы, 2014ж. 
3.  Г.С.Мұнарбаева. Бастауыш сыныптарда жеке тұлғаны ұлттық құндылықтар арқылы 
тәрбиелеу. // Бастауыш мектеп.  №1-2, 2013ж. 
4.  Қ.Бӛлеев, Л.Ибраимова. Ұлттық тәрбие беру.//Бастауыш мектеп. №3, 2004ж. 
 
Аннотация 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  ұлттық  тәрбиесін  қалыптастырудың  ерекшеліктері, 
қалыптасқан  тәжірибелерге  сүйене  отырып,  ұлттық  мұраларды    кеңінен  пайдалану  және  де  оның 
нәтижелі сапаға айналуы бүгінгі күндегі қажеттілік екендігі айтылады. 
Аннотация 
В  данной  статье  говорится  особенности  формирования  национального  воспитания  младших 
школьников,  исходя  из  сложившейся  практики,  широкое  использование  национального  наследия  и 
его потребность на сегодняшний день и качество в продуктивности.        
Annotation 
Features of formation of national education in primary school, based on past practice, the widespread 
use of the national heritage, and his need to become productive it is said that today the quality. 
 
 
ӘОЖ 358.86 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ  
ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Заурбекова Ж.М. 
Кӛктӛбе орта мектебі, Жамбыл обл., Жуалы ауд. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  Қазақстан  Республикасынының 
барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі, әрбір  азаматтың интеллектуальдық 
дамуы,  психикалық-физиологиялық  және  жеке  ерекшеліктері  ескеріле  отырып,  халықтың 
барлық  деңгейдегі  білімге  қол  жеткізуі  сӛз  етіледі,  әрі  қарай  мектепте  жұмыс  жасайтын 
педагогтар  үшін:  «білім  алу  оқушылармен  тәрбиеленушілердің  жеке  және  шығармашылық 
қабілеттерін  ашып,  оны  дамытуына  жәрдемдесуге  міндетті»,  сонымен  бірге  оқушылардың 
ата-аналары  үшін:  «білім  беру  ұйымын  баланың  қалауын,  жеке  басының  бейімділігі  мен 
ерекшеліктерін ескере отырып таңдауға құқығы бар», – деген бабтары мектеп пен ата-аналар 
алдында зор жауапкершілік жүктейді [1]. 
Бастауыш  мектептегі  ана  тілі  –  жоғары  сыныптағы  жүйелі  түрде  жүргізілетін  тіл  мен 
әдебиет курсының алғашқы бастамасы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бастауыш сыныптағы 
ана тілінің сабағында іске асырылатын міндеттер мына түрде болып келеді: 
-  баланы  саналы  түрде  оқуға,  жазуға  және  сӛйлеуге  үйрету;  сол  оқу,  жазуға  үйрету 
үстінде ӛмір шындығына, дүние тануға, айналасын қоршаған құбылысты білуге, оның кейбір 
зағдылығын ұғуға үйрету; 
-  ойын  ұштап,  тілін  жетілдіру,  білімі  мен  түсінігін  кеңейту,  тіл  мен  әдебиет  туралы 
алғашқы  ұғымын  және  осы  пәнге  байланысты  жүргізілетін  жұмыстар  арқылы  қажетті 
әдеттер мен дағдыларды қалыптастыру; 
-  оқушылардың  идеялық  бағыттылығын  тәрбиелеуге,  олардың  моральдық  қасиеттерін 
қалыптастыруға, эстетикалық тәрбиесін жетілдіруге тиіс. 
Міне осы міндеттерді іске асыруға тиісті бастауыш сыныптағы ана тілінің бағдарламасы 
негізгі  үш  құрамды  бӛліктен  тұрады.  Олар:  бастауыш  сынып  оқушыларының  сауатын  ашу 
және тіл дамыту;  оқу дағдысын қалыптастыру, олардың грамматика түсініктері жетілдіру.  
Бастауыш  мектептегі  оқу  сабағының  оқушыға  білім,  тәрбие  берудегі  маңызы  зор.  Оқу 
сабағында оқушы жас балалар халық ауыз әдебиетінің байлығымен және кӛп жанрлы қазақ 


103 
 
әдебиетінің шығармаларымен танысады. Сол арқылы оқушылар табиғат, адам, қоғам туралы 
түсінік алады, ӛмір шындығының әр түрлі кӛрінісімен танысады. Оқушының идеялық саяси 
кӛзқарасы,  адамгершілігі  мен  эстетикалық  тәрбиесі  жетіледі.  Сонымен  қатар  олар  әдебиет 
материалдарын оқудың және оған талдау жасаудың алғашқы қарапайым әдістерін меңгереді. 
Әдебиет  теориясынан  да  кейбір  мағлұмат  алады.  Оқу  арқылы  оқушының  ақыл-ойының, 
тілінің жетілуіне мүмкіндік туады. Осының бәрінің іске асырылуы баланың түрлі әдеті мен 
дағдысын қалыптастыруды қамти отырады. 
Соңғы  жылдарда  оқушылардың  оқу  дағдысын  қалыптастыру  мәселесінің  әр  қыры 
зерттеу  обьектісі  болып,  олардың  біреуі  бастауыш  мектептегі  мәнерлеп  оқудың  жолдарын 
анықтап  берсе,  оқушының  шапшаң  оқуы  мен  түсініп  оқуын  дауыстап  оқу  үстінде  қалай 
жетілдіруді  сӛз  етеді.  Бастауыш  мектеп  ӛмірі  не  жаңа  программаның  енгізілуімен 
байланысты оқушылардың оқу дағдыларының қалыптасу жәйін байқауға алып, оның кейбір 
нәтижесі  туралы  жарияланған.  Сӛйтіп  оқушылардың  оқу  дағдысын  қалыптастыруды 
ӛздерінің  негізгі  зерттеу  обьектісі  етіп  алған  бұл  авторлар  да  оқу  дағдысына  жататын 
мәселені жан-жақты түгелдей зерттеуге, оның барлық жағын анықтауға бармайды. Бұлардың 
әрқайсысы оқу дағдысының қалыптасуына қажетті компоненттердің бір-екеуін ғана, немесе 
дауыстап оқу, іштен оқу мәселелерін ғана алып талдау мақсаттарымен шектеледі. Олай болса 
оқушылардың  оқу  дағдысын  қалыптастыру  -  әлі  де  мұғалімдер,  оқымыстылар  мен 
методистер тарапынан арнайы зерттеуді тілейтін мәселе. 
Соңғы  жылдардағы  Қазақстанның  қоғамдық  саяси  ӛміріндегі  болған  ӛзгерістер  оқыту 
мен тәрбиелеу ішінде жаңалықтар енгізіліп, жаңа леп әкелді. Ғылым мен техниканың дамуы, 
қоғамның ӛсіп ӛркендеуі, еліміздің ӛркениетті елдер қатарынан орын алуы оның білім беру 
жүйесінің  даму  дәрежесімен  тығыз  сабақтасады.  Осыған  байланасты  білім  беру  жүйесінде 
жас  ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеудің  технологиясын  жаңартуға  бағытталған  кӛптеген 
міндеттер жүзеге асуда. 
Оқу сабағында оқушылар ӛздерінің білім мен тәрбие алуына керекті жұмыс істеудің әр 
түрлі  жолына  үйреніп,  түрлі  дағды  қалыптастырады.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
қалыптастырылатын  түрлі  дағдыларының  ішінде  ең  маңыздысы  мен  күрделісі  –  оқу 
дағдысын  қалыптастыру.  Кӛрнекті  психологтары  ӛздерінің  арнайы  жүргізілген 
зерттеулерінің нәтижесінде оқу дағдысын қалыптастырудың психологиялық жақтарын ашып 
кӛрсетті, соған байланысты оқу дағдысын қалыптастырудың сатыланып берілген кезеңдерін 
де  анықтады.  Олар:  ең  бастапқы  кезең-аналитикалық,  яғни  талдау  кезеңі.  Бұл  кезеңде 
оқушыларға  әріп  танытып,  оқу  техникасын  меңгерту  үшін  тіліміздің  жеке  дыбыстардан 
тұратынын,  әріптердің  сол  дыбыстардың  шартты  белгілері  екенін  түсіндіруден  басталады. 
Одан  әрі  әрбір  сӛзге  дыбыстық  талдау  жасалып  отырудың  керектігін  айтады.    Мұны  оқу 
дағдысын  қалыптастырудағы  бірінші  саты  деп  атап,  екіншісін  синтетикалық  немесе 
жинақтау кезеңі деп аталған. Бұл екінші кезеңді басқаша айтқанда, оқу әрекетінің тұтастық 
құрамға  айналу  кезеңі  деп  те  атауға  болады.  Ең  соңғы  кезең  –  оқудың  автоматизацияға 
айналған  кезеңі  делінеді.  Алғашқы  екі  кезең  сауат  ашу  туралы  арнайы  зерттеу  жүргізген 
М.Жұбанов еңбегінде жақсы айтылған [2]. 
Болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуді ғылыми жолмен зерттеп, бұл саладағы жетістіктерді 
жинақтап,  алдағы  басты  міндеттерді  анықтап  беріп  отырған  педагогика  ғылымы  да  оқу 
методикасында  үлкен  орын  алады.  Ол  оқудың  негізгі  принциптерін  белгілеп,  олардың 
әрқайсысы  бойынша  қойылатын  талаптарды  да  ғылыми  жолмен  анықтап  берді.  Оқылатын 
материалға  қарай    оқудың  дидактикалық  жолдарын  таңдап  алу  да  осында  кӛрсетіледі. 
Оқудың білім берудегі мәні және оқушының ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дүние тануын 
қалыптастыру  міндетін  де  кӛрсетіп  береді.  Сондықтан  оқушының  оқу  дағдысын 
қалыптастыру  жолдарын  зерттеп,  оған  ӛз  үлесімізді  қосуда  педагогика  ғылымының  осы 
саладағы жетістіктерін де басшылыққа алдық.  
Қазіргі  уақытта  ―ғылым  мен  техниканың  ӛскелең  даму  дәрежесіне  сәйкес  қоғамның 
қажеттерін,  оқушылардың  қабілеті  мен  тілектерін  есепке  ала  отырып,  ғылым  негіздерін 
тиянақты  біліп  шығуды,  ғылыми  кӛзқарастың  принциптерін  игеруді,  еңбек  ету  мен 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау