ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІ АРҚЫЛЫ «............................................................................» ӘДІСТЕМЕСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАСЫ
АСТАНА – 2012 ж.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі», - деп атап көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екендігі анық жазылған. Сондықтан Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті және атқарушы органдар мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, барша азаматтардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларын дамытуға міндетті.
Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау арқылы тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту міндеті жоспарланған. ................................................. тапсырысы бойынша 2011 жылы үздіксіз білім беру моделі арқылы «..................................................» әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешенді (әрі қарай – типтік оқу-әдістемелік кешен) әзірлеу жұмысы басталған. Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің негізгі құжаты болып саналатын мемлекеттік стандарттар 2009 жылы Қазақстан Республикасының қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттары болып (әрі қарай – Мемлекеттік стандарттар) әзірленген. Стандарттар қазақ тілін оқытудағы негізгі бағытты анықтайды, оған байланысты аталған әдістеменің құрылымдық бөліктерін типтік оқу-әдістемелік кешен ретінде жалғастыру қолға алынды. Осы мақсатты орындау үшін 2011 жылы оқу-әдістемелік кешеннің бірнеше құрылымдық бөліктері әзірленді. Атап айтқанда:
1. Типтік оқу-әдістемелік кешен. Жауаптарымен берілген тест тапсырмалары.
2. Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілінің әр деңгейін меңгеруге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды қоры.
3. Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құрал.
4. Типтік оқу-әдістемелік кешен. «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған интерактивті байқау тестілеуін өткізудің бағдарламалық жабдықтауы».
5. Типтік оқу-әдістемелік кешен. ҚАЗТЕСТ жүйесінің сайты.
Қазақстан Республикасынның азаматтарына қазақ тілін оқытудың мазмұнын жүйелейтін, мемлекеттік тілді шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің құрамдас бөлігі болып табылатын типтік бағдарлама әзірлеудің өткір қажеттілігі туындап отыр. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мазмұны Мемлекеттік стандарттарға және типтік бағдарламаға сәйкес оқулықты әзірлеу қажет. Қазақ тілін барынша тиімді меңгеру үшін халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, тілді шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш қажет.
Жоғарыда аталған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу барысында қазақ тілін оқытуға арналған оқыту мазмұнын жүйелейтін және барлық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қолдана алатын типтік оқу-әдістемелік кешен қалыптастырылады.
Типтік оқу-әдістемелік кешен бірін-бірі толықтыра алатын құрылымдық бөліктерден тұратын біртұтас жүйе болуы қажет.
1. Мемлекеттік стандарт кез келген пәнді оқытудың алғашқы және ең маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік стандарт – бұл нормалар мен талаптардан тұратын, оқыту жүйесіндегі білім беру бағдарламасының негізгі мазмұнын, тіл үйренушінің оқу жүктемесінің максимальды көлемін, оның дайындық деңгейін (аталған жағдайда курс тыңдаушылары) және білім беру үдерісін қамтамасыз ету талаптарын (соның ішінде материалдық-техникалық, оқу-зертханалық, ақпараттық-әдістемелік, кадрлық қамтамасыз ету) анықтайтын нормативтік құжат.
Мемлекеттік стандарт тіл үйренушілердің минимальды білім көлемін, икемділігі мен дағдыларын анықтайды. Аталған жағдайда қазақ тілін меңгерудегі сөйлеу әрекетінің репродуктивтік және продуктивтік түрлері бойынша коммуникативтік тілдік құзыреттілігінің минимальды көлемі.
2. Мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жалпыға ортақ бірыңғай жүйеге келтіру мәселелерін шешетін екінші құрылымдық бөлік – типтік бағдарлама болып табылады.
Типтік бағдарлама – білім мазмұны мен көлемін, оқытылатын пәнді меңгеруге икемділік пен дағдыны (аталған жағдайда мемлекеттік тілді оқыту), тақырыптарға, бөлімдерге және оқыту кезеңдеріне бөлуге арналған, оқыту жүйесінде пайда болған құжат.
3. Оқу-әдістемелік кешеннің келесі маңызды құрылымдық бөлігі қазақ тілін меңгеру үшін әр деңгейге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды қоры. Қазақ тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес сол деңгейде тіл меңгеруге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды сөздік қоры оқыту барысындағы негізгі құрылыс материалының ролін атқарады. Минимальды сөздік қор шет тілін үйренудің әлемдік және еуропалық стандарттарының принциптеріне, сонымен қатар еліміздің қоғамдық-әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған. Қарапайым деңгейде лексикалық минимум 800 бірлікті, базалықта деңгейде – 1783 бірлікті, орта деңгейде – 2229 бірлікті, ортадан жоғары деңгейде – 3954 бірлікті, жоғары деңгейде – 5060 бірлікті құрайды.
4. Қазақ тілінің лексикасын нақты анықтаған соң, қазақ тілінің грамматикасын меңгермей, тілді толық білу мүмкін емес. Сондықтан оқу-әдістемелік кешеннің келесі құрамдас негізгі бөлігі бұл – грамматикалық анықтағыш. «Грамматика» сөзі грек тілінен аударғанда «grammatik» мағынасы «оқу мен жазудың икемділігі» дегенді білдіреді. Грамматика дегеніміз – сөйлеу бөліктерін дұрыс құрастырудың заңдылықтарын, тілдің грамматикалық құрылымын зерттейтін тіл білімінің тарауы. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу барысында коммуникативтік құзыреттілік негіздері қаланады.
Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Грамматикалық анықтағыш тіл қолданушыларға әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес сөйлей білуге, жаза білуді үйретуге арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минимальды қоры болып табылады.
Грамматикалық анықтағыш әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексикалық, грамматикалық минимумдарды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады.
Тіл қолданушылардың тілді пайдалану кезінде, өз қорытынды-пайымдауларын, сөз тапқырлығын, ойын анық, толық жеткізу, сұхбаттасу, ойын жазбаша білдіру барысында тілді қолдану ерекшелігі грамматика арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Сондықтан тіл меңгеруде лексикалық және грамматикалық минимумдардың маңызы зор. Лексикалық минимумдар негізінде грамматикалық минимумдар әзірленеді. Минимумдарды әзірлеуде жүйенің деңгейлер бойынша айырмашылығы мен ерекшеліктері сақталынады.
5. Қазақ тілін толық меңгеруге грамматикалық білімнің ғана болуы жеткіліксіз. Сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, оқылым, жазылым) бойынша тіл үйренушінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыратын кешенді тәсіл қолдану қажет. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша тілдік құрылымды деңгейден деңгейге өтуде концентрлі жүйені сақтай отырып түсіндіріп, тілдік материалдарды жүйелі беретін, тікелей коммуникацияға бағытталған оқулықты пайдалану өзінің тиімді нәтижесін беретіні анық. Осы мақсатта ересек тұрғындарға арналған мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай оқулығы бола алатын оқулық керек. Аталған оқулық қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламаға тікелей байланысты болады, яғни әрбір тақырып, әрбір сабақ пен тілдік материал типтік бағдарламаның бөліктері мен сағат санына сәйкес келеді. Сонымен, типтік бағдарлама арқылы тақырыптар белгілі, лексикалық қор анық, онда оқулық арқылы тілдік дағыдыларды қалыптастыруға мүмкіндік туады.
6. Оқыту үдерісі әрқашан нәтижеге бағытталу қажет, сондықтан қазақ тілін оқытудың нәтижелігі мен тиімділігін тәуелсіз және объективті формада бақылау, бағалау – тестілеу арқылы жүзеге асырылады. ҚАЗТЕСТ жүйесінің тестілерін қолдану тілдік құзыреттіліктерді бағалау үшін Мемлекеттік стандарттарға, лексикалық минимумдарға және өзге де нормативті құжаттарға сәйкес келетіндіктен орынды әрі тиімді болып саналады. ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларының қорында 70 000 жуық тест тапсырмалары бар. Тест тапсырмалары тыңдалым, оқылым, жазылым мен тілдің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша тіл меңгеруге қажетті барлық дағдылар мен икемділіктерін қалыптастыруға тікелей бағытталған.
7. Тест тапсырмаларының формасы емтиханға ұқсас, ал кез келген емтихан дайындықты қажет етеді. Мұнда емтиханға дайындалуға арналған тест тапсырмасының түрлеріне талдау жасалынған, қажетті теориялық материалды қамтитын, кілттерімен берілген оқу-әдістемелік құрал қарастырылған. «ТІЛ-ҚҰРАЛ» деп аталатын аталған қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау емтиханына дайындалудың оқу-әдістемелік құралдары бес деңгей бойынша тіл үйренушіге көмегін тигізеді. Әрбір құралда алдымен тестілеуден өтіп, өз деңгейіңді білуге мүмкіндік берсе, одан кейін, дәл сондай тест тапсырмаларын талдау арқылы тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын түсіндіреді, онымен бірге тіл меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Осының бәрінен өткеннен кейін, қорытынды тестілеу бөлімі алған біліміңізді тағы да бір пысықтау үшін таптырмайтын машықтану құралы болады. Тағы да тестілеуден өту арқылы қаншалықты біліміңізді шыңдай түскеніңізді білуге болады. Оқулық соңында берілген қосымшалар мен компакт-дискідегі аудиоматериалдар қазақ тілінің ережелері мен орфоэпиялық нормаларына сай сөйлеудің, диалогтер мен мәтіндердің үнжазбалары беріледі. Алғашқы екі деңгейде (қарапайым, базалық) барлық ережелер мен тапсырмалардың тұжырымдары және негізгі түйіндеме ескертпелер орыс тілінде де беріліп отырады. Бұл да болса тіл үйренушіге өз тұрғысында ыңғайлылық мақсатында жасалған.
8. Тіл үйренуші өзіне қолайлы, кез келген уақытта өзінің қазақ тілін білу деңгейін тексеруге арналған интерактивті байқау тестілеуі де қарастырылған.
9. Жүйенің құрылымы, тестілеу технологиясы туралы ақпарат жетіспеушілігін болдырмау үшін ҚАЗТЕСТ жүйесінің сайты www.kazakhtest.kz жұмыс істейді.
Типтік оқу-әдістемелік кешеннің жоғарыда аталған құрылымдық бөліктері толыққанды және кешенді тәсілдермен қамтамасыз ететін, қазақ тілін оқыту мен тілді меңгеру деңгейін бағалаудың элементтерінен құралған біртұтас жүйесін білдіреді.
2. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Жұмыс мақсаты: аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындағы қазақ тілін оқыту үдерісін жүйелеу және тілді толық меңгеруге арналған оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру.
Міндеттері:
қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама құрастыру;
қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш әзірлеу.
қазақ тілін оқытуға арналған оқулық әзірлеу;
3. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Оқу-әдістемелік кешеннің келесідей құрылымдық бөліктері болуы шарт:
Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақстан Республикасының қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттары;
Типтік оқу-әдістемелік кешен. ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 (бұдан әрі – Мемлекеттік стандарт) сәйкес типтік бағдарлама;
Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін меңгеру үшін әр деңгейге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды қоры.
Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш;
Типтік оқу-әдістемелік кешен. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған оқулық;
Типтік оқу-әдістемелік кешен. ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмалары;
7. Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындалудың оқу-әдістемелік құралы;
8. Типтік оқу-әдістемелік кешен. «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау бойынша интерактивті байқау тестілеу» бағдарламалық жабдықтауы.
9. Типтік оқу-әдістемелік кешен. ҚАЗТЕСТ жүйесінің сайты.
4. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДІ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ
Типтік оқу-әдістемелік кешен – стандарт-технология, типтік оқу-әдістемелік кешеннің үздіксіз білім беру моделі, жауаптарымен берілген тест тапсырмалары арқылы «қазақ тілі шетел тілі және екінші тіл ретінде» қазақ тілін оқытуға арналған жобаны жүзеге асыру барысында жасалған әдістемесінің құрамдас бөлігі болуы тиіс.
1) Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақстан Республикасының қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттары.
Мемлекеттік стандарттар 2009 жылы әзірленген. Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы 30 желтоқсанда № 647-од бұйрығымен бекітілді және шығарылды:
1) ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».
2) ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».
3) ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».
4) ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».
5) ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».
Стандарттар қазақ тілін меңгерудің қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлері бойынша коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын белгілейді. Стандарт ережелерін Қазақстан Республикасында азаматтардың қазақ тілін меңгерудегі коммуникативтік тілдік құзыреттіліктер бағытында өздерінің ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту түрлеріне қарамастан тіл үйретуші, оқытушы ұйымдар мен мекемелер қолдануға және сақтауға міндетті. Стандарт талаптары қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын қалыптастыруда міндетті болып табылады.
Аталған стандарттарда сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым) коммуникативтік құзыреттіліктің минимальды көлемдегі белгіленген. Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша әр деңгейдің сипаттамасы, тілдік коммуникативтік құзыреттілік мазмұны, тілдік икемділіктерге талап, тест тапсырмаларының үлгілері библиография берілген.
2) Қазақстан Республикасы ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009 мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасы.
Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқытуға арналған типтік бағдарлама тілді шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқытудың тәжірбиесін қолдана отырып, Мемлекеттік стандарттарға сай әзірленуі керек. Типтік бағдарлама аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ тілін оқыту үдерісін жүйелейтін, қазақ тілін оқытуға арналған негізгі нормативтік құжат болуға тиіс.
Типтік бағдарламада:
- бағдарламаның мақсаты мен міндеттері ескерілуі тиіс;
- бағдарламаны әзірлеуге қажеттіліктің негіздемелері болуы тиіс;
- міндетті бөлімдер болуы тиіс, мысалы, біліктілік талаптары, икемділік пен дағдылар, негіздемесі бар міндеттер, курс міндеттері және тағы басқалар;
- ұсынылған бағдарлама қажетті оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуін қарастыру.
Типтік бағдарлама келесіні қамтамасыз етуі тиіс:
1. Негізгі нормативтік құжаттар тізбесі.
2. Қазақ тілін оқытудың мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелер.
3. Тіл үйренушілер контингенті.
4. Әр деңгейге арналған қазақ тілін меңгерудің тілдік құзыреттіліктері.
5. Лексикалық тақырып.
6. Грамматикалық тақырып.
7. Лексикалық қор.
8. Белгілі тақырыпқа бөлінген сағат саны.
9. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мен бақылаудың әдістері мен тәсілдері.
10. Қазақ тілін оқытуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
3) Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін меңгеру үшін әр деңгейге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды қоры.
Лексикалық минимумдар 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленіп, 25 000 данада баспадан шығарылды. Барлық аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары лексикалық минимумдармен қамтамасыз етілді.
Лексикалық минимумдардың құрылымдық бөліктері:
1) Мұқаба;
2) Түсіндірме;
3) Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес лексикалық минимумдардың негізгі мақсаты мен міндеттері;
4) Қазақ тілін меңгеру деңгейлері және европалық жүйелер арасындағы байланыс пен сабақтастық;
5) Лексикалық минимумдарды қолдану тәсілдері;
6) Қазақ тілін меңгеру деңгейлері бойынша лексикалық минимумдардың негізгі мазмұны: лексикалық тақырып, тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерінің тізбесі, мысалдар;
7) Қорытынды сөз;
8) Қосымша (мысал, кесте);
9) Ұсынылатын және қолданылған әдебиеттер тізімі;
10) Мазмұны.
Лексикалық минимум сөздік қорды байытуға, актив және пассив сөздер қорын қалыптастыруға септігін тигізеді. Әр деңгейдің лексикалық минимумы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлерде сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды жиынтығынан тұрады. Минимумдардың бастапқы және екінші тәуелсіз сараптамасы өткізілді. Аталған лексикалық қордың ерекшелігі ондағы сөздер тілдік құрылым бойынша және күнделікті өмірдегі тақырыптар бойынша жүйелеп берілуінде немесе сөздер мен сөз тіркестері тақырыптар, сөз таптары бойынша берілген. Қарапайым деңгейде лексикалық қор 800 бірлікті, базалық деңгейде – 1783, орта деңгейде – 2229, ортадан жоғары деңгейде – 3954 бірлікті, жоғары деңгейде – 5060 бірлікті құрайды. Минимумдер лексикалық баспалдақтар бойынша құрылып, мағыналық және тақырыптық топтарға бөлініп берілген. Баспалдақтар бір-бірімен сабақтаса байланысады. Бірінші баспалдақ үш сөз табы бойынша берілген: зат есім, сын есім, етістіктер. Екінші баспалдақта – сан есім, есімдік, үстеу. Үшінші баспалдақта – жұрнақтар, одағайлар. Қазақ тілінің фразиологиялық қоры, мақал-мәтелдер және орысша, ағылшынша баламалары да берілген. Сөз таптары белгілі бір қызмет атқаратындықтан, лексикалық бірліктерді сөз таптарына бөлу, оларды сөйлемдерде қолданылуын жеңілдетеді.
Лексикалық минимумдер қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде үйренушілерге, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтиханға дайындық үшін оқытушыларға, оқу құралдарының авторларына, зерттеушілерге, ізденушілерге, студенттерге және кең көлемдегі тіл үйренушілерге арналған.
4) Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыш.
Грамматикалық анықтағыш қазақ тілінің негізгі ережелерін ұстана отырып, ережелерге мысалдар, кесте, сызба түріндегі түсіндерме ақпараттарды және т.б. қамтуы қажет.
Грамматикалық анықтағыш қазақ тілін оқытуға арналған көмекші құрал және әр деңгейге жеткілікті сөздер мен сөз тіркестерінің қорына қосымша болуы тиіс.
Материалдың берілу әдістемесі тіл үйренушіге түсінікті, қабылдауға жеңіл, термин сөздермен жүктелмеген, жүйелілік және функционалдық принциптерін сақтау қажет.
5) Типтік оқу-әдістемелік кешен. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған оқулық.
Типтік бағдарлама тақырыптарына және Мемлекеттік стандарттарға сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған оқулық тақырыптар бойынша сабақтарға бөлінуі қажет.
Оқулық мемлекеттік тілді өз бетімен және оқытушымен бірге үйренетін Қазақстан Республикасы азаматтарына арналуы тиіс.
Әр тақырып мыналарды қамтуы қажет:
Белгілі бір деңгейді меңгеруге арналған теориялық материал.
Сөздер мен сөз тіркестерінің минимальды қоры.
Тілдік дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар мен тапсырмалар.
Оқулықты қалыптастыруда қолданылатын сөздік қор келесі қазақ тілін меңгеру деңгейлері бойынша сөздер мен сөз тіркестерінің қорына сәйкес келу керек (ISBN 978-601-7185-40-4, ISBN 978-601-7185-41-1, ISBN 978-601-7185-38-1, ISBN 978-601-7185-39-8, ISBN 978-601-7185-42-8). Оқулық суреттермен безендірілуі керек. Компакт диск түріндегі қосымшада аудиоматериал жазылуы қажет.
Қазақ тілін оқытудағы функционалдық аспектіге баса назар аударылғандықтан, оқыту әдістемесі өзге оқулықтардан ерекшеленіп тұруы қажет.
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулық міндетті түрде келесідей құрылымдық бөлімдерді қамтуы қажет:
Мұқаба,
Аңдатпа;
Мазмұны;
Кіріспе;
Негізгі бөлім;
Қорытынды;
Қосымша;
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
6) Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмалары.
Қазіргі уақытта, ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларының базасы 70 000 тапсырманы құрайды. Тест тапсырмалары сараптамадан өткізіліп, түзетулер енгізіледі, әртүрлі мақсатты топтар арасында байқау сынақтарынан өткізіледі. Жойылған және түзетумен ұсынылған тест тапсырмалары әзірлемешілерге өзгертулер енгізу үшін жіберіледі. Сараптамадан және байқау тестілеуінен өткізілген тест тапсырмалары тесттер құрамына енгізіледі. Тест 150 тапсырмадан тұрады: Тыңдалым бөлігінде 30 тапсырма, Лексика-грамматикалық бөлікте 70 тапсырма, Оқылым бөлігінде 50 тапсырма. Нұсқадағы тест тапсырмалары «қарапайымнан күрделіге қарай» принципі бойынша орналастырылған.
Жалпы, ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмалары екі түрге бөлінеді: деңгейді анықтау үшін жалпы меңгеру тесті және деңгейді бағалау үшін нақты бір деңгей бойынша тест. Екі тест түрінің де құрылымында айырмашылықтар жоқ, алайда тест тапсырмаларының мазмұны мен күрделілігі өзгеріп отырады. Деңгейді анықтау тесттері бес деңгей тапсырмаларынан құралады, ал деңгейді бағалау тестінде 150 тапсырма белгілі нақты бір деңгей бойынша тапсырылады.
7) Типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құрал.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің тапсырысымен тілдік дағдыларды қалыптастыруға қолайлы «қарапайымнан күрделіге қарай» принципімен жасалған, қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралдар әзірленді және баспадан шығарылды. Құралдар 25 000 данада шығарылып, барлық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қамтамасыз етілді.
Ұсынылған оқу-әдістемелік құралдар тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық бөліктерден тұрады. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тест тапсырмаларын талдау нәтижесі тілді меңгеру деңгейін растайды. Алдымен кіріспе тест тапсыру арқылы тіл меңгеру дәрежесі анықталады, содан соң әрбір бөлік бойынша мазмұны ұқсас тапсырмаларды бірнеше рет талдау арқылы тапсырма мазмұны түсіндіріледі, тапсырма мазмұнын түсіну арқылы оқулық тілдік құрылымды толық түсінуге септігін тигізеді. Осы кезеңдерден соң тапсырмаларға қатысты жаттығулар беріледі. Қорытынды тест бөлігі алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан тілдік құзыреттіліктерді тексеру тапсырмалары ретінде беріледі. Әрбір тест тапсырмаларының жауаптары оқу-әдістемелік құрал соңындағы қосымшада беріліп отырады, яғни тіл үйренушінің әрбір кезең сайын өзінің жауаптарын тексеріп отыруға мүмкіндігі бар. Жаттығу бөлігіндегі тапсырмаларда тікелей жұмыс дәптері ретінде пайдалануға болатындай мүмкіндіктер қарастырылған. Тыңдалым, жазылым бөліктері үшін аудиожазбалар компакт-дискіде қосымша беріліп отырады.
Әзірленген оқу-әдістемелік құралдардың ерекшелігі жоғарыда айтылғандай тест құрамындағы сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылым бойынша тест тапсырмаларына тоқталып, талдап, қорытынды тест тапсыру арқылы тілдік дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгеруге жету үшін 100-120, базалық деңгейде 180-200, орта деңгейде 220-240, ортадан жоғары 180-200, ал жоғары деңгейде 100-120 оқу сағаттары қажет деп көрсетілген. Жоғарыда көрсетілгендей ортадан жоғары және жоғары деңгейде қазақ тілін меңгеру деңгейіне байланысты сағаттар саны төмендеп отырады.
Оқу-әдістемелік құралды әрбір бөлік бойынша тест тапсырмаларының түрлері, оларға дұрыс жауап берудің әдістері, әрбір бөлімдердегі тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарының кілттері тіл үйренушілерге ыңғайлы болу үшін берілген.
Оқу-әдістемелік құралдың құрылымы төмендегідей:
1) Алдымен тест тапсырып көруге мүмкіндік беріледі, бұл үшін алдын ала тест ұсынылған;
2) әртүрлі тест тапсырмаларына талдау жасалады, талдау арқылы тілдік құрылымдарды еске түсіріп, оларды нақтырақ түсінуге болады;
3) қорытынды тест арқылы тіл үйренушілерге білімдерін шыңдауға мүмкіндік бар;
4) қосымшада жаттығулар мен тест тапсырмаларының дұрыс жауап кілттері келтірілген.
8) Типтік оқу-әдістемелік кешен. «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған интерактивті байқау тестілеуін өткізудің» бағдарламалық жабдықтауы.
2011 жылы 19 шілдедегі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК арасындағы № 41 Мемлекеттік сатып алу келісімшартының № 2 қосымшасына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған интерактивті байқау тестілеуін өткізудің бағдарламалық жабдықтауы (бұдан әрі – ИБТ БЖ) әзірленді.
ИБТ БЖ мақсаты – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған интерактивті байқау тестілеуін өткізу.
ИБТ БЖ құрастырудың негізгі міндеттері:
әрбір тестіленуші үшін интерактивті режимде емтихан өткізу;
тестіленушілер туралы мәлімет қорын сүйемелдеу;
тест тапсырмаларының мәліметтер қорын сүйемелдеу;
емтихан ведомостерін басып шығару;
тестілеуден өту статистикасын жүргізу.
ИБТ БЖ оңай орнатылады, күйге келтіріледі, қызмет көрсетеді, әкімшінің және қолданушының дамыған, түсінікті графикалық интерфейсі бар.
ИБТ БЖ ақпаратты контенттерге бөлу (тестілердің МҚ) және қызметтік ақпарат ұстанымы бойынша жасап шығарылған.
ИБТ БЖ ашық жүйелерінің стандарттарына сәйкес жасалған, клиент-сервер архитектурасынның жүйе бөліктері арасында деректерді табыстай алу жағдайында жүмыс істейді.
ИБТ БЖ келесі талаптарға сәйкес келеді:
көп қолданбалы режимін іске асырады;
талап етілген көлемде тіркелген пайдаланушыларды сүйемелдей алады;
мәліметтерге бір уақытта бірнеше пайдалануышының қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
ақпараттардың үлкен массивін демей алады;
ИБТ БЖ мәліметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді (шектелген қолжетімділік, әрбір пайдаланушының әрекетіне хаттама жүргізу);
пайдаланушы жұмыс орнынның бағдарламалық, аппараттық бөлігіне қойылытын минимальды талаптарды орындайды;
жұмыстың сенімділігі және үзіліссіздігін қамтамасыз етеді;
масштабталуға бағдарламалық жабдықтау тарапынан шектеу болмауы тиіс, тек техникалық құралдардың мүмкіндіктеріне ғана байланысты болуы керек;
ИБТ БЖ пайдаланушысына жұмыс үшін эргономикалық интерфейспен қамтамасыз етеді;
жаңа жұмыс орнын орнатуды жеңілдетеді;
ИБТ БЖ жаңа версияларын орнатуды жеңілдетеді;
қолданыстағы жүйелер арқылы дерек қорының деңгейінде мағлұмат алмасу есебінен мәліметтер интерфейсін сүйемелдейді;
TCP/IP коммуникациясы хаттамаларын сүйемелдейді.
9) Типтік оқу-әдістемелік кешен. ҚАЗТЕСТ жүйесінің сайты.
ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы ақпарат жетіспеушілігін болдырмау мақсатында 2011 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесінің www.kazakhtest.kz ресми сайты әзірленді. Аталған сайт беттерінде жүйені құру жөніндегі ақпарат және оның құрылымы, дамуы, тестілеу технологиясы, методикалық сипаттамасы жайлы ақпарат берілген. Сайт тәжірибеден және тестілеуден өткізілді. Сайт беттерінде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ жайлы толық ақпарат берілген, on-line режимде тестілеуден өту мүмкіндігі де қарастырылған. Сайт интернет-ресурстарын қолданушылар үшін үш тілде берілген. Араб графикасын қолдану арқылы, төте жазумен жазылған сайттың қазақша беттері де әзірленді. Жүйе бөліктері бойынша берілген тест үлгілері тұтынушылар үшін тест тапсырмаларының мазмұнымен танысуға мүмкіндік береді. Ұлттық тестілеу орталығының блогымен және қолданушылармен сұрақ-жауап түріндегі кері байланыс орнатылғын.
5. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ТИПТІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДІ ӘЗІРЛЕУДЕГІ ОРЫНДАЛУ УАҚЫТЫ
№
|
Жұмыс түрлері
|
Орындалу уақыты
|
1.
|
Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама жобасын жасау
|
08.06-10.07
|
2.
|
Типтік бағдарлама жобасының сараптамасы
|
10-14.07
|
2.
|
Типтік бағдарлама жобасына түзетулер енгізу
|
17-21.07
|
3.
|
Типтік бағдарламаның алғашқы макетін басып шығару
|
27.07-03.08
|
4.
|
Типтік бағдарламаны керекті данада басып шығару
|
01-10.08
|
5.
|
Қазақ тілін оқытуға арналған грамматикалық анықтағыштың жобасын әзірлеу
|
08.06-23.06
|
6.
|
Грамматикалық анықтағыш жобасының сараптамасы
|
16-21.07
|
7.
|
Грамматикалық анықтағыш жобасына түзетулер енгізу
|
17-25.07
|
8.
|
Грамматикалық анықтағыштың алғашқы макетін басып шығару
|
15-25.08
|
9.
|
Грамматикалық анықтағышты керекті данада басып шығару
|
27.08-07.09
|
10.
|
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулық жобасын әзірлеу
|
08.06-20.08
|
11.
|
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулық жобасының сараптамасы
|
20-25.08
|
12.
|
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулық жобасына түзетулер енгізу
|
12-18.09
|
13.
|
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтың алғашқы макетін басып шығару
|
17-25.09
|
14.
|
Қазақ тілін оқытуға арналған оқулықты керекті данада басып шығару
|
24.09-20.10
|
Жұмыстың орындалу уақыты 2012 жылдың «08» маусым айынан «20» желтоқсан айына дейін.
6. ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы;
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;
3. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
4. ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».
5. ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».
6. Жалпы меңгеру»; ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».
7. ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».
8. ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей».
9. ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларын қалыптастырудың «Тест спецификациясы», Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2008 жыл;
10. Қазақ тілін оқыту мен тілді меңгеру деңгейін бағалауға арналған коммуникативтік құзыреттілік талаптарының тақырыптары, Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, 2009 жыл;
11. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 30 бет.
12. Қазақ тілін базалық деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 54 бет.
13. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 66 бет.
14. Қазақ тілін ортадан жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 108 бет.
15. Қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 156 бет.
16. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Қарапайым деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 250 бет.
17. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Базалық деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 270 бет.
18. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Орта деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 252 бет.
19. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Ортадан жоғары деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 244 бет.
20. ТІЛ-ҚҰРАЛ. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құралы. Жоғары деңгей, Астана: Ұлттық тестілеу орталығы, 2011. – 268 бет.
21. Essential Grammar in Use, Raymond Murphy, Camridge University press, 2007.
22. English Grammar in Use, Murphy, Camridge University press, 2004
23. Практическая грамматика английского языка, К.Н.Качалова, Е.Е. Израилевич, LADKOM, Moscow, 2010
24. Ф.Ш. Оразбаева., Т.Т. Аяпова және басқалар, Қазақ тілі (Алты деңгейлік оқыту әдістемелік кешендер), Алматы, Жазушы, 2007 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |