Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет49/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99

98 
 
-  әлеуметтік-ұйымдастуырушылық  компонент  –  мұғалімдер  ұжымы,  ата-анамен, 
ұйымдармен  ынтымақтастық  қарым-қатынас  орната  білу,  іс-әрекетті  дұрыс  ұйымдастыра 
алу.  
Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмысы баламен тікелей байланысты, сондықтан да, ол 
оның жан дүниесін түсіне білуі  маңызды. Оған қандай да кеңестер бере алуы, оның ӛмірге 
деген  кӛз-қарасын  ӛзгертуге  ықпалы  болуы  тиіс.  Бала  әлеуметтік  педагогты  қабылдауы 
керек. Ол үшін әлеуметтік педагог ашық, сенім білдіруге тұратын адам болуы хақ. Баланың 
досы,  сырласы  болуы,  сонымен  қатар  оның  қиын  жағдайлардан  шығуына  ықпал  етуі  тиіс. 
Бұл  жағында  ол  баланың  қорғаушысы  ретінде  кӛрінеді  [5].  Яғни  ӛзін  ересек,  баланы 
басқалардан  қорғай  алатын  дәрежеде  болуы  керек.  Баланың  ӛмірінде  қандай  да  болмасын 
қиындықтарға  тӛтеп  беруге  кӛмек  беруші  адамның  болуының  ӛзі  балаға  сенімділк  сезімін 
береді, ӛмірден түңілмеудің бір себебі деп қарастыруға болады. 
Қорыта  келгенде,  қазіргі  заманда  әлеуметтік  педагог  деген  мамандықтың  болуы 
жасӛспірімдерді  ӛмірде  ӛз  орнын  табуға,  қиыншылықтардан  ӛтуге  кӛмектеседі.  Баланың 
жақсы ӛмір сүруіне жағдайлар жасайды. Егер баланың ата-анасы жоқ болған жағдайда, оған 
міндетті  түрде  әлеуметтік  педагог  кӛмекке  келеді.  Бұл  мамандықтың  иелері  сиқыршы 
болмаса  да,  түрлі  ғажайып  істерді  істеуге  дайын  тұратын  тұлғалар  деп  айтсақ  та  артық 
болмас. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сӛздігі  «Педагогика  және 
психология» А.Мектеп-2002 ж. 
2.  «Методика  и  технологии  работы  социального  педагога»  М.А.  Галагузова 
Х.В.Мардахаев. М. Академия 2004 г. 
3.  «Методическая  помощьсоциальному  педагогу  образовательного  учреждения  но 
ведению текущей дакументации» А.И.Ситиик. А.В.Мисько. М.Академия 2005 г. 
4. «Методика и технологии работы социального педагога» Н.А.Шентенко.Г.А.Воронина 
М.Академия 2002 г. 
5. Шпаргалка по социологии Н.В.Аскеров. Е.В.Белова, Н.А.Мельникова М 2000г. 
 
Аннотация 
Бұл  жұмыста  әлеуметтік  педагог  –  қажетті  квалификациясы  бар,  жұмыс  объектісі,  әлеуметтік 
даму үрдісінде кӛмек және демеуді қажет ететін балалар мен жасӛспірімдер болып табылатын маман 
екендігі туралы жан-жақты жазылған.  
Аннотация 
В  данной  статъе  описыватся  то,  что  специалист,  имеющий  необходимую  квалификацию, 
способен  работать  с  детьми  и  подростками,  которым  требуется  помощь  и  поддержака  в  процессе 
социального развития и которые являются объектом исследования. 
Annotation 
 In this article is described the specialist having the necessary qualification, who is able to work with 
some children and teenagers, who need the support in a process of social development and who are the object 
of research. 
 
 
 
 


99 
 
ӘОЖ: 37.035.6:373.1 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕСІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Зарпулова С.М. 
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы, Тараз қ. 
 
Қай  ұлт  болса  да  оның  ұлттық  үрдісі,  ӛзіндік  әуені,  білікті  қасиеті,  ұлттық  болуы 
арқылы  болашақ   ұрпағының   тӛл  келбетін  қалыптастырады.  Қазіргі  таңда  ғасырлар 
қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды 
міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт ӛз ұрпағына ұлттық тәлім  – тәрбие беру арқылы 
ғана  ұлттық  болмысын,  бейнесін  сақтап,  дамыта  алатыны  белгілі.  Тәуелсіз  елдің  ұрпағына 
мәдениет пен ғылым, тәрбие мен білім беру  – үздіксіз үдеріс. Олай болса, тәуелсіздік туын 
биіктеткен  жастардың  ұлттық  білім  мен  тәрбие  құндылықтарын  меңгеруі  жасампаз 
Қазақстанның  жалынды  жігерін,  қуатты  кемерін,  ұлттардың  жомарт  жарастығын,  ырысты 
ынтымағын  әлемге  паш  етеді.  Сондықтан  да  Қазақстанның  келешегі  оның  әлемге 
ашықтығында.  
Ұлттық тәрбие - ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген 
білім  беру  жүйесінің  құрамдас  бӛлігі,  әр  халықтың  табиғи  ерекшеліктері,  ата  кәсібі,  салт  – 
дәстүрі,  дүниетанымы  негізінде  жинақталған  тәжірибе.  Ол  уақыт  ӛткен  сайын  ғасырлар 
сүзгісінен  ӛтіп,  сұрыпталып,  іріктеліп  халық  ӛмірінде  қолданбалы  түрде  жүзеге  асып 
отырады.  
Ұлттық тәрбиенің кӛздері ата – бабаларымыздан қалған фольклор, ауыз әдебиеті, әдет – 
ғұрып, салт – дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сӛздер мен айтыс термелер, ӛнеге ӛсиеті 
бар  мақал  –  мәтелдер,  туған  топырағымызда  дүниеге  келген  ойшыл  ғұламаларымыздың 
еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. 
Ұлттық  тәрбие  беру  мәселесі  әл-Фарабидің,  Ж.Баласағұнидің,  М.Қашқаридің 
еңбектерінде  кӛрініс  табады.  Ұлтымыздың  ұлы  тұлғалары  түркі  халықтарының  тәрбиелік 
ерекшеліктеріне үлкен мән бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. 
Халқымыздың 
кемеңгер 
ағартушылары 
Ш.Уәлихановтың, 
Ы.Алтынсариннің, 
А.Құнанбаевтың, 
Ш.Құдайбердиевтің, 
М.Жұмабаевтың, 
А.Байтұрсыновтың, 
Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен 
дамуындағы ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып кӛрсетілді. 
Кӛрнекті  қазақстандық  ғалымдар  Қ.Б.Жарықбаев  ,  С.Қ.Қалиев,  С.А.Ұзақбаева, 
Ж.Ж.Наурызбай,  К.Ж.Қожахметова,  Ә.Табылдиев,  М.Х.Балтабаев,  Р.Қ.Дүйсембінова, 
Қ.Б.Бӛлеев, 
С.Ғаббасов, 
Қ.Қ.Шалғынбаева, 
Ш.М.Мұхтарова, 
С.Қ.Абильдина, 
Ж.М.Акпаров,   т.б.  тың  зерттеулер  жүргізіп,  ӛз  еңбектерінде  халықтық  педагогиканың 
қалыптасуы  мен  дамуын,  оның  құралдарының  ұрпақ  тәрбиесіндегі  мәнін,  мектептің  оқу-
тәрбие процесінде алатын орны мен оларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды. 
Мағжан  Жұмабаевтың  «Педагогикасы»  нағыз  ұлттық  тәрбиені  насихаттауға 
бағытталған,  жас  ұрпақты  ұлттық  рухта  тәрбиелеу  мақсатында  мектеп  мұғалімдері  мен 
тыңдаушыларға  арналып  жазылған  тұңғыш  этнопедагогикалық  еңбек  деп  толық  айтуға 
болады. Ӛйткені Мағжан «Педагогикасының» басты ерекшелігі  – оның қазақ топырағымен, 
салт – дәстүрлері және мінез – құлқымен тығыз байланыстылығында, ӛзі айтқандай, қабысып 
жатқанында.  Оқулықтың  басынан  аяғына  дейін  ұлттық  тәрбие  басшылыққа  алынып,  оған 
сүйеніп,  ұлттық  тәрбие  беруге  мұғалімдерді  даярлау  туралы  ой  –  пікірлерінің  айтылуы 
қазіргі  кезде  қазақ  мектептерінде  оқу–тәрбие  үрдісіне  ұлттық  мазмұн  беру  қажеттігімен 
сипатталады.  
А.Байтұрсынов  ӛзінің  ―Бастауыш  мектеп‖  деген  мақаласында  қазақ  бастауыш 
мектептерінде  қандай  пәндер  оқытылуы  қажет  деген  мәселеге  арнайы  тоқтап,  ол  пәндерді 
―оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа - кәсіп, қолӛнері, жағрафия, жаратылыстану 


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау