104
политехникалық әзірлікті, сондай-ақ дені сау жас ӛспірім ұрпаққа адамгершілік, эстетикалық
және дене шынықтыру тәрбиесін беруді қамтамасыз ету міндеті жүктеліп отыр. Осы міндетті
іске асыру мақсатында «Бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына» сай жаңа оқу
жоспары мен бағдарламаның енгізілуі оқудың мазмұны мен әдістемесінде де кӛптеген
ізденулер, зерттеулердің болды [3]. Осыған байланысты біз ӛзіміздің оқушылардың оқу
дағдысын жетілдіру жӛніндегі ізденіс-бастамамызды жалғастыра түсуді нысана еттік.
Ізденістің жалғасуы тақырып жағынан үндескенмен жаңа бағдарлама құру талабына
байланысты мазмұнын, жұмыстың жүргізілу реті, түрі жағынан мүлде қайта қарап, қайта
құруға тұра келді. Бұл жағдай біздің зерттеу объектімізде кӛзделген мақсаттан туған
ұсыныстар мен ұйғарымдардың кейбірін мектеп тәжірибесіне арналып берілген байқау
оқулықтарына енгізу мүмкіндігін жасады. Соның нәтижесінде мұғалім мақұлдауына ие
болғандары бүгінгі таңда мектеп ӛмірінен орын тауып, мұғалімнің жұмысында, оқу
сабағында тікелей іске асырылуда.
Оқылып отырған шығарманы ӛмірмен байланыстыру негізінде оқу сабағында
оқушының сезімі мен еркіне, ақыл-ойына әсер ету мақсаты кӛзделеді. Мұның ӛзі еліміздегі
іске асырылмақ ұлы мұрат – халықтық тәрбие мақсатымен ұштасады. Сондықтан жаңа
бағдарлама бойынша оқу сабағын жүргізу бағыты мен осы оқу сабағындағы жаңалықтың ӛзі
екендігін жете кӛрсету мақсатында жазылған. Осындай оқудың маңызды тәрбиелік жағын
іске асыру оқушының оқу дағдысын жетілдіру жаңа бағдарламада негізгі талап ретінде
қойылады. Осы талапқа негізделген біздің зерттеу жұмысымыз мына түрде
ұйымдастырылды.
Бұл бағытта үнемі үзбей жүйелі жүргізілген әр жұмыс тұтаса келіп, оқушылардың оқу
дағдысын қалыптастырады. Сондықтан күні бұрын осы айтылған бағытта әр оқу сабағын
жоспар құрып, оны мұғалімге беріп отырдық. Әрбір жасап берген сабақ жоспарын мұғалімге
түсіндіріп, сабақта жүргізілетін әр жұмыстың кӛздейтін жеке мақсатын қалай құрайтындығы
туралы да ұғындырып отырдық. Бұл мұғалімнің сабақта жүргізілетін жұмыстары дұрыс және
ӛз тарапынан ойлана істеуіне де жол ашты. Жоспар арқылы сабақ жүргізіліп, сабақтың
нәтижесін күнделікке жазылып отырылды.
Сӛйтіп оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға керекті деген мәтінмен, жұмыс
істеудегі негізгі тәсілдерін, олардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік туды.
а) Мәтінмен жүргізілетін жұмыстар тәсілінің негізгілер. Оқу сабағы бүкіл бастауыш
мектепте жүргізілетін оқу пәндерінің жүйесінде ерекше орын алады. Ӛйткені оқу сабағында
оқылуға берілетін кӛркем шығармалар мен ғылыми-кӛпшілікке тарайтын мақалалар арқылы
оқушылар ӛз ӛмірін тәжірибесін молайтады, кӛптеген білім саласынан мағлұмат алады, оның
дүние тануын кеңейтуге ықпал етті.
Ересек адамдар ӛмір шындығы жӛнінде оқып отырғанын ӛзі сезінетін зат, құбылыс
түрінде қабылдайтын болса, ӛмір тәжірибесі жоқ бала ӛз айналасында қоршаған дүние мен
құбылысты негізінен сол оқу арқылы біліп, тани бастайды. Бала кітап оқу арқылы табиғат
құбылыстарының түрлі сырынан хабардар болады. Космос туралы, ӛмірде ӛзі кӛріп білмеген
алыс елдер, халықтар туралы оқып біледі.
Сондықтан да оқу сабағының бұл зор мақсатын іске асыру – ӛте қажет міндет. Ол үшін
сабақ үстінде мәтінді қабылдаудан басталатын, мәтінді талдау сияқты күрделі жұмыс
айрықша ойланып, толғануды керек етеді. Енді сол мәтінді талдау, онымен жұмыс істеуде
оқу сабағының үстіндегі оқушының ойлауы, ойдың жетіле түсуі қандай түрде кӛрінеді
дегенге келейік. Мысалы, мәтінді бӛлікке бӛлу және әр бӛлікке лайықты ат қою жұмысы 1-
сыныптан басталады. Бұл талап осы тӛрт сыныптың бәрінде де орындалуға тиіс болғанымен,
бірінші сыныпта бұл жұмыстың ең оңай, қарапайым түрі жүргізіледі. Ал, қалған сыныптарда
күрделене түсіп, ол – алғаш жоспар құрумен ұштасады.
Бастауыш мектептегі оқу сабағын жүргізуде және оған лайықты әдіс-тәсіл қолданылуды
іздестіру үстінде мыналарды ескерту қажет: біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының
оқу дағдысын жетілдірудің бір бӛлігі – оқушының дұрыс және жүрдек оқуын қамтамасыз
ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуін қамтамасыз ету мүмкін емес.
105
Сондықтан сабақта қолданылатын әдіс-тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың
кітапқа, оны оқуға ынтасын арттыратындай, ал кӛптеген жағдайда бір мәтінді әлденеш рет
жалықпай оқуға дағдыландыратындай болуы керек.
Екіншіден, тӛмінгі сынып оқушыларының әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу
болғандықтан, оқу сабағында оқушының білімін толықтыра отырып, оның ойлануын,
қызығушылығын, бір затты екіншісімен салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып
байқаушылығын т.б. дүниені материалистік тұрғыдан тануға баулитын әдіс-тәсілдің сабақта
кӛбірек қолданылуы ескерілуі керек.
Үшіншіден, тӛмінгі сынып оқушысының кӛркем әдеби шығарманы қабылдауға, түсінуге
керекті кӛркем образды түрде ойлануы жеткіліксіздеу болғандықтан, оқушының
творчестволық қиялын, оның қолмен ұстағандай, құлақпен естіп, кӛзбен кӛргендей елестете
алуына жол ашарлық әдіс-тәсілдің қажетті орында қолданылуы қамтамасыз етілуі керек.
Сайып келгенде, оқу сабағында осы айтылғандарды еске ала отырып, мұғалім
дидактикалық әдістердің қайсысын қалай қолдануға тиіс дегенді оқылатын материалдың
мазмұны, мәтіннің ерекшелігі анықтайды. Осы айтылғандарды оқушының оқу дағдысын
жетілдіру мақсатымен тұтастыра іске асыру үшін жүргізген жұмыстарымыз жӛнінде оқу
дағдысының ӛзіміз зерттеуге алған әрбір компоненттеріне жеке-жеке тоқталу арқылы
кӛрсетеміз.
Бастауыш сынып оқушысы қандай болмасын мәтінді дұрыс оқуға дағдыланбайынша,
оның білімдік және тәрбиелік мәнін де жете меңгере алмайды. Сондықтан мәтінді оқығанда
оқушының әрбір сӛзді дұрыс айтуын, оның дұрыс оқуын мұғалім қадағалап отыру керек.
Оқушының оқыған шығарманы я мәтінді дұрыс оқуы дегеніміздің ӛзі не? Ол – біріншіден,
оқушының оқып тұрғанда сӛз ішінен әріпті, жеке буынды, не жеке бір сӛзді қалдырып кетпей
оқуы; екіншіден, кейбір буынды не жеке бір сӛзді қайталамай оқуы; үшіншіден, кейбір
дыбыстардың, сӛздердің орнын ауыстырмай, сӛзді бұзбай оқуы; бесіншіден, орфоэпиялық
талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы; алтыншыдан, мәтіндегі сӛздердің мағынасына
қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуы.
Егерде оқушының мәтінді оқуында осы қойылған талаптардың бірде-бірі орындалмай
бұзылса, мәтіннің сӛзін дұрыс қабылдай алмайды, онда оқушы сол сӛздің бір бӛлігін, әлде
ӛзін түгелдей бұрмалап, шамалап оқи салады.
Бастауыш сынып оқушысының оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында оқушылардың
жіберетін қателері негізінен мынадай болып келеді:
1. Оқып тұрған оқушының кейде бір буынды немесе бір сӛзді қайта-қайта оқи беруі жиі
кездеседі. Бұл әсіресе бірінші және сиректеу екінші сыныпта болады. Мұның себебі, бұл
кезде, яғни оқу дағдысын меңгерудің алғашқы сатысында оқушының қабылдау процесі мен
оны ұғуы бірлей болмайды. Әуелі бала бір буынды, немесе жеке сӛзді әлденеше қайталап
оқып, содан кейін оның мәнін түсінеді. Психологтар оқушының оқудағы бұл қайталай беруін
оқушының міндеті тек оқып шығу емес, оны түсіну керек, оның ішкі мәнін түсіне алмай, сол
түсіну тиянағы олар үшін қайталай беру керек деп есептейді.
2. Екінші сынып оқушыларының оқу дағдысында тұтасқан сӛз тіркестерін, фразалық
тіркестерді, оқу үстінде интонация, тыныс белгі, т.б. қате жіберіледі. Яғни, оқушының бұл
жіберетін қатесі, оқып тұрған сӛз тіркестерінің мағыналық жағына сүйеніп, оны қысқарта,
жобалап оқу түрінде болып келеді. Мысалы, жоғарыда келтірілгендей, «тышқандай екі есе
келеді» дегенді тышқандай екен дей салу. Психологтардың айтуынша зерттеуі бойынша бұл
айтылған қатенің кету себебі мынаған байланысты болуға тиіс: бұл оқу дағдысының үшінші
сатысы сӛзді тұтас қабылдауға ұмтылудың ӛзіндік ерекшелігі болады. Алғашқы бірінші
сыныптағыдай дыбысты танып, одан буын құрап, буыннан сӛз құрау түрінде болмай, екінші
сыныпта тұтастыра оқуға ұмтылу әрекеті күшті болып, ал белгілі фразалық тіркесті оқи қою
дағдысы жетіле қоймаған болады. Міне, осы жетіле қоймаушылық оқушының кӛптеген
жағдайда оқығанын дұрыс оқыды ма дегенді тексеріп отыруға міндеттейді. Әйтпесе
жоғарыда айтылған тұтастыра оқуға ұмтылушылық әрекетінен оқушыда мағыналық жағынан
жобалап соғуына апарады. Мұндай әбігерлік оқушының теріс оқуына жағдай жасайды [5].
Достарыңызбен бөлісу: |