90
тәрбиеленеді.
Адамдардың
қабілет
саласындағы
айырмашылық-тарысаналуан
болыпкеледі.Қабілеттіадамдардың бірі-зеректілігімен, екіншілері - байқағыштығымен,
үшіншілері-материалды еске сақтағыштығымен ерекше кӛзге түседі. Қандай да болмасын бір
әрекетті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір ғана түріне сүйенугеболмайды. Бір
әрекеттің ӛзінорындау үшін де кейде біріншіқабілеттіңжиынтығы керек болады.
Дарынды балалар мектептің оқу бағадарламасын ерте меңгереді. 5-6 жастаондай
балалар ӛзінен екі есе үлкен балалардың мектептегі оқуға кӛңіл бӛлмейтін кездері де
кездеседі. Мәселен, Д.Байрон, В.Скот, Ч.Дарвин балакездерінде түк білмейтін болған.
Олардың кӛпшілігін ӛз уақыттарын ӛлеңжазып, сурет салып, кӛбелек ұстап, коллекция
жинауға немесе химиялықтәжірибе жасауға сарп етеді. Мұндай дарынды адамдардың
балалық шақтары туралы кӛптеген шығармалар әлі де сақтаулы. Айталық, Дюрер үш
жасында ӛз портретін салған жеті жасар Моцарт тӛрт жасында соната жазып үлгерген.
Қабілеттіліктің ең жоғары дәрежесін талант деген сӛзбен белгілейді. Талант - бір әрекетті
творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше
қиысып келуі. Талант кез келген бір істі нәтижелі, жеке және сапалы орындаудағы
қабілеттіліктің ең жоғарығы деңгейі. Дарынды балалардың зерттеу барысында
олардың дарындылығын анықтайтын бірнеше жекелік қабілеттіліктерін аңғартуға болады.
Бірінші ерекшелігі: ол адам қандай да бір болсын істі орындағанда оған ӛте зейінді, ұқыпты
және оған жауап беруге әрқашан дайын болады. Екінші ерекшелігі: бұл бірінші
ерекшілікпен байланысты. Мұнда адам іс-әрекетке бар ынтасын сала отырып, еңбек
сүйгіштікке тәрбиеленеді. Үшінші ерекшелігі: ол адамның интеллектуалдық іс-
әрекеттерімен сипатталады [6].Адамның ойлау ерекшеліктерін-де, ақылында кӛрініс
береді. Талант үлкен, кӛп қажырлы еңбек етуге келіп тіреледі. Тек ғана еңбек арқылы
жоғары шеберлікке жетуге, дүние жүзіне танымал болуға болады. Еңбек ету барысында,
іскерлік пен дағдының арқасында ӛмірлік шеберлік қалыптасады. Онсыз ешқандай
шығармашылыққа жетуге мүкін емес.
Адам қабілеттілігінің табиғаты ӛте күрделі. Оныңерекшеліктеріне әсерін тигізетін
шарттар:
1. Әлеуметтік орта. Бұл орта материалдық және рухани байлық және адамдық
қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндігі.
2. Заттарды қолдану қабілеттілікті әр адам ӛзі, ӛз ӛмірінде оқу-тәрбие барысында
меңгеруі.
3. Әр адам ӛте күрделі жоғары деңгейде ұйымдастырылатыніс-әрекеттерге қатысуы
қажет екендігі.
4. Бала туылған күннен білім бар ӛркениет ортада дамуы және сол ортада ӛмір сүруге
қажетті білім мен іскерлікті меңгеру үшін жағдай жасалатындығы.
5. Туабітеӛмірге қажеттімінез-құлық үлгілеріинстинкті жоқтығы. Барлық қажетті
мінез-құлық үлгісін әр адам ӛз ӛмірінде әлеуметтендіру барысында менгеруі.
Осы шарттар әр адамға биологиялық ӛмірден әлеуметтік ӛмірге біртіндеп кӛшуге
негіз болады. Әлеуметтік-мәдениеттік орта адамның материалдық және рухани
байлықтарды қолдану қабілеттілігінің дамуының материалдық және рухани
байлықтарды қолдану қабілеттілігінің дамуына жағдай туғызады. Нағыз адамдық іс-
әрекеттерді меңгеру үшін қажетті қабілеттілікті дамытуға тырысады. Үлкендер осы
қабілеттілікті меңгерген тәжірибесіне сүйене отырып кішкентай балалардың қабілетін
дамытады. Бала ми қыртысының икемділігіне, серпінділігіне байланысты үйренуге ӛте
ыңғайлы болады. Осы ыңғайлылықтың нышандары одан ары дамып, биологиялықтан
әлеуметтікке ӛтеді.
Интеллект-дегенімізадамның ӛз алдына қолданбалы немесе символикалық түрде
міндет пен мақсаттары анықтап қойып, оның тиімді шешу жолдарын табуға қабілеттілік.
Басқаша айтқанда қабілеттіліктің әлеуметтік ортада дамитын түрлерінің ең жоғары
деңгейдегі түрі, адамзаттың тарихи-әлеументтік тәжірибесін меңгеруге және оны
91
қолдануға икемділіктің жиынтығын интеллектдеп атайды. Интеллектуалдық қызмет
адамның жаңалыққа қызғушылығымен ұштасып дамиды.
Бастауыш сыныпқа келген баланың интеллектуалдық қабілеттерінің нышандары ояна
бастаған, тіл байлығына, ойлау процестерінің ерекшеліктеріне байланысты
интеллектуалдық қабілеттілік ӛте тез дамиды. Бастауыш сынып оқушыларының таным
процестерін және жалпы интеллектуалдық қабілеттілікті дамытуға арналған
бағдарламаларда балалардың логикалық ойлауын, абсттракциялауын, қиялын, ауызша
есептеуін т.б. интеллектке негіз болатын танымдық әрекеттерді дамытуға арналған
тапсырмалар жүйелі түрде берілген. Интеллектуалдық қабілеттілікті ӛлшеуге, дамытуға
арнаған кӛптеген тестер бар. Интеллектуалдық тесттердің кӛмегімен адамның танып
процестерін сандық және сапалық жағынан бағалап, оларды дамытуға мүмкіндік туады.
Психологиялық тестер кӛмегімен балалардың таным процестерінің ырықты және
ӛнімді түрлері кӛрініс беріп, нығаяды, мұғалімнің сӛзін түсініп қабылдауға, ырықты және
үйреншікті зейінін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Қабылдау, зейін, еске сақтау, ойлау,
сӛйлеу процестері бір-бірімен ұштасып, баланың жалпы ой ӛрісін дамытуға негіз болады.
Баланың интеллектуалдык қабілеттілігін дамытуды зейіні мен қабылдауын дамытудан
бастаған дұрыс.
Зейін дегеніміз - адам санасының бір зат немесе құбылысқа тұрақталуы. Бастауыш сынып
оқушыларының ырықсыз зейіні басым келеді. Оладамның қызығушылығымен
байланысты. Баланың ырықсыз зейіні ӛте жақсы дамыған. Ал ырықты зейін адамның
эвалюциялық даму барысында еңбекпен байланысты пайда болған. Зейінің бұл түрі пайда
болу үшін адамалдына мақсат қойып,соны орындау бағдарламасын сапалы түрде анықтауға
тиіс. Таным процестің екінші түрі - қабылдау. Қабылдау деген заттар мен құбылыстардың
мида бір тұтас бейнеленуі. Қабылдау саналы жүретін таным процесі.
Мектепке келген баланың қабылдауы нақты. Оның тұрақтылығы, таңдамалығы,
мазмұндылығы біртіндей қалыптасады.
Шығармашылық тапсырмалардың түрлері ӛте кӛп. Бастауыш сыныптарда қолдануға
ыңғайлылары ертегілер жұмбақтар, ребустар, кроссвордтар, дидактикалықойындар.
Сонымен қатар мәнерлеп оқу, рольмен оқу,түсіндіріп оқу элементтері, саяхат сабақтары,
бақылау нәтижелерін әңгімелеп беру т.б. әдіс тәсілдерді қолдануға болады. Олардың
барлығы балалардың ақыл ойын дамытып балаларды біліммен іскерлікті меңгеру
тәсілдеріне үйретеді. Нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық қызметке қабілеттілігі ӛте
тез дамиды. Таным процестерінің дамуына мұғалімнің тигізетін әсері ӛте үлкен. Жас баланың
әңгімеге әуестігі тілі шыға бастағаннан кӛрініс береді. 6-7 жасқа дейін баланы ойнату және
ойлату, айналасында болып жатқан уақиғалармен таныстырудың ауыз әдебиетінде алуан
түрі бар. Балаға әр бір оқиғалар жаңалық, дүние тану кӛзі.
Халықтың кӛптеген шығармаларын балаларға жас кезінен таңдатып, тілге жеңіл
шығармаларды жатқа айытқызу баланың сӛздік қорын байытуға, тілін дамытуға үлкен әсерін
тигізеді. Сонымен қатар олардың сӛйлеу қабілеттері артады. Қандай шығарма болсын оның
белгілі мақсаты, жүйелі түйіні болады. Бала үшін шығармаларың мазмұнын
ұғындырып үлгілі ӛнегелі жақтарын ашып айтып, түсіндіріп отыру кажет. Балаларға
бағытталған ӛлеңдердің барлығы да тілге жеңіл, мазмұны айқын, белгілі бір қасиетті
тәрбилеуге әсерін тигізетін болады. Балалардың таным процесстерін дамытуға ертегілер,
жаңылтпаштар, мақал мен мәтелдер, жұмбақтар үлкен роль атқарады. Халық ауыз
әдебиетінде ерте заманнан қалыптасып келе жатқан ӛзіндік ерекшеліктерімен танылған
асыл ойдың кӛркем жиынтығы мақал-мәтелдер. Олар тоқсан ауыз сӛздің тобықтай түйінің
тауып шешетін асыл мұра болып табылады. Сонымен қатар мақал мен мәтелдер балалардың
ақылыңа ақыл қосып, ой ӛрісін дамытатын, болашағына дұрыс бағыт беретін, ӛмірді
танытатын қамқоршы. Ауыз әдебиеттің осы түрін балалардың ойлау қабілетін, зейінін
дамытуға кеңінен қолдану қажет.
Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен роль атқарады. Олар баланың
байқағыштығын, сӛздің мағынасына зер салғыштығын, ой-қиялға шомылтып, ойлауды
Достарыңызбен бөлісу: |