56
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында да қазақ тілінің дамуына ерекше мән берілген.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор кӛңіл бӛлінуде. Орталық және
жергілікті атқарушы органдарда, республика ӛңірлеріндегі жоғары оқу орындары жанынан
қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс
жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп
оқыту енгізілді деп, атқарылған істердің ауқымы мол екенін кӛрсеткен
[3].
Яғни, алда
атқаратын жұмыстар осы істердің заңды жалғасы болып, одан да кӛп мәселелерді жетілдіру
қажет деп түсінгеніміз абзал. Бірақ қазақ тілінің бүгінгі жағдайы әлі де болса тіл үйрету
мәселесіне жаңаша кӛзқарастың қажет екенін аңғартады.
Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орындарында оқыту жеткіліксіз болғандықтан
еліміздің әрбір облыс орталықтарында, қала берді аудандарында Тіл үйрету орталықтары
жұмыс жасап жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін тегін үйрету мәселесінің де
қолға алынғанына да бірнеше жылдың жүзі болып қалды. Дегенмен, нәтиже әлі де
қоғамымыз күткендей болмай отырған жағдайымыз бар. Осы тұрғыдан алғанда біз
мемлекеттік тілді қалай оқытып жүрміз деген заңды сұрақ туындайды. Соңғы кездері қазақ
тілін оқыту мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында
«қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту», «қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту» және «қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде оқыту» деген мәселелер кӛтеріліп жүр. Қазақ тілін ана тілі ретінде
оқытуды жетілдіруді де естен шығармағанымыз жӛн. Ӛйткені бұл ӛте маңызды да күрделі
мәселелердің бірі. Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы сӛз болғанда әуелі осы тұрғыда
қарастырған дұрыс деп ойлаймыз.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да ӛзінің
тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту
әдісіне кӛңіл бӛлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету
жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Ұлы ұстаз қазақ балаларына
ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын кӛрсетіп, әдістеме
ғылымының негізін салды, артына мол қалдырды. Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі,
ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынов – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол –
қазақ тілін дыбысқа бӛліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада
бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген
атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың,
сауат ашу әдістерінің жол-жобасын кӛрсетіп берді. Сӛйтіп ғұлама ғалым ӛзінің алдына
жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат
аштыруды кӛздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл
құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін кӛздеп «Тіл жұмсарын», тӛртінші –
сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды. «Тіл құралы»
– қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде
тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап ӛтеді. Ол осы оқулықты қазақ
грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді
ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай,
үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми
терминдердің барлығы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары –
фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сӛз құрамын зерттеу, ал синтаксис сӛйлем
құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр. А.
Байтұрсынов – қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің
дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым, оныңеңбектеріқазақ тілі әдістемесін дамытудағы зор
маңызы. Басқа ұлт ӛкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу- ағарту,
тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі –
Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым,
әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде кӛрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары
57
мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім
жүйесі, әдістеме, 6 тіл мәселелері қаралады.
1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник
казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық кӛріп, кейін бұл оқулық
күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты [4]. Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін
салушылардың бірі – Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің
методикасы» деген еңбегі баспадан шықты. 1920-1930 жылдар арасында қазақ ӛнері мен
білімінің негізін салған абзал азаматтардың бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол –
қазақ тіл білімінің негізін қалаған кӛрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор.
Қ. Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966
жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық кӛрді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
саласына айрықша кӛп еңбек сіңірген кӛрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол
қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра
бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде
қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» /1941/ атты еңбегін жазып [5], натуралды, сұрақ-жауап
әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы
«Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық
диссертация қорғайды [6]. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша
тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми
негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де кӛңіл бӛлді. ӛз еңбегінде
ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты
түрде меңгеруіне жол ашты.
ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Бүгінгі жастардың ӛмірдің ӛзінен
үйренері кӛп-ақ. Сондықтан олар мұғалімге, оның ӛткізген әрбір сабағына сыни кӛзбен
қарайды. Оларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық болуы керек. Ол
мұғалімнің кӛп ізденісін қажет етеді. Осы орайда, С.Кӛбеевтің «Әрине алғырлық та,
тапқырлық та, ептілік те, икемділік те, табандылық та қажет. Бұлар оқытушының беделді
болуының құралы болуға тиіс. Халық оқытушыны ӛзінің шын досы, ақыл айтар данасы,
қараңғы да сәуле шашар шам-шырағы деп білу керек. Мұның үшін оқытушы ең алдымен ӛз
оқушыларының алдында беделді болуы қажет. Оның бір негізгі шарты – оқытушының ӛз
дәрежесін жақсы меңгерген адам болуы былай тұрсын, оның сабаққа жақсы дайындалуы
керек», – деген ұстанымдары қазіргі ұстаздардың бейнесін де кӛрсететіп отырғаны анық. Оқу
материалдарын оқушының жас ерекшеліктеріне орай таңдау – олардың мұны толық
игерулеріне септігін тигізетіні анық. Ғылым мен техниканың, педагогикалық инновация мен
технологияның соңғы жетістіктерін оқушыларға саралап беру мұғалімнің шеберлігін
кӛрсетері анық. Танымдық тақырыптағы материалдар кӛбірек орындалса, білімнің де
құндылығы арта түсер еді. Оқушыларды қазақ халқының рухани байлығы мен заманауи
біліммен қаруландыру – ұстаздың айнымас мақсаты.
Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын ӛзі айқындауына жол
ашады. Ал бұл мемлекеттік тілдің оқытылу сапасы мен оның ұйымдастырылуының түпкі
нәтижеге сәйкестік деңгейіне тікелей қатысты. Бұл тілге ұлттық ділдің бірден-бір тетігі,
тірегі, тіні деп қарауды қажет етеді. Оның үстіне тіл – таным құралы, тіл арқылы адам
дүниені танып біледі, барлық білімді сол арқылы игереді. Жалпы білім беретін мектептің
басты мақсаты – дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау болса, сол тұлғаның басты
кӛрсеткіші – сӛйлеу әрекетін еркін меңгеруі, ӛз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен
қатар, оның ӛзіндік сӛйлеу стилінің қалыптасуы. Қазіргі қазақ тілі сабақтарында тілдік
қатынас жасау мәселесіне басымдылық берілуі – тілдің адам болмысы мен бірлігіне сүйеніп
жасалған жаңа қадам. Оқытудың дәстүрлі ӛнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың
танымдық белсенділігі мен ӛзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы
білім беру үлгісіне кӛшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып
табылады. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті жай
ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын ӛнер» деген екен. Сондықтан, қазіргі
Достарыңызбен бөлісу: |