Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет26/99
Дата20.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#15231
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99

52 
 
Халықтың ӛткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихы бір тұтастық мызғымас 
бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіре алатын қазық  - ұлттық идея. Ұлттық 
идея  арқылы  ғана  біз  халқымызды,  Отанымызды,  тарихымызды  танып  білеміз.  Халық 
рухының    сарқылмас  бастауы  да,  әдеби,  мәдени  құндылықтарымыздың  мәңгілік  мәйегі  де 
сонда  жатыр.  Әсіресе,  түрік  қағанатының  негізін  қалаушылардың  бірі  –  Бумын  қаған  мен 
оның  інісі  Істемі  қаған  тұсында  түрік  қағандығы  мейілінше  күшейіп,  тӛрткүл  дүниені 
билейді.  Бумын  қағанның  тарихтағы  орны  оның  тоз-тоз  болған  қандастарын  қосып,  ірі 
мемлекетке  айналдыруы  еді.  Ал,  оның  ісін  жалғастырған  Істемі  қаған  туралы  «Күлтегін» 
жырында: 
Биікте – Кӛк тәңірі, 
Тӛменде қара жер жаралғанда, 
Екеуінің арасында адам баласы жаралған. 
Адам баласы үстіне ата-тегім 
Бумын қаған,  
Істемі қаған отырған 
Отырып түркі халқының 
Ел-жұртын қалыптастырған, 
Тӛрт бұрыштың бәрі дұшпан екен 
Сарбаздарымен аттанып, 
Тӛрт бұрыштағы халықты 
Кӛп алған, бәрін бейбіт еткен. 
Бастыны еңкейткен, 
Тізеліні бүктірген 
Білге қағандар екен, 
Алып  қағандар  екен,  –  деп  тасқа  қашалып  жазылған.  Бұл  жыр  жолдары  Түрік 
қағанатының  әскери  қолбасшысы  Күлтегін  батырға  арналған  дастаннан  алынып  отыр.  Бұл 
тәуелсіздік аңсаған, бейбіт елді қорғаған қаһарман ата-бабамыздың батыл ерліктерін жырлап, 
ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп,  елдігімізді  қорғаудың  қағидасын  танытып  келеді.  Бүгінгі 
егемендігіміздің  нәтижесінде  біз  бұрындары  түрен  салынбаған,  тӛл  тарихымыздың 
тамырына  барлау  жасауға  мүмкіндік  алдық.  Сонау  Үнді  елін  басқарып,  әлемге  әйгілі  Тәж 
Махалды салдырған Бабыр бабамызды, Мысыр елін құрған Сұлтан Бейбарысты  біздің ұрпақ 
білді  ме?  Сол  тәуелсіздіктің  арқасында  ашылмай  жатқан  қаншама  мол  мұраларымыз  ел 
игілігіне  айналып,  түбі  жоқ,  тамыры  жоқ,  тарихы  жоқ,  ойда-жоқта  кеңестік  кезеңде  аяқ 
астынан  пайда  болғандай  сезінетін  түркі  жұрты  ӛздерінің  тамырын  тереңге  жайған, 
бұтақтары  тӛрткүл  дүниені  билеген,  жайлаған  ұлы  мемлекет  екендігін  ӛзге  жұрт  бізден 
бұрын  мойындай  бастады.  Осы  кезге  дейін  алтын  қойма,  асыл  ойлардың,  небір  інжу-
маржандары тізілген мол әдеби мұралардың үстінде отырыппыз. Ғалымдардың зерттеуінше 
біздің, түркі  жұртының тарихы біздің эрамызға дейінгі  542-558 жылдарға дейін (осы еңбек 
негізінде)  түрік  елінің  қағаны  болыпты,  ол  әлгі  жырда  айтылған  тӛрткүл  дүниені  билеп, 
«бастыларды  еңкейтіп,  тізелілерді  бүктіріпті.  Кӛрнекті  түркітанушы  ғалым  Л.Н.  Гумилев 
Орхон  жазба  ескерткіштерін  «Кӛк  түріктердің  ӛздері  туралы  жазған  тарихи  шежіре»  деп 
бағалаған (Гумилев Л. Кӛне түріктер /ауд.Ә.Жұмабаев, П.Бейсенов/ – А.1994.328/). 
«Күлтегін»  және  «Тоныкӛк»  сияқты  ғажайып  дастандарды  жазған  Йоллығтегін  ӛзінен 
бұрынғы түркі поэзиясының кӛркем сӛз дәстүрін жақсы меңгеріп, жалғастырған, яғни сақтар 
мен  ғұндар  дәуірінің  «Алып  Ер  Тоңға»,  «Оғыз  қаған»,  «Аттила»,  «Шу»,  «Кӛкбӛрі», 
«Ергенекон» сияқты дастандарды үлгі тұтқан. Бұл жазба жәдігерліктер ӛзінің мазмұны мен 
пішіні  жағынан  ғана  емес,  ырғаққа  яки  ритмге  –  үннің  жүйелі,  мерзімді,  мӛлшерлі 
қайталануына  негізделуі  тұрғысынан  да  поэзиялық  сипатқа  ие  екенін  түркітанушы  ғалым 
И.В. Стеблева дәлелдеген. 
Алтын  Орданың  батыс  ӛлкесі  мен  Қытай,  Монғолия  арасында  созылып  жатқан  сауда 
керуендерінің  жолында  салынған  Сайрам,  Сүткент,  Үлкент,  Жент,  Баршынкент  қалалары 
болғанын, Отырарда керамика, қолӛнер бұйымдары жасалғанын, қазба кезінде табылған 16 


53 
 
түрлі  қолдан жасалған ыдыстардың ою-ӛрнегі  таза, сапасы жоғары болып шыққанын, жаңа 
құрылыс,  мешіт-медреселер  салынғанын,  археологиялық  зерттеу  кезінде  әдемі  үйлердің 
қалдығы  табылғанын,  академик,  ұлттық  археология  ғылымының  негізін  салушы  ғұлама 
ғалым  Әлкей  Марғұланның  «Ежелгі  жыр-аңыздар»  атты  еңбегінен  кӛреміз.  Ол:  «Тарихтың 
кӛрсетуі  бойынша,  оғыздардың  ең  кӛркем  қаласының  біреуі  –  Баршынкент.  Бұл  қалада 
даңқты Алпамыс батырдың жұбайы Баршын сұлу (Гүлбаршын), ХШ ғасырдың орта кезінде 
жасаған  атақты  ғалым,  әрі  ақын  Хисам-ед-дин  Баршынлығы  тұрған.  Бұл  –  Қорқыт  пен 
Әбунасыр әл-Фарабидің соңын ала Сыр бойынан шыққан атақты даналардың бірі. Ол ӛзінің 
тамаша  шығармаларын  үш  тілде  (түрік  араб,  парсы)  жазып,  кейінгі  ұрпаққа  мирас  етіп 
қалдырды.  ...Оғыз  тайпаларынан  қалған  қалалардың  әлеуметтік,  тарихи,  мәдени  маңызына 
тоқталып,  оларды  Баласағұн,  Алмалық,  Қашғар,  Самарканд,  Ташкент  қалаларымен 
салыстырады»,  –  деп  тарихи  құжаттарға  сүйене  отырып,  қазақ  халқының  тарихы  әріде 
жатқанын,  оны  ӛзге  жұрттар  да  мойындап,  келіп,  зерттегенін  ескертеді  (А.:  1985,  190  б.). 
Кеңестік  кезеңде  кеңінен  таралмаған  бұл  құнды  еңбектермен  сол  ежелгі  дәуір  әдебиетін, 
кӛне  тарихи,  мәдени  мұраларды  зерттеп  жүрген  азғана  шоғыр  ғалымдар  таныс  болғаны 
белгілі.    Қазақ  елі  егемендікке  ие  болғалы  ғана  ұлтымыздың  кӛне  әдеби  жәдігерлері  мен 
«Мәдени  мұра»  атты  мемлекеттік  бағдарлама  аясында    жүзеге  асырылған  археологиялық 
қазбалар арқылы қаншама тарихи қалаларымыз анықталды.  
Алтын  Орда  мемлекетінің  экономикалық  мәдени  дәрежесі,  ең  алдымен  саудаға 
байланысты  болды.  Осы  орайда  орта  ғасыр  мұраларын  зерттеуші  ғалым,  атақты  тюрколог 
В.В.  Бартольд:  «Монғолия  империясының  құрылуына  Монғолия  мен  Қытай  арасындағы 
сауда  қатынасын  қол  астында  ұстаған  мұсылман  саудагерлерлерінің  қызметі  әсер  етті»,  – 
деген  болатын  (Бартольд  В.В  Сочинения.  Том  Ш.  М.,  1965,  стр.  230).  Шындығында,  сауда 
сол  кезеңдегі  барлық  қарым–қатынастың,  мәдени  ӛрлеудің,  экономикалық,  әлеуметтік, 
тұрмыстық  ӛсудің,  ӛркендеудің  дәнекері  болды.  Мәселен,  Орта  Азия  тарихы  үшін 
таптырмайтын  естелік  жазбалар  қалдырған  1246  жылы  Қарақорымдағы  Күйік  ханға  барған 
папа Иннокентий ІҮ-нің елшісі Плано Карпини, 1255 жылы Монғолияда болған Людовиктің 
елшісі Рубрук, сондай-ақ Ибн Батута, Цегалотти Алтын Ордаға келгендегі жазбалары талай 
ғалымдарды тамсандырған. Солардың естеліктері  арқылы қазақ даласында қаншама тарихи 
қалалар болғандығын, ӛркениет ӛріс алғандығын кӛзі қарақты елдер мойындай бастады. 
Орта  Азияны  мекендеген  халықтар  ертеден-ақ  кӛршілес  елдермен  дипломатиялық 
қарым-қатынас жасап тұрған еді. Бұл байланыс Алтын Орда дәуірінде одан да әрмен дамып, 
Византия, Иран, Русь, Египет, Персия, т.б. елдермен тығыз байланыс жасалып, сауда қызған, 
мәдени-әдеби  алмасулар  болған  еді.  Бұл  кезең  жер  жүзіндегі  мәдениетте  Қайта  ӛрлеу 
(Ренессанс) бағыты үстемдік алып, елдер арасындағы мәдени байланыстар нығайған сәттері 
болды.  Оған  ХІІІ-ХІҮ  ғасырлардағы  түркі  әдебиетінің  ӛсуі,  оның  ірі  ӛкілдері  әл-Фараби, 
Сағди,  Фирдоуси,  Низами,  Юсуф  Хас  Хаджип,  Ахмед  Яссауи  т.б.  сынды  дәуір 
ғұламаларының еңбектері куә. 
Ислам  дәуір  әдебиетінің  кӛрнекті  ӛкілдері  –  Әбу-Наср  әл-Фараби,  («Орта  ғасыр 
ғалымдарының  Әл-Фараби  туралы  ой-пікірлері»),  Махмұт  Қашқари  («Диуани  лұғат-ат-
түрік»),  Жүсіп  Хас  Хажыб  Баласағұн  («Құтадғубіліг»),  Ахмет  Йүгінеки  («Хибат-ул 
хақайық»),  Қожа  Ахмет  Йассауи  («Диуани  хикмет»),  («Мират-ул  Қулуб»),  Сүлеймен 
Бақырғани  («Бақырғани  кітабы»)  т.б.    сынды  ұлттық  құндылықтарымыздың  мәңгілік  мұра 
екендіктерін  танытқан  ұлы  тұлғалардың  еңбегі  бүгінгі  зерттеулерде  тереңнен 
талданып,кеңінен  баяндалып  келеді.  Сондай-ақ,  Алтын  Орда  дәуірі  әдебиетінің  ӛкілдері  - 
Сайф Сараи («Гүлістан бит-түрки»), Хорезми («Мұхаббат-наме»), Құтб («Хұсрау-Шырын»), 
Дүрбек  («Жүсіп-Зылиқа»),  Әбілғазы  Баһадурхан  («Шежіре-и  түрік»),  Қадырғали  Жалаири 
(«Жами-ат  тауарих»),  Захириддин  Мұхамемед  Бабыр  («Бабыр-наме»),  Мұхамед  Хайдар 
Дулати («Тарих-и Рашиди»), т.б да  тарихи тұлғаларымыздың ӛмірі  мен туындылары туралы 
ой толғау бүгінгі күннің рухани зәрулігін тудыруда. Себебі, әрбір әдеби мұра біздің мәңгілік 
рухани құндылықтарымыз.  


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау