62
4. Harmer J. The Practice of English Language Teaching How to Teach English:
New Edition
/ Harmer J. – Longman, 1998. – 296б.
5. Мұхамбетжанова С.Т. Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту. –
Алматы, 2013ж.
6. http: // www.nazaykin.ru - электрондық сайты.
7.
Stanley
G.,
Podcasting
for
ELT.
2005
//Teachingenglish.
org
Electronic
resource]/URL:http://www.teachingenglish.org.uk/think/articles/podcasting-elt
.
8. Воронина И.Г. Элективные курсы: алгоритмы создание, примеры программ:
практическое руководство для учителя. ВАШ. Москва – 2008 ж.
9. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного
образования- Алматы,
КазУМО и МЯ имени Абылай хана 2010г., 110-111 бб.
10. Сысоев П.В. Подкасты в обучении иностранному языку// Язык и культура. №2 (26) –
2014 ж. 189-201 бб.
Аннотация
Мақалада қазіргі қоғамда шетел тілін оқытудағы әлеуметтік сервис – подкаст технологиясының
маңызы жайлы айтылды. Осы айтылған ұғымға жіті тоқталып, оның шығу тарихы жайлы сӛз
қозғалып, подкаст технологиясының ерекшеліктері кӛрсетілді. Сонымен қатар ақпараттық
құзыреттілік, водкаст, аудио-подкаст, парадигма және т.б. ұғымдардың маңызы анықталды.
Аннотация
В статье рассмотрена роль социального сервиса – подкастинга в обучении иностранному языку.
Даны определения значений вышеназванного понятия, также рассмотрена его история
происхождения и определены некоторые лингвистические особенности следующих понятий таких,
как: информационная компетентность, водкаст, аудио-подкаст, парадигма и др.
Annotation
The article describes the role of a podcast as a social service in modern society and the importance of
the use of podcast technology in FLT. The definitions of it’s value, it’s history of using in teaching process
and some linguistic features of notions such as informative competence, vodcast, audio-podcast, paradigm
were given.
ӘОЖ 458.78
СӚЙЛЕМ МҤШЕЛЕРІН МОДУЛЬДІ-ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қырықбаева М.
Амангелді атындағы орта мектебі, Жамбыл обл., Жамбыл ауд., Бектӛбе ауылы.
Стратегиялық дамудың басымдық мәндегі салаларының қатарында қазақ тіліне шұғыл
бетбұрыс жасалуы үшін Елбасымыздың жылма-жылғы Жолдаулары мен Қазақстан халқы
ассамблеясының сессияларындағы сӛздерінде, сондай-ақ баспасӛз және бұқаралық ақпарат
құралдары ӛкілдерімен сұхбаттарында берілген жетекші нұсқаулар айрықша қуат
дарытатыны күмәнсіз. Заман дамып, алға басқан сайын соғұрлым білім беру жүйесі де
түбегейлі ӛзгеріп, қазақ тілін оқыту технологияларының жаңа түрлері пайда болуда.
Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында: «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін
қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру процесін оқу-әдістемелік және
ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру», – деп кӛрсеткендей [1,2] сапалы білім беру
мәселелерін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде қарастырып, болашақ
мамандардың саналы болып ӛсуіне, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Бағдарламада кӛрсетілген бағыт қазақ мектептерінде білімді шәкірт даярлаудың негізі
ретінде алынып отыр. Оқушыларға 8-сыныпта қазақ тілі пәнінен берілетін білім сапасын
63
жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгертуде модульді-интерактивтік технология
арқылы оқыту ерекше орын алады. Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңі жалпы
білім беретін орта мектептерде сӛйлем мүшелерін меңгертудің жаңа түрін қажет етеді.
Қазіргі кезеңде 8-сынып оқушысына сӛйлем мүшелерін теориялық,
практикалық жақтарынан
игертуді мұғалімнің қалыптасқан әдістеме бойынша жүзеге асыруы әрдайым пәрменді бола
алмайтындығын тәжірибе кӛрсетіп отыр. Ӛйткені бүгінгі мектеп оқушысының білімді даяр
күйінде қабылдап, сонымен қанағаттанатын жағдайдан ӛтіп, білімді ӛз бетімен ізденіп, ой
белсенділігі арқылы қорыта алатын тұлға дәрежесіне кӛтерілгені анық. Сондықтан 8-
сыныпта сӛйлем мүшелерін меңгерту модульді - интерактивтік жоспарлауды, сабақты соған
лайықтап құруды талап етеді.
Модульді - интерактивтік технология арқылы 8-сыныптың қазақ тілі сабақтарында
сӛйлем мүшелерін оқытудың басты ерекшелігі оқушылардың ӛз бетімен білім алуына,
олардың ізденімдік-зерттеу дағдыларының қалыптасуына бағытталады. Қазақ тілін
модульмен оқыту мәселесін жан-жақты саралап, ғылыми тұрғыда зерделеген ғалым
К. Жақсылықова ӛз еңбегінде орыс тілді бӛлімдерде қазақ тілін сапалы оқытуға бағытталған
модульмен оқыту әдістемелік жүйесіне
алғаш рет теориялық сипаттама беріп, олардың негізгі белгілері мен ӛлшемдерін,
қағидалары мен заңдылықтарын анықтады. Тілді оқытуда модульді қолдану әдістемесіне де
мән берген ғалым К. Жақсылықова: «Бұл технология модульге ену және одан шығу
бақылауымен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде модульге ену бақылауы дегеніміз –
студенттердің модуль материалын игермей тұрғандағы олардың бастапқы білім деңгейін
тексеру жұмысы. Ал модульден шығу бақылауы студенттердің модульді игеру деңгейін
тексереді. Модульден шығу бақылауының нәтижесі студенттің келесі модульмен жұмыс
жасауға ӛту - ӛтпеуінің, яғни мүмкіндігі бар – жоқтығының кӛрсеткіші болып есептеледі», –
дейді [2,21].
Модульді оқытуды практикада кеңінен қарастырған әдіскер-ғалым М.Жанпейісова
бақылау – зерттеу нәтижелерін жинақтай келе: «...осының арқасында оқу процесі
«модульдық» сипаталып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әртүрлі жеке блоктардан
жасалады», – деп, модульді сабақтың құрылымын нақты береді [3,9]. Ал әдіскер - ғалым
Г.Нұрбекова: «...оқытудың интерактивтік түрлері – шетел тілін оқыту процесіне әрекетке
бағытталған сипат беретін оқытудың белсенді формалары», - депкӛрсетеді [4,6].
Бірінші бӛлімнің аталған тармағында модуль арқылы оқытуды (П. Юцявичене,
Т.В. Проснякова, В.И. Панченко, Г.Қ. Нұрғалиева, Н. Оралбаева, Л. Екшембаева, К. Сариева,
З.Бейсенбаева, М.М.Жанпейісова, К.Жақсылықоват.б) жәнеинтерактивнегізіндеоқытуды
(М.И. Махмутов, Е.В. Пономаренко, Ш. Бағиева, А.А. Бейсембаева, Р. Құдиярова, М.
Бұлақбаева, Ә. Әлметова, М. Мұқашева, Г. Нұрбекова т.б.) әр қырынан зерттеген ғалымдар
еңбектеріне сүйене отырып, қазақ мектебінің 8-сыныбында сӛйлем мүшелерін модульді-
интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесі қарастырылады.
А. Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту методикасының да іргетасын қалаушы болып
саналады. Тілші «Баяншы», «Қай әдіс жақсы?» еңбектерінде әдістеме мәселелерін сӛз етеді.
Автор сӛйлем мүшелерін оқытуда «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге»
деген ұстанымдарды негізге алған. А. Байтұрсынұлының тілді оқытудағы талаптары кейінгі
тілші – әдіскерлер еңбектеріне негіз болады.
Белгілі ғалым С. Аманжолов арнайы сӛйлем мүшелерін зерттеп, сӛйлемнің қай түрі
болса да синтаксиске кіретінін, сӛйлемді түсіну, оның синтаксистік қызметін айырып білу,
оның мүшелерін тану, ондағы түр мен мазмұнның қарым-қатынасын білу мәселелері жалпы
тіл біліміндік (лингвистика) методологияға (бағыт әдісіне) байланысты екендігін айтады.
Сол сияқты зерттеу жұмысында Х. Арғынов, Ә. Хасенов, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Ғ. Қалиев,
Б. Қасым, Б. Шалабай, З.С. Күзекова, Б. Сағындықұлы, Қ. Шаяхметұлы, Ж. Әмірова,
Ж. Кӛпбаева т.б. тілші - ғалымдардың пікірлері сараланды.
Жеке ғылыми бағыттар ретінде қалыптасқан құрылымдық синтаксис, туындаушы
синтаксис, функционалды синтаксис, коммуникативті синтаксисте тіл бірліктері мен сӛйлеу