10
психологиялық, педагогикалық мәселелер; кәсіптік білім берудегі құзыреттілік
амал және жүйелік тәсіл.
Зерттеудiң көздерi ресми құжаттар: заңнамалық Актілер; Қазақстан
Республикасының Президенті өкімі, заңнамалық Актілер; Қазақстан
Республикасының Үкіметінің ресми материалдары, Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстары, білім және ғылым саласындағы
нормативті-құқықтық құжаттар; монографиялық зерттеулер, диссертациялық
жұмыстар, Білім және ғылым министрлігі департаменттерінің статистикалық
деректері, ғылыми әдебиеттерде және мерзімді басылымдардағы статистикалық
деректер, ізденушімен диссертациялық жұмысты жазу барысында жүргізілген
үдерістер.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін теориялық және эмпирикалық
зерттеудiң әдiстерi кешені қолданылды: теориялық анализ, синтез және
жалпылау
(зерттеу
тақырыбына
сәйкес
ғылыми
еңбектерді
және
диссертациялық
материалдарды);
педагогикалық
модельдеу
(зерттеу
университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың концептуалдық моделін
жобалау барысында); ғылыми зерттеудің диагностикалық моделі (анкеталау,
тест, сауалнама және өзіндік бағалау кезіндегі ақпаратты алу және зерттеу
үшін); зерттеудің барлық кезеңдерінде эмпирикалық әдістердің кешені
(практикалық, эксперименталдық жұмыс зерттеу барысында); эксперименттің
әртүрлі кезеңдерінде деректерді математикалық өңдеу әдісі (статистикалық;
анализ элементтері).
Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде (2014-2015) әлемдік тәжірибедегі
зерттеу университеттеріндегі мамандарды даярлаудың инновациялық-
педагогикалық, мәдени өзгерістерге байланысты жоғары білім беру жүйесінің,
зерттеу университеттерінің даму тарихы қарастырылып, оқыту үдерісі
ерекшеліктері, басым тұстары мен кемшіліктері анықталып, Қазақстандық
жоғары оқу орындарына бейімдеу, трансформациялау үдерісіне байланысты
ұсыныстар құрастырылып, зерттеу университеті қызметінің макро-микро
деңгейдегі маңыздылығы анықталып, зерттеу пәнінің өзектілігі анықталды.
Философиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге зерттеу мәселесі
бойынша талдау жасау негізінде оқу үдерісінде шетелдік зерттеу
университеттері студенттерінің білімін қалыптастыру, білім беру жүйелерінің
ерекшеліктері зерттелді; зерттеудің әдіснамалық негізі мен негізгі теориялық
ережелер анықталды; болашақ кәсіптік оқыту мамандарының бәсекеге
қабілеттілігін
қалыптастырудың
педагогика
ғылымындағы
зерттелуі
қарастырылып, педагогикалық алғышарттары айқындалды, зерттеудің ғылыми
аппараты құрылып, зерттеу бағыттары, бағдарламасы жасалынды.
Екінші кезеңде (2015-2016) зерттеудің ғылыми болжамы мен міндеттеріне
сәйкес, зерттеу университеттерінде жүйелік тәсілдеме негізінде мамандарды
озық даярлаудың теориясы, принциптері және технологиясы қарастырылды.
Озық білім беру нәтижесінде студенттерде жүйелік ойлау, анализ, синтез жасау,
кең көлемде талдау мәселелері зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру
қарастырылды. Зерттеу университетінде мамандарды даярлаудың моделі
11
жасалынды, бәсекеге қабілеттілікті дамытудың дидактикалық тұғырлары,
педагогикалық шарттары анықталды.
Үшінші кезеңде (2016-2017) зерттеу университетінде мамандарды даярлау
әдістері, әдіснамалық негіздері қарастырылды. Аграрлық саладағы зерттеу
университеті концепциясы құрылымдалды. Эксперименттік жұмыс нәтижелері
талданып, аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлау моделінің құрылымы негізделген. Зерттеу барысында алынған ғылыми
нәтижелер жинақталып, дидактикалық материалдар даярланып, баспадан
шықты. Диссертация ҚР БҒСБК ұсынған (PhD) философия докторы дәрежесін
алуға даярланатын диссертациялық жұмыстарға қойылатын талап бойынша
рәсімделді, әдебиеттер жүйеленді.
Зерттеу базасы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу
университеті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні мынада:
1. Әлемдік тәжірибедегі зерттеу университеттерінің қалыптасу және
дамуы кезеңдері талданып, олардың білім беру саласына әсеріне сипаттама
берілді. Заманауи зерттеу университеті құрылымы анықталды.
2. Зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-
әдіснамалық негіздері анықталды.
3. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды озық даярлау
теориясын ескере жүйелік тәсіл негізінде кәсіптік даярлаудың құрылымдық
моделі жасалынды.
4. Негізделінген
зерттеу
университетінде
мамандарды
кәсіптік
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастыру концепциясы
эксперименттік жұмыс барысында расталынды. Аграрлық саладағы зерттеу
университеті концепциясы тұжырымдалды, заманауи зерттеу университетінде
бәсекеге қабілетті маман даярлаудың әдістемесі даярланды, барлық
мамандықтарға арналған электрондық оқулық және элективті курс «Зерттеу
университетінде мамандарды озық даярлаудың теориясы мен тәжірибесі»
ендірілді.
Зерттеудің практикалық мәні:
-
«зерттеу университетінде мамандарды озық даярлаудың теориясы мен
тәжірибесі» - атты барлық мамандықтарға арналған элективті курс;
-
«зерттеу университетінде мамандарды озық даярлаудың теориясы мен
тәжірибесі» атты оқулық және электрондық оқулық жасалынды;
-
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін зерттеу
университетіне трансформациялау бағдарламасы ендірілді;
-
аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың
ғылыми-әдіснамалық
негіздерін
қалыптастыру
жолдары
анықталған.
Зерттеу нәтижелері заманауи зерттеу университетіні мәселелері бойынша
заңнамалық құжаттар, нормативтік актілерді даярлау, зерттеу университеті
парадигмасы мен концепциясын, кешенді бағдарламаларды құрастыру,
Достарыңызбен бөлісу: |