В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет2/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65


 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР 
– Қазақстан Республикасы 
ҚР МЖМБС  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім беру стандарттары 
ЖОО 
– Жоғары оқу орны 
АҚШ 
– Америка Құрама Штаты 
АӨК 
– Агро өнеркәсіп кешен 
ҒЗИ 
– Ғылыми Зерттеу Институты 
СОӨЖ 
–  Студенттің  оқытушы  басшылығымен  орындайтын  өзіндік 
жұмысы 
БТ 
– бақыланушы топ 
ЭТ 
– эксперименталды топ 
т.б. 
– Тағы басқа 
с.с. 
– Сол сияқты 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 



КІРІСПЕ 
Зерттеудің  көкейкестілігі.  Қазақстан  Республикасының  Президенті                  
Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың 
жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  келесі  өзекті 
мәселелерге  тоқталды  «Аграрлық  ғылымды  дамыту  мәселесі  басты  назарда 
болуға  тиіс.  Ол  ең  алдымен  жаңа  технологияларды  трансферттеумен  және 
оларды  отандық  жағдайға  бейімдеумен  айналысуы  қажет.  Осыған  орай 
аграрлық  университеттердің  рөлін  қайта  қарау  керек....  Бұл  жоғары  оқу 
орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық 
біліммен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі» [1]. 
Университеттердің  Ұлы  Хартиясында  -  «университеттердегі  оқу  үдерісі 
зерттеушілік  қызметтен  бөлінбеуі  қажет»  -  деп  атап  өтілген.  Заманауи 
университеттер  миссиясы  –  бұл  ғылыми  зерттеулер  және  білім  беру  емес,  ол 
ғылыми зерттеулер арқылы білім беру [2]. 
Еуропалық комиссияның аналитикалық  және  ресми  құжаттарында  білімді 
қоғам қалыптастыруда негізгі рөл  университет болып көрсетіледі,  университет 
ғылыми  зерттеу,  білім  беру  және  инновация  тоғысында.  Университет 
ерекшелігі,  қоғамдық білімнің базалық құрылымына  «генетикалық белсенділік 
Еуропалық  білімдегі  университет  рөлі»  атты  коммюникиде  атап  өтіледі  [3]. 
Еуро  Одақ  мемлекеттерінің  зерттеушілік  басымдылығының  шешуші  факторы 
болып,  оқытудағы  зерттеушілік  қызмет  [4],  ал  университеттер  еуропалық 
бәсекеге  қабілеттілік  негізі  ретінде  айқындалады  (Хэмптон  –  Корт,  2005)  [5]. 
Зерттеу  университеттерінде  дәстүрлі  мамандарды  озық  даярлау  саясаты 
американдық  және  еуропалық  білім  беру  жүйелеріне  дер  кезінде  өзгермелі 
білім  жүйесіне  әсер  етуге,  ең  жоғары  дәрежедеге  зерттеулер  жүргізіп,  оны 
тәжірибеге ендіруге мүмкіндік берді. 
Әлемдік  деңгейде  экономикалық,  әлеуметтік,  экологиялық  өзгерістер, 
ақпараттық  қоғам,  технологиялық  қажеттіліктер,  барлық  сфералардағы  адами 
капитал  сұранысы  жыл  сайын  артыруда.  Қазіргі  таңда  ақпарат,  технологиялар 
күн 
санап 
жаңаруда. 
Осы 
орайда 
адамзаттың 
жаңа 
технологияларғадегенсұраныс  деңгейі  артуда.  Жекелеген  мемлекеттер 
деңгейінде  және  әлемдік  деңгейде  де,  жаңа  инновациялық  зерттеулер, 
технологиялық  даму,  жаңа  өндірістік  шешімдер,  өзекті  мәселелер  бойынша 
зерттеу  жұмыстарын  жүргізудің  –  ел  дамуына  және  әлемдік  деңгейде 
маңыздылығы  үлкен.  Бұл  мәселелерді  шешуде  зерттеу  университеттерінің 
қызметі өте маңызды.  
Заманауи зерттеу университеттері экономикамен бірге, әлеуметтік салалар, 
дүние  жүзілік  білім  мен  ғылымның  дамуына  әсер  етеді.  Зерттеу 
университеттері  кез-келген  елдің  экономикалық  дамуының  маңызды  факторы 
болып табылады, ал оның дәстүрлі функциялары – мамандар даярлау мен іргелі 
ғылыми  зерттеулер,  жаңа  технологияларды  өнеркәсіп  пен  бизнеске  берудегі, 
шаруашылықты дамытудың жаңа ғылымды көп тілейтін бағыттарын жасаудағы 
және іс жүзінде іске асырудағы белсенді қызметімен толықтырылып отырады. 



Заманауи 
ғылыми 
зерттеу 
жұмыстарын 
ұйымдастыру, 
қоғам 
қажеттіліктері,  сұраныс,  технология  күн  сайын  өзгеріп,  дамуда.  Аграрлық 
саладағы  зерттеу  университетінде  ең  жоғары  деңгейдегі  ғылыми  зерттеу 
жұмысындағы басымдылықтар өндіріс талабымен ұштастырылады, зертханалар 
заманауи  қондырғылармен  жабдықталынады,  зерттеу  жұмыстары  көзделген 
нақтылы  нәтижелерге  жетуге  бағыттала  отырып  экономикамыздың  жан-жақты 
дамуына  зор  ықпал  етеді.  Зерттеу  университетінде  білім  беру  үдерісі  зерттеу 
жұмыстарымен  тығыз  интеграцияланады.  Университетте  білім  алушылардың 
барлығы  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  ынталандырылады.  Университеттің 
білім  беру  үдерісінде  осы  талапты  ескеру  ғылым  жетістіктері  мен 
инновациялық  технологияларды  игерг                  ен  мамандар  дайындап  шығаруға 
негіз  бола  алады.  Сонда  ғана  олар  бәсекелестік  қабілетке  ие,  кез-келген 
өзгермелі  жағдайларға  бейім,  креативті,  шығармашылық  қабілеттері  жоғары 
деңгейде  дамыған,  жаңашыл  ойлауға  бейім,  жаңалыққа  құштар,  ел  мүддесі 
үшін қызмет жасайтын маман бола алады. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетін  қалыптастыру  аграрлық 
саладағы  өзекті  мәселелер  бойынша  заманауи  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу, 
жаңа технологиялық шешімдерді табу, инновациялық жаңалықтар және оларды 
ендіру,  білікті,  бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау  ауыл  шаруашылығын 
көтерудің  басты  шарты  болып  табылады.Ауыл  шаруашылығы  –  ел 
экономикасындағы  негізгі  салалардың  бірі.  Сондықтан  да  аграрлық  секторды 
барынша дамытудың орны ерекше.  
Аз  уақыт  аралығында  республика  аумағында  жоғары  оқу  орындарының 
зерттеу университетіне трансформациялану үдерісі жүргізілуде, алайда зерттеу 
университеті құрылымдық, оқу үдерісі, мамандарды заманауи кәсіптік даярлау 
мәселесіне арналған кең көлемде жазылған ғылыми еңбек саны әлі де аз. Бұған 
дейінгі  зерттеулер  негізінен  білімді  толықтыру  мен  жүйелеуге,  мамандардың 
кәсіптік  дайындығының  теориясы  мен  практикасын  жетілдірудегі  тәжірибе 
жинақтауға  бағытталған,  бірақ  елімізде  зерттеу  университеттері  аталмыш  аз 
уақыт арасында құрылуына байланысты кең көлемде толық зерттелінбеген. 
Зерттеліп  отырған  тақырыптың  өзектілігі  мен  маңыздылығы  зерттеу 
университетінде  заманауи  агроөнеркәсіп  кешенінде  ауылшаруашылығына 
қажетті  инновациялық  білімдер  мен  технологияларды  меңгерген  мамандарды 
кәсіптік даярлау үдерісінің маңызды мәселелерді қамтумен сипатталады. 
Бұл  мәселелерді  тиімді  шешудің  нормативтік  –  құқықтық  негіздерін 
Қазақстан Республикасы  «Білім туралы» Заңы [6], Қазақстан Республикасында 
білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016  -  2019  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  [7],  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
жалпыға 
міндетті 
білім 
беру 
стандарттары 
[8], 
және 
Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  жыл  сайын  Қазақстан 
халқына ұсынатын Жолдауының стратегиялық бағдарламалары құрайды.  
Зерттеу  университеті  оқу  үдерісінде  мамандарды  кәсіптік  даярлау 
үдерісінің  тиімді  теориялық  құрылымын  анықтау  және  жаңа  өзгермелі 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау