В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет9/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65

21 
Ұлыбританияда  университеттерді  қаржыландыру  жер  иелігінен  түсетін 
өзіндік  шамалы  кірістерден  ғылыми  жетістіктерді  пайдалану  есебінен  және 
80%-90%-ы  мемлекеттен,  атап  айтқанда  білім  беру  министрлігінің 
бюджетінен  жүргізіледі,  ол  осымен  өз  құзыреті  шеңберінде  жоғары  оқу 
орындарына,  білім  беру  саясатын  калыптастыру  және  мақсаттарын  белгілеуде 
ықпал  етудің  нақты  мүмкіндіктеріне  ие.  Мемлекет  бөлген  қаржы  жаһандық 
(жалпы)  қаражаттарға  (шамамен  60%),  сондай-ақ  ғылыми  мақсаттарға 
арналған мақсаттық қаражаттарға (шамамен 20%) бөлінеді. Оларды зерттеу 
жұмысы жөніндегі кеңес жекелеген университеттер арасында бөліп береді. 
Ұлыбритания  жоғары  оқу  орындарының  ерекшеліктерінің  бірі  әлемдік 
алаңда  мемлекеттің  сәтті  инновациялық  зерттеушілік  іс-әрекетін  қамтамасыз 
ететін  зерттеу  орталықтары  мен  зертханаларының  бар  болуы  және  білім  беру 
үдерісімен  бірлесе  ірі  зерттеулер  жүргізуге  мүмкіндік  беретін  орталықтардың 
бар болуын жатқызуға болады.  
«Университеттердегі оқу  үдерісі зерттеушілік қызметтен бөлінбеуі қажет» 
-  деп  атап  өтілген  университеттердің  Ұлы  Хартиясында  (1988).  Заманауи 
университеттер  миссиясы  –  бұл  ғылыми  зерттеулер  және  білім  беру  емес,  ол 
ғылыми  зерттеулер  арқылы  білім  беру.  Бұндай  білім  беру  нәтижесі  ретінде 
базалық  құзыреттіліктер  –  когнитивті,  әлеуметтік  және  эмоционалды,  білім 
аймағында  тұрақты  қажеттілікке  жетуді  қамтамасыз  етеді  (ұзақ  уақытылы 
«sustainable emplayability») [2]. 
Еуропалық комиссияның аналитикалық  және  ресми  құжаттарында  білімді 
қоғам қалыптастыруда негізгі рөл  университет болып көрсетіледі,  университет 
ғылыми  зерттеу,  білім  беру  және  инновация  тоғысында.  Университет 
ерекшелігі,  қоғамдық білімнің базалық құрылымына  «генетикалық белсенділік 
Еуропалық  білімдегі  университет  рөлі»  атты  комминюкиде  атап  өтіледі  [2]. 
Еуро  Одақ  мемлекеттерінің  зерттеушілік  басымдылығының  шешуші  факторы 
болып, оқытудағы зерттеушілік қызмет (2002) [3], ал университеттер еуропалық 
бәсекеге  қабілеттілік  негізі  ретінде  айқындалады  (Хэмптон  –  Корт,  2005)  [4, 
р.52].  Дәстүрлі  мамандарды  озық  даярлау  саясаты  американдық  және 
еуропалық  білім  беру  жүйелеріне  дер  кезінде  өзгермелі  білім  жүйесіне  әсер 
етуге мүмкіндік берді. 
2005  жылдың  соңында  зерттеу  университеттерінің  халықаралық  альянсы 
(International  Alliance  of  Research)  құрылды.  Оның  құрамына  әлемнің  10 
жетекші  зерттеу  университеті  кірді:  Австриялық,  Кембридж,  Оксфорд, 
Калифорния,  Йель,  Пекин,  Токио,  Копенгаген,  Сингапур  ұлттық  университеті, 
Цюрих  жоғары  техникалық  мектебі.  Қазіргі  кезеңде  олар  дүние  жүзілік 
климаттың өзгеруі, халықтың көп жасауы және қартаюы, денсаулық, глобалды 
қауіпсіздік,  қалалардың  тұрақты  дамуы  тәрізді  мәселелер  төңірегінде  бірлесіп 
зерттеулер жүргізеді [71, б.11]. 
Әлемдік  деңгейдегі  ғылыми-зерттеу  орталықтарына  трансформациялану 
үдерісі  Қытай,  Сингапурда  да  байқалуда.  Сонымен  бірге  Ресейде  де  зерттеу 
университеттері  мен  федералдық  университеттер  арасындажүйелік  байланыс 
орнаған. 


22 
Ресей  Федерациясында  2006-2008  жылдары  жүзеге  асырылған  «Білім 
беру»  ұлттық  жобасының  шеңберінде  57  жетекші  ЖОО  инновациялық  білім 
беру  бағдарламалары  негізінде  қызмет  көрсете  бастады.  Ресей  Федерациясы 
Үкіметіне  қарасты  халық  шаруашылы  академиясының  ұсынысымен  11 
желтоқсан  2008  жылы  талқылауға  ресейлік  зерттеу  университеттерінің 
сипаттамасы 
және 
университтеттерді 
зерттеу 
университетіне 
трансформациялау және дамыту бойынша ұсыныстар жасалынды. 2009 жылы 4 
наурызда  «Ұлттық  зерттеу  университетер  жүйесін  құру»  концепциясы 
ұсынылды. Зерттеу университеті концепциясы университеттердің тең дәрежеде 
білім  беру  мен  зерттеу  қызметін  жүргізуді  қарастырады.  Ұлттық  зерттеу 
университетінің  негізгі  ерекшелігі  білімді  генерациялау,  технологияларды 
экономикаға  тиімді  трансферттеу,  фундаменталды  және  қолданбалы  кең 
көлемде  зерттеулер  жүргізу,  жоғары  деңгейде  магистр  және  жоғары  дәрежелі 
мамандар  даярлау  жүйесінің  болуы,  жоғары  білімнен  кейінгі  білім  беру  және 
қайта даярлау жүйесі [80].  
«Зерттеу  университеті»  санаты  Ресей  Федерациясы  Үкіметімен  10  жылға 
конкурстық  сараптама  нәтижесінде  бекітіледі.  Конкурстық  сараптама  ғылым 
дамуының  өзекті  салаларына  маман  даярлаумен  байланысты,  технология, 
техника  мен  экономика,  әлеуметтік  саланы  дамыту  және  өндіріске  жоғары 
технологияларды ендіруге бағытталған университеттер даму бағдарламаларына 
сәйкес  жүргізіледі.  «Ұлттық  зерттеу  университеттер  концепциясында»  зерттеу 
университеттері даму бағдарламасында заманауи университетті басқару жүйесі, 
ғылыми  және  білім  беру  менеджменті,  жаңа  ұйымдастырушылық  шешімдер 
болуы қажет деп көрсетіледі.  
Ресей  халықтар  достастығы  университетінің  ұсынысымен  2008  жылы 
Халықаралық гуманитарлық серіктестік фондымен «ТМД жүйелі университеті» 
жобасы  даярланды,  оны  жүзеге  асыруға  8  мемлекеттен  16  жоғары  оқу  орны 
қатысады. 
Ресей Федерациясында мемлекеттік оқу орындарын негізгі қаржыландыру 
федералдық  және  жергілікті  бюджет  есебінен  жүзеге  асады  [80].  Мемлекеттік 
емес  оқу  орындары  мемлекеттік  аккредитациядан  өткеннен  кейін  мемлекет 
тарапынан қаржыландырылады. 
Мемлекеттік  оқу  орындары  басқада  қаржыландыру  көздерін  пайдалануға 
құқылы: 

мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  және  негізгі  білім  беру 
бағдарламаларының  құрамына  кірмейтін  бағдарламалар,  қосымша  білім  беру, 
білімді тереңдету, арнайы курстардан түскен пайда; 

ақылы негізде білім алатын студенттердің оқу акысы; 

шаруашылық қызметінен түскен пайда. 
Заманауи зерттеу университеттері экономикамен бірге, әлеуметтік салалар, 
дүние  жүзілік  білім  мен  ғылымның  дамуына  әсер  етеді.  Зерттеу 
университеттері  кез-келген  елдің  экономикалық  дамуының  маңызды  факторы 
болып табылады, ал оның дәстүрлі функциялары – мамандар даярлау мен іргелі 
ғылыми  зерттеулер  жаңа  технологияларды  өнеркәсіп  пен  бизнеске  берудегі, 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау