В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет14/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65

33 
және  іске  асырады.  Білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  шарттарына  және 
меңгеру  нәтижелеріне  қойылатын  талаптар  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан 
кейінгі  білім  берудің  мемлекеттік  стандарттармен  белгіленетін  тиісті 
бағдарламаларынан төмен бола алмайды.  
4.  Зерттеу  университеті  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
беру  бағдарламалары  бойынша  оқуға  қабылдау  кезінде  бейiндiк  бағыттың 
қосымша талаптарын белгiлеуге құқылы [87]. 
Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы  «Білім  туралы»  заңында 
«Зерттеу  университеті  –  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекіткен,  бес 
жылға арналған даму бағдарламасын және мамандықтардың үш және одан да 
көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз 
бетінше  әзірленген  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын,  жаңа 
білімді  жинақтау  мен  трансферттеу  үшін  іргелі  және  қолданбалы  ғылыми 
зерттеу  нәтижелерін  пайдаланатын  жоғары  оқу  орны»  деп  көрсетілген  және 
«Ұлттық  зерттеу  университеті  –  ерекше  мәртебесі  және  Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  бекіткен,  бес  жылға  арналған  даму  бағдарламасы 
бар,  мамандықтардың  үш  және  одан  да  көп  тобы  бойынша  жоғары  және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін 
оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу 
үшін  іргелі  және  қолданбалы  ғылыми  зерттеу  нәтижелерін  пайдаланатын 
жоғары оқу орны» деп анықтама берілген [88]. 
Бұл  анықтамаларға  сүйене  отырып,  аграрлық  саладағы  зерттеу 
университеті  -  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекіткен,  бес  жылға 
арналған  даму  бағдарламасын  және  мамандықтардың  үш  және  одан  да  көп 
тобы  бойынша  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  берудің  өз 
бетінше  әзірленген  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  іске  асыратын, 
аграрлық  саладағы  заманауи  жаңа  білімді  жинақтау  мен  трансферттеу 
үшін  іргелі  және  қолданбалы  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  белсенді 
жүргізетін 
және 
нәтижелерін 
ауылшаруашылығы 
саласында 
коммерциализациялайтын жоғары оқу орны деп қарастырамыз. 
Ең  алғаш  Қазақстанда  зерттеу  университеті  мәртебесі  2012  жылы 
Назарбаев  университетіне  берілді.  Зерттеу  университеті  мәртебесін  2014 
жылы Қ.И. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу  университеті 
иеленді.  Келесі  кезекте  зерттеу  университеті  мәртебесі  ие  болуға  QS 
рейтингіне енетін университеттер күтілуде.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  мәртебесіне  С.  Сейфуллин 
атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті  негізінде  қалыптастыру 
бойынша  шаралар  белсенді  жүргізілуде.  С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық университеті – Астана қаласының алғашқы жоғары оқу орны, 
орталық және солтүстік аймақтағы ең ірі ауылшаруашылығын даярлайтын оқу 
орны.  
Білім  беруді  дамытудың  жаңа  стратегиялық  бағытына  сәйкес,  аграрлық 
саладағы зерттеу университетінің тиімді дамуына әсер ететін факторлар ретінде 
дұрыс  ұйымдастырылған  профессорлық-педагогикалық  ұжымның  ғылыми-


34 
зерттеу  жұмысы,  ғылыми  зерттеу  жұмыстарына  студенттерді,  магистрант, 
докторанттарды  белсенді  қатыстыру,  тәжірибеде  білім  беру  мен  ғылымның 
интеграциясын  іске  асыру,  заманауи  білім  беру  тенденцияларына  сәйкес 
зерттеу жұмыстарын жүргізуді атап өтуге болады. 
Зерттеу  университеттерінің  құрылымдық  бірлігі  ретіндегі  мемлекеттің 
ғылыми  потенциялы  жүйесіндегі  маңызды  ұғымдардың  біріне  ғылыми 
қауымдастықты айтуға болады. Ғылыми қауымдастық жүйесін үш топқа бөліп 
қарастыруға  болады:  академиялық  ғылым,  салалық  ғылым  және  жоғары  оқу 
орнындағы ғылым. 
Ғылым  дамуының  келешегін  жетекші  ғылыми  мектептер  анықтайды. 
Ғылыми мектеп ұғымына анализ жасай отырып, келесі анықтамаларды ұсынуға 
болады:  
–  формальдық бірлестік, ұйым, ғылыми білім беретін әр түрлі деңгейдегі 
(университет, кафедра, факультет, ғылыми зерттеу институты, лаборатория); 
–  зерттеушілер тобының қызығушылығын біріктіретін, ғылыми бағыт; 
–  шығармашылық, зерттеу ұжымы. 
Жоғары 
оқу 
орнының 
негізгі 
ғылыми 
зерттеушілік 
қызметі, 
фундаменталды 
ғылыми 
зерттеулер, 
еңбек 
нарығына 
жоғары 
мамандандырылған,  мемлекет  пен  қоғам  сұранысына  сай  жұмысшыларды 
даярлау үдерісі кіреді [89]. 
Заманауи зерттеу университеті ерекшеліктерін қарастырып көрсек. 
Сонымен,  аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  –  аграрлық 
саладағыкәсіптік білім берумен қатар, арнайы ғылыми зерттеулер мен аграрлық 
сала  өзекті  мәселелері  бойынша  тәжірибелік  жұмыстар  жүргізуге  бағытталған 
арнайы ұйымдастырылған білім беру мекемесі. 
Әлемдік  тәжірибедегі  зерттеу  университеттерінің  пайда  болу  және  даму 
алғышарттарын  қарастырып,  дамыған  мемлекеттердегі  жоғары  білім  беру 
жүйесінің  даму  тенденцияларын  анықтай  келе,  зерттеу  университеттерінде 
мамандарды кәсіптік даярлау үдерісінің өзекті мәселелерін қарастырдық.  
Ж.Т. 
Айменов 
классикалық 
университеттер 
мен 
зерттеу 
университеттерінің  салыстырмалы  ерекшеліктерін  (кесте  3)  [90]  қарастырып 
өткен. 
 
Кесте  3  -  Классикалық  жоғары  оқу  орны  мен  зерттеу  университетінің 
салыстырмалы ерекшеліктері 
Классикалық университет 
Зерттеу университеті 


35 
3-кесте жалғасы 


Жалпы білім беру, сызықтық траектория 
Білім берудің жеке траекториялары және 
элиталық кадрлар даярлау 
Біліктілік шектеулерінің жоқтығы 
Құзыреттілік бағдар 
Магистранттар мен докторанттардың саны 
мемлекеттік тапсырысқа байланысты 
Магистранттар мен докторанттардың үлкен 
үлесі 
Оқытушы-білім таратушы 
Оқытушы – ғалым-зерттеуші 
Білім беру мемлекеттік стандарттқа сәйкес  Модульдік пән аралық білім беру 
бағдарламасы 
Мемлекеттің қатаң бақылауында 
 
 
Академиялық еркіндік және ЖОО 
автономиясы 
Қамқоршылар (бақылаушылар) кеңесінің 
болуы 
Дипломдық жобалар мен магистрлік 
диссертаңияларға формалды талаптар 
Дипломдық және диссертацияларға патенттік 
және өндіріске ендіру тән 
ЖОО – білім алу мекені 
ЖОО – ғылыми-зерттеу мекені 
Зерттеу  университеттері  кез-келген  елдің  экономикалық  дамуының 
маңызды факторы болып табылады, ал оның дәстүрлі функциялары – мамандар 
даярлау  мен  іргелі  ғылыми  зерттеулер  жаңа  технологияларды  өнеркәсіп  пен 
бизнеске  берудегі,  шаруашылықты  дамытудың  жаңа  ғылымды  көп  тілейтін 
бағыттарын  жасаудағы  және  іс  жүзінде  іске  асырудағы  белсенді  қызметімен 
толықтырылып келеді [89, б. 238] (сурет 1). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 - Зерттеу университеті қызметі 
 
Зерттеу  университеті  қызметі  –  ғылыми  жаңалықтар  мен  студенттердің 
шығармашылық  белсенділігін  арттыруға  бағытталған  оқу  бағдарламаларына 
негізделген. 
Зерттеу 
университеті 
қызметі 
Жаңа 
технологиялар 
 
Дамытушылық 
қызметі 
Іргелі 
ғылыми 
зерттеулер 
Шығармашылық 
қызмет 
Өндіріспен 
байланыс 
Ғылыми орта 
қалыптастыру 
Мамандарды 
кәсіптік 
даярлау 
Дайын өнімді 
өндіріске ендіру 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау