Утверждены


-Параграф. Автоцистерналарға өнім құю стансалары



жүктеу 1,32 Mb.
бет5/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,32 Mb.
#1580
1   2   3   4   5   6

12-Параграф. Автоцистерналарға өнім құю стансалары
521. Автоқұю эстакадасы орналасқан алаңның қатты жабыны болады және ол төгілген мұнай өнімінің жинауышқа, ал жауын-шашын суының кәріз жүйесіне кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.

522. Алаңға ақаулы автомобильдердің кіруіне, оларды сол алаңда жөндеуге жол берілмейді.

523. Автоцистерналардың жүргізушілеріне мұнай базалары мен автоқұю эстакадаларының аумағындағы қауіпсіздік талаптары туралы нұсқау (нұсқамалар беру журналына бегілей отырып) беріледі.

524. Автоцистерналардың ұзындығы 100-200 миллиметр, жерге тиетін металдан жасалған жерге қосу тізбегі бар.

525. Автоцистерналар екі өрт сөндіргішпен, киізбен, массасы шамамен 25 килограмм құрғақ құммен, күрекпен жабдықталады.

526. Мұнай өнімдерін құю автомобиль қозғалтқышы жұмыс істемеген кезде жүргізіледі.

527. Тез тұтанатын мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар құю эстакадасының жерге қосу контурына қосылатын жерге қосушы құрылғылармен жабдықталады.

Автоцистерналардың өшіргіштері ұшқын басқыш торлармен жабдықталады және алға қарай қозғалтқыштың немесе радиатордың астына шығарылады.

Автоцистернаны құю алаңында орналасқан жерге қосушы құрылғыға жалғамайынша, оған өнім құюға жол берілмейді.

528. Құю операторы мұнай өнімін цистернаға құю процесіне бақылау жүргізеді.

529. Мұнай өнімін цистернаға құю кезінде ол төгілген жағдайда қозғалтқышты іске қосуға жол берілмейді. Ондай жағдайда автоцистерна штанга көмегімен қауіпсіз қашықтыққа буксирленеді.

530. Құю аяқталғаннан кейін автоцистернаның мойнынан құю шлангілері мұнай өнімінен толық босатылғаннан соң алынады. Автоцистернаның мойны қақпақпен, соқтырмай ақырын жабылады.

531. Құюдың автоматтық жүйесі пайдаланылған кезде жүргізуші технологиялық регламентпен көзделген әрекеттерді орындайды.

532. Мұнай өнімдерімен толтырылған цистерналардың мойындарына түсірілген құю құрылғыларымен бірге шығып кетуіне жол бермеу үшін автоқұю эстакадалары бағдаршамдармен, шлагбаумдармен жарақтандырылады.

533. Автоқұю эстакадасы қыстыгүні қардан тазартылады және оған құм себіледі.

Жабдықтарда, алаңдарда және металл құрылымдарда пайда болған мұз уақтылы тазартылып тұрады.


13-Параграф. Құю және өлшеп құю резервуарлары
534. Мұнай өнімдерін құю және беру құрылғылары жеке жайларда немесе жеке алаңдарда орналастырылады. Оларды этилдендірілген бензин құю және беру құрылғыларымен бірге орналастыруға жол берілмейді.

535. Май қыздыруға және беруге арналған, жекелеп алғандағы көлемдері 25 - 100 текше метр тарату резервуарлары шеттері өнім құю жайында болатындай етіп орналастырылады.

536. Майға арналған, жалпы сыйымдылығы 400 текше метрден аспайтын резервуарларды өнім құятын және ыдыстарға өлшеп құятын бір қабатты ғимараттарда ыдыстарға құйылған май сақталатын қойма жайларының астында орналасқан жертөле жайларында жайғастыруға жол беріледі. Бұл ретте аталған ғимараттың отқа төзімділігі II дәрежеден төмен болмауы керек, ал жертөле жайларының есіктері сыртқа шығуы тиіс. Жертөле жайлары бірінші қабатпен қатынаспайды.

537. Құю шүмектерінде мұнай өнімінің атауы жазылған болуы керек. Құю шүмектерінің астына оқыс төгілген мұнай өнімдерін жинауға арналған астау қойылады.

538. Төгілген мұнай өнімдеріне арналған жинауыш өнім құю жайынан тыс орналасады. Науалар мен жинауыштар тазартылып және сумен жуылып тұрады.

539. Егер құю жайларының едендері электр өткізбейтін материалдан жасалмаған болса, оларға жерге қосылған металл табақтар төселіп, өнім құйылатын ыдыс олардың үстіне қойылады.

Бөшкелерді, бидондар мен басқа да тасымалданатын ыдыстарды жерге қосушы құрылғымен бұрандаға, бұрамаға, сұқпаға арналған ұштықтары бар мыс арқанмен жалғау арқылы жерге қосуға жол беріледі.

540. Мұнай өнімдерін бөшке ыдысқа құюды ұйым қызметкерлері орындайды. Мұнай өнімдерін беру алдында қызметкер құюға арналған ыдысты қарап тексереді. Мұнай өнімдерін ақаулы ыдысқа құюға жол берілмейді.

541. Өнім құю жайларында бос және толтырылған ыдысты, бөгде заттар мен жабдықтарды сақтауға жол берілмейді. Өнім құю жайында ені кем дегенде 2 метр болатын негізгі өту жолы көзделеді. Өту жолдарын бөгеуге жол берілмейді.

542. Май құйылатын жайда қаптау материалының мөлшері тәуліктік тұтыну қажеттілігінен аспайды, ыдыстар саны бір ауысым ішінде құйылатын май мөлшеріне тең болады.

543. Өнім құю жайында тікелей мұнай өнімдерін ыдысқа құюмен байланысты емес жұмыстарды орындауға жол берілмейді.

544. Этилдендірілген бензин құю үшін бөлек жай қарастырылады.

Этилдендірілген бензин құятын жайлар басқа жайлардан саңылаусыз қабырғалармен бөлінген жағдайда барлық мұнай өнімдерін бір ғимаратта құюға жол беріледі.
14-Параграф. Ыдыстар қоймалары
545. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма ғимараттары:

тез тұтанатын мұнай өнімдері үшін – бір қабатты;

жанғыш мұнай өнімдері үшін – ғимараттың отқа төзімділігі I және II дәрежелі болса, әрі кеткенде үш қабатты; ал отқа төзімділігі ІІІ дәрежелі болса, екі қабатты болады.

546. Ыдыстарға құйылған жанғыш мұнай өнімдерін және дизель отынын сақтау үшін бір қабатты жерасты құрылыстарын қолдануға жол беріледі.

Тез тұтанғыш мұнай өнімдерін жабық қоймада сақтаған кезде олармен жарылыс қаупі бар қоспалар түзеуге қабілетті басқа заттарды сақтауға жол берілмейді.

547. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма жайларын құю және өлшеп құю жайларымен, сорғы стансаларымен және басқа да жайлармен бір ғимаратта біріктіруге жол беріледі. Қойма жайлары басқа жайлардан өртке қарсы арақабырғалармен бөлінеді.

548. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма ғимараттарының қабырғаларындағы есік ойықтарының өлшемдері ені кемінде 2,1 метр және биіктігі 2,4 метр механизациялық құралдардың өтуін қамтамасыз етеді.

Өздігінен жабылатын есіктер орнатуды қарастырған жөн. Есіктердің ойықтарында биіктігі 0,15 м табалдырықтар (пандустарымен) орнатылады.

549. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдеріне арналған қойма ғимараттарында едендер жанбайтын және мұнай өнімдерін сіңірмейтін материалдардан, ал тез тұтанғыш мұнай өнімдерін сақталған кезде – ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады. Еден беті тегіс, сұйықтықтың шұңқырларға ағуы үшін еңіспен жасалады.

550. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдерін (бөшкелерде, канистрлерде, арнайы контейнерлерде) сақтауға арналған қойма ғимараттары және қалқа астындағы алаңшалар салынған жағдайда ыдыстарды механикаландырылған құралдармен жайғастыру барысында:

стеллаждардың немесе табандықтар штабельдерінің биіктігі – 5,5 метрден аспайды;

стеллаждың әр қабатында - ыдыстар биіктігі бойынша бір қатарға және ені бойынша екі қатарға орналастырылады;

штабель ені – жайғастырылуына қарай төрт табандықтан аспайды;

стеллаждар мен қатарлардың арасындағы өту жолының ені – қолданылатын механикаландырылған құралдардың габариттеріне қарай, бірақ кем дегенде 1,4 метр;

стеллаждар мен штабельдердің арасындағы өту жолдарының ені – 1 метр;

бөшкелердің үстінен төбеге дейінгі арақашықтық – кем дегенде 1 метр;

қабырғадан штабельге дейінгі арақашықтық – 0,8 метр.

551. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдерін сақтау үшін ашық алаңшалар салған жағдайда:

ыдыс штабельдерінің саны – алтыдан аспайды;

штабельдің өлшемдері әрі кеткенде: ұзындығы 25 метр, ені 15 метр, биіктігі 5,5 метр;

штабельде ыдыстар мен табандықтар екі қатармен қойылады;

алаңшалардағы штабельдер арасындағы арақашықтық – 5 метр, ал көршілес алаңшалардағы штабелдердің арасы – 15 метр.

552. Ыдыстарға құйылған мұнай өнімдерін (ашық және қалқа астында) сақтауға арналған алаңшаларда олардың периметрлері бойынша биіктігі 0,5 метр жабдық үйме жалдау немесе жанбайтын материалдардан жасалған қоршайтын қабырға орнату көзделеді. Алаңға өтетін немесе жүретін орындарда пандустар қарастырылады.

553. Бос металл бөшкелер (бұрын қолданылған және мұнай өнімдерімен ластанған) ашық алаңдарда бос бөшкелердің штабелдер санын биіктігі бойынша төрттен асырмай сақталады.

554. Толтырылған ыдыстарды тиеу, түсіру, төсеу және тасымалдау жұмыстарын механикаландырған жөн.

Механикаландырылған құралдар жоқ жерде бөшкелерді көлік құралдарына шеттерінде металдан жасалған жартылай сақиналы қапсырмалармен жарақтандырылған ағаш төсемелердің үстімен домалатуға жол беріледі.

555. Стеллаждарда және көлік құралдарында орнатылған бөшкелердің домалауының алдын алу үшін әр қатардағы шеткі бөшкелер төсемдермен бекітіледі.

556. Бөшкелерді төсемелер үстімен екі жұмысшы домалатады. Төсемелер арасында тұруға жол берілмейді.

557. Бөшкелерді тегіс жермен домалату кезінде жұмысшылар бөшкелердің артында болады.

558. Буының тұтану температурасы Цельсий бойынша 28 градус және одан төмен мұнай өнімдерімен толтырылған бөшкелерді бір қатарға, ал басқа мұнай өнімдерімен толтырылғандарын әрі кеткенде екі қатарға орналастыруға жол беріледі.

559. Мұнай өнімдері құйылған бөшкелер тығындары жоғары күйде қойылады. Металл ыдыстардың тығындарына аралық қабат салынады. Тығындар арнайы кілттермен ашылады және жабылады. Тығындарды ашу үшін балғалар мен темірқашаулар қолдануға жол берілмейді.

560. Ыдыс қоймаларында мұнай өнімдерін құюға, шағын ыдыстарға құюға және қаптау материалын, бос ыдысты және басқа заттарды сақтауға жол берілмейді.

561.Тез тұтанғыш мұнай өнімдерін ыдыс қоймаларында металл ыдыстарда сақтауға жол беріледі.

662. Мұнай өнімдері берілетін учаскелерде оқыс төгілген мұнай өнімдерінің төгінділерін жою және ластанған жерлерді тазартуға қажет құм мен құралдардың болуы қарастырылады.

563. Ыдыстан өнім аққан немесе мұнай өнімдері төгілген жағдайда мұнай өнімінің төгіндісі толық жойылғанша және газдану деңгейі шекті рауалы концентрацияға (ШРК) дейін төмендегенше қойманың пайдаланылуы тоқтатылады. Ақауы бар ыдыс мұнай өнімдерінен босатылады.
10. Автожанармай құю стансалары
564. Автожанармай құю стансасы (АЖҚС) орналасқан жерде «АЖҚС» жол белгісі болады.

565. АЖҚС аумағына кіретін жерде:

1) көлік қозғалысының «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» жол белгісі;

2) «Жолаушыларды міндетті түрде түсіру» нұсқаушы белгі (нормативтік техникалық құжатқа сай);

3) жүргізушілерді бағанадан 15 метр қашықтықта қозғалтқышты сөндіру туралы ескерту үшін «Мотокөлікті 15 метр қашықтықта тоқтату» көрсеткіші;

4) берілетін мұнай өнімдерінің ассортименті, қызмет көрсетілетін көлік түрлері көрсетілген ақпараттық табло орнатылады.

АЖҚС аумағы бойынша көліктің жүруіне тыйым салынған жерлерде және ЖАЖҚС жұмыс алаңдарында тыйым салатын белгілер мен жазбалар орнатылады.

Жанармай құятын алаңға кіре берісте «Тіке қозғалыс» белгісі тұрады.

566. АЖҚС-да өртке қарсы су тоғанының, су алатын құдықтардың немесе өрт сөндіру гидрантының орналасуы туралы белгілер, қалқалары бар АЖҚС үшін габариттік белгілер орнатылады. Көрінетін жерлерге жүргізушінің автокөлікке жанармай құю кезіндегі міндеттері жазылған плакаттар ілінеді.

567. Шағын көлемді флоттың тұрақ орындарында АЖҚС-ның орналасуы мен жұмыс режимі немесе жанармай құю бекеті туралы толық ақпарат берілген қалқандар орнатылады.

568. АЖҚС ғимараттары мен құрылыстары нормативтік құжаттарға сәйкес найзағайдан, электрстатикалық, электрмагнитті индукциядан, жоғары потенциалдардың ғимараттарға өтуінен қорғалады.

569. АЖҚС аумағында техникалық мақсаттар үшін қазылған орлар мен шұңқырлар қоршалып, ескерту белгілерімен белгіленеді, ал жұмыс аяқталғаннан кейін көміледі.

570. АЖҚС резервуарларының жалғанатын төгу құрылғылары және автоцистерналардың құю жеңдерінің (шлангілері) ұштықтары соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады немесе сондай материалдармен қапталған болады.

571. Құю жеңдері (шлангілері) май мен бензинге төзімді, ток өткізгіш болады.

572. Ток өткізбейтін жеңдерде (шлангілерде) статикалық электрді бұру қондырғылары болады.

573. Мұнай өнімін құяр алдында автопойыз автокөліктің қозғалу бағыты бойынша, апатты жағдай орын алғанда АЖҚС аумағынан еркін шығып кету мүмкіндігін қамтамасыз етіп орнатылады.

574. АЖҚС резервуарларына мұнай өнімдерін саңылаусыз тәсілмен құйылады.

Мұнай өнімдерін сорғалатып құюға жол берілмейді. Мұнай өнімдерін өлшеу люгі арқылы қабылдауға, құюға жол берілмейді.

575. Резервуарлардың люктері мен құдықтарының қақпақтары ұшқын шығармау мақсатында жаймен, соққысыз ашылып, жабылады.

576. Автомобиль цистерналарының, резервуарлар мен құдықтардың люктерін ашатын немесе оларға қабылдау жеңдерін (шлангілерін) салатын қызметкерлер мұнай өнімдерінің буын жұтпау мақсатында жел жақта болады.

577. Құю кезінде АЖҚС резервуарларының люктеріне 3 метр жақын қашықтықта автокөліктердің жүруіне жол берілмейді.

578. Автоцистернадағы мұнай өнімдерін АЖҚС резервуарына құюдың бүкіл процесі автоцистерна жүргізушісі мен құю құрылғысының саңылаусыздығын қадағалайтын және құюды деңгей өлшеуіш бойынша бақылайтын АЖҚС операторының қатысуымен жүргізіледі.

Мұнай өнімдерінің ағуы аңғарылған жағдайда оператор құюды тоқтатады.

579. Автоцистерналарда мұнай өнімдерін құю кезінде және олардың қозғалысы кезінде статикалық электрді бұратын құрылғылар болады.

580. Автоцистернаға «Автоцистернаға отын құю және одан алу кезінде оны жермен қосу қажет» деген жазуы бар тақтайша ілінеді.

581. Автоцистерна мұнай өнімдерін құю кезінде АЖҚС алаңындағы жермен қосу құрылғысына оның корпусымен жалғанған иілгіш жермен қосушы өткізгіш арқылы жалғастырылады.

582. Жермен қосатын өткізгіштер алдымен цистернаның корпусына, ал содан соң жермен қосу құрылғысына жалғанады. Жермен қосатын өткізгіштерді автоцистерналардың сырланған, ластанған металл бөліктеріне жалғауға жол берілмейді. Автопоездың әр цистернасы олардан мұнай өнімдерін толық құйып алғанға дейін жеке-жеке жермен қосылады.

Резервуардың құю құрылғыларынан шлангілер ажыратылғаннан кейін жерқосқыш алдымен жермен қосу құрылғысынан, содан соң цистернаның корпусынан алынады.

583. Бағаналардың айналасындағы 3 метрлік аймақта орналасқан электр жабдықтары жарылыстан қорғалып жасалған.

584. АЖҚС-да автокөлікке жанармай құю кезінде келесі талаптар сақталады:

мотоциклдер, мотороллерлер, мопедтер отын-қоспа құятын бағаналарға және кері қозғалтқыштары сөндірулі күйде қолмен итеріп жылжытылады, олардың қозғалтқыштары бағанадан кем дегенде 15 метр қашықтықта қосылады және тоқтатылады;

автокөлікке жанармай құю кезіндегі барлық операциялар жүргізушінің көзінше және көліктің қозғалтқышы сөндірілген кезде жүргізіледі. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобильге жанармай құюға ауа температурасы төмен болып, сөндірілген қозғалтқышты іске қосу қиын болатын кезде жол беріледі;

автоцистернаның мұнай өнімдері төгілген жерлерін жүргізушілер қозғалтқышты қосқанға дейін әбден құрғатып сүртеді. Төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі, ал оларды сіңірген құм автожанармай құю стансасының аумағынан арнайы бөлінген жерлерге шығарылады;

автокөлікке жанармай құйылғаннан кейін жүргізуші жанармай құю шлангісінің кранын бағанаға орнатады;

жанармай құйылатын автокөлік пен оның артындағы автокөліктің арасындағы қашықтық кем дегенде 3 метр, ал кейінгі автомобильдер арасындағы қашықтық – кем дегенде 1 метр болады;

АЖҚС аумағында автокөлік құралдары жиналып қалған кезде АЖҚС-дан шығу жолдарының бос болуы және маневр жасау мүмкіндігінің болуы қадағаланады.

585. Жанғыш немесе жарылыс қаупі бар жүк тиелген автомашиналарға жанармай құю АЖҚС аумағынан кем дегенде 25 метр қашықтықта орналасқан жабдықталған алаңда АЖҚС-да металл канистрлерге құйып алынған мұнай өнімдерімен немесе осындай мақсаттар үшін бөлінген ЖАЖҚС көмегімен жүзеге асырылады.

586. АЖҚС жайларында уақытша электр сымдарын, электр плиталарын, рефлекторларды және қыздырғыш элементтері ашық басқа да электр аспаптарын, қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдалануға жол берілмейді.

587. АЖҚС нысандарына, техникалық құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстары ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сай мерзімде және көлемде жүргізіледі.

588. Техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тексеру техникалық құрылғылардың паспорттарында тіркеледі.

589. Отын, май және қоспалар берілетін бағаналарда жөндеу және реттеу жұмыстары жүргізілген кезде мемлекеттік тексерушінің пломбыларын алуды ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған бақылаушы тұлғалардың жүзеге асыруына жол беріледі, пломбыларды алу кезінде жиынтық есептеуіштің көрсеткіштері міндетті түрде жабдықтардың жөнделуін есепке алу журналында жазылады. Бағаналар жөндеу және реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес тексеріледі және тексеру нәтижелері оң болса, сол бағананың техникалық сипаттамасында көрсетілген схема бойынша пломбыланады. Бағаналарды ауыстыру және жөндеу кезінде отын шығындалуы мүмкін. Жөндеу алдында отын жинауды қамтамасыз ететін іс-шаралар орындалады. Тораптарды ауыстыруға және бағаналарды реттеуге байланысты жөндеу жұмыстары барысында өлшегішке құйылған өнім акт ресімдеу арқылы резервуарға құйылады, бұл ретте «құйылмаған» өлшегіштер номиналды сыйымдылық бойынша есептеледі. Жиынтық есептеуіштің жөндеуге дейінгі және жөндеуден кейінгі көрсеткіштері бағананың паспортында жазылады.

590. Жөндеуден және пломбылаудан кейін бір күн ішінде тексеру жүргізу үшін мемлекеттік тексерушіні шақырту қажет. Мемлекеттік тексерушінің пломбыларын алу және есептеу құрылғысын жөндеу немесе ауыстыру кезінде оларды мемлекеттік тексерушіге тапсырғанға дейін бағаналарды пайдалануға жол берілмейді.

591. Бағаналарды және олардың құрастырма бірліктерін ведомстволық пломбалармен қосымша пломбылауға жол беріледі. Бағаналардың техникалық ақаулары болған жағдайларда оларға белгіленген үлгі бойынша «Бағана жөнделуде» деген жазуы бар тақтайша ілінеді. Шлангіні бағаналар корпусын айналдыра орауға жол берілмейді.

592. Әр бағанада оның реттік нөмірі және құйылатын мұнай өнімінің маркасы жазылады.

593. АЖҚС аумағында:

мұнай өнімдерін қабылдауға немесе беруге қатысы жоқ жұмыстарды ұйым басшылығының келісімінсіз өткізуге;

темекі тартуға және ашық от көзін пайдалануға;

тез тұтанатын сұйықтықпен қол жууға, киім жууға және еден сүртуге;

жанармай құю немесе мұнай өнімдерін құю жұмыстарына және қызмет көрсетуге қатыспайтын бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

683. АЖҚС-да:

жүргізушісі мас күйде болған көлікке жанармай құюға;

резеңке дөңгелектері бар, бірақ ұшқын басқыштары жоқ тракторларға, шынжыр табанды тракторларға жанармай құюға;

жолаушылары бар автомобилдерге (жеңіл машиналардан басқа) жанармай құюға жол берілмейді.

594. Этилдендірілген бензин төгілген киімді шешіп, жууға тапсыру керек. Арнайы киімді жуар алдында кем дегенде 2 сағат ашық ауада желдетіп алу керек.

595. Әр АЖҚС-да алғашқы көмек көрсету үшін қажет дәрі-дәрмек қобдишасы болады.

596. Жылжымалы автожанармай құю стансаларын (ЖАЖҚС), контейнерлі автожанармай құю стансаларын (КАЖҚС) және шағын габаритті автожанармай құю стансаларын (ШГАЖҚС) пайдалану техникалық паспорт пен технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

597. ЖАЖҚС арнайы бөлінген алаңдарға жайғастырылады.

598. КАЖҚС және ШГАЖҚС апаттық жағдайда отын төгілген жағдайда оны жинап алуға мүмкіндік беретін бетондалған алаңдарда, бетон плиталарда, айрықша жағдайларда асфальттанған алаңдарда орнатылады.

599. Әр ЖАЖҚС-ға жуылмайтын сырмен «Жылжымалы АЖҚС» және «Өрт қауіпті» деген жазулар жазылады.

600. Мұнай өнімдері берілер алдында ЖАЖҚС жүргізушісі-жанармай құюшысы:

ЖАЖҚС-ны алаңға орнатып, автомобиль мен тіркеменің сенімді тежелуін қамтамасыз етеді;

ЖАЖҚС-ны сенімді түрде жермен қосады;

өрт сөндірудің бастапқы құралдарының болуын және дұрыстығын бақылайды;

құбыр желілерінің, шлангілердің, отын беру агрегаттарының саңылаусыздығын қарап тексереді;

электрмен қоректендіру құрылғысын сыртқы электр желісіне қосады немесе бензинді электрагрегатты іске қосады.

Әр ЖАЖҚС:

бензин мен майға төзімді жабдықтармен және құралдармен;

қосалқы бөлшектердің жинақтамасымен;

сыйымдылығы 10 литр үлгілік өлшеуішпен, екі және одан да көп өрт сөндіргішпен;

киізбен (асбестілі төсеммен);

жеке медициналық қобдишамен;

төгілген мұнай өнімдерін жинауға және жоюға арналған құралдармен жабдықталады.

601. КАЖҚС операторлық бекетінде тұрмыстық жайдың болуы қарастырылады.

КАЖҚС операторлық бекеті бағаналарды қашықтан басқаратын құралдармен, байланысу және өрт сөндіру құралдарымен, дыбыстық күзет дабылдамасымен, санитарлық-тұрмыстық жайлармен жабдықталады.

602. Дербес АЖҚС ретінде қызмет ететін жеке алаңда бір немесе бірнеше КАЖҚС орналастырылған жағдайда қосымша операторлық бекет орнатылады. Ауылдық жерлерде толық емес (қатарынан екі сағаттан аспайтын) жұмыс кестесімен жұмыс істейтін автожанармай құятын блокты бекетті (бұдан әрі - АЖҚББ) операторлық бекетсіз орнатуға болады.

603. АЖҚББ жұмысы басталар алдында:

есікті ашып, оларды орнықтырғыштармен бекіту керек;

жайларды кем дегенде 15 минут желдетіп алу керек;

өртке қарсы керек-жарақ пен өрт сөндіру құралдарын қолдануға дайындап қою керек;

құбыр желілері мен бағаналардың қосылыстарының саңылаусыздығын тексеру керек;

блок-бекет корпусының жермен қосылғанына, АЖҚББ ішінде және айналасында басқа заттардың, құрғақ шөптің, қағаздардың, майлы шүберектердің жоқ екеніне көз жеткізу керек.

604. Блок-бекетті бақылаусыз ашық қалдыруға немесе бағаналарды басқа тұлғалардың пайдалануына жол берілмейді.

605. Жылжымалы автожанармай құю стансасының жұмысы басталар алдында электрстансаның корпусы мен жабдықтары жерге қосылады.

606. Бағаналарды жөндеу және күту электрмен қоректендіру көзі ажыратылған кезде жүргізіледі. Жөндеу жұмысы алдында бағаналар мен отын құю шлангілері мұнай өнімдерінен босатылады, сору желісі сөндіріледі.

607. Автожанармай құю стансасы алаңында автомобиль жөндеу жұмысын жүргізуге жол берілмейді.

608. Найзағай ойнап тұрған кезде резервуарларға мұнай өнімдерін құюға және АЖҚС аумағында автокөліктерге жанармай құюға жол берілмейді.

609. Автомобиль немесе оның тіркемесі ақаулы болған кезде ЖАЖҚС пайдалануға жол берілмейді.

610. ЖАЖҚС-ны мұнай базаларынан, құю бекеттерінен немесе автожанармай құю стансаларына мұнай өнімдерін тасымалдайтын көлік құралы ретінде пайдалануға жол берілмейді.

611. Әрбір КАЖҚС кезең бойынша, үш жылда кемінде бір рет сынақтан өткізіледі. КАЖҚС-ның басқару контейнеріндегі қабырға блоктарының қосылыс орындары саңылаусыздайтын (герметикалық) мастикамен толтырылады. Блоктар арасында оларды бұрандалармен бекіткеннен кейін саңылаулардың болуына жол берілмейді.

612. Технологиялық жабдықтарды бақылауға ыңғайлы болу үшін КАЖҚС-ның сақтау контейнері мен блок-бекеттің төбесінде сүйеніштері бар алаң және баспалдақ орнатылады.

613. КАЖҚС-ның сақтау контейнерінде отын құю бағаналары (бұдан әрі - ОҚБ) техникалық қызмет көрсету, басқару және алаң жарықтандырылған кезде есептеу құрылғысынан 4 метрге дейінгі қашықтықта ақпарат алу үшін еркін өту жолдарын қамтамасыз етуді ескере отырып орналастырылады.

614. Шұралар мен құбыр желілерінің қосылыстары тығыздалмаған, олардан сұйықтық ағып тұрған жағдайда мұнай өнімдерін қабылдауға жол берілмейді.

615. АЖҚББ күзетілетін автотұрақтарда, катерлер мен моторлы қайықтықтардың тұрақтарында, гараждарда орнатылған жағдайда жұмыс режимі жарық мезгілге белгіленеді.

616. Дербес АЖҚС ретінде қызмет ететін жеке алаңда бір немесе бірнеше АЖҚББ орналастырылған жағдайда қосымша операторлық бекет орнатылады. Ауылдық жерлерде толық емес (қатарынан екі сағаттан аспайтын) жұмыс кестесімен жұмыс АЖҚББ-ны операторлық бекетсіз орнатуға болады.

617. Блок-бекетті және сақтау контейнерін бақылаусыз ашық қалдыруға жол берілмейді.

618. Жанармай құю кезегін күтуші автомобильдер контейнерлік АЖҚС аумағына кірер жерде тұрады.

619. Контейнерлік АЖҚС паспортына контейнерлік АЖҚС-ның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін тұлғаның аты-жөні мен лауазымы, телефон нөмірі енгізіледі.
1-Параграф. Мұнай өнімдерін қабылдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

620. АЖҚС-ға автоцистерналармен және шағын ыдыстарға құйылып жеткізілетін мұнай өнімдері тауар-көлік жүкқұжаты және резервуарда өлшенген көлемі бойынша қабылданады.

621. Оператор мұнай өнімдерін құюға кірісер алдында:

1) резервуардың және оның жабдықтарының, технологиялық құбыр желілерінің ақаусыздығына және жапқыш арматураның ауыстырып қосу құрылғысының дұрыстығына, қабылданатын мұнай өнімінің ол құйылатын резервуардағы өніммен сәйкестігіне көз жеткізуі керек;

2) резервуардағы мұнай өнімінің деңгейі мен температурасын өлшеуі керек;

3) өрт сөндіру құралдарының болуы мен ақаусыздығына, автоцистерналарды жерге қосудың дұрыстығына және оның құю құрылғысының ақаусыздығына көз жеткізуі керек;

4) мұнай өнімінің төгілуіне жол бермеу шараларын қабылдауы тиіс;

5) автоцистерна қозғалтқышының (өздігінен ағызып немесе АЖҚС сорғысымен құю кезінде) сөндірілгеніне көз жеткізуі керек;

6) резервуарға цистернадан мұнай өнімін құю аяқталғанға дейін машиналарға резервуардан жанармай құюды тоқтатуы тиіс;

7) планкаға дейін толтыру деңгейін тексеруі және егер цистерна пломбыланбаған болса, цистернадан мұнай өнімін құю алдында су сезгіш таспалардың көмегімен онда судың болмауына көз жеткізуі тиіс;

8) цистернадан сынама алып, оның ішіндегі мұнай өнімінің температурасын өлшеуі керек.

Пломбыланған автоцистерналарда тауарасты су тексерілмейді, тек пломбының сақталуы тексеріледі.

622. Автоцистернадағы өнімнің температурасын өлшеу нәтижелері тауар-көлік жүкқұжатында және ауысымдық есепте белгіленеді. Тауар-көлік жүкқұжатында автоцистернаға өнім құйылған уақыт (сағаты және минуты) көрсетіледі.

623. АЖҚС-да теміржол цистернасынан қабылданған мұнай өнімінің көлемі мен салмағы цистернадағы мұнай өнімінің деңгейін, тығыздығын және температурасын өлшеу, тауарасты суды анықтау арқылы анықталады.

624. Автожанармай құю стансаларына автомобиль және теміржол цистерналарымен жеткізілген мұнай өнімдері толығымен құйылады. Мұнай өнімін қабылдайтын оператор бұған өнім құйып болғаннан кейін цистернаны тексеріп көз жеткізеді.

Оператор мұнай өнімін қабылдау барысында резервуардағы өнім деңгейін қадағалап, резервуардың толып кетуіне және мұнай өнімінің төгілуіне жол бермейді.

Мұнай өнімдері цистернадан құю сүзгісі арқылы өздігінен ағызып немесе арын ықпалымен құйылады.

625. Мұнай өнімдерін келесі жағдайларда қабылдауға жол берілмейді:

1) автомобиль немесе теміржол цистерналарындағы құю құрылғыларының ақаулығы;

2) теміржол цистерналарында пломбының болмауы немесе бұзылуы;

3) тауар құжаттары мен жүк тиеу–жөнелту құжаттарының дұрыс ресімделмеуі;

4) мұнай өнімдерінің жеткіліксіздігі;

5) мұнай өнімдерінің құрамында судың болуы.

626. Мұнай базасының тауарлық операторы мен АЖҚС операторы құбыр желілерімен қабылданған мұнай өнімдерінің көлемін мұнай базасы өкілінің көзінше мұнай өнімдерін айдауға дейін және одан кейін оның деңгейін, температурасын, АЖҚС резервуарындағы тауарасты судың деңгейін өлшей отырып анықтайды.

Мұнай өнімдерін айдау аяқталғаннан кейін мұнай базасы мен АЖҚС арасындағы құбыр желісіндегі ысырманы мұнай базасының өкілі пломбылайды.

627. Шағын ыдыстарға өлшеп құйылған мұнай өнімдері мұнай өнімдерінің төгілуіне, ыдыстың және этикеткаларының бүлінуіне жол бермейтін қаптамада тасымалданады.

628. АЖҚС-да жеке көлік құралдарының иелерінен пайдаланылып болған мұнай өнімдері талдаусыз қабылданады. Стансаның өзінде қозғалтқыштың картерінен құйылған пайдаланылып болған май моторлы май ретінде, басқа мұнай өнімдерінің барлығы аралас өнімдер ретінде қабылданады. Қабылданған пайдаланылған мұнай өнімдерінің есебі журналдарда жүргізіледі.

629. АЖҚС пайдаланылған мұнай өнімдерін қабылдау үшін эстакадамен, жинауышпен жабдықталады және қабылданатын мұнай өнімдерінің көлемі мен салмағын анықтауға арналған өлшеу құрылғыларымен жарақтандырылады.

630. Отынды, әсіресе этилдендірілген бензинді тауарасты суы бар резервуарда қабылдауға және сақтауға жол берілмейді.

631. Этилдендірілген бензиннің деңгейін және температурасын өлшеу осы мақсатқа арналған өлшеу құралдарымен жүзеге асырылады.


2-Параграф. Мұнай өнімдерінің қауіпсіз берілуін қамтамасыз ету тәртібі
632. Көлік құралдарына жанармай құю отын, май және қоспа құю бағаналары арқылы жүргізіледі.

633. Мұнай өнімдерін беруші оператор:

1) бағаналардың дұрыстығын және қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды;

2) үлгілік өлшеуіштердің көмегімен бағаналардың жұмысындағы ай сайынғы дәлсіздікті анықтайды.

Бағаналардың іс жүзіндегі салыстырмалы қателігі ауысымдық есепте «бағананың қателігі» атты бағанда (пайыздық көрсеткішпен) жазылады, егер бағана мұнай өнімдерін кем берсе, «+» белгісі, ал көп берсе, «-» белгісі қойылады.

634. Отын құятын бағаналар жұмысының дәлдігін ауысым сайынғы тексеру кезінде үлгілік өлшеуіштегі отын автокөлік құралы иесінің багына құйылады, ол үшін алдына ала оның отын құюға келісімі алынады. Бұл ретте өлшеуішті толтыру және мөлшерін тексеру жанармай құйылатын автокөлік жүргізушісінің көзінше жүзеге асырылады. Бағананың рауалы кемшілігінен асатын шамаға дейін құйылмаған өлшеуіштегі бензин автокөліктің багына құйылмайды. Бағана ажыратылады және реттеледі. Өлшеуіште құйылмай қалған бензин резервуарға құйылып, бұл туралы акт ресімделеді және онда оның себебі мен бағанадағы есептеуіштің көрсеткіштері жазылады.

Тексеру нәтижелері туралы бағананың паспортында және жазбаны бағана паспортында және жабдықтардың жөнделуін есепке алу журналында жазылады.

635. Бағаналарды қателіктердің рауалы шегінен асыра пайдалануға жол берілмейді.

636. Автокөлікке жанармай құю кезінде мұнай өнімдерін төгуге және асыра құюға жол берілмейді.

637. Бензинді полиэтилен канистрлерге және шыны ыдыстарға құйып беруге жол берілмейді.


11. Тазарту нысандары
638. Тазарту нысандарының технологиялық регламент талаптарына сәйкес белгіленген санитарлық қорғау аймағы бар.

639. Мұнай өнімдерінің резервуарларын тазартудан кейінгі сарқынды суды жалпы кәріз желісіне төгуге жол берілмейді.

Мұнай өнімдерінің резервуарларынан шыққан су, мұнай шламы алмалы-салмалы қосылыстары бар құбыр желілерімен мұнай шламын кептіру тораптарына немесе шламжинауыштарға жіберіледі. Құрғату тораптарында немесе шламжинауыштарда тұнған су өндірістік-жаңбыр немесе өндірістік кәріз жүйесімен мұнай базасының тазарту нысандарына жіберіледі.

640. Өндірістік-жаңбыр суының кәріз желілері жанбайтын материалдардан әдетте жер астымен тартылады.

Өндірістік-жаңбыр суының кәріз жүйесі магистралдық желілерінің өздігінен ағызатын құбырлары резервуарлар паркінің үйме жалданған аумағынан және теміржол құю-төгу эстакадаларының алаңдарынан шығатын құбырлардың диаметрлері кемінде 200 миллиметр болуы керек.

641. Өндірістік кәріз жүйесінің өздігінен ағызатын желілері резервуарлар паркінің үйме жалданған аумағында жер астымен жабық күйде тартылады. Тексеру құдықтарында науалық бөліктердің орнына үшайырлар қолданылады.

Жауын-шашын суының кәріз жүйесі үшін алмалы-салмалы тақталармен және торлармен жабылған науалар орнатуға жол беріледі. Үйме жалданған аумақта тартылатын өндірістік кәріз жүйесіне резервуарлардан тауарасты су жібергенде оның ағысын үзу көзделеді.

Резервуарлар паркінің үйме жалданған алаңдарындағы сужинағыштар қоршалған жалдан немесе парктің сыртқы қоршауынан (үйме жалдаудан) тыс жерден іске қосылатын жапқыш құрылғылармен (жапқыштармен, ысырмалармен) жабдықталады. Ысырмалар үйме жалдау шектерінен тыс орналасқан құрғақ құдықтарда орнатылады.

642. Құрамында тетраэтилқорғасын (ТЭҚ) бар суға арналған бөлек кәріз жүйесін мұнай базаларының тазартылған сарқынды суын булану тоғандарына жібергенде қарастырмауға жол беріледі.

Егер ТЭҚ жалпы ағындының тазартылуын қиындатса немесе тазартуға мүмкіндік бермесе, құрамында ТЭҚ бар су үшін бөлек кәріз жүйесі қарастырылады. Мұндай жағдайда ол суды мұнай базаларының өндірістік-жаңбыр суының кәріз жүйесіне жіберуге оны құрамындағы ТЭҚ-тан толық залалсыздандырғаннан кейін жол беріледі.

643. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде:

жалпы кәріздік магистральдарды резервуарлар парктерінің аумағымен және мұнай базасының ғимараттары астымен өткізуге;

тұрмыстық кәріз жүйесін өндірістік кәріз жүйесіне қосуға жол берілмейді.

644. Кәріз жүйесі құдықтарының диаметрі кем дегенде 1 метр болады және жиналмалы сатылармен немесе қапсырмалармен жабдықталады.

645. Өндірістік-жаңбыр суының кәріз жүйесіндегі тексеру құдықтарының қақпақтары әрқашан жабық және қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр құм қабатымен көмілген болады.

Кәріз жүйесінің құдықтарын желдету жүйелерімен жабдықтауға жол берілмейді.

646. Кәріз жүйесінің құдығына жөндеу жұмыстарын орындау үшін түсер алдында оның ішіндегі зиянды және жарылыс қаупі бар газдардың шоғырлануы талдау нәтижелері бойынша рауалы шамалардан аспайтынына көз жеткізу қажет.

647. Ашық от көзі бар қолшамдарды пайдалануға, от жағуға және темекі тартуға жол берілмейді. Жарылыс қаупі бар аккумуляторлы қолшамдар олардың кернеуі 12 Вольттан аспағанда ғана қолданылады. Олар жарылыс қаупі бар аймақтан тыс жерде қосылады және ажыратылады.

648. Өндірістік-жаңбыр суының кәріз жүйесі құдықтарынан 20 метрге және ашық мұнай тұтқыштардан 50 метрге дейінгі қашықтықта қыздыру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

649. Қолданылатын құрал-сайман ұшқын шығармайтын материалдардан жасалады; кескіш құрал-саймандарды пайдаланар алдында консистентті маймен майлайды.

650. Жұмыс жүргізілетін орындарда тасымалданатын үштағандар орнатылады: күндіз – ақ және қызыл түске боялған белгілермен, ал түнде – аккумуляторлық белгі беру шамдарымен немесе автоматты дабылдамамен.

651. Жұмыс орындары слесарлық құрал-саймандармен, асбест шнурымен, тығыздауыш материалдармен, төсемдер жиынтығымен, ұсақ қосалқы бөлшектермен, сүртетін материалмен, күректермен, сүймендермен және құдықтар мен ысырмаларды ашып-жабуға арналған ілмектермен жабдықталады.

652. Жұмыс жайларында қолжуғыштар мен ауыз су құйылған бактар орнатылады. Нысандарды шөгінділерден тазарту, тиелетін материалды биосүзгімен шаю, екі қатарлы тұндырғыштарда «қабықшалар» жинау жұмыстарын орындайтын қызметкерлер үшін ыстық душ бөлмесі орнатылады.

653. Тазарту нысандарының жайлары, жабдықтары, аппаратурасы және аумағы қалыпты санитарлық және өртке қарсы жағдайда күтіп ұсталады; алаңдар мен баспалдақтар ластан, қардан және мұзданудан тазартылады, қыстыгүні құм себіледі; өртке қарсы керек-жарақтар ақаусыз күйде болады.

654. Сұйық хлор және хлорлы әк қолдануға байланысты барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Хлорлау қондырғыларының жайлары, хлорлы әк және хлор құйылған баллондар сақтау қоймалары ауа алмасуы алты және он екі еселік (апаттық жағдайда) ауа тартатын желдету жүйесімен жабдықталады.

Өндірістік жайлардағы ауа құрамындағы хлор мөлшері шекті рауалы концентрациядан аспайды.

655. Озон генераторлары орналасқан озондау қондырғыларының жайында тұрақты жұмыс істейтін, ауа алмасуы кем дегенде 12 еселік ауа беретін-тартатын желдету жүйесі бар.

Озон концентрациясы бір текше метрге шаққанда 0,1 миллиграмнан жоғары жайларда жұмыс жүргізуге жол берілмейді.

Озондау қазандықтарының жайларында газ талдауыштар орнатылады.

656. Озон ағатын саңылауларды бітеу жұмыстары сүзгілі газтұтқышпен жүргізіледі, содан кейін жайдың іші кемінде 15-20 минут бойы желдетіледі.


12. Мұнай базаларындағы зертханалар
657. Зертхананың жайларына кіретін және олардан шығатын есіктер кез келген уақытта бөгде заттардан бос, оңай және тез ашылады. Дәліздерге және кіре берістерге (шыға берістерге) қандай да бір заттар (жабдықтар) қоюға жол берілмейді. Жабдықтар арасындағы өту жолдарының ені кем дегенде 1 метр болу тиіс.

658. Зертханалардың жұмыс жайлары күштеп ауа беретін-тартатын желдету жүйесімен және шкафтардан және газ шығатын басқа да ошақтардан газ тартқыш жергілікті құрылғылармен жабдықталады.

659. Өрт-жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеуге арналған жұмыс үстелдері мен ауа тартатын шкафтар жанбайтын материалдармен қапталады және олардың биіктігі кем дегенде 1 сантиметр ернеушелері болады, ал қышқылдармен, сілтілермен және басқа да химиялық белсенді заттармен жұмыс істеген кезде – олардың әсеріне төзімді материалдармен қапталады.

660. Уытты немесе өрт-жарылыс қаупі бар бу мен газдар бөлінуі ықтимал жұмыстардың барлығы ауа тартатын шкафтарда орындалады. Ауа тартатын шкафтарда қыздыру жұмыстары жүргізілген кезде жұмыс орнын аз ғана уақытқа да қалдыруға жол берілмейді.

661. Қыздыру қажет болатын мұнай өнімдерін және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды талдау алдында олар көпіруге және шашырауға жол бермеу үшін сусыздандырылады.

Әйнектері сынған немесе желдету жүйесі бұзылған ауа тартатын шкафтарды пайдалануға жол берілмейді.

662. Зертханада жұмысқа қажет мұнай өнімдері мен реактивтерді тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақтауға жол беріледі. Бұл ретте олар ауа тартатын шкафтарда сақталатын болса, ол шкафтарда талдау жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Химиялық әрекеттесуі өрт және жарылыс тудыруы мүмкін заттарды бірге сақтауға жол берілмейді.

663. Зертхананың газ желісінде жұмыс орындарындағы шұралармен және шүмектермен қатар жайдың сыртында қолжетімді орында орналасқан жалпы жапқыш шұра болады.

664. Жұмыс үстелдеріндегі және ауа тартатын шкафтардағы газ және су шүмектері қызмет көрсетуге ыңғайлы және қауіпсіз орында орнатылады.

665. Газ құбырының бұзылған қосылыстары немесе шүмектері арқылы газ кетіп жатқаны байқалған жағдайда газ желісінің жалпы шүмегі жабылады, газ шыққан саңылауды бітеу шаралары қабылданады, жайдың іші желдетіледі.

Газ желісінің саңылаусыздығын ашық от көзімен тексеруге жол берілмейді. Баллонның немесе редуктордың шұрасындағы саңылаусыздықтың бұзылуы оны сабынды су ерітіндісімен сулап табылады.

666. Сұйылтылған газ құйылған баллондар пайдаланылған кезде олар күн көзінен немесе жарықтандыратын және қыздыратын аспаптар бөлетін жылудан таса орындарда ұсталады. Баллондар қамыттарын жоғары қаратып тік қалыпта бекітіледі. Жанғыш газдарды (пропан, ацетилен) бір балоннан құбыр бойымен бірнеше жайларға беруге жол берілмейді.

667. Жанғыш газ құйылған баллондарды ауа беретін-тартатын желдету жүйесімен жабдықталған жайларда немесе сыртта қалқалары бар арнайы тағандарда, стеллаждарда немесе желдетуге арналған ойықтары не болмаса перде (жалюзи) тәрізді торлары бар металл шкафтарда орнатуға, сақтауға жол беріледі. Баллондарды сақтандырғыш қақпақтарынсыз сақтауға жол берілмейді.

668. Мұнай өнімдерінің, тез тұтанатын еріткіштердің және реактивтердің сынамаларын сақтау үшін ауа тартатын желдету жүйесімен жабдықталған жай бөлінеді.

669. Химиялық заттектері бар әр ыдысқа өнімнің аты көрсетілген этикетка .

670. Агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектер берік және тығыз тығындалған және құрамы мен концентрациясы көрсетілген затбелгілермен (биркалармен) жабдықталған. Агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектерді тығындамай тасуға жол берілмейді.

671. Бір жұмысшының агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектерді қолмен немесе иыққа салып тасуына жол берілмейді. Оларды екі адам механикаландырылған құрылғыларды пайдалана отырып, арнайы тасығыштарда немесе қосарлы түбі бар себеттерде тасиды.

672. Агрессивті сұйықтықтар құйылған шөлмектерді өту жолдарында және көпшілік болатын орындарда уақытша қалдыруға немесе қоюға жол берілмейді.

673. Агрессивті сұйықтықтарды ыдыстарға құю және мөлшерлеп құю барысында шеттері иілген және ауа өткізгіш түтіктері бар арнайы қауіпсіз құйғыштарды пайдалану керек.

674. Қышқыл төгілген, сілті араластырылатын орындар, оларды қолдану орындары жергілікті ауа тартатын желдету жүйесімен жабдықталады, таза шүберектермен және сүлгілермен, қол жуу үшін резеңке шлангісі бар су гидрантымен және көз жууға арналған бұрқақшамен қамтамасыз етіледі.

675. Агрессивті сұйықтықтар сақтауға арналған шағын бактардың, ыдыстардың, шөлмектердің тығыз жабылатын қақпақтары болады. Олар тұратын орындар жергілікті ауа тартатын желдету жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларды жұмыс үстелдерінде тастап кетуге жол берілмейді.

676. Мұнай өнімдерінің талдаудан кейінгі қалдықтары, пайдаланылып болған реактивтер мен улы заттектер арнайы металл ыдыстарға құйылады және жұмыс күні аяқталғаннан кейін зертханадан әкетіледі. Бұл сұйықтықтарды шұңғылшаларға және нәжіс кәрізіне құюға жол берілмейді.

677. Ерекше зиянды және улы заттектермен жұмыс жүргізілетін жайларда желдету жүйесі басқа жайлардың желдету жүйелерінен бөлек, олармен байланыссыз құрылады.

678. Егер бензин, эфир немесе өрт қаупі бар басқа да сұйықтықтар төгілсе, газ исі білінген кезде барлық жанарғылар өшіріліп, газ шығу көзін анықтау және бұзушылықтарды жою шаралары қабылданады.

679. Зертхананың ыдыстарын жуатын орындар зертхананың жұмыс жайларынан тұтас жанбайтын арақабырғамен оқшауланған және оның шығу орны бөлек болады.

680. Жайға кіреберісте өрт қауіпсіздігінің «Отпен кіруге болмайды», «Темекі тартуға тыйым салынған» деген белгілері ілінеді.

681. Ыдыстар жуатын бөлмеде ыдыс жуатын орыннан, еріткіш сақтау орнынан жергілікті ауа тарту жүйесі және жалпы ауа беретін-тартатын желдету жүйесі орнатылады.

682. Күшті қышқылдардан, күйдіргіш және улы өнімдерден босатылған ыдыстарды жууға тапсыруға оларды толық босатып, бейтараптандырғаннан кейін жол беріледі.

683. Күкірт қышқылын сумен араластырған кезде суды күкірт қышқылына емес, керісінше күкірт қышқылын суға құю қажет. Күкірт қышқылы біртіндеп, шағын порциялармен, міндетті түрде ерітіндіні араластыра отырып араластырады.

684. Каустик сода ерітіндісінің аздаған мөлшерін дайындау үшін ыдысқа суық су құйылады және содан кейін оған каустик соданың кесектері шағын порциялармен, олардың толық еруіне дейін суды үздіксіз араластырып қосылады.

685. Каустик сода ерітінділерін тығындалған сынбайтын ыдысқа немесе жұмсақ оқшаулағыш материалдан жасалған төсемесі бар ұяшықтарға енгізілетін шыны ыдысқа құйып тасымалдауға жол беріледі.

686. Хлорлы әкті тасу, қосу және өлшеу мен әк ерітіндісін дайындау кезінде жұмысшы халат киіп жүреді, респиратормен, сақтандырғыш көзілдірікпен, газтұтқышпен және қолғаппен қамтамасыз етіледі.

687. Улы заттардың барлығы есепке алынуы тиіс. Оларды зертхана меңгерушісінің рұқсатынсыз беруге тыйым салынады.

688. Агрессивті заттектермен жұмыс жүргізілетін жайларда тамақ ішуге жол берілмейді. Тамақты арнайы бөлінген жайларда ішеді. Тамақ ішер алдында қол жуып, арнайы киімді шешу керек.

689. Зертханалық ыдысты жеке мақсатта пайдалануға жол берілмейді.

690. Күйдіргіш заттармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмысты бастар алдында ағын су құбырының шұрасы ашылады немесе су қоры жинақталады.

691. Қысым немесе вакуум түзілуі мүмкін шыны ыдыстар қаптамалармен қорғалады.

692. Шыны түтіктер мен таяқшаларды сындырған кезде, оларға резеңке түтіктер кигізген кезде сүлгі қолданылады, бұл ретте түтіктер мен таяқшалардың шеттері балқытылады.

693. Зертхананың жайларында темекі тартуға, ашық от көздерін пайдалануға, еденді бензинмен (керосинмен) жууға, жылу құрылғыларында арнайы киімді, шүберектерді кептіруге, бумен жылыту құбырларының үстінде тез тұтанатын мұнай өнімдерімен жұмыс істеуге, төгілген мұнай өнімдерін жинамай қалдыруға, жанғыш сұйықтықтарды шұңғылшаларға немесе жуғыштарға төгуге жол берілмейді.

694. Зертхананың жайларындағы жұмыс үстелдерін, шкафтар мен терезелерді мұнай өнімдері құйылған ыдыстармен бөгеуге жол берілмейді.

695. Майлы шүберектер, үгінділер және соларға ұқсас басқа да материалдар жабық темір жәшіктерде сақталып, жұмыс күнінің соңында олар зертханадан тыс жердегі арнайы бөлінген орынға шығарылады.

696. Отқа байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде зертханада кемінде екі адам болады.

697. От пайдаланып орындалатын жұмыс үстелдері қаңылтырмен қапталады, кафельденеді немесе оларға линолеум төселеді. Қыздыратын аспаптың астына қалың асбест табағы төселеді. Тез тұтанатын сұйықтықтарды тікелей жалынмен қыздыруға жол берілмейді. Ол үшін су моншалары пайдаланылады.

698. Өртену қаупі бар тез тұтанғыш заттектерді ашық от көзі қолданылатын жайлардың ішінде ыдыстарға құюға, жанғыш материалдарды жанарғылардың және басқа да қыздырғыш аспаптардың жанында сақтауға жол берілмейді.

699. Этилдендірілген бензинмен жұмыстар жүргізілетін жайдың ішінде ыстық суы бар қол жуғыш пен керосин құйылған бак орнатылады.

700. Этилдендірілген өнімдерге талдау жүргізетін қызметкерлердің арнайы киімдері газдан тазартылады және айына кем дегенде екі рет жуылады. Газдан тазарту камералары болмаған кезде арнайы киімдерді кем дегенде екі сағат керосинде ұстайды, ал содан кейін сығып, қайнатып, соңынан сумен шайылады және тек содан кейін ғана жалпы кір жуу орнына тапсырылады.

701. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында этилдендірілген бензинді жанарғылардың жанармайы ретінде және қол жууға, зертхананың ыдыстарын жууға арналған еріткіш ретінде қолдануға жол берілмейді.

702. Аспаптар сынаппен қаңылтыр табада және жауапты тұлғаның қадағалауымен толтырылады. Сынаппен жұмыс істегенде халат пен бас киім кию керек. Сынаппен орындалатын жұмыс аяқталғаннан кейін және тамақтанар алдында бетті және қолды сабынмен мұқият жуу керек. Сынаппен жұмыс жүргізілетін жайларда тамақ өнімдерін сақтауға және тамақ ішуге жол берілмейді.

703. Жай іші сынған термометрлерден, манометрлер мен басқа да аспаптардан төгілген сынаппен ластанған жағдайда сынаптың тамшылары мұқият жинап алынады. Ұсақ тамшыларды шыланған сүзгілеуіш немесе газет қағазымен, амальгамданған қылқаламмен және мыстан немесе ақ жезден жасалған тілімшелермен жинауға жол беріледі. Қағазға (қылқаламға) жабысқан сынаптың тамшыларын су құйылған ыдысқа сілкілейді. Сынаптарды түрлі саңылаулар мен қуыстардан тек химиялық жолмен - меркурсіздендіру тәсілімен толық алып тастауға болады. Меркурсіздендіру кезінде 20 пайыздық хлорлы темірдің сулы ерітіндісімен шыланған еденді немесе заттардың беттері бір тәулікке қалдырады немесе олар 10 сағатқа төртхлорлы көміртегідегі 5 пайыздық дихлорамин ерітіндісімен шыланады және содан кейін олар натрий полисульфидінің 5 пайыздық ерітіндісімен қосымша жуылады.

Еден немесе заттардың беттері тазартудан кейін бірнеше рет сабынды сумен, ал содан кейін таза сумен жуылады. Хлорлы темір ерітіндісі меркурсіздендіргіш ретінде сырланған беттерді өңдеу үшін ұсынылады.

704. Төгілген сынапты тазалау үшін пайдаланылған щеткалар, шелектер, шүберектер өңделеді және зертханадан әкетіледі.

705. Зертханалық жайларда өрт сөндірудің алғашқы құралдары – құм (құрғақ және таза), құмға арналған қалақ, киіз немесе көрпе, асбест төсем және өрт сөндіргіштер болады. Өртенген мұнай өнімдерін сумен сөндіруге жол берілмейді.

Өрт сөндіру құралдары жайлардан шыға берісте орналастырылады.

706. Өрт шыққан жағдайда ауа тартқыш шкафтағы желдетуді, электрмен қыздыру аспабын ажырату керек немесе шілтерге газ беруді тоқтату қажет, содан кейін өрт ошағын сөндіру шаралары қолға алынады. Өрт шығатын барлық жағдайларда өрт сөндіру қызметін шақыру қажет.

707. Зертхана жайларында бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.


13. Найзағайдан қорғау
708. Болат резервуарларды жеке тұрған найзағай бұрғыштармен қорғау кезінде жалпы контурға рұқсат етіледі.

Резервуарларды жерге тұйықтауға қосу резервуардың негізінің периметрі бойынша кемінде әрбір 50 метрде жүзеге асырылады, бұл ретте қосу кезіндегі саны кемінде екі болады.

709. Электромагниттік индукциядан қорғау үшін әрбір 25 - 30 метр сайын резервуарға келтірілген құбырлардың, металл шанақтағы кабельдердің және бір бірінен 10 метрден аза арақашықтықта орналасқан басқа да металл конструкциялар арасыгда металл маңдайшалар орнатылады.

Металл құбырлардың немес басқа да созылымды конструкциялардың қосылу орындарында (тоғыспа, тармақтану) маңдайшаларды орнату талап етілмейді.

710. Жоғары әлеуеттердің тоздыруынан қорғау үшін құрылыстар, коммуникациялар енгізу кезінде жерге тұйықталады.

711. Резервуарларға жоғары әлеуеттердің енуінен қорғау үшін тіректерде орналасқан сыртқы құбырлар:

резервуарға кіргенде резервуарға жақын тірекке жерге тұйықталады; жерге тұйықтағыштың импульстік қарсылығы 10 Ом аспайды;

эстакада трассасының бойында әр 250-300 метр сайын буларының жарқыл температурасы градус Цельсий және одан төмен мұнай өнімдеріне арналған құбырлар импульстік қарсылығы 50 Ом аспайтын қайталама жерге тұйықтағыштарға қосылады.

712. Резервуардың қалқымалы қақпағы және электростаттық индукциядан қорғауға арналған қалқымалар кемінде екі орында резервуардың шанағымен иілгіш маңдайшалармен біріктіріледі.

713. Найзағай қабылдағыштарды жерге тұйықтағыштардың ток бұрғыштармен өзара және ток қабылдағыштармен қосылыстары дәнекерленіп орындалады.

Байланыс үстіңгі беттерден басқа жерге тұйықтағыш желінің жерүсті бөлігі қара түске боялады.

714. Күн күркіреген кезде найзағай бұрғыштарға 4 метрден артық жақындауға рұқсатетілмеді, ол туралы құрылыс немесе жеке тұрған найзағай бұрғыштың жанында ескерту жазбалары ілінеді.

715. Найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану кезінде олардың жай-күйін бақылау жүзеге асырылады. Жоспарлы-ескерту жөндеулерінің кестесіне ағымдағы қызмет көрсету (тексерулер), бұл құрылғыларды ағымдағы және күрделі жөндеу қосылады.

716. Жыл сайын күн күркіреу маусымының алдында найзағайдан қорғаудың (найзағай қабылдағыштар, ток бұрғыштар) жерүсті бөлшектерінің жай-күйін, ток өткізетін бөлшектердің қосылу орындарын тексеру жүргізіледі.

Найзағайлы маусымда найзағай қабылдағыштарды ток бұрғыштармен және жерге тұйықтағыштармен қосусыз қалдыруға рұқсат етілмейді.

717. Әрбір найзағайдан немесе қатты желден кейін найзағайдан қорғау құрылғылары тексеріледі және бүлінулері жойылады.

718. Техникалық қызмет көрсету кезінде ток өткізетін бөлшектердің қосылысына және олардың қиысуы 30 пайыздан астам азайған кезде (коррозия, сыну, балқу салдарынан) оларды толық не жеке ақаулы жерлерін ауыстыру керек.

719. Токтың жайылуына қарсылықтарды өлшеуді қоса алғанда, жерге тұйықтағыш құрылғыларды тексеру жылына бір реттен жиі емес – жазда, топырақ құрғақ болғанда жүргізіледі.

720. Егер жерге тұйықтағыштың қарсылығы нормативтік мәннен 20 пайызға асса, қосымша электродтар орнатылады немесе жерге тұйықтағыш құрылғы жөнделеді.
1-Параграф. Металлконструкцияларды коррозиядан қорғау тәртібі
721. Жерасты құрылыстарының сыртқы үстіңгі бетінің коррозияға қарсы қорғауы жабындар жағу жолымен, катодтық станциялармен немесе протекторлармен жүзеге асырылады.

722. Металлдандыру алдында үстіңгі бетті дайындау құм ағыны немесе ұнтақ ағыны қондырғылары көмегімен механикалық әдіспен жүзеге асырылады.

723. Жерасты құрылыстарының қорғаныш жабындарының жай-күйі технологиялық регламент талаптарына сәйкес бақыланады.


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау