Утверждена



жүктеу 0,93 Mb.
бет1/7
Дата22.05.2018
өлшемі0,93 Mb.
#15760
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7

1 Қосымша

«Қазақстанның депозиттерге

кепілдік беру қоры» АҚ

Төрайымының м.а.

«26» сәуір 2012 жылғы

№ 28 бұйрығымен

  бекітілді

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жүйелiк блок, принтер және көшiргi аппаратын мемлекеттік сатып алу бойынша

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА 
Тапсырыс беруші:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ

050040, Алматы қ, Көктем-3, ш.а. 21 үй

СТН 600400112748

ЖСК KZ59 125KZT1001300138 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ММ

БСК NBRKKZKX

БСН 991240000414

Кбе 15


 

Тапсырыс берушінің өкілі:

Балтабеков Абай Серікұлы, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және кепілдік берілген өтем төленуін ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы

Байланыс телефоны: +7 (727) 2720549

Электрондық почтаның мекен жайы: Baltabekov@kdif.kz

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және кепілдік берілген өтем төленуін ұйымдастыру бөлімі


Мамлекеттік сатып алу ұйымының өкілі:

Балтабеков Абай Серікұлы, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және кепілдік берілген өтем төленуін ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы

Байланыс телефоны: +7 (727) 2720549

Электрондық почтаның мекен жайы: Baltabekov@kdif.kz

 
Конкурстық құжаттаманың бағасы: Конкурстық құжаттама тегiн ұсынылады.

Конкурстық құжаттама электронды түрде Тапсырыс берушінің www.kdif.kz интернет-ресурсында ораналастырылған.

1. Жалпы ережелер

1.Конкурс, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жүйелiк блок, принтер және көшiргi аппаратын мемлекеттік сатып алу бойынша (өнім берушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі:

Лот 1 - Жүйелiк блок /CMT/Corei7/2600/3,4GHz/4/Gb/500Gb/DVD+/RW/GMA/ HD/256Mb Windows Ult 7 Russian DVD, MS Office Pro 2010 32-bit/x64 Russian DVD, монитор LCD 24" (сапа сертификаты);

Лот 2 – А3+, А3, А4 форматты тасымалдағыштарға басу мүмкіндігі бар қара-ала баспасымен лазерлі принтер;

Лот 3 - А3 форматты тасымалдағыштарға басу мүмкіндігі бар көшіргі аппарат, дуплекс, автоподатчик 75 параққа, 2 лоток, қатты диск 40 Гб, көшіруде рұқсат 600х600dpi, 2 қосымша 100% толтырылған картридж жиынтығымен.

2. «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» жүйелiк блок, принтер және көшiргi аппаратын мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуге бөлінген қаржы:

Лот 1 – 3 691 870,00 (үш миллион алты жүз тоқсан бір мың сегіз жүз жетпіс) теңге, ҚҚС қоса;

Лот 2 – 428 175,00 (төрт жүз жиырма сегіз мың жүз жетпіс бес) теңге, ҚҚС қоса;

Лот 3 – 749 336,00 (жеті жүз қырық тоғыз мың үш жүз отыз алты) теңге, ҚҚС қоса;

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердiң тiзбесiн;

2) осы Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелiктердi қоса алғанда, сатып алынатын қызметтердiң сипаты мен талап етiлетiн сапалық сипаттамасын;

3) осы Конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi;

4) осы Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшiн әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;

5) әрбір өлшемнің проценттік мәнін көрсете отырып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 17- бабының 4- тармағына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса қызмет сомасының бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:

1)Мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын: ИИК КZ 59 125 КZТ 100 1300138 мемлекеттік мекеме Казакстан Республикасынің Ұлттық банкі, БИК NВRKKZKX, БИН 991240000414, Кбе 15.

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың

көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтінімді тапсыруға күнтізбелік 10 (он) күнге дейінгі қалған уақыттан кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен жүгiнуге құқылы. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң сауалды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелерi бойынша жiберу қажет: (Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, 512 каб. Тел.+7(727)272 05 49.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:

1)олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
      2)конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылғы «24» мамыр 18:00 сағат мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он жұмыс күні мерзіміне ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

8. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерi берiлген әлеуеттi өнiм берушiлермен не олардың уәкiлеттi өкiлдерiмен конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, 512-каб. Тел.+7(727)2720549 мекен-жайы бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-та кездесу өткiзедi.

9. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесудiң хаттамасын жасайды, онда әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы олардың көздерiн көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетiледi. Хаттама әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзiлген күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуеттi өнiм берушiлердi тiркеу журналында көрсетiлген почталық деректемелерi бойынша конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге жiберiледi.

Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы әлеуеттi өнiм берушiлермен болған кездесу хаттамасының мәтiнiн тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсында жариялайды.
 3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге

қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтiнiм осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды жеткізуге жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.

Конкурсқа қатысуға берілетін өтінім конкурстық өтінімді ашу күнінен бастап 45 (қырық бес) күннен кем болмауы тиіс.

11. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға беретiн конкурсқа қатысуға өтiнiмі мыналарды қамтуға тиiс:

1) әлеуеттi өнiм берушi осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларына сәйкес толтырған және қол қойылған өтiнiмдi;

2) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың тiзбесiн:

құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, СТН, жеке басын растайтын куәлiгiнiң көшiрмесi) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;

заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынуға тиiс. Қазақстан Республикасының резидентi еместер мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынуға тиiс;

әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және көрсетiлетiн қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi. Егер заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттiк тiркелгенi туралы өтiнiмнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

құрылтайшы туралы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзiндiсi не конверттердi ашу күнi алдындағы бiр айдан бұрын берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен нотариалдық куәландырылған үзiндi;

төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:

конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес әлеуеттi берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын күннiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлуi тиiс;

бiрiншi басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;

Конкурстық құжаттама әлеуеттi өнiм берiшiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше банк-резиденттердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растау құқығы туралы ақпаратты қамтуға құқылы. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге берiледi;

3) әлеуеттi берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы Үлгi конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу үдерісiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.

Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не қызмет көрсетулердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынуы тиiс;

осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 8-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын;

4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;

5) банктiк кепiлдiк не мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының банктiк шотына орналастырылатын кепiлдiк берiлген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрiнде Заңда белгiленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi;

6) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берiлетiн сенiмхат.


Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

     


12. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен бередi және соңғы бетiне оның қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен, соңғы бетi әлеуеттi өнiм берушiнiң қолымен және мөрiмен (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке берiледi.

13. Конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң нысаны басылуы немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуы және оған әлеуеттi өнiм берушi қол қоюы, әлеуеттi өнiм берушiнiң мөрiмен бекiтiлуi (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) тиiс.

14. Конкурстық өтiнiмде әлеуеттi өнiм берушiнiң грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзетуi қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндiрме, өшiрiлген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиiс.

15. Әлеуеттi өнiм берушiнiң толық атауы мен пошталық мекен-жайы (егер ол «кешiктi» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ашпаған күйiнде қайтару мақсатында), мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтiн көрсетiлуге тиiс: «ЖҮЙЕЛІК БЛОК, ПРИНТЕР ЖӘНЕ КӨШІРГІ АППАРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША КОНКУРС» - «ЛОТТЫҢ НӨМІРІ МЕН АТАУЫ» - 2012 ЖЫЛҒЫ «29» МАМЫРДА 14 САҒАТ 00 МИНУТҚА ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
 16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мына мекен-жай бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып береді: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, 512-каб., «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, Балтабеков А.С., 2012 жылғы «29» мамырдың сағат 12:00 мерзімге дейін.

17. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткеннен кейiн алған барлық конкурстық өтiнiмдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттерде көрсетiлген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуеттi өнiм берушiлердiң тиiстi уәкiлеттi өкiлдерiне жеке өздерiне қайтарылады.

18. Әлеуеттi өнiм берушiлер немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi ұсынған конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау күнi мен уақытын көрсете отырып, тиiстi журналға тiркейдi.

19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ресiмдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттер қабылданбайды және тiркелмейдi.



Конкурстық өтiнiмдердi өзгерту және оларды қайтарып алу

20. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Өзгерiс енгiзу конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң өзi сияқты дайындалуы, желiмделуi және ұсынылуы тиiс.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуеттi өнiм берушi заңды тұлға (жеке тұлға үшiн ондай бар болса) қол қойған және мөрiмен бекiтiлген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркiн түрде жазылған өтiнiш түрiнде ресiмделедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмге өзгерiс енгiзу не конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу, егер оларды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

21. Конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қайтарып алу сияқты, оларға өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.

22. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгiленген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей нақты уақыт кезеңiне арналған өтiнiмнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуеттi өнiм берушi мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң мерзiмi iшiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алуға қатысу;

2) осындай өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу.

23. Әлеуеттi өнiм берушi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерiне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.

  

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған



конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу, келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен мына мекен-жайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, 512-каб. мекен-жайы бойынша 2012 жылғы «29» мамырда 14:00 сағатта конкурстық комиссиямен жүргізіледі. Конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi мен конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу арасындағы кезең екi сағаттан аспауға тиiс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

 Егер конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына мына мекен-жай бойынша тіркелуге тиіс: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, 512-каб., 2012 жылдың «29» мамырдың 13:45 сағатқа дейінгі мерзімде.

Әлеуеттi өнiм берушiлер мен олардың уәкiлеттi өкiлдерi конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмiн жазу үшiн пайдалануға ниет етiп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиiс.

26. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуеттi өнiм берушiлердiң және оның уәкiлеттi өкiлдерiнiң мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлiнiң, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметiне араласуына жол берiлмейдi.

27. Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәлiметтер көрсетiлген мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi ал тапсырыс берушi және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етедi:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн алған әлеуеттi өнiм берушiлердiң саны;

әлеуеттi өнiм берушiлердiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру жөнiндегi әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесу өткiзгенi;

конкурстық құжаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу фактiсiнiң бар немесе жоқ екендiгi, сондай-ақ себептерi;

тиiстi тiркеу журналына тiркелген конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi белгiленген мерзiмде ұсынған әлеуеттi өнiм берушiлер;

2) конкурстық комиссияның өкiлi не конкурстық комиссия мүшелерiнiң қатарынан төраға белгiлеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашады және өтiнiмде қамтылған құжаттардың тiзбесiн және олардың қысқаша мазмұнын жария етедi;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиiстi конверттердi ашу хаттамасын ресiмдейдi;

әлеуеттi өнiм берушiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн конкурстық комиссия отырысының көрсетiлген хаттамасының көшiрмесiн ала алатын мерзiм туралы хабардар етедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы хаттамасының көшiрмесiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуеттi өнiм берушiлерге немесе олардың уәкiлеттi өкiлiне конкурстық комиссияның көрсетiлген отырысы өткiзiлген күннен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынылады.

 


жүктеу 0,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау