«утвержден»



жүктеу 257,03 Kb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата26.05.2018
өлшемі257,03 Kb.
#17951
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7

 

11

тыйым  салу  сипатындағы  актілерді/шараларды  қабылдауы,  бағдарламалық  жасақтаманың 



істен  шығуы,  электр  энергиясының  ағытып  тасталуы,  байланыс  желілерінің  зақымдануы 

жəне Тараптардың еркіне қатыссыз жəне Шарт мəніне тікелей қатысы бар басқа жағдайлар 

үшін жауапкершілік алмайды.    

14.3.  Тежеусіз  күш  жағдайларының  əрекеті  тоқтағаннан  кейін  тиісті  Тарап  Шарт  бойынша  өз 

міндеттемелерін  орындауды  қайта  жаңартуы  тиіс.  Егер  тежеусіз  күш  жағдайлары 

басталғанынан  бері 1 (бір)  айдан  астам  уақыт  бойы  жалғасса,  Тараптар  Шарттың  əрекет 

етуін өзара келісіп шешу арқылы тоқтатуға құқылы, бұл ретте мүдделі Тарап басқа Тарапқа 

осындай  тоқтату  күніне  дейін 15 (он  бес)  күнтізбелік  күн  бұрын  кешіктірместен  жазбаша 

хабарлайды.     

14.4.  Банкке  Шот,  ағымдағы  шот  бойынша  шығыс  операцияларды  тоқтату,  Шоттағы,  ағымдағы 

шоттағы  ақшаға  тыйым  салу  туралы  уəкілетті  мемлекеттік  органдардың  жəне/немесе 

лауазымды  тұлғалардың  шешімдері/қаулылары,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына  сəйкес  ақшаны  акцептісіз  есептен  шығаруға  құқығы  бар  үшінші  тұлғалардың 

нұсқаулары түскен жағдайда, Банк Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны/тиісті 

түрде  орындамағаны  үшін,  оның  ішінде  ақшаны  Шотқа  аударуға  мүмкіндігінің  болмағаны 

үшін жауапкершілік алмайды.   

Бұл  ретте  Салымшының  келісімісіз  ақшаны  Шоттан  алу,  Шот  бойынша  шығыс 

операцияларды  тоқтату  жəне  Шоттағы  ақшаға  тыйым  салу,  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында  қарастырылған  жағдайларда,  тəртіпте  тек  қана  тиісті  түрде  ресімделген 

құжаттардың  негізінде  жүргізіледі.  Банк  мұндай  жағдайларда  Салымшының  көтерген 

залалдары үшін жауапкершілік алмайды.     

14.5.  Кез келген жағдайда Банктің жауапкершілігі Шарт талаптарын бұзған жағдайда Салымшыға 

Банктің  заңсыз  іс-қимылдарымен/əрекетсіздігімен  келтірілген  нақты  залал  көлемімен 

шектеледі. 

14.6.  Салымшы Банктің Шотқа ақшаның қате есептелгені туралы талабы түскен күннен бастап  3 

(Үш) жұмыс күні ішінде, ақшаны қайтармағаны жəне/немесе уақытында қайтармағаны үшін 

Шотқа  қате  есептелген  əр  мерзімі  өткен  ақшаны  қайтару/қайтармау  күндері  үшін 

қайтарылмаған/уақытында  қайтарылмаған    ақша  сомасынан 0,02% (нөл  бүтін  жүзден  екі 

пайыз) көлемінде өсімпұл ретінде жауапты болып табылады. 

14.7.  Салымшы Шотқа ақшаның қате есептелгені туралы Шоттан үзінді көшірмесін алған күннен 

бастап  3 (Үш) жұмыс күні ішінде Банкті хабардар етпегені үшін хабардар ету мерзімі өткен 

əр  күніне  Шотқа  қате  есептелген  ақша  сомасынан  0,02% (нөл  бүтін  жүзден  екі  пайыз) 

көлемінде өсімпұл ретінде жауапты болып табылады. 

14.8.  Банк  Салымшы  алдында  Салым  жəне/немесе  сыйақы  сомасын  қайтармағаны  жəне/немесе 

уақытында қайтармағаны үшін қайтарылмаған / уақытында қайтарылмаған  ақша сомасынан 

мерзімі  өткен  əр  күні  үшін 0,02% (нөл  бүтін  жүзден  екі  пайыз),  бірақ  сондай  сомадан 5 % 

көп емес көлемінде өсімпұл ретінде жауапты болып табылады. 

14.9.  Салымшы Шарттың 11.2.5.-тш. көзделген талаптарды бұзған жағдайда, Банк өз міндеттерін 

орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік алмайды.   

 

15. ДАУЛАРДЫ ҚАРАУ ТƏРТІБІ 



 

15.1.  Шартқа тікелей немесе жанама түрде қатысты  жəне  онда реттелмеген барлық мəселелерді 

Тараптар  Шартқа  сəйкес  шешеді  жəне  реттейді,  ал  Шартта  реттелмеген  басқа  барлық 

жағдайларда – Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  сондай-ақ  Банктің  ішкі 

құжаттарына сəйкес реттеледі. 

15.2.  Шартты  орындауына  байланысты  туындайтын  барлық  дау-таластар  Тараптардың  арасында 

келіссөз жүргізуі арқылы шешіледі.  

15.3.  Келіссөз  арқылы 10 (Он)  жұмыс  күні  ішінде  келісімге  келмеген  жағдайда,  дау-таластар 

мүдделі  Тараптың  бастамасы  бойынша  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 

заңдарымен қарастырылған тəртіпте сотта қаралады. 

 



 

12

16. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ ТƏРТІБІ  



 

16.1.  Банк  біржақты  тəртіпте,  Салымшымен  алдын  ала  келісіп  шешусіз,  Шартқа  өзгертулер 

енгізуге құқылы.  

16.2.  Банк Шартқа өзгертулер, жүргізілетін операцияларға қолданылуы тиіс комиссиялар жайында 

осындай  өзгертулер  күшіне  енген  күнге  дейін 10 күн  бұрын,  кешіктірместен  Банктің 

операциялық  бөлімшелерінде  (залдарында)  жəне  Банктің www.kkb.kz мекенжайы  бойынша 

корпоративтік  сайтында  орналастыру  арқылы  хабарлайды.  Өзгертулер  енгізілгеннен  кейін 

осы Шарт жаңа редакцияда əрекет ететін болады. 

16.3.  Салымшы  Шарттың  жаңа  (өзгертілген)  редакциясымен  келіспеген  кезде,  Шарттың 9.5.-т. 

белгіленген тəртіпте Шарттың əрекет етуі тоқтатылады. Банк Шартқа өзгертулер енгізілгені 

туралы  хабарламаны/Шарттың  өзгертілген  редакциясын  жариялаған  сəттен  бастап 10 (он) 

күнтізбелік  күннің  ішінде  Салымшының  Банкке  Шарттың  əрекет  етуін  тоқтату 

туралы/Салым(-дар)ды мерзімінен бұрын алуға өтінішін ұсынбауы Салымшының Шарттың 

жаңа  (өзгертілген)  редакциясымен  келісетінін  жəне  енгізілген  өзгертулерді  ескере  отырып 

оған толығымен қосылатынын білдіреді.  

16.4.  Салымшы  өз  бетінше  Шарттың  өзгертілген  редакциясымен  танысады,  тиісті  күнге 

комиссиялардың  көлемін  Банктің  операциялық  бөлімшелерінен  немесе  Банктің  Веб-

сайтынан, сондай-ақ Банктің анықтама қызметінің телефондары арқылы біледі. 

 

17. ЖЕКЕ  КƏСІПКЕРДІҢ,  ШАРУА  ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ  САЛЫМДАРЫНА  КЕПІЛДІК 

БЕРУ 

 

17.1.  Шартты жасасу сəтінде Салым депозиттерге міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады.  

17.2.  Қазақстан  Республикасының  депозиттерге  міндетті  кепілдік  беру  мəселелері  бойынша 

заңнамасы  өзгерген  кезде  Салымға  заңнамаға  енгізілген  өзгертулерді  ескере  отырып 

белгіленген кепілдік беру талаптары қолданылады.  

 

18. БАСҚА ШАРТТАР  



 

18.1.  Егер  осы  Шарттың  қандай  да  бір  немесе  одан  да  көп  ережелері  күшін  жойса,  жарамсыз 

немесе  заңнама  тұрғысынан  кез  келген  байланыста  қамтамасыз  етілмеген  болса,  бұл  осы 

Шарттағы басқа талаптардың жарамдылығы мен заңдылығына əсер етеді.     

18.2.  Тараптың  осы  Шарттағы  құқықтарының  кез  келгенін  пайдаланбауы  немесе  уақтылы 

пайдаланбауы  мұндай  құқықтан  бас  тартқан  деп  бағаланбауы  тиіс,  сондай-ақ  ол  Тараптың 

өзінің  басқа  құқықтарын  жүзеге  асыруына  əсер  етпеуі  тиіс.  Осы  Шартқа  сəйкес  барлық 

құқықтар,  сол  сияқты  міндеттер  басқа  құқықтар  мен  міндеттерден  ерекшелік  емес,  оның 

бөлігі болып табылады.   

18.3.  Осы Шартқа қосыла отырып, Салымшының атынан, Салымшының уəкілетті тұлғасы Банкке 

осы  Шартпен  байланысты  жəне  оның  шеңберінде  орналастырылатын  Салымдарға  қатысты 

есептілікті  жəне/немесе  ақпаратты  Банктің  уəкілетті  органдарға,  аудиторлық,  бағалау  жəне 

басқа  құзыретті  ұйымдарға  ұсынуына  ресми  жазбаша  келісім  береді  (Салымшының  жеке 

келісімі  талап  етілмейді).  Шарттың  осы  тармағында  қарастырылған  талаптар  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасында  қарастырылған  Салымшының  Шарттың  осы  тармағының 

шеңберінде  жəне  онда  белгіленген  талаптарда  банктік  жəне  басқа  құпияны  жариялауға 

келісімі болып табылады 

18.4.  Банктік салым кепілге ұсынылған кезде, Шарт талаптарына тиісті өзгертулер жасалуы тиіс. 

Ондай  өзгертулерді  енгізу  үшін  Салымшы  қамтамасыз  ету  үшін  салым  берілетін  шарт 

жасалған күннен кешіктірмей тиісті қосымша келісім жасау үшін Банкке хабарласуы тиіс.   

18.5.  Тараптар  электрондық  құжаттарды  тиісті  шарт  жасалған  кезде  Шарт  бойынша 

міндеттемелерін орындау үшін пайдалануға құқылы.  

18.6.  Банк: түсініксіз түсініктемелер; жазып-толтырылмаған, Салымшының немесе өзге уəкілетті 

тұлғалардың  қолы  қойылмаған  немесе  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 




жүктеу 257,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау