«утвержден»



жүктеу 257,03 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата26.05.2018
өлшемі257,03 Kb.
#17951
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7

 

7

11.1. Салымшы құқылы: 

11.1.1.  Салымды  орналастыруға  өтініште  белгіленген  талаптарда  жəне  кезеңдікпен  Салым 

бойынша сыйақы алуға. Банк Салымды орналастыруға өтінішке сəйкес есептелген сыйақы 

сомасын Ағымдағы шотқа аударады немесе Салым сомасына қосады (капиталдайды);  

11.1.2.  Салым  мерзімі  өткеннен  кейін  Салымшының  Салым  мерзімі  ішінде  салған  қосымша 

жарналарын  жəне  Салым  бөлігін  алуын/сыйақы  көлеміне  ұлғайтылған  салым  сомасын 

(егер  сыйақыны  капиталдау  талабы  белгіленсе)  ескергендегі  Салым  сомасын/Шоттағы 

қалдықты  алуға.  Банк  Салым  сомасын  (Шоттағы  қалдықтың  шегінде)  Ағымдағы  шотқа 

аударады;  

11.1.3.  Салым мерзімі өткенге дейін Банкке  Шартта белгіленген тəртіпте белгіленген нысандағы 

жазбаша  өтінішті  ұсыну  арқылы    Шарттың 9.2.-т.  ескере  отырып,  Салымның  мерзімінен 

бұрын қайтаруын талап етуге; 

11.1.4.  Салым  талаптарында  белгіленген  шектеулерді  ескере  отырып  (егер  Салым  талаптарында 

қарастырылған болса) Салым мерзімінің аяқталуына дейін Шотқа қосымша жарна енгізуге 

(Салым  сомасын  ұлғайтуға).  Банктің  оны  орындауы  туралы  белгілері  бар    Салымшының 

Шотқа қосымша жарна салуға өтініші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады;     

11.1.5.  Шарт  талаптарына  сəйкес  Салымның  бөлігін  талап  етуге  (егер  бұл  Салым  талаптарында 

қарастырылған болса). 

 

11.2. Салымшы міндеттенеді: 

11.2.1.  Салым орналастыруға өтініш ұсынылған күннен бастап 1 (Бір) жұмыс күнінен кешіктірмей 

мерзімінде,  егер  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  қарама-қайшы 

келмесе,  Салымды  орналастыруға  өтініште  келіскен  соманы  Ағымдағы  шотқа  аударуға 

немесе қолма-қол ақшалай енгізуге;   

11.2.2.  Шарт бойынша Банктің қызметтерін Банк Тарифтеріне сəйкес төлеуге;  

11.2.3.  Шот  бойынша  үзінді  көшірмені  алған  күннен  бастап 3 (Үш)  жұмыс  күні  ішінде  Банкке 

Шотқа  қате  есептелген  ақшаны  дереу  қайтарып,  ол  ақшаның  қате  есептелгені  туралы 

Банкті хабардар етуге;   

11.2.4.  Банкке  қате  есептелген  ақшаны  қайтармаған  жағдайда,  Банк  Шотқа  қате  есептелген 

ақшаны  қайтару  туралы  талабын  жіберген  күннен  бастап 3 (Үш)  күн  ішінде  Шарттың 

11.2.3.-т. белгіленгендей ақшаны қайтаруға;    

11.2.5.  құрылтай  құжаттары,  орналасқан  жері,  төлем  деректемелері,  телефон  нөмірлері,  факс 

өзгергенде,  Шотты  басқаруға  уəкілетті  тұлғалар  ауыстырылғанда,  сондай-ақ  Шарт 

талаптарын орындау үшін мəні бар басқа өзгертулер жүргізілген кезде ол жайында Банкке 

үшкүндік  мерзімде  жазбаша  нысанда  немесе  Тараптармен  келісілген  басқа  байланыс 

құралдары  арқылы  хабарлауға  жəне  мұндай  өзгертулерді  растайтын  құжаттардың 

түпнұсқаларын немесе олардың нотариалды куəландырылған көшірмелерін ұсынуға (егер 

өзгертулердің сипатына байланысты қолданылатын болса);   

11.2.6.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  жағдайларда,  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  жəне  Банктің  ішкі  құжаттарына  сəйкес  ұсынуға  талап 

етілетін, тиісті түрде ресімделген құжаттарды Банкке ұсынуға;  

11.2.7.  Шарт талаптарын қатаң түрде орындауға. 

 

12. БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

 

12.1. Банк құқылы: 

12.1.1.  өзгертілуі  Шарттың 9.2.-т.  көзделген  жағдайда  жүзеге  асырылуы  мүмкін  сыйақы 

мөлшерлемесінің көлемін қоспағанда, Салымшымен алдын ала келісіп шешпей, біржақты 

тəртіпте,  Шарттың 16 бөліміне  сəйкес  Шарт  талаптарына  жəне  Банктің  Тарифтеріне 

өзгертулер енгізуге;  

12.1.2.  өз бетінше Шот ашу туралы немесе Шот ашудан бас тарту туралы шешім қабылдауға;  

12.1.3.  біржақты тəртіпте Салымшылардың келесі санаттарына Шот ашудан бас тартуға:  

-  мемлекеттік  кірістер  органдары  тарабынан  инкассолық  өкімдер  немесе  шығыс 

операцияларды тоқтату туралы өкімдер қойылған, Банкте (Банктің кез келген филиалында) 

ашылған банктік шоты бар; 




 

8

-  əрекет етпейтін салық төлеушілеріне; 



- Банктің алдында берешегі (қарыздар бойынша, карталық шоттар бойынша мерзімі өткен 

берешегі/төленбеген Банк комиссиясы/ Банк алдындағы басқа берешегі) бар болғанда; 

12.1.4.  келесі  жағдайларда  Шот  ашудан/Салымды  орналастырудан/банктік  қызмет  көрсетуден 

біржақты тəртіпте бас тартуға:  

• 

Салымшының  жəне/немесе  Салымшының  бенефициарлық  меншік  иесінің 



(қатысушысының/құрылтайшысының/акционерінің)  жəне/немесе  Салымшының  кез  келген 

уəкілетті  тұлғасының  деректері  ақшаны  жылыстатуға  жəне  терроризмді  қаржыландыруға 

қатысты  тұлғалардың  тізбесінде  көрсетілген  тұлғалардың  деректеріне  сəйкес  келгенде,  соған 

ұқсас, егер алаяқтардың немесе жалған кəсіпкерлердің тізімінде тұратын болса; 

• 

Салымшының  резиденттік  елі  Банкпен  ынтымақтасуға  жол  берілмейтін/оны 



қолайсыз  ететін  санкциялар  немесе  өзге  шектеулер  енгізілген,  немесе  ақшаны  жылыстатуға 

жəне  терроризмді  қаржыландыруға  қарсы  іс  қимыл  саясаты    тиісті  түрде  іске  асырылмаған 

елдердің тізбесіне сəйкес келген жағдайда;  

• 

бар  болуы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасының  талаптарына,  халықаралық 



талаптарға,  Банктің  ішкі  нормативтік  құжаттарына  сəйкес  міндетті,  Салымшының 

сəйкестендіруден  өтуіне  немесе  онымен  жүргізілетін  операцияларға  қатысты  ақпаратты 

Салымшы негізсіз себептермен ұсынбаған жағдайда;     

12.1.5.  Қылмыстық  жолмен  алынған  кірістерді  заңдастыруға  (жылыстатуға)  жəне  терроризмді 

қаржыландыруға  қарсы  іс-қимыл  туралы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

қарастырылған  негіздер  бойынша  салымшымен  іскерлік  қатынастарды  себептерін 

түсіндірместен  тоқтатуға  жəне  Салымшының  Шот  бойынша  операцияларды  жүргізу 

туралы  өкімдерін  орындаудан  бас  тартуға.  Мұндай  жағдайда  Шарттың  əрекет  етуін 

тоқтату 9.4-т. белгіленген тəртіпте орындалады.  

12.1.6.  Салымшы Салымды мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініш ұсынған жағдайда, Шарттың 

9.2.-т., 9.3.-т. ескере отырып Салымның Шотта нақты жатқан кезеңі үшін Салым бойынша 

сыйақы сомасын қайта есептеуге;  

12.1.7.  Салымшыға  алдын  ала  ескертпестен  Шарт  негізінде  Шотқа  қате  аударылған  ақшаны 

Шоттан,  сондай-ақ  Салымшының  басқа  да  банктік  шоттарынан  акцептісіз  тəртіпте  (Банк 

талаптарының  негізінде  тікелей  дебеттеу  арқылы)  есептен  шығаруға.  Осымен  Салымшы 

Банкке ақшаны Шарт талаптарында жəне сомасында акцептісіз есептен шығаруға шартсыз 

жəне  даусыз  (Салымшының  қосымша  акцептісіз)  құқығын  береді.  Банктің  Шарттың  осы 

тармағында  белгіленген  тəсілдер  арқылы  Шотқа  қате  аударылған,  сондай-ақ  Салымшыға 

артық  төленген  ақшаны  алуға  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда,  Салымшы  ондай  ақша 

сомасын  Банк  талабын  алған  соң 5 (бес)  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  Банкке  Қазақстан 

Республикасы  заңнамасының  талаптарына  сəйкес  келетін  өзге  тəсілдермен  қайтаруға 

міндетті; 

12.1.8.  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, ұсынылуы Қазақстан 

Республикасының  қолданыстағы  заңнамасы  мен  Банктің  ішкі  құжаттарына  сəйкес  талап 

етілетін, тиісті түрде ресімделген құжаттарды талап етуге;   

12.1.9.  Салымшыдан  Шот  ашу,  Салымды  орналастыру  жəне  Салымшының  Шоты  бойынша 

жүргізілетін  операциялардың  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасының 

нормаларына  сəйкестігін  тексеру  үшін,  оның  ішінде  қылмыстық  жолмен  алынған 

кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл 

туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бойынша, сондай-ақ Банктің өзі 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін кез 

келген құжат пен ақпаратты сұратуға;  

12.1.10. Шотты  Шарт  талаптарына  сəйкес  жəне  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

қарастырылған негіздер бойынша жабуға;  

12.1.11. Салымшыға  тиісті  хабарлама  ұсыну  арқылы  Шот  ашудан  жəне  онымен  іскерлік 

қатынастарды орнатудан біржақты тəртіпте бас тартуға;  

12.1.12. Шарт талаптарын ескере отырып біржақты тəртіпте Шарттың əрекет етуін тоқтатуға;  

12.1.13. Банк  Салымшының  немесе  онымен  уəкілетті  етілген  тұлғалардың  Шот  бойынша 

операцияларды  орындау  туралы  нұсқаулары  жəне  олар  бойынша  ұсынылған  құжаттар 

Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасының  жəне  Банктің  ішкі 

құжаттарының  талаптарына  қарама-қайшы  келсе,  мұндай  нұсқауларды  орындау  үшін 



жүктеу 257,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау