3
4. ШОТТЫ АШУ ЖƏНЕ ЖҮРГІЗУ ТƏРТІБІ
4.1. Банк Салымды орналастыруға өтініш негізінде Салымшыға Шот ашады. Шот ашу үшін
Салымшы Банкке Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жинақ шот ашу үшін
ұсынылуы міндетті құжаттарды ұсынады.
4.2. Шот Салымды орналастыруға өтініш пен Шарттың 4.1.-т. көрсетілген құжаттар ұсынылған
күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей ашылады.
4.3. Шот Банк тарабынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Банктің ішкі
құжаттарына сəйкес жүргізіледі.
5. САЛЫМДЫ ЕНГІЗУ
5.1. Салымға қатысты барлық операциялар, соның ішінде Салым енгізу, толтыру,
Салымды/Салымның бөлігін алу (егер Салымның тиісті түрі Салым бөліктерін алуды
қарастыратын болса) Ағымдағы шот арқылы жүзеге асырылады.
5.2. Салымшының Банкте Ағымдағы шоты болмаған жағдайда, жəне оның болуы Салым
шарттары бойынша қажет болса, Салымшы оны Банк пен Салымшы арасындағы тиісті
шартта анықталған талаптарда жəне тəртіпте ашады.
5.3. Егер Салымды орналастыру үшін Салымшыға жаңа жинақ шоты ашылса жəне/немесе
Банкке бұрын ұсынылған, қойылған қол үлгілері мен мөр бедері бар құжаттағы деректер
өзгерген болса, - Салымшы Банкке уəкілетті тұлғалардың қойылған қол үлгілері мен
Салымшының мөр бедері (бар болса) бар құжаттың 1 (бір) данасын ұсынады. Келесіде, егер
Банкке ұсынылған, қойылған қол үлгілері мен мөр бедері бар құжаттағы деректер өзгерген
болса, Салымшы ашылған шоттар бойынша операциялар жүргізілгенге дейін қойылған қол
үлгілері бар жаңа құжатты ұсынады.
5.4. Салымшы Салым енгізу үшін Салымды орналастыруға өтініште көрсетілген Салым
сомасының Ағымдағы шотта болуын қамтамасыз етеді (егер өзгесі Банктің ішкі
құжаттарында қарастырылмаған болса). Салым енгізілетін күнге Салым сомасы Банктің ішкі
құжаттарында белгіленген сомадан аз болмауы тиіс.
5.5. Банк Салымды орналастыруға қабылдаған өтініш пен Шарт негізінде Салым сомасын
Ағымдағы шоттан (оны тікелей дебеттеу арқылы, оған Салымшының қосымша келісімін
алусыз) есептен шығарады жəне есептен шығарылған соманы Шотқа аударады (егер өзгесі
Банктің ішкі құжаттарында қарастырылмаған болса).
5.6. Егер Банк Салымды орналастыруға өтініш қабылдаған күні Ағымдағы шотта Салым
сомасының болуы қамтамасыз етілмесе – Тараптар, Салымшы Шарттан бас тартқан деп
мойындайды (Шарт тоқтатылады).
5.7. Салымның Банкке енгізілгенін растайтын құжат болып – Салым сомасының
енгізілгені/аударылғаны туралы Банкпен берілген растама жəне Салымды орналастыруға
өтініштің Банкпен оны қабылдауы туралы белгілері бар екінші данасы, ал егер де Салымшы
Онлайнбанк жүйесін пайдаланып Салымды орналастыруға өтінішті электрондық түрде
ұсынған жағдайда – Салымшының Банкпен Онлайнбанк жүйесі арқылы Салымды
орналастыруға өтінішті қабылдауы туралы растаманы алуы табылады.
5.8. Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған жағдайларда, Салымды орналастырудың
талаптары əрбір нақты жағдайда Тараптардың уəкілетті қызметкерлерінің телефон бойынша
келіссөздер жүргізуі арқылы анықталуы мүмкін (Банктің уəкілетті қызметкерлерінің тізімі
Банктің
www.kkb.kz
мекенжайы бойынша корпоративтік сайтында көрсетілген. Салымшы
Шартқа қосылу кезінде Банкке Салымшының əр уəкілетті тұлғасына Банкпен белгіленген
нысан бойынша сенімхат ұсынады):
5.8.1. телефон арқылы келіссөздер жүргізілген кезде Тараптардың уəкілетті қызметкерлері
өздерін жеке таныстыруы, келіссөзді қандай тараптың атынан жүргізіп жатқан Шарт
тарабының атауын, мұндай келіссөздердің күні мен уақытын айтуы тиіс:
5.8.2. Тараптардың уəкілетті қызметкерлерінің арасында міндетті түрде келісілуі тиіс
Салымды орналастырудың негізгі талаптары:
4
-мəміле валютсы;
-мəміле сомасы;
-Салымды орналастыру мерзімі – Салым ұсынылатын күн жəне қайтарылатын күн;
-Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі (сонымен бірге бір уақытта Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сəйкес мəміле талаптарының
есебінен есептелетін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі де көрсетіледі);
-Салым бойынша сыйақы төлеу тіртібі;
-төлем нұсқаулары (қажет болғанда);
5.8.3. телефон бойынша келіссөздер жүргізілген күні (Астана уақыты бойынша сағ. 17: 00
кешіктірмей) Салымшы Шарттың 5.8.2.-т. сəйкес уағдаластыққа келген Салымның
бірдей негізгі талаптарынан тұратын, Шарттың 1.2.-т. сəйкес Салымды орналастыруға
өтініш ұсынады;
5.8.4. егер Банк алған Салымды орналастыруға өтініште Салымшы тарабынан Шарттың
5.8.2.-т. сəйкес телефон бойынша уағдаластыққа келген Салымды орналастырудың
негізгі талаптары бойынша айырмашылықтар жіберілген болса, Банк Салымшыға
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
6. САЛЫМ ШАРТТАРЫ
6.1. Шарттың 5.4.-т. сəйкес Шотқа Салым (оның бастапқы сомасы – қосымша жарна салуға
рұқсат етілетін Салымдар үшін) аударылған күннен бастап Салым ұсынылған болып
есептеледі.
6.2. Салымды есептеу мерзімі Шотқа Салым (оның бастапқы сомасы – қосымша жарна салуға
рұқсат етілетін Салымдар үшін) аударылған күннен бастап жүргізіледі.
6.3. Салымның Шотта жатқан кезеңінде Салымға Банк тарифтерімен (бұдан əрі – Банк Тарифі)
қарастырылған мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеледі жəне Салымды орналастыруға
өтініште жəне Растамада көрсетіледі. Егер өзгесі Өтініште көрсетілмесе жəне/немесе Банктің
ішкі құжаттарында қарастырылмаса, Сыйақыны есептеу Банкпен: 1 жылда 360 күн жəне 1
айда 30 күн негізінде жүргізіледі.
6.4. Салымды орналастыруға өтініште жəне Растамада белгіленген сыйақы мөлшерлемесінің
көлемі осы Шарттың 9.2.-т. қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Өтініште көрсетілген
Салым орналастырылған барлық мерзімі бойына өзгеріссіз қалады.
6.5. Салым бойынша сыйақы (кезеңділігі, мерзімі, талаптары мен төлеу тəсілі) Банктің ішкі
құжаттарына сəйкес Салым түріне байланысты төленеді жəне Салымды орналастыруға
өтініште анықталады.
Егер есептелген сыйақыны төлеу күні демалыс немесе мейрам күніне түссе, сыйақы төлемі
сондай күннен кейінгі келесі жұмыс күні жүргізіледі.
6.6. Салым бойынша сыйақы төленген кезде Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына
сəйкес төлем көзінен алынатын табыс салығын ұстап қалады (егер ондай ұстап қалу
Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған болса).
6.7. Шарт талаптары Салымшының Салымды орналастыруға өтініштеріне сəйкес ашылған
барлық Шоттарына қолданылады.
6.8. Шотқа сыйақыны кезекті капиталдағаннан кейін (егер Салымды орналастыруға өтінішке
сəйкес сыйақы капиталдау арқылы төленетін болса) Салым сомасы ұлғайтылған күн Салым
бойынша əрбір келесі сыйақы есептелетін кезеңде (тиісінше, - ай/тоқсан) есепке алынады.
6.9. Салым орналастырылған мерзім ішінде ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс
күні Банк Салымшыға Шот бойынша үзінді көшірме ұсынады. Шот бойынша үзінді көшірме
Салымшының Банкке хабарласқан кезінде ұсынылады. Бұл ретте, Банк Салымшының үзінді
көшірме алу үшін хабарласпаған немесе уақтылы хабарласпаған жағдайда, Салымшыға Шот
бойынша үзінді көшірмені ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін жауапкершілік
алмайды.
7. ҚОСЫМША ЖАРНАЛАР