«утвержден»



жүктеу 257,03 Kb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата26.05.2018
өлшемі257,03 Kb.
#17951
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7

 

5

 

7.1.  Банк  белгілеген  Салым    түрлеріне  ғана  Қосымша  жарна  салуға  болады,  бұл  ретте  Банк 

салынатын қосымша жарна сомасына шектеу қоя алады. Егер де Салым бойынша қосымша 

жарна салу мүмкін болса, - Салымға қосымша жарна салу үшін Салымшы Банкке Шарттың 

№4  Қосымшасындағы  нысан  бойынша  Қосымша  жарна  салуға  өтініш  ұсынады.  Банк 

қосымша  жарна  салуға  өтініш  негізінде  Қосымша  жарна  салуға  өтініште  көрсетілген 

қосымша  жарна  сомасын  (оны  тікелей  дебеттеу  арқылы,  оған  Салымшының  қосымша 

келісімін  алусыз)  Ағымдағы  шоттан  есептен  шығарады  жəне  есептен  шығарылған  соманы 

Шотқа аударады.  

7.2.  Қосымша  жарна  салу  үшін  Салымшы  Қосымша  жарна  салуға  ұсынылған  өтініште 

белгіленген  қосымша  жарна  сомасының  Ағымдағы  шотта  болуын  қамтамасыз  етеді.  Егер 

Банк  Қосымша  жарна  салуға  өтініш  қабылдаған  күні  Ағымдағы  шотта  қосымша  жарна 

сомасының  болуы  қамтамасыз  етілмесе,  Тараптар  Салымшы  Қосымша  жарна  салуға 

өтініштен бас тартқан деп мойындайды.     

7.3.  Қосымша  жарна  сомасы  Салым  сомасын  тиісінше  ұлғайтады.  Қосымша  жарна  салу  күні 

сыйақы есептелген кезде есепке алынады. 

7.4.  Салымшы  Салымды  қосымша  жарналармен  толтыру  тəртібін  бұзғанда,  соның  ішінде 

Салымшы  қосымша  жарна  салуға  өтініште  бенефициардың/алушының  шоты  ретінде  Шот 

деректемелерінің  орнына  Ағымдағы  шот  деректемелерін  көрсеткен  кезде,  Банк  Қосымша 

жарна  салуға    өтінішті  қабылдамайды  (қайтарады).  Банк  мұндай  жағдайда  орындалмаған 

қосымша жарна операциясына жауапкершілік алмайды.  

 

8.  САЛЫМНЫҢ БӨЛІГІН АЛУ 

 

8.1.  Салымның бөлігін Банк белгілеген Салым  түрлері бойынша ғана алуға болады. Салымның 

бөлігін алу мүмкіндігі Салымды орналастыруға өтініште анықталады.  

8.2.  Салымның  бөлігін  алу  үшін  Салымшы  Банкке  Шартқа  №3  Қосымшадағы  нысан  бойынша 

өтініш ұсынады.   

8.3.  Салымшының талабы бойынша Салымның бөлігі келесі талаптарда ғана беріледі:   

•  мұндай  талап  Салымды  орналастыруға  өтініште  жəне  Банктің  ішкі  құжаттарында 

қарастырылған.  

•  Салымның  бөлігі  алынғаннан  кейін  Шоттағы  қалдық  Салымшының  Банкке  Салымның 

бөлігін  алуға  өтініш  берген  күнгі  Банктің  ішкі  құжаттарында  белгіленген  сомадан  аз 

болмауы тиіс.  

8.4.  Салымның  бөлігін  алуға  өтініш  Банкке  алынатын  күніне  дейін  кемінде  бір  күн  бұрын 

ұсынылуы тиіс жəне Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.   

 

9.  САЛЫМДЫ  МЕРЗІМІНЕН  БҰРЫН  АЛУ.  ШАРТТЫҢ  ҚОЛДАНЫС  МЕРЗІМІ, 



ШАРТТЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ  

 

9.1.  Салымды мерзімінен бұрын алу салым алынатын күнге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын 

Банкке  ұсынылуы  тиіс,  Шартқа  №3  Қосымшадағы  нысан  бойынша  жазылған  өтініш 

негізінде Салымшының немесе Шарттың 9.4.-т. сəйкес Банктің бастамасы бойынша, сондай-

ақ Шартта белгіленген басқа жағдайларда жүзеге асырылады.   

9.2.  Салым  (Шоттағы  қалдық)  Шоттан  мерзімінен  бұрын  талап  етілген  жағдайда  Банк  Салым 

сомасын  (Шоттағы  қалдықты)  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасында, 

осы  Шартта  белгіленген  тəртіпте  жəне  талаптарда  қайтарады.  Салымның  Шотта  нақты 

жатқан  кезеңі  үшін  сыйақы  көлемі  (қосымша  жарналар  мен  ішінара  алуды  қоса  алғанда – 

егер олар орын алған болса) Банк тарабынан Салымның мерзімінен бұрын алынған сəтінде 

қолданылған,  мерзімінен  бұрын  талап  етілетін  салымдардың  тиісті  түрі  мен  мерзімі  үшін 

Банктің  Тарифтерімен  белгіленген  мөлшерлеме  бойынша  қайта  есептелуі  тиіс.  Сыйақы 

төлемі  мұндай  жағдайда  Шарттың 6.6.-т.  есепке  ала  отырып  жүзеге  асырылады.  Сыйақы 

төлемі деректемелері белгіленген  нысан бойынша салымды  қайтаруға өтініште көрсетілген 




 

6

Салымшының  банктік  шотына  талап  етілген  Салым  сомасын  қайтарумен  бірге  жүзеге 



асырылады. 

9.3.  Салымшы  Салымды  мерзімінен  бұрын  талап  еткен  сəтке  дейін  Салымды  орналастыруға 

өтініште  белгіленген  Салым  бойынша  сыйақы  төлеу  тəртібіне  сəйкес  Салым  бойынша 

сыйақы  алған  жағдайда,  Банк  Салымды  орналастыруға  өтінішке  сəйкес  белгіленген 

мөлшерлеме  бойынша  есептелген  сыйақы  сомасы  мен  Шарттың 9.2.-т.  сəйкес  белгіленген 

мөлшерлеме бойынша есептелген сыйақы сомасы арасындағы айырманы Салым сомасынан 

ұстап  қалады.  Шотта  ақша  қалдығы  болмағанда  немесе  қалдық  сомасы  Банкке  мұндай 

айырманың  орнын  өтеу  үшін  жеткіліксіз  болғанда,  Банк  осындай  айырманы  (сондай-ақ 

Салымшының  Шарт  бойынша  Банк  алдындағы  кез  келген  берешегін)  Шарттың 13.7.-т. 

белгіленген тəртіпте есептен шығарады.   

9.4.  Шарттың əрекет етуі Банк тарабынан біржақты тəртіпте тоқтылуы мүмкін, егер де Банк бұл 

жайында Салымшыға 10 (он) жұмыс күні бұрын жазбаша хабарласа. Мұндай жағдайда Банк 

Салым(-дар)  сомасын/Салым(-дар)  қалдығын  жəне  есептелген  сыйақыны  (орын  алған 

қосымша жарналарды/алымдарды есепке алғанда) Банктің хабарламасында көрсетілген күні, 

бірақ  хабарлама  жіберілген  күннен  бастап 10 жұмыс  күнінен  кейін  ағымдағы  шотқа 

қайтарады. Бұл ретте Салым бойынша (əрбір/кез келген Салым бойынша) сыйақы Салымның 

Шотта нақты орналастырылған мерзімі (Салым орналастырылған күннен салым қайтарылған 

күнге  дейін)  үшін,  Салымды  орналастыруға  тиісті  өтініште  белгіленген  мөлшерлеме 

есебінен Шарт талаптарына сəйкес есептеледі.  

         Банк  Салымшымен  іскерлік  қатынастарды  себептерін  түсіндірместен,  Қылмыстық  жолмен 

алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-

қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздер бойынша 

Шартты  тоқтату  туралы  хабарландырудың  Шарттың  осы  тармағында  белгіленген  мерзімін 

сақтаусыз  тоқтатуға  құқылы.  Салым(-дар)  Шарттың  осы  тармағында  белгіленген  тəртіпте 

қайтарылады. 

9.5.  Салымшының  əрекет  ететін  Салымдары  болмаған  жағдайда,  Салымшы  еркін  нысанда 

жазылған өтініш негізінде Шартты біржақты тəртіпте тоқта алады. Əрекет ететін Салымдары 

болған  жағдайда,  Салымшы  Шарттың  осы  бөлігінде  белгіленген  тəртіпте  Салым(-дар)ды 

мерзімінен бұрын алуды алдын ала жүзеге асырады.  

9.6.  Шарт  шексіз  мерзімге – Тараптармен  Шартта  белгіленген  тəртіпте  тоқтатылғанға  дейін 

əрекет етеді. 

9.7.  Барлық  жағдайда Шарт Тараптардың Шарт бойынша өзара  есеп  айырысуларды толығымен 

жүзеге  асырғанынан  соң  тоқтатылған  болып  есептеледі.  Егер  Салымшы  Шартта  көзделген 

міндеттерін орындамаса, Шарт Салымшының Шарт бойынша тиісті бөлігіндегі міндеттерін 

толығымен орындағанына дейін əрекет етеді.  

 

10. САЛЫМДЫ ҚАЙТАРУ ЖƏНЕ ШОТТЫ ЖАБУ 



 

10.1.  Банк  Салымды  деректемелері  Салымды  орналастыруға  өтініште  көрсетілген  Салымшының 

Ағымдағы  шотына  Салым  сомасы  мен  ол  бойынша  есептелген  сыйақыны  аудару  арқылы 

қайтарады.  Бұл  ретте,  Салымды  орналастыру  мерзімі  аяқталған  сəттен  бастап  ол  бойынша 

сыйақы  есептелмейді.  Егер  Салым  мен  есептелген  сыйақыны  аудару  күні  демалыс  немесе 

мейрам күніне түссе, аударым келесі жұмыс күні жүргізіледі.   

10.2.  Салымды  қайтару  Салымды  орналастыруға  өтініште  белгіленген  Салымды  орналастыру 

мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.   

10.3.  Салым  Шоттан  есептен  шығарылған  күннен  бастап  Салым  қайтарылған  болып  есептеледі. 

Салым ұсынылған күн жəне қайтарылған күн бір күн болып саналады.   

10.4.  Шарт  талаптарына  сəйкес,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

қарастырылған  негіздемелер  бойынша  Шарттың  əрекет  етуі  тоқтатылған  жағдайда,  Банк  

Шот(-тар)ды жабады.  

 

11. САЛЫМШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 



 


жүктеу 257,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау