9
Шотта жеткілікті ақша сомасы болмаса, ондай нұсқауларды орындаудан бас тартуға
құқылы.
12.2. Банк міндетті:
12.2.1. Салымды Шотта есепке алуға;
12.2.2. Шарт талаптарына жəне Салымды орналастыруға өтінішке сəйкес Салым сомасына
сыйақы есептеуге;
12.2.3. Банк Салымды орналастыруға қабылдаған өтініш негізінде Салымшының Салымды
орналастыруға өтініш пен Шарттың 4.1.-т. көрсетілген құжаттарды ұсынған күнінен
кейінгі (1) операциялық күннің ішінде Салымшыға Шот(-тар) ашуға жəне Салымшының
оған енгізген Салым(-дар)ын есепке алуға;
12.2.4. Салымшыға Салымды орналастыруға қабылдаған өтініш негізінде Салым есепке қосылған
күннен кейінгі күннен кешіктірмей Растама ұсынуға.
12.2.5. Салым мерзімінен бұрын қайтарылған жағдайда, Шарттың 9.2.-т., 9.3.-т. ескере отырып
қайта есептелген Салым сомасын (Шоттағы қалдық шегінде) жəне сыйақыны
деректемелері белгіленген нысан бойынша жазылған салымды қайтаруға өтініште
көрсетілген Салымшының банктік шотына, - Банктің Салымшыдан салымды мерзімінен
бұрын қайтару туралы өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей
қайтаруға;
12.2.6. Салым мерзімі аяқталғаннан кейін, Банк Шарттың 6.3.-т., 6.6.-т. ескере отырып Салым
сомасын жəне ол бойынша есептелген сыйақы сомасын деректемелері Салымды
орналастыруға өтініште көрсетілген Салымшының банктік шотына – Салымды
орналастыруға өтініште белгіленген Салым мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс
күнінен кешіктірмей қайтаруға міндетті;
12.2.7. Салымшының талабы бойынша, егер Салымды орналастыруға өтініште белгіленген
Салымның нақты түрінің талаптарында көзделсе, Салымның бөлігін қайтаруға.
13. ШАРТТЫҢ ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАРЫ
13.1. Банктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ақшаны Шоттан
акцептісіз есептен шығаруға құқығы бар үшінші тұлғалардың нұсқаулары Шотта ақша
жеткілікті болғанда Банк тарабынан Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне
Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тəртіпте жəне мерзімде ақшаны есептен шығару
туралы ұсынылған нұсқаудағы сомада орындалады.
13.2. Үшінші тұлғалардың немесе Банктің ақшаны есептен шығару туралы ұсынған нұсқауларын
орындау үшін жеткілікті ақша сомасы Шотта болмаған кезде (салықтар жəне бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өтеуге қатысты мемлекеттік
кірістер органдарының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассолық
өкімдерін қоспағанда), Банк ондай нұсқаулықты Шоттың картотекасына орналастырады да 1
(бір) жыл бойы немесе нұсқаулықты толық орындау үшін жеткілікті сома түскенге дейін
(егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе) сақтайды; Банк
Шоттың картотекасына өзге төлем құжаттарын қабылдамайды жəне орындаусыз қайтарады.
13.3. Мемлекеттік кірістер органдарының (міндетті зейнетақы жарналары жəне/немесе əлеуметтік
аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерді қоспағанда),
сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу органдарының инкассолық өкімдері, мұндай
нұсқауларды орындау үшін Шоттағы ақша сомасы жеткіліксіз болғанда, Банк Шоттағы бар
соманың шегінде ішінара орындайды. Ішінара орындалған инкассолық өкімдер Шоттың
картотекасына орналастырылады жəне олар толық төленгенге дейін немесе Қазақстан
Республикасының заңнамасына сəйкес Шот толығымен жабылғанға дейін сақталады.
13.4. Банктің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ақшаны Шоттан акцептісіз
есептен шығаруға құқығы бар үшінші тұлғалардың ақшаны есептен шығару туралы ұсынған
нұсқаулары (мемлекеттік кірістер органдарының нұсқауларын қоспағанда) Банкпен толық
орындалған жағдайда, Шоттағы қалдық көлеміндегі ақша сомасы Шарттың 9.2.-т. ескере
отырып Ағымдағы шотқа аударылуы тиіс.
13.5. Банк мемлекеттік кірістер органдарының ұсынған инкассолық өкімдерін Шоттан толық
орындаған жағдайда, - Шоттағы қалдық көлеміндегі ақша сомасы сондай нұсқау Банкпен
10
орындалған күннен бастап Салым сомасы болып табылады жəне Салымды орналастыруға
өтініште белгіленген талаптарда Салым мерзімінің аяқталғанына дейін Шотта сақталады.
13.6. Банктің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ақшаны Шоттан акцептісіз алуға
құқығы бар келесі тұлғалардың Шоттан ақшаны есептен шығаруға ұсынған нұсқауларын
шарттың осы бабында белгіленген тəртіпте орындауына байланысты Салым/оның бөлігі
мерзімінен бұрын талап етілген жағдайда:
- үшінші тұлғалардың, Банктің (мемлекеттік кірістер органдарының нұсқауларын
қоспағанда), - сыйақы Шарттың 9.2.-т. жəне 9.3.-т. ескере отырып Салымның/Салымның
тиісті бөлігінің Шотта нақты жатқан барлық кезеңі үшін есептеледі;
- мемлекеттік кірістер органдарының, - сыйақы Банк тарабынан Салымды орналастыруға
өтінішке сəйкес белгіленген сыйақы мөлшерлемесінің есебінен, Салымның/Салымның
тиісті бөлігінің Шотта нақты жатқан кезеңі үшін есептеледі.
13.7. Үшінші тұлғалардың, Банктің нұсқауларын орындау нəтижесінде Шотта ақша қалдығы
болмаса немесе қалдық сомасы Салымды орналастыруға өтініште белгіленген мөлшерлеме
бойынша есептелген сыйақы сомасы мен Шарттың 9.2.-т. белгіленген мөлшерлеме бойынша
есептелген сыйақы сомасы арасындағы айырманы (бар болған жағдайда) Банкке өтеу үшін
жеткіліксіз болған жағдайда, Банк аталған айырма сомасын ҚР заңнамасында, Банктің ішкі
құжаттарында қарастырылған құжаттардың негізінде Шотты тікелеу дебеттеу арқылы
акцептісіз тəртіпте есептен шығарады, ал Шотта ақша болмаған жағдайда келесі жолмен:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында, Шартта жəне Банктің ішкі құжаттарында
қарастырылған құжаттардың негізінде Салымшының Банкте ашылған кез келген банктік
шоттарын тікелей дебеттеу арқылы;
жəне/немесе
2) Салымшының Банкте немесе Қазақстан Республикасындағы не оның аумағынан тыс
жерлердегі кез келген басқа банкте (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдарда) ашылған банктік шоттарына төлем талап-тапсырмалар ұсыну арқылы.
Қазақстан Республикасының немесе тиісті шетел мемлекетінің заңнамасымен Салымшының
қосымша акцептін талап етпейтін төлем талап-тапсырма ұсыну рұқсат етілсе, мұндай төлем
талап-тапсырмаға Банк Шарттың түпнұсқасын немесе нотариалды куəландырылған
көшірмесін немесе ақшаны акцептісіз алуға (есептен шығаруға) қажет басқа да құжаттарды
қоса береді.
Бұл ретте, Салымшының Банкте ашылған банктік шотында ақша жеткілікті болған жағдайда,
Банктің төлем құжаты онда көрсетілген ақша сомасына орындалуы тиіс, ал Банктің төлем
құжатында көрсетілген барлық ақша сомасын алу (есептен шығару) үшін ақша жеткіліксіз
болған жағдайда – Салымшының Банкте ашылған банктік шотының картотекасында
сақталады.
Ақша сомасын өзге (айырма валютасынан бөлек) валютада алған (есептен шығарған)
жағдайда, валюта заңдарының талаптарына сəйкес алынған ақшаны айырма валютасына
айырбастау Тарифтерге сəйкес айырбастау жүргізілгені үшін комиссия сомасы Салымшы
есебінен алынып (соның ішінде айырбасталған сомадан айырбастау үшін комиссия алынған
кезде), алынатын күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану арқылы
жүргізіледі.
Осымен Салымшы Банкке Шарттың осы бөлімінде белгіленген жағдайларда жəне тəртіпте
Салымшының қосымша келісімісіз (акцептісіз) ақшаны есептен шығару құқығын ұсынады.
14. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ. ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ШЫҒАРУ
14.1. Тараптардың əрқайсысы Шарт бойынша өзіне жүктеген міндеттемелерді жəне оның
талаптарына сəйкес Салымды орналастыруға ұсынылған өтінішті бұзғаны үшін екінші
Тараптың алдында Шарт талаптарына сəйкес жауапкершілік алады, ал Шартта
жауапкершілік көзделмеген жағдайда, - Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сəйкес жауапкершілік алады.
14.2. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған
жағдайда, егер ондай жағдайлар тежеусіз күш жағдайларының басталу салдарынан болғанда,
оның ішінде Қазақстан Республикасының уəкілетті мемлекеттік органдарының шектеу-