2.4 Заңға деген құрмет
Мемлекеттік қызметшілердің қызметінде заңға
деген құрметті әдетке айналдыру қажет, ал
заңдылықтың өзі жоғары мәдени құндылық
ретінде қабылдануы тиіс. Заң бойынша өмір сүру
құқықтық мемлекетте жетістікке қол жеткізуді
көздейтін барлық адамдар үшін норма болуы
керек.
Мемлекеттік қызметші адамгершілігінің
маңызды қағидаты заңдылық, тек қызметтік
міндет қана емес, сондай-ақ моральдық міндетті
сақтау қағидаты болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің ой-санасы мен
күнделікті өмірінде еркін демократиялық елде
әр азаматтың құқықтары мен еркіндігі өздерінің
жұмысында заңдылық қағидатын қолданған
кезде ғана толықтай іске асырылатынын бекіту.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
49
2.5 Қызмет көрсетуде кемелділікке талпыну
ь
біз көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасын
бағалай отырып, азамат мемлекеттік органның
жалпы жұмысының сапасына баға беретінін
ескеруіміз керек.
ь
халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін
қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызметшілер қызмет көрсетудің ең
жоғарғы стандарттарына сәйкес келу үшін
тырысуы, қызметтерді кәсіби түрде көрсетуге, әр
көрсетілетін қызметті алушыға жеке тәсіл
пайдалануы тиіс.
ь
жаңа білік-дағдылардың қажеттілігін мойындай
біліп, оларды тәжірибеде тиімді қолдану білу.
ь
жоғары әдеп стандарттарын ұстану;
Сәйкесінше, бізге мынадай талаптарды сақтау
қажет:
Біз үшін әр азамат өзін сенімді әрі нық сезінуі
маңызды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын
жаңғырту процесінде көрсетілетін қызметті
беруші мен көрсетілетін қызметті алушының
арасында өзара қарым-қатынастардың жаңа
форматына өту жүзеге асырылды, оның негізіне
клиентке бағдарлану қағидаты кірді.
ь
тиімділіктің ең жоғары стандарттарына қол
жеткізуге ұмтылу;
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
50
2.6 Міндеттерді парасатты орындау
Мемлекеттік қызметші қызметтік
өкілеттіліктерді орындау барысында үнемі өзіне
мынадай сұрақтарды қоюы керек: Мен өз
әріптестеріме және азаматтарға әділетті әрі
адал қарым-қатынас жасаймын ба? Мен әдептік
құқық бұзушылықтарға төзбеушілік және
парасаттылық қағидаттарын қаншалықты
сақтаймын? Мен қоғамның биік сенімін ақтау
үшін қандай болуым керек?
ь
қызметке тағайындау және жұмысы бойынша
ілгерілету барысында меритократия
қағидатын сақтауы;
ь
лауазымдық өкілеттіліктерін орындағаны үшін
ақшалай, ойын-сауық немесе қандай да бір
қызметтер түрінде сыйлық қабылдамауы;
ь
мүдделер қақтығысына әкеп соғатын
жағдайларды болдырмау үшін өз міндеттерін
адал және тура орындауы керек. Мүдделер
қақтығысы туындаған жағдайда ол оңтайлы
шешім қабылдау үшін өз басшысына
хабарлауы;
ь
өз міндеттемелерін орындау кезінде
заңдарды, қағидалар мен рәсімдерді сақтауы;
Мемлекеттік қызметші азаматтардың
мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және
жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз
міндеті деп санауы тиіс.
Мемлекеттік қызметші өз міндеттемелерін ар-
ұятпен орындауы үшін:
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
51
ь
мемлекеттік функцияларды орындауға қатысы
жоқ қызметті жүзеге асырмауы тиіс.
ь
қызметтік тәртіпті сақтауы, өзінің қызметтік
міндеттерін адал (парасаттылықпен), тура және
сапалы орындауы, жұмыс уақытын ұтымды әрі
тиімді пайдалануы;
ь
заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық
жауапкершілік қарастырылған қылықтар мен
өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол
бермеуі;
2.7 Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға
сәйкес мемлекеттік қызметшілер өздерінің
қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе
тиісті деңгейде орындамағаны үшін Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-
құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық
жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
52
2.8 Мемлекеттік қызметшілерді қорғау
Одан өзге, қызметшілердің құқықтары
бұзылған жағдайда әдеп жөніндегі уәкіл оларды
қорғау және қалпына келтіру бойынша
шараларды қабылдайды, мемлекеттік органның
басшылығына құқық бұзушылықтарды жасауға
ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою
бойынша ұсынымдар енгізеді, азаматтық қоғам
институттарымен және өзге де мемлекеттік
органдармен өзара іс-қимыл жасайды,
қызметшілер мен азаматтарды қабылдайды.
Олар қызметтік әдеп нормаларының
сақталуына мониторинг мен бақылауды жүзеге
асырады, түсіндіру жұмысын жүргізеді,
мемлекеттік қызметшілерге консультациялық
көмек көрсетеді және қолайлы моральдық-
психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал
етеді.
Барлық жергілікті және орталық атқарушы
органдарда әдеп және сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылықтарының алдын алу
мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді.
Сіз қатаң санкциялар сыбайлас жемқорлықты
жою мақсатында қабылданған өзге де шараларға
қарағанда (мысалы әдептік білім, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сана-сезімді жақсарту,
мемлекеттік институттардың ашықтығын
қамтамасыз ету және т.с.с.) сыбайлас жемқорлық
пен әдеп құқық бұзушылықтарын төмендетеді деп
ойлайсыз ба?
Дискуссиялық сұрақ:
Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары
53
Достарыңызбен бөлісу: |