93
Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы;
Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы;
Үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы;
Жай, жайылма сөйлемдерді құрастыра алмауы;
Байланыстырып сөйлеуге, (4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыра алмайды;
Қазақ ертегілерін, тақпақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап
түсінуге жаттап алмауы;
Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір-біріне сұрақ қойып, жауап
беруге білмеуі.
Сондықтан, мектепке дейінгі орыс тілді балалардың сөздік қорын дамытуына
әсер етуі - өте қиын іс. Сөйлеу тілін, өз ойын, әңгімелеуді
грамматикалық
құрылымда дұрыс меңгертіп, ойын – тапсырмалар орындау арқылы жаттықтырып
отыру керек. Осы уақытта балалардың ақпаратты аса түсуінбеуін ескере отырып, оқу
процессі олар үшін қызықты, дамытушы және жаттықтырушы болуын қадағалау.
Өзімнің жұмысымда балаларды қазақ тілінде байланыстырып сөйлеуді дамыту
үшін тірек сызбаларды қолданғанды жөн көрдім.
Тірек сызба – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша
ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Сол себетпі мемлекеттік тілін оқытудағы өзге ұлт балаларына арнап «Тірек
сызбалар арқылы мектеп жасына дейінгі жас өспірімдердің сөйлеу тілін дамыту» атты
оқу құралын құрастырдым. Оқу құралында өз балабақшамыздың лексикалық
тақырыптарына сай сүйеніп жасадым. Оқу құралында 15 лексикалық тақырыпқа
байланысты тірек сызбалар көрсетілген. Әр тақырыптық тірек сызбалар балалардың
жас ерекшеліктеріне сай жасалынған. Тірек сызбалар төменнен жоғарыға қарай
сатылай жеңілден қиынға көшу арқылы ойластырылды. Яғни, естияр тобынан даярлық
топқа дейін. Естияр тобында сөз тіркесі немесе екі-үш сөйлемнен құралатын тірек
сызбалар болса, ересек тобында төрт, бес және алты сөзден құралатын сөйлемдер, ал
даярлық тобында алты немесе одан да көп сөздерден құралатын сөйлемдер және
әңгімелер, диологтар құрастырылды. Мәселен, «Қазақстан Республикасы» атты
тақырыпты алатын болсақ, естияр тобына зат есім мен қоса сын есімдерді, етістіктерді,
сөз тіркестерін, шағын сөйлемдерді үйретемін. Қазақстан Республикасы - әдемі, кең,
үлкен, жарық, таза. Ересек тобына сөз тіркесімен қоса, (зат есім, сын есім, етістік)
сөйлемдерді меңгертемін. Қазақстан Республикасында рәміздер бар. Олар. Ту,
елтаңба, әнұран. Қазақстан Республикасы бай мемлекет. Қазақстанда биік таулар, ну
ормандар, үлкен қалалар, таза өзендер, әдемі ауылдар бар.
Әдістеменің ерекшелігі– заттардың бейнесін емес, ал оларды есте сақтау үшін
таңбаларды қолдану. Бұл балаларға сөзді таңдау мен оны есте сақтауды біршама
жеңілдетеді. Таңбалар тілдік материалға максималды жақындатылған. 2- ші сәбилер
және естияр топтарының балаларына таңбалар түрлі түсті болуы тиіс, өйткені түстерді
балалар тез қабылдап есте сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік құралдың мақсаты – тәрбиешілерге және қазақ тілі
мұғалімдеріне сабақтарда немесе балалардың бос уақытында шағын әңгімелер, өлең,
тақпақтар, ертегілер мазмұндап жаттауларына практикалық көмек.
Ең бастысы – бұл кестеде суреттер балаға нақты түсінікті болуы керек.
Тілдің жалпы жетілмеуі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
үшін Тірек сызбаларды мына бағыттар үшін қолданамын:
Сөздік қорларын байыту; Сөйлем, әңгіме құрастыру; Әңгімені құрастыру;
Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу; Тақпақтарды жаттау.
Тірек сызбалармен қалай жұмыс істеу керек.
94
Тірек сызбалар жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру оқытудың уақытын біршама
азайтып, сонымен бірге мынадай міндеттерді шешеді:
Басты психикалық үрдістерді – есте сақтау, зейін, бейнелі ойлауды дамыту;
Ақпаратты қайта колдау, яғни абстрактылы таңбаларды бейнелерге қайта құру;
Сабақта тақырыпқа байланыстыра пайдаланылған тірек сызбалардан ұтарымыз
көп. Мектепке дейінгі балаларда тіл дамыту деген – жасөспірімдердің сөз байлығын
молайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тіл дамыту жұмысының
нәтижесінде балалардың сөз байлығы молайып, олар тілдің фонетикалық жүйесін
меңгереді. Балалар кішкентай кездерінен-ақ сөйлеу мәдениетін игере бастайды.
Сөздерді дұрыс айту, дұрыс атау – тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі.
Балаларды өз ойын толық баяндай білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдысын
қалыптастыру - әр мұғалімнің парызы. Тірек сызбалармен өткен сабақтың тиімділігі:
Материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды;
Жасөспірімдер жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді;
Сабақты түсіну арқылы жасөспірімдердің ынтасы артады;
Тіл ұстарту жұмысы еркін жүргізіледі;
Топта басы артық шу, әңгіме болмайды;
Тірек сызбалар арқылы үш-төрт сөзден сөйлем немесе шағын әңгіме, диолог
құрай алады;
Күтілетін нәтиже: өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді тірек сызбалар
арқылы қызыға меңгеру, қазақ тілін қаншалықты бай тіл екеніне көздерін
жеткізу.Балалар жеке – дара, жұппен, топпен, орталықтарда белсенділікпен жұмыс
атқару көзделеді. Осындай қажырлы еңбектің нәтижесінде қазақ тілі сабақтарының
білім сапасы соңғы жылдардың қорытындысы бойынша 85-90% құрайды.
Қорытындылай келе, Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі.
Инновациялық технологиялар оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге,
мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге,
пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай
технологияларды қолдану оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, баланың
тіл үйренуге қызығушылығын арттырады.
қосымша
Ағашта ұя тұр. Ұяда қарға отыр. Қарға қара түсті. Қарға ұядан ұшты. Мен
аққуды жақсы көремін.
.