Осындай, т.б. тарих ғылымының негіздерінің бірі болып табылатын деректанудың
зерттеу объектісіне жататын, әр түрлі дәрежедегі проблемалар туралы құнды пікірлер
басқада аталған авторлардың еңбектерінде көптеп кездеседі. Оларды жан – жақты зерттеп,
жинақтап, бір жүйеге келіру үшін, біріншіден, фольклортану мен деректану ғалымдарын
жақындастыруға, сол арқылы біртұтас, жүйелі деректану ғылымын қалыптастыруға
мүмкіндік жасаса,екіншіден, тарихшыларға фольклор мәлеметтерін деректанулық талапқа
сай талдау арқылы өздерінің зерттеу объектілерін тереңірек аша түсуге көмектесер еді.
Халқымыздың ауызша тарих айту дәстүрінің негізінде пайда болған туындыларының
тарихилық проблемасын зереттеуде 1993 жылы жарық көрген « Қазақ фольклорының
тарихилығы » атты монаграфияның алар орны ерекше. Еңбекке елімізге кеңінен танымал
фольклортанушы ғалымдар: Р. Брдібаев, С. Қасқабасов, Т. Сыдықов, З. Сейтжанов, Б.
Абылқасымов т.б. зерттеу жұмыстары енген. Оларда орыс және қазақ ғалымдарының
фольклорды зерттеу тәжірибесі талданып, жеткен нәтижелері жинақталған. Фольклортану
ісінің қиындықтары мен проблемалары көрсетіліп оларды одан әрі зерттеу жолдары
айтылған. Мысалы, Р. Бердібаев ғылыми дәстүрі бұрыннан қалыптасқан орыс фольклортану
ғылымында эпос зерттеуге арналған күрделі монаграфияларға шолу жасай отырып, қазақ
эпостарының шынайылық деңгейінің анықтау ісінің қиындықтарына тоқталса, С. Қасқабасов
ауыз әдебиетінің үлкен бір тобын құрайтын миф пен әпсананың түрлік ерекшеліктерін
анықтап, олардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми негізделген пікір айтқан. Ал, Т.
Сыдықов болса, өзінің « Қазақ фольклорында тарихи жыр жанрының туу, қалыптасу, даму
жолдары мен кезеңдері, оның тұрмыс – салт, батырлық эпос жырларымен генетикалық
байланыстары мен айырмашылықтары сөз болып, тарихи жырдың мазмұны, кейіпкерлері,
тақырыптары талданған» - деп, қортынды жасаған .
Осындай фольклорды дерек көзі ретінде зерттуге көмектесетін құнды пікірлер басқа да
монография авторларының еңбектерңнде кездеседі. Оларды жете меңгерудің тарихшыларға
нақты құбылыс тарихын зерттеуде өз көмектерін тигізері даусыз.
Фольклордың түрлік ерекшеліктері (сыныптау проблемалары)
Ауыз әдебиеті туындыларының мыңдаған жылдарға созылған пайда болу, қалыптасу
және даму процессінің барысында уақыт ерекшеліктері мен қоғамдық өзгерістерге
байланысты, әр алуан түрларі мнжанрлары дүниеге келді. Олар негізінен: ертегі, миф,
әпсана, аңыз әгімелер, батырлар жыры, тарихи салт жырлары, романдық эпостар, толғау,
арнау, тұрмыс салт жырлары, мақал мәтелдер, шешендік сөздер, айтыс, шежіре т.б. болып
бөлінді. Ең бастысы, олардың бәрі де нақты бір оқиға немесе қоғамдық құбылыс негізінде
пайда болған объективті дүниелер. Демек, олардың бәрінде халық өмірінің көрнісі белгілі бір
дәрежеде бейнеленеді. Мәселе, тек қай жанрдың оқиғаны қалай, қай деңгейде, қай қырынан
бейнелейтіндігінде. Сондықтан зерттеушілер ең алдымен сол жанрлардың түрлік
ерекшеліктерін, олардығ пайда болуының алғышарттарын, нақты тарихи жағдайларын,
сипатын т.б., тек сол жанрға ғана тән қасиеттерін жете білулері керек. Бұл, біріншіден,
зерттеушіге өз жұмысын тиімді ұйымдастырып, деректер арасынан дұрыс жол табу
мақсатында фольклорлық туындыларды сыныптауға кқмектессе, екіншіден, олардың
ғылыми құндылығы жоғары мәлеметтер алуға көмектесді.
Бұл орайда зерттеуші - тарихшылар жоғарда аталған монографияның тигізер пайдасы
мол екендігі күмәнсіз. өткені авторлар фольклордың көптеген түрлеріне ғылыми талдау
жасап, олардың біразына анықтама берген және бірнеше нақты жанрлардың қашан, қалай
пайда болып қалыптасқандығы, дамығандығы, эволюциялық өзгерістерге ұшырағандығы
туралы пікірлер айтқан. Мысалы, С. Қасқабасов миф туралы: « Миф – фольклордың ең көне
жанры, тіпті фольклордың төркіні десе де болады. Ол адамзаттың алғашқы қауым болып
өмір сүрген шағында пайда болған. Онда сол кездегі адамның өзін қоршаған табиғаттың
аспан мен жердің, әлемнің қалай пайда болғаны,әр түрлі құбылыстар мен жан – жауарлардың
сыры мен аоғашқы адамдардың дүниге келуі,
адамның өмірі, жаны, өлімі, т.б. жаратылыстың
түсініксіз жәйттрі туралы ойлары мен түсініктері көрініс тапқан. Міне, мифтің тарихилығы
деген осы. Демек, мифтік сана мен ойлаудың өзі – тарихи заңды кезең. Оны аттап не