болады. Түркі тілдес тайпалар мен олар мекендеген жерлер туралы бөлімдерінің зор маңызы
бар.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.
2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант».
2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б.
3. История Казахстана в арабских источниках. А., 2006.
4. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,
1972.
2 кредит сағат
Дәріс №12
Тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және парсы деректері.
Дәріс мазмұны:
1.
Х ғасырдағы араб, парсы деректері (әл-Истахри, бн Хаукаль, Ибн
Фадлан,
Әбу Дулаф, әл-Масуди, әл-Макдиси тб.).
2.
ХІ-ХІІ ғасырдағы араб, парсы деректері (Исхак ибн әл-Хусейн,
Гардизи, әл-Бируни, әл-Марвази, әл-Идриси).
Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы – Х ғ. Араб географы әрі саяхатшысы,
Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (Хғ.) – сол дәуірдің танымал өкілі. Оның «Жолдар
мен мемлекеттер туралы кітап» деген еңбегі әл-Балхидің неғұрлым ертедегі, бізге дейін
жетпеген географиялық еңбегінің өңделегн және толықтырылған нұсқасы болып табылады.
Кітапта Парсы теңізі, Аравия, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран,
Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауеренахр суреттеледі. әрбір ел жөнінде
шекаралары , қалалары, қашықтығы, маршруттары туралы мәліметтер; өнімдері, саудасы,
қолөнері туралы жекелеген деректер келтіреді. Қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік
тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар кездеседі.
Онда «Дүние жүзінің картасы» келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері
көрсетілген. Әл –Истахридің еңбегін өз кезегінде Х ғ. аяғында Ибн Хаукаль редакциялап,
толықтырда және оны «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әл –масалик уә-л-
мамалик)деп атады.
Ибн Хаукаль солтүстік Месопатамиядан шыққан, өз кезінде көп саяхат жасаға. Түрік
тайпалары туралы тарихи-географиялық мәліметтері әл-Истахридің хабарларымен көп
жағдайда сәйкес келеді. Оның түрік тайпаларына берген лингвистикалық сипаттамасы ден
қоярлық: оның айтуынша, олардың бәрі бір тілде сөйлейді. Әл-Истахри мен Ибн Хаукальдың
еңбегінің маңызды бөлігі «Жер келбеті» (Сурад әл-ард) деген географиялық карта болып
табылады. Тексімен бірге картаны зерттеу түрік тайпаларының орналасуы туралы мәліметі
әлдеқайда жақсы анықтауғы мүмкіндік береді. Х ғ. арабтың екі саяхатшысы Ибн Фадлан мен
Әбу Дулаф Қазақстан жері арқылы жүріп өткен. Ибн Фадлан «Жазба» (Рисала) деген елеулі
еңбек жазған, онда хазарларға қарсы араб- бұлғар одағын орнату және бұлғарлар арсында
ислам негіздерін орнықтыру мақстаында араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына
бірнеше адам болып барған делегацияның сапары суреттелген. Елшілік Бағдаттан 921 ж.
маусым айында шығып, бұлғарларға 922 ж. мамырында жеткен. Жолды Хамадан, Рей,
Нишапур, Мерв, Бұхара, содан соң Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы Еділ бойына қарай
жүріп өткен. Қайтар жолдағы мерзімдері мен карталар белгісіз. Онда орыстардың,
хазарлардың әлеуметтік және рухани тарихы жөнінде маңызды мәліметтер келтіреді.
Этнографиялық сипаттағы мәліметтре толып жатқан көшпелі түрік тайпаларына:
печенегтерге, башқұрттарға және әсіресе қазіргі Қазақстанның батыс облыстарында
мекендеген оғыздарға қатысты.
Әбу Дулаф Самани билеушісі ІІ Насырдың сарай қызметшісі болған. 942 ж. Әбу Дулаф
Қытай мен Үндістанға сапар жасап, өз замандастары арасында саяхатшы атанған. Әбу Дулаф
саяхаттаыр туралы өз естеліктерін екі «Жазбада» баяндаған, оларда кимектердің,