айналып өту мүмкін емес. Ол барлық елдің тарихында болған жағдай. Олай болса, мифтік
сана, мифтік ойлау дегеніміздің өзі - тарих, яғни фольклордың алғашқы дәуірі. Мифтік
сананың өз даму кезеңдері бар. Бірінші кезеңде мифтік сана табиғат пен рухты, адам мен
затты, өлі мен тіріні бөлмейді, мұнда теңдік заңы негізге алынады. Екінші кезеңде адам мен
табиғаттың теңдік заңы закон тождства человека и природы бұзылып,адам өзін табиғаттан,
маңайдағы әлемнен, жан – жануардан бөлек сезінген. Сөйтіп, осы айырмашылықтың сырын
түсінуге тырысқан. Мифтің ең көп туатын мзгілі – мифтік сананың осы екінші кезеңі...
Адамзат қоғамы дамып, сана жтілген сайын, мифтік сана да, мифте өзгеріске түсіп отырған»
-
десе фольклордың көне жанрларының бірі әпсана туралы: « Әпсана дегеніміз – көркемдігі
біршама дамыған қиял мен кереметтік элементтері мол пайдаланатын және кейде бір
шындық оқиғаны,кейіпкерді, мекенді қамтитын...бірақ мұсылмандық діни түсінікке
негізделмеген ауызекі әңгіме. Әпсаналық шығармалар әр дәуірде туып отырды. Сондықтан
олардың ішінде өте көнелері де, кейін пайда болған жанрлар да болды».
Міне, осылай, көрнекті фольклортанушы ғалым өзінің аталған еңбекке енген
зерттеулерінде миф пен әпсаналық жанрдың ауыз әдебиеті туындыларының арасында
алынатын орындарын, олардың адамзат санасының даму сатысының блгілі бір кезеңінде
болмай қоймайтын объективті құбылыс екендігін және қалыптасу кезеңдері мен өзгеріске
ұшырау себептерін, субъектитіліктерін айта келе, олардың айырмашылықтары туралы: «
Мифке қарағанда, әпсанада тарихтық сипат, ралдық белгі басым. Әпсанада қоғам болмысы,
белгілі бір дәуірдің оқиғасы, санасы, адамдары көрініс табады. Тіпті қай жағдайда
кейіпкердің іздейтін құтты қрнысы да – реалды топоним болып келеді» – деп , мифтік
мәлеметтерге қарағанда әпсаналық мәлемттердің шынайылық деңгейінің жоғары екендігін
көрсетеді.
Сонымен қатар, зерттеуші бұл жанрлардың өзгеру, басқа жанрларға транцформациялау
заңдалақтарын да ашып берген. Мысалы, мифтік өзгеруі, дамуы туралы: « Көне заманда
пайда болған мифтік түсініктермен соларға негізделген сюжеттер уақыт өте келе, қоғам
дамып, болмыстың өзгеруіне,ой - сананың өзгруіне сәйкес өзгеріп, жаңғырып отырған,соның
нәтижсінде бір жанрдың екінші жанрға ұласып, біздің дәурімізге алуан сатылық қасиетін
сақтай әрі өзгере, әр түрлі жанрлық формада жеткен» - десе , әпсананың өзгеріске түсу
жолдары: « Әпсаналар оқтын - оқтын жаңғырып және циклизацияға түсіп отырады. Ұқсас
тарихи жағдайлар мен оқиғалардың қайталануы бұрынғы сюжеттерді жаңаша падалану
қажет етеді, оларды сол кездегі тарихи тұлғаларға телітеді, сөйтіп ескі әпсаналарды жаңа
тұрғыда, жаға бағытта баяндатады. Осының арқасында утопиялық сюжеттер фольклорлық,
тарихи және шежірелік генеологиялық циклизацияға түседі. Басқаша айтқанда, бұл сюжеттер
әрқашанда ел арасында айтылып жүреді де, блгілі бір тарихи кезеңде орын алған саяси -
әлеуметтік оқиғаларға байланысты өзгеріске ұшырап отырады» - дейді.
Фольклордың үлкен бір тобын қазақтың эпикалық туындылары – батырлар жыры мен
тарихи жырлар құрайды. Ол туралы Р. Бердібаев: «Тарихи оқиғаларды, аңыздарды эпикалық
дәстүрмен насихаттау ниетінен туындаған жырлар өз алдына бір сала. Бұларда тарихи
істердің желісі сақталып, негізгі белес оқиғалар,белгілі адамдар сөз болып отырады» - дейді.
Демек, эпос, басқа да фольклорлық туындылар сияқты, нақты тарихи оқиғалар негізінде
пайда болған объктивті дүние. Эпостық жырлардағы тарихи деректердің шынайылық
деңгейінің жоғарылығы туралы Ә. Марғұлан: «... қазақ эпосы кейде жылнамалық
жазбалардан кем түспейді, олар көп сәттерде жазу – сызуға машықтанбаған халық арасында
жылнамалық жазбаралдың орнына жүреді. Оқиғалардың эпоста суреттелуінің дұрыстығы
соншама, оларды, тіпті, тарихи әдебиеттер де дәлелдеп отыр» - десе, акадмик Орлов: «
Моңғол, ойрат, тіпті орыс эпосымен салыстырғанда,қазақтың эпостық жырлары өзінің
ақындық гипрболасы жағынан анағұрлым шыншыл. Бұл жағынан оның күндеікті өмір
салтын көрсететін жырлар десе де болады» - дейді. Ал, зерттеуші Т. Сыдықов: « Батырлар
жырында да, тарихи жырларда да ел қорғау басты орын алады. Оларда басқыншы жауға
қарсы күрес. Отанды қорғаудағы ерлік істер суреттелді» - деп , сол шынайылықтың негізін
көрсетді.
Сонымен қатар, Т. Сыдықов: « Қазақ эпосының қандай түрін болса да жеке ақын
шығарған. Олар өткен заманда, халықтың жазу өнері болмаған кезеде, өздрінің жырларын
ауызша шығарып таратқан» – деп ,эпостың субъективтілігі негізін көрсете отырып, оның
халықтық сипатқа ие болу себептері туралы: « Эпос халықтың қалың жиналған жерінде
айтылатын болатын. Сондықтан да жыршы, ақындар өздрінің тыңдаушыларының талап
тілегімен еріксіз санауға тура келген. Егер тыңдаушы аудитория ақын жыршыдан батырдың
барлық өмірін, ел қорғаудағы ерлік ісін молынан жырлауды сұраса, оны ақын, жыршы толық
орындап беруг тырысқан... Мұндай жырларды, яғни батырдың туған күнінен бастап
қартайғанға дейінгі өмірін, ел қорғаудағы көптеген ерлік істерін суреттейтін жырларды
қазақ эпосының халықтақ түрі деп айтуға болады» - дейді.
Халық өмірінен мол мағлұмат беретін фольклорлық мұраның келесі бір түрі, ол
романдық эпостар, яғни ғашықтық жырлары. Зерттеуші З. Сейітжанов өзінің « Романдық
эпостардағы халық тұрмыс - салтының көрнісі» деген еңбегінде, ғашықтық жыр жанрының
шығу, даму жолдары жанрға тән ерекшеліктері жөнінде С. Сейфуллин, С. Мұқанов, М. Ә
Әеузовтардан бастап, соңғы уақытқа дейін көптеген қазақ ғалымдарының өз ойларын
білдіргендігі туралы айта келе: « Ғашықтық жырларда отан қорғау емес, адамының жеке
бастық мүддесі, махаббат еркіндігі мәселесі алғы кезекке шығады» - деген Р. Бердібаевтың
пікіріне сүйене отырып: « Қалай болғанда да, кейде лиро –эпос, кейде ғашықтық жыр деп
аталып жүрген шығармалар тобының басқа (көне, қаһармандық, реальды – тарихи )
эпостардан айырмашылығы бар, әр топтағы эпостардың өздеріне тән ерекшелігі жырдың
оқиғасынан, қаһармандардың мұрат - мақсат, іс - әрекетінен, көркемдік әдіс – тәсілдерінен
анық аңғырылады» - дейді.
Көптеген ғашықтық жырларға жан – жақты талдау жасай келе З. Сейітжанов: « Шын
мәнінде, әр эпостың ральдық негізі бар. Онда халық өмірінің барлық жағы: шаруашылығы
мен кәсібі, эстетикалық, этикалық, тұрмыстық – этнографиялық ерекшеліктері, жосын –
жора, салт – дәстүрі, әдет – ғұрпы, наным – сенім түсініктері, ру – тайпалық құрылым – бәрң
де көрініс тапқан. Бұндағы өзекті желі жастардың бас еркіндігі, жеке өмірлері, яғни тілек –
мақсаттары болғандықтан, әлсірей көрсетіп, дәріптеушіліктен гөріөмірдің нақтылы көрнісін
суреттейтін реалистік қуаты басым. Осыған орай әлеуметтік қайшылықтар мен таптық
теңсіздіктер тереңірек ашылады. Сондықтан бұл топтағы жырлар әдеби мұра ғана емес,
халықтың тарихи болмысынан бағалы деректер де береді» - деп қорытынды жасайды.
Зерттеуші Б. Абылқасымов: « Болмысты бейнелемейтін бірде – бір жанр жоқ. Алайда қай
жанр болмыстың қай қырын, қай тұрғыда бейнелейді – мәселенің тірелер тұсы да осында» -
деп, фольклордың тарихи дерек көзі ретіндегі объективтілігін және оны зерттеудің
қажеттілігін айта келе: « Қай жанрды алып қарамйық, оны тудырған белгілі бір алғы шарттар
бар. Мәселен, толғау жанры қазақ қоғамының мемлекет болып қалыптасқан кезеңінде,
дәлірек айтқанда, хандық дәуірде ғана жан – жақты дами алды. Олай болуының себебі
жыраулар институтының функцияларына байланысты еді. Хандық дәуірмен бірге
жыраларда, жыраулардың сүйікті жанры – толғау да тарих сахынасынан ысырылуға мәжбүр
болды.
Сол аралықта толғау сөздерде қазақ қоғамының қайсы бір қырлары айнаға түскендей
анық, мөлдір, дәл бейнеленіп қалады» - деп , халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі толғау
туралы, оның жанрлық пайда болу кезеңі және деректік маңызы мен ерекшелігі туралы
айтқан. Одан әрі автор, халық арасына кең тараған фольклорлық жанрдың бірі – арбау
туралы: « Қоғамдық болмысымыздың өзге қырлары басқа жанрлардың үлесіне тиеді.
Айталық, арбау сөздер халықтың қарапайым тіршілігінің, күнделікті күйбеңінің, өмір үшін
күресінің тынысын ашады. Мұнда әлеуметтік тарихтан гөрі халықтық тұрмыспен халықтық
сананың сурті әлде қайда басым» - деп , арбаудың ерекшелігін көрсеткен.
Осылар, және басқа да фольклорлық жанрлардың түрлерін, олардың халқымыз
тарихының дерек көздері ретінде ерекшеліктерін, маңызын, сипатын т.б. қасиеттерін жете
білу, өз тарихымызды объективті зерттуге көмектесері күмәнсіз.
Әдебиет:
Достарыңызбен бөлісу: |