жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеуге келешек
тарихшыларлды үйрету; студенттерге деректанудың негізгі принциптерін, тәсілдерін және
методтарын меңгеруге көмектесу.
Оқу құралының міндеті – келешек тарихшы мамандардың бойында деректерді іздеп
табу, таңдау, жүйелеу және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру; Қазақстан тарихының
негізгі кезеңдерінің деректерімен, олардың ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру және
деректанудың ұғымдық – терминологиялық аппаратын меңгеруге көмектесу; деректерді
талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу
жолдарын көрсету.
Оқу құралының деректану ғылымының теориялық және методикалық мәселелеріне
арналған бірінші бөлімі, деректану өз дәрежесінде дамыған Батыс Еуропа мен Ресейдің
дәстүрлі мектептерінің іс - тәжірибесі мен жетістіктері туралы жазылған теориялық және
методикалық еңбектердің негізінде орындалды.
Екінші бөлім нақты – қолданбалы деректануға арналған.Онда ежелгі дәуірден халқымыз
тарихының негізгі дерек көзі болып табылатын ауыз әдебиеті туындыларынан бастап,
бүгінге дейінгі Қазақстан тарихының дерек көздерінің негізгі түрлері мен ерекшеліктері
көрсетіліп, оларға деректанулық талдаулар жасау арқылы ғылыми құндылығы жоғары
мәліметтер алу жолдары туралы айтылған.
Дегенмен, оқу құралына Қазақстан тарихының маңызды деректер көздерін құрайтын:
шежіре, заң актілері, статистикалық мәліметтер, КОКП құжаттары сияқты түрлерінің
енбегендігін ескертеміз.
Қазақ тілінде ғылыми терминдер қалыптастыру тарихынан.
Деректанудың жалпы мазмұны, теориялық негіздері, мақсаты және мәні барлық
жерде бірдей болғанымен, оның белгілі бір ұлттың тарихын зерттеуде, сол ұлттың төл
деректері негізінде және, ең бастысы, сол ұлттың тілінде жазылғанда ғана өзінің міндетін
дұрыс атқара алатындығы анық. Орыс ағартушысы Н. Г. Чернышевскийдің: “Верный
признак
удовлетворительного
или
неудовлетворительного
состояния
науки
удовлетворительность или неудовлетворительность ее терминологии” - деген қағидасы
бізден алдымен деректанудың қазақша ұғымдары мен терминдеріне көніл бөлудің қажет
екендігін көрсетеді.
Ұғым – зерттеушілердің тәжірибелік – эмперикалық және ғылыми – танымдық іс -
әрекеттерінің барысында қалыптасқан, зерттеудегі объектілер мен құбылыстардың мәні мен
ерекше белгілерін тұтас және жалпылама ашатын ойлау формасы. Терминдер – сол ұғымның
сөздік, табиғи тілдік айтылуы. Олар не бөлек сөздерден, немесе белгілі бір сөз
сәйкестіктерінен тұрады. Терминология әлі қалыптаспаған жағдайда ұғымның мазмұны
суреттеу арқылы ашылуы мүмкін.
Алғаш қазақ халқының өз тіліндегі ғылыми терминдерін қалыптастыру қажеттігін айтып,
мәселе көтерген алаш ардагерлері болды. “Қазақ” газетіндегі бірінші номерінің бас
мақаласында: “Сөз қару, мұны бұзуға жұмсақ бұзады, түзеуге жұмсақ түзейді” – деп сөз
құдіретін жоғары бағалаған А.Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы алты жыл бойы газет арқылы
өз халқын сөздің мағынасын дұрыс ұғынып, орынды пайдалана білуге үйретті. Тәуелсіздік
төбесі көрінгендей болған 1918 жылы, алаштың жас қайраткері, Мұхтар Әуезов қазақша
ғылым тілінің қажеттігін негіздеп
“Абай” журналының жетінші санында “Ғылым тілі” деген мақала жариялады. Мақала
атының астына “Научный термин” деп, оның орыс тіліндегі аудармасында көрсеткен. Әрине,
мұны автор өзінің не туралы айтып отырғандығы оқырманға түсінікті болсын деп
жазғандығы белгілі. Демек, ол кезде термин деген сөз біздің тілімізге әлі ене қоймаған.
Сондықтан авторлар оның орнына әр түрлі сөздер қолданған. А.Байтұрсынұлының өз
еңбектерінде қазіргі кең қолданып жүрген “терминнің” орнына “сөзді” пайдалануы соның
дәлелі.(“Тіл дәлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады.Ұғымга сөз дәл
келуі үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек”.Ақ жол 352 б.). Осылай, ғасыр
басында зиялыларымыз “терминнің” орныпа “тіл” не “сөзді” қолданған.
Ал аталған мақаланың мазмұнына келсек, қазақ әдебиетінің келешек классигі өзінің
мақаласын: “Ғылым тілі бұл уақытқа шейін қазақ оқығандарының бір қалыпқа қойып, бір
негізге құра алмай келе жатқан мәселенің бірі”- деп, ғылыми терминнің сол кездегі
қалыптасу жағдайын анықтаудан бастаған. Одан әрі автор ғылыми терминдерді
қалыптастырудағы орыс және жапон халықтарының тарихи тәжірибелеріне талдау жасай
келе, терминдерді басынан дұрыс қалыптастырудың маңызын дәлелдеген. Ғылым жолы
туысқандыққа салып бұрмалауға көнбейтін жол екендігін айтып: “Біреу оңға, біреу солға
тартып, илей беруге көне беретін ғылым жолы – терінің пұшпағы емес. Әуелде қалай
беттесе, көп уақытқа шейін сол бетінде жол болып, бекіп қалады. Сол себепті қазақ оқуының
бетіне қандай жаңалық кіргіземіз десек те, әуелі кеңінен толғанып ойланбай іс қылудың
артынан талай мәселе туып кетуін ұмытпау керек” – дейді.
“Абай” журналының 8 және 10 сандарында “Ғылым тілі туралы жауап”, “Ғылым тілі
туралы сұрау” деген М. Әуезовтың пікірін қолдаған мақалалар жарияланған. Бұл ғылыми
термин қалыптастыру проблемасының сол күндердің маңызды проблемаларының бірі
болғандығын көрсетеді. Пікір алмасуға Шәкәрім Құдайбердіұлы да қатысқан. Ол: “Қазір
қазақ тілінде жазылған ғылыми кітаптар, мектептерде қолданып жүрген біраз кітаптар
татардікі, түріктікі, арабтікі. Бұдан былай оқу қазақтың нағыз тілінде болатын болса, қазақша
кітаптар өте қажет.
Орысша оқығандардың кейбіреулері бірсыпыра орысша кітаптарды қазақ тіліне
аудармақ ниеті бар... Орыс тілінен қазақшаға аударғанда ғылым тілдері көп ұшырайды.
Жеткенше қазақ тілінен табуға жаһат етілер. Жетпеген жерде тілді кімнен аламыз. Осы
мәселені шешу өте керек... Бұл сөзді аяқсыз қалдырмай барлық қазақ газеттері тезірек
пікірлерін жазуын өтінеміз” – деп, өз ойын айтқан.
Қазақ тіліндегі ғылыми терминдер қалыптастыру ісі кеңес үкіметі тұсындада
жалғастырылды. Мысалы, 1926 жылы Бакуде өткен Бүкіл одақтық екінші тюркология
съезінде А. Байтұрсынұлы термин сөздерді мынадай үш қайнардан алып қалыптастыруды
ұсынады: “1) ана тілінің өзінен 2)тектес, жүйелес түркі тілінен 3)басқа тілдерден”. Сонымен
қатар ол алғашқы терминдер жасауға да қатысты. 1935 жылы бірнеше тілді жетік меңгерген
қазақтың лингвист ғалымы Құдайберген Жұбановтың басшылығымен қазақша терминдер
сөздігі жасалынды. Ұзақ жылдар бойы Қ. Жұбановтың аты аталмағанымен сөздіктің өзі
көптеген ғылым салаларында пайдаланылып келеді.
Әрине, қазақша терминдер жасау ісінің жаңа қарқынмен тез дами бастауы еліміздің
тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуымен тікелей байланысты
екендігі түсінікті. Соңғы жылдары ғылымның әр түрлі саласы бойынша қазақша – орысша
терминдер сөздігі жасалынып, ресми орындарда бекітілді. Бұл қуанарлық жағдай. Дегенмен,
әрбір ғылым саласына тән өзіндік ерекшеліктері болатындықтан, терминдер қалыптастыру
ісімен алдымен сол саланың мамандары айналысулары қажет екендігін өмір көрсетіп отыр.
Деректанулық ұғымдар мен терминдер туралы.
Деректанудың өзекті категориясы – дерек. “Дерек” термин ретінде бүгінгі күні екі
мағынада қолданылып жүр. 1. Дерек – хабар – ошар, мәлімет, мағұлмат сөздерінің синонимі
ретінде. “Тарихи мәліметтердің бір – ақ қайнар көзі – тіл. Ол уақыт мүддесінен тыс;
идеологиялық толқуларға бағынбайды, нағыз дәл дерек”. (О. Сүлименов. “Азия”. 139 б.).
Бұл 1987 жылы шыққан “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен (ҚТТС) де сай келеді”. Онда,
“Дерек -1.Хабар – ошар, мәлімет” – деп көрсетілген (ҚТТС. 3 том, 116 б). 2. Дерек көзі
(шежіре, жылнама т.б.) ретінде жиі қолданылап жүр. (Тарихи деректер өзінің саны, көлемі
жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан.“Қазақ тарихы”, 1995 №1. 74 б.). ҚТТС -
де “деректің бұл мағынасы туралы еш нарсе айтылмаған”.
Демек, “Деректану” түсінік ретінде нақты уақиғалар туралы зерттеушіге жерткен
деректерді (хабар, мағлұмат, мәліметтерді), немесе, сол деректерді (мағлұматтарды)
жеткізген дерек көздерін (шежіре, жылнама т.б ) зерттеу, талдау мағынасын білдіреді. Ол
жалпы деректану ғылымының міндеттеріне сай келеді. Егер, тарихшы – зерттеуші өз
проблемасы бойынша жинаған деректерінен алған нақты мағұлматтарды деректанулық
Достарыңызбен бөлісу: |