Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56

талдаудан өткізу арқылы өз еңбектерінде пайдалануға тиіс болса, деректанушы – зерттеуші 
сол  мағұлматтар  көздерінің  пайда  болуын,  олардың  ерекшеліктерін  зерттейді.  Яғни, 
“деректану”  түсінік  ретінде  тарихшы  –  зерттеушілердің  де,  деректанушылардың  да  іс  - 
әрекеттерінің мәнін аша алады. 
       
Өткен  ғасырдың  басында  дерек  бір  ғана  мағынада    -  хабар,  мағұлмат  мағынасында 
пайдаланылған. (Шежіре - өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі. А. Байтұрсанов. Ақ жол. 
358 б.). Ал дерек көздері  “тарихтың жемі” - деп айтылған  (“Шежіре, заман хат, өмірбаян, 
мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер”. А. Байтұрсынов, Ақ жол. 358 бет. 
“Анық тарих -  осы екіншісі. Бұған жем нәрселер (материал) жақсы, шын ақындар шығарған, 
бұзылмаған  жырларда  болады”.Ә.  Бөкейханов.  Шығармалар.  302  б.)  Бұл  жерде  Ә. 
Бөкейхановтың    “жем  нәрселердің”  қазақша  нақты  термині  болмағандықтан  оның  орыс 
тіліндегі анықтамасында беріп отырғандығын байқау қиын емес. 
       
Демек, “дерек” түсінігі ғасыр барысында өзіндік даму жолынан өткен, оның мағынасы 
кеңейген, яғни  “дерек” түсінік ретінде трансформацияланып, қосымша мәнге ие болған. Бұл 
кез – келген ғылымда болып тұратын заңды құбылыс. Әрбір ғылым саласына бір – бірімен 
байланысты  түсініктер  жүйесі  тән.  Нақты  ғылыммен  бірге  оларда  үнемі  дамиды  және 
өркендейді.  Ескі  түсініктердің  мазмұны  кеңейеді  немесе  олардың  кейбірі  мүлдем 
ұмытылады.  Жаңа  түсініктер  және  олардың  мәнін  ашатын  терминдер  пайда  болады.  Бұл 
ғылыми – таным процесі барысында үздіксіз жүріп отыратын табиғи – тарихи құбылыс. 
      
Келесі  бір  көңіл  аударатын  мәселе,  ол  нақты  дерек  атына  қатысты  кейбір  нәрселерді 
анықтап  алудың  қажеттігі.  Олай  дейтініміз  кей  әдебиеттерде  әр  түрлі  деректер  бірдей 
терминдермен аталса, кей деректердің қазақша өзіне лайықты аты болғанымен, басқа тілде 
айтылап жүргендігі де кездеседі. Мысалы, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде “шежіре” мен  
“жылнама”  мағынасы  бір  сөздер  есебінде  берілсе  (“Шежіре  –  тарихи  оқиғаларды  жазып 
отыратын  жылнама”.  ҚТТС,  10  –  том,  189  б.),  өзінің  пайда  болуы  жағынан  жеке  адамдық 
деректер тобына жататын жазба деректердің маңызды бір түрі “мемуар” деп аталып жүр. 
        
Біріншіден, шежіре мен жылнама өзіндік ерекшеліктері бар, бір – бірінен бөлек тарихи 
деректердің  екі  түрлі  тобын  құрайды.  Егер,  шежіре  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан 
халқымыздың  ауызша  тарих  айту  дәстүрінің  тамаша  үлгісі  болса  (  “қазақтардың  әрбір  ру 
басылары өз ру -тайпасының шежіресін – шыққан тегін, елдің әдет – ғұрпы заңдарын, ескі 
жарлықтарын,  халықтың  басынан  өткен  тарихи  жайларды  көп  жасаған  ақсақалдардан 
іждаһаттылықпен  үйреніп,  өзінің  шешендік  өнерін  шыңдауда  көптеген  аңыз  -  әңгімелерді, 
мақал  –  мәтелдерді,  маңызды  оқиғаларға  қатысты  ұлағатты  асыл  сөздерді  ұзақ  уақыт 
жаттайды”. Ш. Уалиханов. Таңдамалы. 115 б.), жылнама - оқиғаны  болған жылы бойынша 
баяндайтын жазба дерек (“Орта ғасырлар тарихының аса маңызды жазба деректерінің бірі –
оқиғаның болған жылы бойынша баяандайтын жылнамалар”  “Қазақ тарихы”. 1995. №6, 75 
б.). Сондықтан жылнамалар негізінен, жазу дәстүрі  қалыптасқан отырықшы халықтарға тән. 
Мысалы, орыс халқының тарихи деректері арасында өзінің көлемі жағынан да ең көбі сол 
жылнамалар. 
       
Екіншіден, өткен ғасырдың 70 жылдары мен 80 жылдарының аралығында дайындалған 
көп  томдық    “Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінің”  Қазақстан  ҒА  корреспондент  –  мүшесі 
А.Ы. Ысқақов бастаған ғалымдар тобының ондаған жылдарға созылған зерттеу жұмысының 
арқасында  дүниеге  келген  құнды  еңбек  екендігінде  күмән  жоқ.  Дегенмен,  ондада  өз 
уақытының ізі қалғандығы көрініп тұр. Себебі, сөздік сол жылдардағы әдебиетте, ғылымда 
қолданылып  жүрген  сөздер  мен  сөз  тіркестеріне  негізделіп  жасалынған.  Ал  қазір  оладың 
біразы ескірген, бүгінгі күннің талабына сай келмейді. Мысалы, сөздікте  “деректеме”деген 
терминге  мынадай  мысал  келтірілген:  “Жазба  деректемелер  мен  жер  астынан  табылған 
искусство  бұйымдары  сол  кездің  өзінде  –  ақ  профессионал  шеберлердің  болғандығын 
көрсетеді  ”  (ҚазССР  тарихы).  Бұл  жердегі  сөздіктің  авторлары  сілтеме  жасап  отырған 
“ҚазССР  тарихының”  өзінің де,  оның  қазақша  мен  орысша араластырып  жазған  тілінің де 
біраздан  бері  жарамсыз  болып  қалғандығы  баршаға  аян.  Сондықтан  кей  жағдайда 
деректанулық түсініктер мен терминдерді өз беттерімізше іздестіруімізге тура келеді. 


       
Ал, “мемуар” туралы айтсақ, оның термин ретінде біздің тілімізден берік орын алғаны 
рас. Дегенмен А.Байтұрсынов жазба деректің бұл түріне кезінде “заман хат” деп ат қойып, 
“Біреудің  заманында  болған  тарихи  уақиғадан,  яки  өз  ішінде  болған  істерден  дерек  беруі 
заман хат деп аталады” – деп, оның мәнін толық ашатын анықтамасын да берген еді. Мүмкін, 
біздің де сол атқа қайта оралғанымыз дұрыс болар. 
      
Соңғы жылдары  “деректеме” деген термин орыс тіліндегі “источники” деген терминнің 
баламасы ретінде қолданылып жүр. Әрине, деректануға қатысты барлық терминдерге талдау 
жасап шығу мүмкін емес. Ол арнайы зерттеу  жұмысының тақырыбы. Дегенмен, деректану 
ғылымы  үшін  маңызы  үлкен  өзекті  терминдердің  тағы  біріне  тоқталайық.  Деректануда 
“классификация”  деген  термин  жиі  қолданылады.  Қазақ  тілінде  ол  “топтау”,  “жіктеу”  деп 
жазылып жүр. ( “Орыс деректану мектебінде жазба және басқа да тарихи деректерді әр түрлі 
белгілеріне қарай топтау, жіктеу әрекеттері жасалынған”. “Қазақ тарихы”. 1995.№ 1. 74 б.). 
        
А. Байтұрсынұлының “Ұғымға сөз дәл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу 
керек”  (Ақ  жол.  352  бет)  деген  қағидасына  сай  жүргізілген  ізденістер  “топтаудың”  да  
“жіктеудің  ”  де  “классификациясының”  мағынасына  сай  келмейтіндігін  көрсетті.  Олай 
дейтініміз,  біріншіден,  деректерді  категорияларға  бөлу  зерттеушіге  тәуелсіз  объективті 
өлшемдерге  негізделуі  тиіс.  Олар  деректердің  өзіне  тән  объективті  қасиеттерінен  шығуы 
керек. 
       
Екіншіден,  онда  деректегі  шындықтың  ену  және  бейнелену  заңдары  көрінуі  қажет. 
Сондықтан  деректерді  бөлу,  яғни  “классификация”  проблемасы  тек  таза  техникалық  емес, 
методологиялық  та  проблема  болып  табылады  және  тек  қалың  деректер  арасында  бағыт 
көрсету  қызметін  ғана  атқарып  қоймайды,  сонымен  қатар  олар  зерттеу  тәсілі  қызметін  де 
атқарады. Орыс тілінде “классификация” осы мағынада қолданылады. 
       
“Топтау” да  “жіктеу”де ол мағынаны бере алмайды. Біріншіден бұл сөздер орыс тілінде 
басқа  мағына  білдіреді.  (  “группировать”,    “склонять”).  Екіншіден,  олар  деректерді  тек 
механикалық бөлшектеуді білдіреді. Сондықтан біз  “классификацияның” баламасы ретінде  
“сыныптау” деген араб сөзін қолдануды ұсынар едік. Себебі, түркі тілінде бұрыннан да кең  
қолданылап  жүрген  бұл  сөз  соңғы  жылдары  біздің  тілімізге  де  ене  бастады.  Қазіргі 
мектептерде  бұрынғыдай  “класс”  демей    “сынып”  деп  айтылуы  соның  дәлелі.  (“Бірінші 
орынды  Алматы  қаласындағы  №  161  көп  салалы  гимназияның  11  сынып  оқушысы 
Нұрмахаметова Гүлжан жеңіп алды”. “Қазақ тарихы”, 1999. № 4 – 57, 81 б.). 
        
Екіншіден,  араб  тілінде  белгілі  бір  жүйені  соған  сай  келетін  майда  жүйелерге  бөлу 
“сыныптау”  деп,  ал  оның  нәтижесінде  алынған  бөлшектерді  “сыныптар”  деп  атайды.  Бұл  
“классификацияның”  мағынасымен  сай  келеді.    (  “Сыныф  –  рот,  сорт,  класс,  категория”. 
Баранов Х.К. Арабско – русский словарь. М. Русский язык, 1984,С.447). 
Әдебиет: 
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. А., 2002. 
2. Атабаев Қ. Деректану, А., 2007. 
3. Источниковедение истории СССР / Под. ред. Ковальченко И.Д. М., 1981. 
4. 
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996. 
 
2 кредит сағат 
№2 дәріс 
Тақырыбы: Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. 
Дәріс мазмұны:  
1. 
Ауыз әдебиеті туындыларының деректік маңызы мен ерекшеліктері.  
2. 
Фольклорды сыныптау проблемасы. 
3. 
Қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрінің қалыптасуы және дамуы, 
құрылымы. 
      
Ауыз әдебиеті – фольклор әр түрі тарихи дерек көздері арасында қазақ халқының өткен 
өмірін  бейнелеу  жағынан  теңдесі  жоқ  деректер  тобын  құрайды.  Тарихымыздың  қамтитын 
хронологиялық  шеңберінің  кеңдігі,  беретін  мәлеметтерінің  молдығы,  көлемінің  көптігі 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау