|
Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономияumkd «ast k dak ldar n n osiru tehnologiyas » 2021-22ggБиологиялық ерекшеліктері. Жылуға қажетсінуі. Қарақұмық жылусүйгіш өсімдіктер қатарына жатады. Оның тұқымдары 7-8оС топырақ температурасында өне бастайды, алайда өскіндердің дамуы 15-30оС аралығында жақсы жүреді. Оның егін көгі бозқырауға (үсікке) сезімтал және минус 2-3оС ауа температурасында жарақаттанады, ал - 4оС-да өсімдіктер мүлде опат болады.
Гүлдену – жеміссалу кезеңінде қарақұмық жоғары температураға өте сезімтал, өз кезегінде ол жемістердің түзілуіне теріс әсерін тигізеді, әсіресе ылғал жетімсіздігі байқалғанда. Бұл кезеңдегі ауаның оңтайлы температурасы 19-25оС аралығында және салыстырмалы ылғалдылығы 50 %-дан кем болмағаны жөн. Температураның 30оС жоғары және салыстырмалы ылғалдылығы 30 %-дан төмен жағдайда тозаңдану үрдісі нашарлайды да түйіндердің (завязь) жаппай опат болуына ұрындырады. Жеміссалуға биологиялық минимумнан (12-14оС) төмен температурада да теріс әсерін тигізеді.
Қарақұмық – ылғалсүйгіш дақыл. Бір өлшем құрғақ зат қалыптастыру үшін тарыға қарағанда 3 есе, арпа мен бидайға қарағанда 2 есе артық ылғал шығындайды. Оңтайлы температурада оның жаппай егін көгі топырақтың 20-30 % ылғалдылығында пайда болады. Қарақұмықтың ылғалға ең жоғарғы (максималды) қажетсінуі (50-60 %) гүлдену – жеміссалу кезеңінің алғашқы екі-үш аптасына сәйкес келеді.
Қарақұмықтың ылғалға жоғары талабы оның бірқатар анатомиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне - буландыру беті ауданының үлкендігі, жапырақтарының жоғарғы және төменгі жақтарындағы көптеген устьице саңылауларының болуы, сабағының балауыз тотынсыздығы, әлсіз дамыған тамыр жүйесі, сонымен қатар температураға айтарлықтай жоғары қажетсінуі – ылғал мен жарыққа талаптарын арттыра түседі.
Қарақұмықтың транспирациялық коэффициенті жоғары және 500-600 бірлікке тең. Оның өнімді қалыптастыруында гүлдену-пісу кезеңдері шешуші рөл атқарады.
Қарақұмық жеміс салу кезеңінде жарыққа талабын күшейте түседі. Бұл ерекшелікті азот тыңайтқышы мен тұқымның себу мөлшерін белгілегенде ескеру қажет. Қарақұмық өсімдіктері мол ылғалдану және қоректену жағдайларына тап болғанда, тұқымның артық мөлшері себілгенде олардың өзін-өзі көлеңкелеуі байқалады және астық өнімі күрт төмендейді.
Қарақұмықтың тамыр жүйесі әлсіз дамуымен сипатталады, алайда физиологиялық белсенділігі өте жоғары. Тамыр жүйесінің массасы бойынша (бір өлшем алаңдағы) ол бидайдан 2,4 есе арпадан 1,6 есе төмен, ал жұту қабілеті, керісінше, бидайдан 2,7 есе және арпадан 5,5 есе асып түседі. Қарақұмық аэрациясы, ылғалсиымдылығы мен құнарлығы жақсы топырақтарда тамаша дамиды. Мұндай қасиеттер жақсы мәденилендірілген жеңіл және орташа саздақ топырақтарға тән.
Қарастырылып отырған дақыл артық қышқылдықты көтере алады, дегенмен мол астық өнімін әлсіз қышқыл және бейтараптылыққа жақын топырақтарда қалыптастырады.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген қарақұмық сорттары: Сумчанка, Богатырь, Шортандинская крупнозерная, Шортандинская 2, Крупинка.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|