|
Умкд по дисциплине растениеводство для специальности 050801 -агрономияumkd «ast k dak ldar n n osiru tehnologiyas » 2021-22ggӨсімдіктердін өсуі мен дамуы. Өсу және даму үрдістері өнімділікті анықтайды. Өсу – құрғақ заттың артуы. Оның негізі ассимиляция болып табылады. Даму – негізгі биологиялық функциясын орындауға қажетті өсімдіктердің органдары мен бөліктерінің түзілуі. Органтүзумен байланысты күрт морфологиялық өзгерістерді кезеңдер деп атайды. Себуден пісуге дейін мынадай кезеңдер ажыратылады: егін көгі (көктеу), түптену, түтікке шығу, масақтану (шашақтану), гүлдену және пісіп-жетілу.
Кезкелген кезеңге өсімдіктердің 10% енгенде кезеңнің басталуы, ал 75%-да толық кезеңі белгіленеді.
Көктеу. Өсімдіктердің тіршілігі тұқымның өнуінен басталады. Барлық қажетті жағдайлар қалыптасқанда ұрық өне бастайды. Әуелі ұрықтық тамыршалар пайда болады. Олардың саны әр дақылда әртүрлі. Күздік бидайдың тұқымы әдетте үш тамырша, ал жаздық бидай бес тамыршамен өнеді. Екінші астық тобының дақылдары жалғыз ұрықтық тамырмен өнеді, алайда кейіннен бірнешеуге дейін жетеді. Ұрықтық тамырлар өсімдік тіршілігінің соңына дейін тіршілік етеді. Олардың сіңіру қабілеті кейіннен түзілетін тамырларға қарағанда шамамен 1,5 есе жоғары.
Тамыршалардың соңынан іле-шала өскін пайда болады, ол колеоптилемен (түрөзгерісіне ұшырған бірінші қынаптық жапырақ) көмкерілген. Ол жасушалардың жоғары тургорлық қысымы мен әсерінен жас өскінді көктеуге дейін механикалық жарақаттанудан сақтайды. Колеоптиледен пайда болған бірінші жасыл жапырақтың топырақ бетіне шығуымен көктеу, немесе егін көгінің пайда болу кезеңі басталады.
Қазақстан жағдайында себу-көктеу кезең аралығының ұзақтығы жаздық бидай үшін 10-13 тәулікті құрайды, оңтүстік аудандарда ол кезен қысқарақ, солтүстікте – ұзағырақ. Температура мен ылғал жағдайлары оңтайлы қалыптасқанда егін көгі 5-6 тәулікке ерте шығады. Себуден кейінгі кезеңде қалыптасқан қолайсыз жағдайлар егіннің көктеуін кешеуілдетеді, жекелеген жылдары егін көгі 13-16 тәулікте ғана пайда болады.
Себу сапасы жоғары тұқым мен жоғары өсіру технологиясын қолданғанда дәнді дақылдар жаппай ерте көктейді.
Түптену. Түптену кезеңі өсімдіктерде алғашқы бүйір өркендері жапырақ түрінде негізгі өркеннің (сабақтың) төменгі жапырақтарының қынабынан шыққанда белгіленеді. Түптену - өсімдіктердің бұтақтануы. Әдеттегі бұтақтанудан оның айырмашылығы сабақтың жер асты бөлігінен шығатындығында. Топырақтың беткі қабатына таяу тереңдіктегі түйіндерден бүйір өркендері мен тамырлар өсіп шығады. Әрбір бүйір өркенінен жер асты бөлігінен жаңа өркендер мен тамырлар қалыптаса алады. Бүйір өркендері дамыған орынды түптену түйіні деп атайды. Солтүстік Қазақстан жағдайында дақылға байланысты ол негізінен 2-3 см тереңдікте түзіледі. Түптену кезеңі өсімдіктердің тамырлануына сәйкес келеді.
Түптену кезеңінде пайда болған тамырларды қосалқы немесе түйін тамырлары деп атайды. Олар астық дақылдарының тіршілігінде үлкен рөл атқарады, өйткені соңынан бұтақтанудың нәтижесінде тамыр жүйесінің негізгі массасын қалыптастырады. Тамыр жүйесінің өсуі мен дамуы өсімдіктердің жер үсті бөліктерінен басым жүреді. Сабақтардың биіктігі мен тамыр жүйесінің қуаттылығы арасында генетикалық дәлелденген корреляция бар.
Қолайсыз жағдайларда түйін тамырлар нашар дамиды немесе мүлде түзілмейді, ал өсімдіктер түп (ұрықтық) тамырлар есебінен дамиды. Мұндай жылдары өнім өте төмен болады.
Бидай, сұлы, арпаның түптенуі көктегеннен кейін 12-15 тәуліктен соң басталады, ал тарыда – 15-20 тәуліктен соң, кейде одан кешірек. Бастанқы күшті өсу қарқыны және түптенудің ертерек басталуы арамшөптерді басуда белгілі бір деңгейде өсімдіктердің қабілетін көрсетеді. Тарының кеш түптенуі оның арамшөптерге өте сезімталдығының белгісі.
Әртүрлі астық дақылдарының тамырлануы да әртүрлі. Бидайдың түптенуі мен тамырлануы қатар жүреді, басқаша айтқанда, түйін тамырлары бүйір өркендерінің пайда болуымен бір мезгілде түзіледі. Сұлы түйін тамырлары ертерек қалыптасуымен ерекшеленеді, олар көбінесе 2-3 жапырағы түзілгеннен кейін, бүйір өркендерінен бұрын пайда болады. Арпада, керісінше, түйін тамырлары бүйір өркендерінен кейін дамиды.
Орта есеппен, бір өсімдікке келетін өркендер (сабақтар) санын жалпы түптену деп атайды.
Астық дақылдарының түптену дәрежесі көп жағдайларға ең алдымен дақыл мен сорттың ерекшеліктеріне байланысты күшті өзгереді. Күздік дақылдар әруақытта жаздықтарға қарағанда күштірек түптенеді. Жаздық дақылдардың ішінде сұлы мен арпа бидайға қарағанда жоғары түптенуімен ерекшеленеді. Жаздық бидайдың кеш пісетін сорттары барынша жоғары дәрежеде түптенуге бейімірек.
Түптену деңгейі қоректену және ылғалдану жағдайларына байланысты да өзгереді. Құнарлығы және ылғалдылығы жоғары (0-20 см топырақ қабатында – 25-30 мм сіңімді ылғал қоры) топырақтарда жақсы өңделген жағдайда түптену барынша қарқынды жүреді, әрі орташа мөлшердегі температура (10-12°С) ол үшін қолайлы деп есептеледі.
Түптенудің биологиялық мүмкіндігі зор. Қалыпты өсіру жағдайларында олар толық байқала қоймайды. Астық дақылдарының бірінші тобы 3-5 өркен (сабан), кейде 10-15 данаға жетеді, өте қолайлы жағдайлар қалыптасқанда жекелеген өсімдіктер 30-40 өркенге дейін түзеді. Алайда ондай өркендердің негізгі бөлігі ерте кезеңдерде, опат болады немесе гүл шоғырын өте кеш береді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|