4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
Лабораториялық жұмыс№1
Тақырыбы: Динамикалық программалау әдісі бойынша регуляторларды аналитикалық конструкторлеу.
Жұмыстың мақсаты: Matlab бағдарламасындағы екінші ретті тиімді аңду жүйесінің синтездеу принципін оқу. Реттегіштердің аналитикалық құрылым әсер принципін оқу.
1 Теориялық мәліметтер
ПОӘК 042–14.01.20.ХХ/02-2008
|
____________ № 1 басылым
|
124 беттiң 105-сi
|
Автоматты басқару теорияларының ең негізгі мақсатарының бірі сапасына бекітілген талаптарды қанағатандыратын автоматты жүйелердің синтезі болып табылады. Көбінесе бұл талаптар өтпелі процесстер ұзақтығына, қайта реттеу шамасына, қателердің бастапқы коэффициенттерінің шамасына шектеу қою түрінде болады. Синтез мақсаты келесіде: жүйе сипаттамасының шектеулерге сәйкестігін қамтамасыз ететін басқарушы құрылғының немесе оның кейбір бөлігінің қатаң белгіленген құрылымы кезінде құрылым және параметрлерді немесе тек қана параметрлерді таңдау.
Қазіргі кезде регуляторды аналитикалық конструктрлеу деп жүйе жұмысының дәлдігі мен энергетикалық шығындарды физикалық сипаттайтын белгілі бір функционал арқылы сапаны пішіндік сипаттау шеңберінде жүйенің неғұрлым ең жақсы сапасын қамтамасыз ететін тұйық жүйенің басқарушы құрылғысының жұмыс алгоритмін аналитикалық іздеу проблемасы деп түсінеміз.
РАК (АКР) есептерінің көптеген стационарлы емес модификациялары бар:
1 есеп. Регулятордың аналитикалық конструктрлеу есебі - (кейде оны сапаның квадраттық критерийі бойынша басқарудың тиімді жүйелерінің синтезі есебі деп те атайды) сапа критерийлері ең аз мәнге жететін U(Y(t)) басқару мен оған сәйкес Y(t) трактериясын іздеу.
РАК-ң қалыптасқан есебін ізінше жүру (следящий) есебі деуге болады, себебі нақты шығыс ОУ критерийлер позициясы бойынша қалаулы шығыстық сигналының эволюциясының артынан еріп отыруы керек. Ізінше жүрудің дәлдігі ізімен жүруге кеткен шығындармен бірге болуы керек.
2 есеп. Шығыс регуляторы туралы есеп. =0 тең болсын. Онда критерийлер келесі формаларға ие болады:
(1)
мұндағы басқару мақсаты нысанның Z(t) шығыстық координаттарын нөл маңында ұстау болып табылады. Егер шығыстық координаттардың нөлден бастапқы ауытқуы көп болса, онда басқарушы құрылғы оны нөлге жақындатуы керек және кейін оны басқаруға көп энергия жұмсамай нөл маңында ұстауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |