Тапсырыс беру әдісі
Өндіріс шығындары есебін және өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың тапсырыстық әдісі жеке және шағын-сериялы өндірістерде қолданылады. Ауыр машина жасау және кеме жасау өндірістерінде жеке тапсырыспен турбиналар жасау, корабльдер құрастыру, блюминг жасау, ательеде ерлер немесе әйелдер костюмін, пальтосін тігу жеке өндіріске тән болып саналады.
Жеке өндірісте бір бұйым жасауға немесе шағын-сериялы өндірісте сериялы (5-10) бірдей бұйымдар жасауға тапсырыс ашады. Сөйтіп, тапсырыстық әдіс кезінде, номер беретін тапсырыс есепке алу және есептеп шығару объектісі болып саналады.
Тапсырысты шарт негізінде тапсырыс беруші ашады. Одан өзге, бір цех өзге цехтың өнімін шығаратын немесе жұмысын орындайтын зауыт ішілік тапсырыстар болады. Зауыт ішілік тапсырыстар жеке дара және жылдық тапсырыстар ашады.
Тапсырыстарды жоспарлау - өндірістік бөлімі ашады, қандай бұйым жасауға жатады, қандай санда, қай цехтарда және қандай мерзімге барлығы көрсетіледі.
Ірі сериялармен және жаппай өндіретін бірсыпыра кәсіпорындар бұйымдардың түрлерін және тіпті тетіктерді есепке алу үшін жылдық тапсырыстарды қолданады.
Аналитикалық есеп әрбір тапсырысқа ашылады және шығындар жазылатын карточкаларда жүргізіледі.
Тапсырыстың өзіндік құны, оның ашылған күнінен орындалған күніне және жабылғанға дейінгі өндірістің барлық шығындарының сомасымен анықталады. Бұдан көзделетіндей, тапсырыс әдісі бойынша есептеп шығару тапсырыс арқылы жасалған жұмыс орындалғаннан кейін барып жасалады. Тапсырыс бойынша жұмыстың аяқталғандығы жасалған дайын өнімдерді немесе жұмыстарды тапсыруға арналған құжатта белгіленеді. Содан кейін барып тапсырыс жабылады: жабылған тапсырыстың нөмері көрсетілген құжат көшірмесінің күші жойылады.
Сөйтіп, тапсырыс әдісі бойынша тапсырыстың өзіндік құнын есептеп шығаруды тапсырыс арқылы жасалған барлық жұмыс орындалғанша жүргізуге болмайды. Мұндай жағдайда жартылай орындалған тапсырыстың өзіндік құнын анықтау қажет болады. Тапсырысты орындауды аяқтағанға дейін оның жартылай бөлігінің өзіндік құнын жоспарлы есептеп шығару негізінде немесе оны жасаудың техникалық жағдайларының өзгеруін есепке ала отырып, бұрын жасалған бұйымдардың өзіндік құнын нақты есептеп шығару негізінде, әдетте шартты түрде анықтайды.
Тапсырысты орындау кезіндегі жұмыс уақытында және шығындарды есепке алу кезінде тиісті тапсырыстарға материалдар және жартылай фабрикаттар құнының дұрыс апарылғанына бақылау жасау жүзеге асырылады, өйткені бір тапсырысқа жазылған материалдар мен бөлшектер кейбір уақыттарда өзге тапсырыстарды орындау үшін пайдаланылуы мүмкін, мұндай жағдайлар өнімдердің өзіндік құнын бұрмалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |