ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖАМБЫЛ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Қуандыкова Н.Т.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
МОДУЛЬДІК БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША
оқу құралы
Тараз-2019ж.
55к 65052.9(5803)2
УДК 336(574) Қ71
Пікір жазғандар:
Муратова Д.П.-ТарМУ , э.ғ.к., «Қаржы» кафедрасынының доценті
Молдабекова А. Ш-ТарМУ, э.ғ.к., «Қаржы» кафедрасынының доценті
Қуандыкова Н.Т.
Қаржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша
Оқу құралы-Тараз, 2019-204 бет
0518000 «Есеп және аудит» мамандығының «Қаржылық есеп пәні бойынша модульдік оқу жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалған оқу құралында қаржылық есептің мәні, әдістері мен қағидалары және әр модуль бойынша тақырыптармен қосымша мәліметтер толық қамтылған. Әр модуль соңында қорытынды және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтармен тест тапсырмалары берілген.
ТӘК отырысында талқыланып, әдістемелік кеңес отырысында бекітіліп, баспаға ұсынылған.
(Хаттама №3 25.10.2018ж.)
ISBN 978-601-7000-66-0
55к 65052.9(5803)2
УДК 336(574) Қ71
Қуандыкова Н.Т.
ТИГУ баспасы,ЖОО, 2019ж.
КІРІСПЕ
0518000 «Есеп және аудит» мамандығының «Қаржылық есеп пәні бойынша оқу құралы құзыреттіліктерге негізделген модульдік оқытудың жұмыс бағдарламасы бойынша дайындалды. Құзыреттіліктерге негізделген модульдік оқытудың бағдарламасына маманның жұмыс жасау кәсіптік функцияларын қалыптастыратын модульдер енгізілген. Оқытудың модульдік технологиясы мамандарға қажетті арнайы білімдерді ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктілікті де дамытады. Кәсіптік білім экономикаға қажетті мамандықтар мен кәсіптерге, үнемі өзгеретін еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай жедел бейімделуі тиіс. Осы талаптарға нақты еңбек әрекеті үшін қажетті анықтамаларға, дағдыларға негізделетін оқыту, яғни құзыреттілікке негізделетін оқыту жауап береді. кәсіби білім беру процесін жаңғырту мақсатында құзыреттілікке негізделген модульдік оқу бағдарламасын тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырып,«Қаржылық есеп» пәні бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік бағдарламаны әзірлеп, оқу үрдісінде қолданудамын.
Модульдік оқытудың оқу бағдарламасы білім алушылардың «Қаржылық есеп» пәнін оқып, қаржылық есептің мәні, әдістері мен қағидаларын және оның есептік –экономикалық ақпарат және басқарма жүйелеріндегі алатын маңыздылығын меңгергендігін қарастырады.
«Қаржылық есеп» пәні бойынша оқу құралы 5 модульді қарастырады:
ақы есебі
Модуль2 «Негізгі құралдар және материалдық емес активтермен тауарлы материалдық қорлар есебі»
Модуль3 Өндіріс шығындарының және дайын өнімнің есебі
Модуль 4 «Қаржылық нәтиже,меншікті капитал және сыртқы экономикалық қызмет есебі»
Модуль5 «Ұйымның есеп саясаты және қаржылық есеп беру»
Әр модуль бойынша тақырыптармен қосымша мәліметтер толық қамтылған , сонымен қатар модуль соңында қорытынды және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтармен тест тапсырмалары берілген.
Мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |