Қуандыкова Н. Т. ҚАржылық есеп модульдік бағдарлама бойынша


Аяқталмаған өндіріс тақырыбына байланысты сұрақтар?



жүктеу 449,84 Kb.
бет78/131
Дата12.12.2022
өлшемі449,84 Kb.
#40573
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
?óàíäûêîâà Í. Ò. ?Àðæûëû? åñåï ìîäóëüä³ê áà?äàðëàìà áîéûíøà

Аяқталмаған өндіріс тақырыбына байланысты сұрақтар?



  • Аяқталмаған өндіріс неліктен бір күндік шот деп аталады?

  • Аяқталмаған өндіріс дегеніміз не?

  • Аяқталмаған өндіріске нелер жатпайды?

  • Аяқталмаған өндіріс есебі қаншаға бөлінеді және қандай?

  • Бөлшекті есеп қандай құжаттармен жүзеге асырылады?

Калькуляция ұғымы, оның мәні, калькуляция объектілері. өндіріс шығындары есебінің негізгі әдістері

Калькуляция дегеніміз шығарылған өнімнің, көрсетілген қызметтің бір бұйымға немесе біркелкі топтастырылған бұйымның өзіндік құны. Калькуляция көрсеткіштері кәсіпорында жасалған өндірістік шығындарды бақылау, рентабельді анықтауға, резерв қалыптастыруға және өзіндік құнды тиімді жасауға пайдаланылады. Калькуляция болжамды және жалғасты болады. Жалғасты өнім шығарылып болғаннан кейін нақты жасалған шығындар бойынша есептеледі.Ал, жоспарлы әр бір бұйымға бекітілген нормалар бойынша алдын ала жасалады, бір тоқсанға немесе жылға. Сметалық калькуляция жекелген жұмыстарға тапсырыс бойынша жасалады. Келісім шарт негізінде келісім құн бойынша жасалатын болғандықтан тапсырысберушілермен келісіп –отырып жасалады. Жобалы калькуляция ғылыми-зерттеу институттармен болжамды есептемелермен бекітілген нормалар бойынша жасалады. Нормалар өзгерсе жобалы калькуляцияға да өзгерістер жасалу қажет. Жоспарлы, сметалық және нормативті калькуляциялар алдын-ала жасалады.
Калькуляция объектісі болып өндірістен шығарылатын өнім танылады :
- өндірістен шығарылған жалпы өнім;

  • цехтар бойынша әр түрлі дайындық түріндегі бұйымдар;

  • цехтар бойынша жартылай фабрикаттар;

  • сыртқа өткізілетін жартылай фабрикаттар;

  • цехтардың шаруашылық нәтижесін анықтау үшін шығарылған өнімдер.

Калькуляцияны есептеу үшін әр түрлі өлшеуіштер қолданылады: -табиғи – дана, тонна, кг., киловатт/час, метр, куб.метр, литр...;

  • -іріленген натуралды -100пар , шойын тонна, гектолитр ;

  • жобалы-натуралды -100%-ды қышқылды спирт, 1000 жоба банке;

  • құндылы -(тауар өнім шығыны теңгемен шығарылған немесе өткізілген бағаман);

  • жұмыстай -еңбекті – 1норма –z, 1норма-смена.

Құрылыс өндірісте, жөндеу жұмыстар кәсіпорындарда, автокөлік қызметтер көрсету кәсіпорындарда жасалған жұмыстар тонно-км. тасымалдау, машино-смена және басқа түрлері қолданылады. Калькуляциялауды жасау мерзіміне қарай алдын-ала және кейінгі түрлерде танылады.
Бухгалтерлік есепте шығындар есебінің бірнеше әдісі қолданылады: нормативті, тапсырыс беру, қайта бөлу, процесстік (жәй) әдістер және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, дамыған мемлекеттерде «Директ-костинг» әдісі қолданылады.
Нормативті әдіс
Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың негізгі ерекшеліктері келесілерден тұрады:
а) өндіріс шығындарының есебі материалдар шығы­сы­ның техникалық жағынан негізделген нормаларға, жасалатын өнімдердің әрбір түрін өндірудің жеке технологиялық операциялары бойынша уақыттық және келісімді бағалар нормаларына негізделеді;
б) сол сәтте қолданылатын материалдар шығыстары нормалары, өнім шығару нормалары мен келісімді бағалар, өндіріс пен басқару қызметіне жұмсалатын шығыстар сметасы өндірістің қол жеткізген деңгейін көрсететін өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруды құрайды;
в) материалдар шығыстарының нормалары, өнім шығару нормалары және келісімді бағалар жүйелі түрде қайта қаралып отырады және есептеліп шығарылған қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізіледі; сонымен бір мезгілде осылар арқылы аяқталмаған өндіріс қалдықтары қайта бағаланады. Сөйтіп, аяқталмаған өндіріс пен өндірістегі одан кейінгі шығындардың есебін жүргізуде нормалардың біртұтас деңгейіне қол жеткізіледі;
г) өндірістің тікелей шығындарының бастапқы құжаттары тиісті нормаларға сәйкес жасалады және есеп жүйесінде нормалар бойынша шығындарды көрсетеді;
д) белгіленген нормалардан артық материалдар шығыстары (мысалы, материалдарды үнемдеп пішпегенде немесе бөлшектердің ақауы болғанда), сондай-ақ технологиялық процесте қаралмаған жұмыстарға ақы төлеу айрықша құжаттарда бөліп көрсетіледі немесе «Нормалардан ауытқу» өзгеше белгісімен жеке құжаттар арқылы ресімделеді; нормалардан ауытқыған шығыстар құжатын есепке алу үшін кәсіпорынның жетекші қызметкерлерінің рұқсат бұрыштама қолы (визасы) талап етіледі, соның арқасында өндірістік емес шығыстарды туғызатын себептерді қабылдауды жеңілдетеді;
е) жабдықтарды ұстап тұру және пайдалану шығыстары, қосымша шығыстар өнімдердің түрлері бойынша кешенді түрде бөлінеді (нормалар бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығыстар сомасын бөлу арқылы);
ж) өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі нор­малар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нор­ма­лардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп көрсетумен әрбір объекті бойынша (тапсырыстар, қайта бөлулер, өнім түрлері немесе өнім топтары бойынша) жүргізіледі;
з) өнімдер бірлігінің нақты өзіндік құны нормалар бойынша, нормалардың өзгеруі бойынша және нормалардан ауытқулар бойынша шығындарды бөліп көрсету арқылы есеп­теледі; бірыңғай өнімдер өндіруге жұмсалатын шығын­дар­ды топтық есепке алу кезінде нақты өзіндік құнын есеп­теп шығару аталмыш есепке алу тобының әрбір өнімі бойынша жасалады.
Бұдан көзделетіндей, өндіріс шығындары есебінің нормативтік әдісі жедел бақылау және өндірістік процесстің өзінің барысында өндірістік емес шығындарды анықтау үшін қажетті жағдай туғызады; маңызды экономикалық көрсеткіштер есебінде өндіріс шығындарындағы жоспарлы нормалардың сақталуын көрсетуді қамтамасыз етеді; аталмыш топтағы өнімдердің әрбір түрінің өзіндік құнын есептеп шығару мүмкіндігін сақтай отырып, шығындарды топтық есепке алу объектілері бойынша өндіріс шығындарының есепке алу техникасын ықшамдайды;
Өндіріс шығындары есебінің нормативтік әдісін қолдану мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығару материалдар шығыстарының техникалық негізделген нормаларына, жекелеген технологиялық операциялар бойынша келісімді бағалар мен уақыт нормаларына, басқару және өндіріске қызмет көрсету бойынша шығыстар сметасына және осы база негізінде жасалған өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруларға негізделеді.
Аталмыш сәтте кәсіпорында қолданылатын материалдар, еңбек ақы, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге жұмсалатын өзге тікелей шығындар мен кешенді шығыстар нормалары бойынша жасалған, соған сүйеніп есептелген өнімдердің өзіндік құны нормативтік есептеп шығару деп аталады.
Шағын кәсіпорындарда өзіндік құнды нормативтік есептеп шығару жекелеген цехтардың шығындарға қатысты үлесін бөліп көрсетпестен, тұтастай түрде зауыт бойынша жасалады.
Ұйымдастыру-техникалық шаралар жоспары негізінде, прогрессивті технологияларды енгізуден, неғұрлым үнемді материалдарды қолданудан, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланудан және өндіріс тиімділігін арттыруға ба­ғыт­тал­ған өзге де шараларды жүзеге асырудан қол жеткізген үнем негізінде нормативтерді жүйелі түрде қайта қарау қаралады.
Жоспарда көрсетілген үнемге қол жеткізу және осыған сәйкес қолданыстағы нормативтердің өзгеруіне байланысты жаңа нормативтік өзіндік құнды есептеп шығару жүргізіледі. Нормаларды өзгерту әдетте айдың басына сәйкестендіріледі, яғни бұл шамалы техникалық қиындықтармен байланысты аяқталмаған өндірісті барынша дәл қайта бағалауды қамтамасыз етеді.

жүктеу 449,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау